СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қызықты математика" авторлық бағдарлама

Нажмите, чтобы узнать подробности

4- сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс математикалық жұмыстар жүргізуге арналған материал

Просмотр содержимого документа
«"Қызықты математика" авторлық бағдарлама»













Бастауыш сыныпта

математикадан таңдау пән курсы













Құрастырған : Малтаева Лаззат Арапбаевна

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі































Бұл бағдарлама бастауыш білім беру деңгейінің Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде әзірленді.

Бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша білім беруде әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.





М



азмұны



І.Түсінік хат ------------ 4-бет


II. Күнтізбелік жоспары

1. 4-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар----------------------------5-бет



ІІІ. Сыныптар бойынша сабақ жоспарлары

1. 4-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары ---------------------------6-19бет


ІV.Дидактикалық материалдар ---------------------------------------------20-33бет




V.Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------34-бет







Түсінік хат


Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бастауыш) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

4 –сыныптың «Математикалық сауаттылық» қосымша курсына аптасына 1 сағаттан,

барлығы 34 сағат бөлінген.

«Қызықты математика» қосымша таңдау пән курсының басты мақсаты:

Баланың математикалық сауаттылығын, танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа бейімділігін арттыру , логикалық ойлауын қалыптастыру болып табылады.


««Қызықты математика»» қосымша курсының міндеттері:

- Математиканы үйренуге ынтасын арттыру, оқушыларды қызықтыру әрекеттерін қалыптастыру.

- Ойын дәлелді жеткізе білуге жаттықтыру.

- Математикалық сөйлеуді, логикалық ойлауды дамыту.

- Шығармашылық ізденіске жетелеу.

- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша өзгертіп шығаруға жаттықтыру.

- Талдау, жинақтау, ұқсастықты табу,ерекшелікті ажырату әрекетін дамыту.

- Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

«Қызықты математика»» бағдарламасы тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешуге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін қарқынды дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі жолдармен есеп шығарудың негізін әзірлейді, тұлғалық –бағыттық тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді. Түрлі жолдармен есепті шешу оқушының өз бетінше айналысуына қосымша мүмкіндік туғызады,күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдаяттардан жол табу қабілеттерінің дамуын қалыптастыратын әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.



Күтілетін нәтиже:

- Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді

- Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады

- Шамаларды салыстыра білуге үйренеді

- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады

- Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады

- Проблемалық жағдаятты шеше алады

- Шығармашылықпен жұмыстана бастайды



Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: «Математикалық сауаттылық» қосымша курсы бағдарламасы

34 сағатқа (аптасына 1 сағат) есептеліп құрылған.



Күнтізбелік- тақырыптық жоспар 4-сынып

«Қызықты математика» Аптасына 1 сағат Жылына 34 сағат

Тақырыбы

Сағат

саны

Уақыты

1

Шамалар

1


2

Уақыт және оның өлшем бірліктері

1


3

Көлемді табу

1


4

Арифметикалық амалдар

1


5

Салмақ өлшем бірліктері

1


6

Ұзындық өлшем бірліктері

1


7

Разрядтық қосылғыштарға жіктеу

1


8

Теңдеу арқылы шығарылатын есептер

1


9

Жоғалған сандарды табу

1


10

Бөлудің ерекше жағдайлары

1


11

Көлемді табу жолдары

1


12

Қалдықпен бөлу

1


13

Логикалық есептер 1

1


14

Өрнектердегі амалдардың орындалу реті

1


15

Геометриялық фигуралар

1


16

Сәуле , нүкте, кесінді,түзу анықтамалары

1


17

Амалдарды орындау

1


18

Математикалық тест

1


19

Фигуралардың периметрі мен ауданын табу

1


20

Бөлінгіштік белгілері

1


21

Логикалық есептер 2

1


22

Үлестер

1


23

Өрнектер жазу және олардың мәнін табу

2


24

Ұзындық өлшем бірліктері

1


25

Шеңбер және дөңгелек

1


26

Сандардың римдік жүйесіндегі жазылуы

1


27

Ребустар шешу

1


28

Масса өлшем бірліктері

1


29

Қозғалысқа берілген есептер

1


30

Үш таңбалы сандарды көбейту, бөлу

2


31

Шамаларды салыстыру

1


32

Аудан өлшем бірліктері

1


33

Теңдеулерді шешу

1


34

Қорытынды тест

1




Барлығы: 34 сағат




Математика 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Шамалар

Мақсаты:Шамалар туралы білімдерін пысықтау, олардың өлшем бірліктерімен амалдарды орындай білу дағдыларын жетілдіру; кеңістіктікті, танымды дамыту.Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

І. Қызығушылықты ояту.

-Қандай шамаларды білесіңдер?

-Ең кішісінен бастап, ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.

-Ең үлкенінен бастап, массаның өлшем бірліктерін ата.

-Ғасырдан бастап, уақыт өлшем бірліктерін ата.

ІІ.Мағынаны тану

1

Ойын «Ия-жоқ» деп жауап бер.

- 1кг-да 1000г бар

- 2ц-де 2000кг

- 3тәул-те 96сағат бар

- 3дм-де-300мм бар

- 4ц 5кг-да-450кг бар

- 6жылда 70ай бар

- 2сағатта 100мин бар

2 Атаулы сандарды салыстыру кезінде әртүрлі өлшем бірліктерін бірдей бірліктерге өрнектеуі өте маңызды екенін айту (үлгі бойынша).

9ц*90кг 1ж.*345күн

200кг*2ц 2ж.* 810күн

6ц1кг*610кг 658ж.*7 ғ.1ж.

205кг * 2ц50кг 5ғ42ж.* 54 ж


3

а)Ауданы белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің мүмкін нұсқаларын тап.

Ауданы

Ұзындығы

Ені

48 см2



45см2



88 см2




4

Теңдіктер тура болатындай жақшаларды қойып жаз.

100-45+75:5=40 100-45+75:5=76

100-45+75:5=26 100-45+75:5=70

5 Амалдарды орында

240+(118-80)х3= 650-420:(30х2) =

358+(412-299)х4= 980-137х6+125=

(867-856)х(732:6) = 631-(683-185):6=


ІІІ .Ой толғаныс. Мадақтау


Математика 4-сынып

Сабақтың тақырыбы:Уақыт және оның өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың уақыт бірліктері және олардың арасындағы қатынас туралы көзқарастарын нақтылау, атаулы сандармен амалдар орындау дағдыларын үйрету. тәрбиелеу.Сандарды әртүрлі өлшем бірліктермен өрнектей білу дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа ,бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту

1.Психологиялық дайындық.

«Мен сабақта отырмын. Мен қазір оқи бастаймын. Менің қуанышым шексіз. Менің зейінім артып келеді. Барлаушы сияқты, бәрін байқап отырмын».


II. Мағынаны тану

- Үш аптада? Күн

- 2жарым сағат? минут

- 2сабақ неше минутқа созылады?

- Жазғы каникул? Аптаға созылады.

-Қай айда ең аз күн?

-Ақпан айы 29күнге созылатын жыл қалай аталады? (кібісе жыл 2012, 2016,2020.

- 1тәуліктің жартысында неше сағат бар?

Бір жылда неше ай бар?

- Уақыттың ең үлкен бірлігі?

-Уақытты өлшеуге арналған құрал? /Сағат, секунд өлшегіш/

-Сағат түрлері қандай? /механикалық, электронды, құмсағат, сусағат, күнсағат/


1. 7тәул.=168сағ. 480c = 20тәул.

5мин. 15с.= 315с. 6ғ. 507ж = 1107ж

4155ж. =41ғ.55ж 895ж = 8ғ 95ж

380мин =6сағ.20мин 3тәул. 15сағ = 87сағ.

59тәул. =8апта 3тәул. 65тәул. = 9апта 2тәул.


2.Амалдарды орында:

1сағ 20мин 5 6сағ40мин :4 1тәул.2сағ6

5сағ28мин 3 1сағ40мин : 4 8тәул.4сағ: 7



3. 1986 жылы жер бетінде әрбір 2 секунд сайын 5 бала дүниеге келген. Сол жылы 1 минутта қанша бала дүниеге келген?


4. Кестені пайдаланып,тура теңдіктер және теңсіздіктер құрастыр.


600:30

23*4

654+23

900:3

65:5

564-551

100-8

78*2



ІІІ Толғаныс: Мадақтау



Математика. 4- сынып

С\ тақырыбы: Көлемін табу

С\мақсаты: заттардың көлемін табу;

Сандардың разрядтық құрамына тоқталу;

екі және үш таңбалы сандарды бөлуді баған түрінде жазу

ыңғайлы екенін көрсету; білімдерін пысықтау.

С\ барысы:

І. Қызығушылықты ояту.



α


6 см


16 дм


15 м


12 м


b


4 см


2 дм


?(2 м)


3 м


h


2 см


?(5 дм)


3 м


2 м


V



?(48)


160 дм3


90 м3


? (72)









H b



α
ІІ. Мағынаны тану.

Көлемін табу:













V= α•b•с(дм3)V =с•b•α ( дм3 )





І І. Өзіндік жұмыс.

Ескі парта – 124

Ж аңа парта - ?, 2 есе артық ? парта

Шешуі : 1) 124 х 2 = 248

2) 124 + 248 = 372

Жауабы: 372 парта.




2 . О рамжапырақпен - 25

К артоппен - ?, 3 есе артық ? пирожки

Повидломен- ?

Шешу : 1) 25 х 3 = 75

2) 25+ 75 = 100

3) 100 +75 +25 = 200

Жауабы : 200 пирожки.


ІІІ. Тексеру.

20+1+ (9)




27кг +3кг



20 кг + 1 кг +(9 кг) 27 кг + 3 кг


IV. Бағалау

Математика. 4- сынып

С\ тақырыбы: Қалдықпен бөлу.

С\мақсаты: Қалдықпен жазбаша бөлу тәсілдерін қарастыру;

Сандардың разрядтық құрамына тоқталу; екі және үш таңбалы сандарды бөлуді баған түрінде жазу ыңғайлы екенін көрсету.

С\ барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Спринт»

1. 1 километрдің жартысы - ? м. (500)

2.1 тоннаның бестен бір бөлігі - ? кг. (200)

3.1 сағаттың алтыдан бір бөлігі - ? мин.( 10)

4.1 километрдің ширек бөлігі - ? м.( 250)

5. 1 сантиметрдің бестен бір бөлігі -? мм. (2)

6. 1 сағаттың ширек бөлігі - ? мин.( 15)

( Сұрақ саны, тақырыптары мұғалімге байланысты )




ІІ. Мағынаны тану.

Есіңде болсын!

Егер бөлген кезде қалдық қалса, оны үнемі бөлгішпен салыстыру керек. Қалдықпен бөлуді қалай тексеретінін есіңе түсір.














3: 4 =?

35: 40 = ?

6: 7 = ?

- Қалай бөлеміз?

Неше рет бар?

Бір ретте жоқ!

3: 4 = 0 (3) 0 • 4 +3 = 3

35 : 40 = 0 (35) 0•40+35= 35

6 : 7 = 0 (6) 0•7 +6 = 6

Тапсырма:

364:3 = 121 (1)483:2 = 241 (1) 968:3 = 322 (2)

846:4 = 211 (2) 779: 7 = 111 (2) 685:2 = 342 (1)

89:4 = 22 (1) 78: 7 = 11 (1) 57:5 = 11 (2)

360 тг – 4 ашықхат

810 тг- ? ашықхат

Ш: 1) 360: 4=90

2) 810: 90 = 9

Ж: 810 тг-ге 9 хат сатып алынды.


6 бумада–180 хат

8 бумада - ? хат

Ш: 1) 180: 6 = 30

2) 30х8 = 240

Ж: 8 бумада 240 хат бар.


ІІІ. Толғаныс.



6 дм V = 8х2х6 = 96 дм3



2 дм 8 дм

Бағалау.











Математика. 4- сынып

С\ тақырыбы: Сандар. Рим жүйесі.

С\мақсаты: сандардың оқылуы, жазылуы, жіктеу; сандар жазылуын Рим жүйесі.

С\ барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

                             44444444 = 500    (444+44+4+4+4 = 500)

2. Мына 1888 санына екі бөлікке бөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын.

    ( 1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу керек )

ІІ. Мағынаны тану.

Сан-есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сандар химия, физика, механика, астрономия және көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.
Цифр - сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы - үнді халқының бос орын - «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.
Араб сандары: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 араб сандары деп аталады. Араб сандарын үнділер тапқан, кейін келе ол арабтардың арасына тараған. 12 ғ-дың басында Италия ғалымы Фибоначчи латын тілінде жазылған «Есеп шот» деген кітабында үнді сандарын еуропалықтарға таныстырған. Еуропалықтар бұл сандарды арабтардан қабылдағандықтан, мұны араб сандары деп атап кеткен.
Араб цифрлары «цифр мәндері олардың жазылуындағы бұрыш сандарына тура келеді» қағидасымен құрылған екен. Бірақ, қазіргі уақытта цифрлар дөңгелектеніп кеткен, ал ертеректе , нөлден басқа цифрлар тік бөліктерден құралған. Яғни, нөлдік – бұрыш жоқ, бірлік –бір бұрыш, екілік –екі бұрыш және т.с.с.

Сан – өте ежелгі ұғымдардың бірі. Әр түрлі халықтарда жазудың пайда болуымен қатар санаудың да белгілі бір жүйелері пайда болды.Ондық санау жүйесінен өзгеше,яғни әр таңбаның бір ғана санды білдіруімен сипатталатын санау жүйелері бар.Римдік жүйе сондай жүйенің мысалы бола алады.Мұнда сандарды жазу үшін латын алфавитінің әріптері қолданылады. Рим Цифрлары–таңбалау жүйесінің сандарды белгілеу үшін қолданылатын дәстүрлі атауы. Б.з.б. 500-жылдар шамасында этрускілерде пайда болып, Ежелгі Римде қолданылған.
Рим Цифрлары жүйесі ондық разрядтар мен олардың жартысы үшін айрықша таңбалар енгізуге негізделген: Кез келген натурал сан осы цифрларды қайталау арқылы жазылады. Егер бұл жағдайда үлкен цифр кіші цифрдың алдында тұрса, онда олар өзара қосылады (қосу принципі), ал егер кіші цифр үлкен цифрдың алдында тұрса, онда кіші цифр үлкен цифрдан алынады (азайту принципі). Соңғы ереже бір цифрды төрт рет қайталап жазбау үшін қолданылады. VІІ=5+2=7, ІX=10–1=9, XІV=10+(5—1)=14,

XXL= =50—10—10=30, XXXІІІ=10 +10+10+1+1+1=33, т.б.

Рим цифрлары арқылы жазылған көптаңбалы цифрларға арифметикалық амалдар қолдану өте қолайсыз. Қазір Рим цифрлары көп қолданылмайды.
1- I, 5- V, 10- X, 50- L, 100- C, 500- D, 1000- M.

ІІІ. Толғаныс

Әркім өзінің жасын, туған күнін, салмағын және бойының ұзындығын араб және рим цифрларымен жазуы керек.

  1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

  2. Есептеңіз. 99-97+95-93+91-92+...+7-5+3-1

  3. ХІІ-V=VII, XXXI+XLII=LXXIII M-D=D, L+C=CL

Жауаптары:

  1. 3 стакан

  2. 1 мен 99 сандарының арасында 50 тақ сан. Тақ сандардың айрымын екі-екіден алсақ, 25 жұп бар. Айырымы 2-ге тең. 25*2=50

  3. 12 – 5 = 7 , 31 + 42 = 73 , 1000 – 500 = 500 , 50 + 100 = 150.

Қорытындылау



Математика. 4-сынып

С\ тақырыбы: Күрделі теңдеулер .

С/ мақсаты: Құрылымы күрделірек теңдеулерді шешу және есептерді теңдеу құру арқылы шығару.

С/ барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Математикалық диктант- спринт:

1. 1 кг неше литрге тең ? (1 л )

2. 1 ц 20 кг неше кг? ( 120 кг)

3. 2 саг 20 мин неше минут ?( 140 минут)

4. 2 км неше м ? ( 2000 м)

5. 10 дм нешеге см-ге тең ?( 100 см)

6. 10 дм-дің 1\5 неше см ?( 20 см)

ІІ. Мағынаны тану.

х•30=210

х•30=200+10

Теңдеуді шешеміз:

х•30=210

х= 210׃ 30

х = 7

Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма?

Жоқ.

Математикада мұны ОҢАЙЛАТУ, яғни жеңілдетіп алу дейді.

Екі теңдеуді салыстыра отырып, қалай орындау екенін айта аласың ба?

Теңдеудің оң жағындағы қосындыны табу керектігін байқаған шығарсың?

х•30=200+10

х•30 = 210

Енді өзімізге таныс теңдеуді шығара аламыз.


7•30=210



х•30= 200+10

Мұндай түрдегі теңдеуді шешу үшін, ең алдымен оның қосымша есептеулерін орындап, жеңілдетіп алу керек.

ОҢАЙЛАТУ



  1. қатар

у + 260 =650 + 350 600- х =3•90 6•х = 30+330

у + 260 = 1000 600 – х = 270 6•х = 360

у = 1000 – 260 х = 600 - 270 х = 360׃ 6

у = 740 х = 330 х = 60


810 ׃ у = 30 + 30 +30

810 ׃ у = 90

у = 810 ׃ 90

у = 9

  1. қатар

х•30=1000 – 160 54+х=720׃6 880׃у = 535-491

х•30 = 840 54+х=120 880 ׃у =44

х= 840׃30 х= 120-54 у = 880 ׃ 44

х= 28 х = 66 у= 20

  1. қатар

у- 85 = 580׃20 а-45=389-254 300 +а =45•20

у- 85 = 29 а-45= 135 300 +а = 900

у= 29+85 а=135+45 а=900-300

у= 114 а=180 а = 600

ІІІ. Толғаныс.

Есеп шығару.

Ер бала- 14

Қыз бала - ? 45 бала

Ш : 45 -14 =31

Ж: 31 ер бала

Бағалау.






Математика. 4- сынып

С\ тақырыбы: Теңдеу құру .

С/ мақсаты: Есеп бойынша теңдеу құру және шығару;

Мысалдар шығару;

С/ барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Математикалық диктант- спринт:

1. Ең үлкен үштаңбалы сан ? (999 )

2. Ең кіші үштаңбалы сан ? ( 100 кг)

3. 1 тәулікте неше сағат ? ( 24 сагат)

4. 1•0= ? ( 0)

5. 1 аптада неше күн ? ( 7 )

6. Көлемнің формуласын жаз ? ( V= α•b•h)

ІІ. Мағынаны тану.

а) Бірінші күні – 100 мм

Екінші күні – х мм 300 мм

Ш: 100 + х = 300

х = 300 – 100

х = 200

Ж: 2 к – 200 мм қар түсті.

ә) 14 + х = 45

х =45 – 14

х = 31

31 қыз ойнап жүр

ІІІ. Толғаныс.

« Тез есепте!»

420\6=70 920\2=460

220\2=110 960\3=320

90\2=45 700\20=35

630\90=7 42х20=840

540\90=6 120х4= 480

34х2=68 210\2=105

810\9=90 96\3=32

14х3=42 50\2=25

29х2=58 170х2= 340

Бағалау.



Математика. 4- сынып

С\ тақырыбы: Ауызша көбейту.

С\мақсаты: Білімдерін пысықтау.

С \ барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Иә-жоқ» математикалық диктант

  • 29 бен 3-тің нәтижесі 87- ге тең.

  • 5 санын 19 есе арттырдық, 85 деген сан пайда болды.

  • 17 мен 5-тің қосындысын 4 есе арттырдық, 98 деген сан шықты.

  • 56-ның жетіден бір бөлігін 12 есе арттырдық, 96 саны шықты.

  • Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне, екінші көбейткіш 11-ге тең. Сонда нәтиже 55-ке тең.

  • 12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кем.

  • 57 мен 37-нің айырмасын 4 есе арттырдық. 90 саны пайда болды.

  • Бөлінгіш 72-ге, бөлгіш 20 мен 11-дің айырасына тең. Сонда бөлінгіш 9-ға тең болады.

Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына, екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82-ге тең болады.

ІІ. Мағынаны тану.

3. Дайындалды-76 кекс

Салынды - ? қорапқа – 4 кекстен

Қалды – 16 кекс - ? қорап

Шешуі: 1) 76 – 16 = 60

2) 60: 4 = 15 (қорап)

3) 16: 4= 4 (қорап)

Жауабы: 15 қорап салынды, қалғаны тағы 4 қорапқа салынды.

5. 123х3=369 963:3=321 870+130=1000

423х2=846 996:3=332 12+689= 701

313х3=939 824:2=41248+607= 655

221х4=884 484:4=121 605 – 99 = 50



ІІІ. Толғаныс. «Тир»ойыны.

Мұрат- 66 Дулат - 64




























- 14 ұпай - 12 ұпай

Мұрат : 14+14+14+12+12=(14х3)+(12х2)=42+24=66 ұпай

Дулат : 14+14+12+12+12= (14х2)+(12х3) = 28+36=64 ұпай

Бағалау.




Математика. 4- сынып
С/ тақырыбы:Үлестер.

С/мақсаты: Көбейту,бөлу кестесін қайталау; Үлестер туралы алған білімдерін бекіту;

Интерактивті тақтамен жұмыстануды жалғастыру:

Компьютер тәсілдерін сабақ барысына еңгізу:

Математика сабағына деген қызығушылықтарын нығайта түсу.

Тез есептеуге,жинақылыққа үйрету.

С/ барысы:

  • Сабаққа дайындалу.

  • Қызығушылыкты ояту.

Апельсинді біз бөлеміз:

Бірақ ол біреу, ал біз нешеуміз?!

Мына бөлігі қоянға! (Алмасқа)

Мына бөлігі маймылға! (Ризаға)

Мына бөлігі аюға! (Аймөлдірге біреуі)

Ал мынау шы түлкіге?! (Мақсатқа)

Мынаны берем суырға ! (Рауанға)

Мына бөлігі барыска! (Дильназға)

Арыстанға бір бөлік! (Асанға)

Қабығы шы?

Қасқырға!

    • Жануарлардың әрқайсысына неше бөліктен тиді?

    • Қалай жазып шығамыз? (1/7)

    • ҮЛЕС дегеніміз не ?

    • Әр заттың теңбе – тең бөлінген бөліндісі ҮЛЕС деп аталады.

      • Мағынаны тану.

  • Торт төрт адамға пісірілген.Суреттегі бөліктердің қайсысына қонақтар риза болады?

а) 1/6 ә ) 1/5 б) 1/4

  • Қай суретте мармелад тең алты бөлікке бөлінген?

а) ә) б)

















6. Есеп шығарамыз:

1- қатар:

а) Циркке– 56 билет ?, есе артық

Театрға - 8 билет ?, есе кем

Ш: 56 : 8 = 7

Ж: циркке амфитеатрға қарағанда 7 есе артық билет сатылды.

театрға партерге қарағанда 7 есе кем билет сатылды.

2- қатар:

ә) Циркке - ?, 7 есе артық

Театрға – 8 билет

Ш: 8 х 7 = 56

Ж: Циркке 56 билет сатылды.

3- қатар:

б) Циркке -56 билет ? билет

Театрға – 8 билет

Ш: 56 + 8 = 64Ж: Барлығы 64 билет сатылды.



      • Қатармен жұмыс:

1 2 3

1-қатар: (6+10) : 2+5 = 13

3 1 2

2-қатар: 50+(98-90)*2 = 66

3 1 2

3-қатар: 850-(2*6+120) = 718

Бағалау.






Дидактикалық материалдар


Математикалық сөзжұмбақтар

Сөзжұмбақ “ Еркем – ай ”

Көлденеңінен : 1. Қой өз төлін қалай еркелетеді ?

2. Сиыр өз төлін қалай еркелетеді ?

3. Мысық қалай еркелетеді ?

4. Түйе баласын жақсы көргенде қалай атайды ?

5. Жылқы қалай жақсы көреді ?

6. Ешкі қалай жақсы көреді ?

7. Қабан қалай жақмы көледі ?

8. Ит қалай жақсы көреді ?

ҚОСЫЛҒЫШ

Жауаптары: 1. Қоңырым , 2.Торпағым , 3.Соқырым , 4. Боташым , 5. Құлыным , 6. Лағым , 7. Торайым , 8. Күшігім.


Сөзжұмбақ “ Халық шығармашылығы ”

Тігінен: 1 Қазақ қаздарының бұрымына тағатын әшекейі.

2 Өнер саласы .

3 Заттарды нақыштаудағы нақты өрнек түрі.

4 Үрлеп тартылатын аспап.

5 Зергерлердің затты әсемдеу әдісі.

6 Айт мейрамында айтылатын ән.

Ш Е Ң Б Е Р

Жауаптары: 1.Шолпы, 2.Театр, 3.Таңдай, 4.Сыбызғы, 5.Бедерлеу, 6.Жарапазан .


Сөзжұмбақ “ Туыстық атаулары ”

Көлденеңінен: 1. Ағайынды адамдардың әйелдері .

2. Бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының туыстық атауы

3. Әйел адамының жасы кіші туысы.

4. Құда-құдағиларға киім ретінде берілетін сыйлық.

5. Қыз беріп, қыз алған екі елдің күйеу мен келінге қатысы.

6. Күйеу мен келіннің ата-енелері .

7. Ата-ана үшін баласының әйелі.

БӨЛІНДІ

Жауаптары: 1. Абысын, 2. Бөле, 3. Балдыз, 4. Киіт, 5. Қайын, 6. Құда, 7. Келін.



Сөзжұмбақ “ Бөлгіш ”

Көлденеңінен: 1. Бөлудің компаненті .

2. Аласаға қарсы ұғым

3. 5*10 нешеге тең болады .

4. Бөлудің компаненті .

5. Геометриялық фигура .

6. Геометриялық фигура .

БӨЛГІ Ш

Жауаптары: 1. Бөлгіш, 2. Биік, 3.Елу, 4. Бөлінгіш, 5. Тікбұрыш, 6. Шеңбер.





Сергіту сәттері

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп- кішкентай ағаштар

Үп- үлкен боп өседі.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір

Оң аяқ, сол аяқ

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



Орнымыздан тұрамыз

Қолымызды ұрамыз

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Оңға – солға бұрылып

Орнымызды табамыз



Біз орманда келеміз

Күн бұлттанды

Жаңбыр жауды

Жаңбыр қайта жауды

Күн басылды

Қабағымыз айдай ашылды.



Шаршаса қолымыз

Оңымыз, солымыз

Былай – былай ойнаймыз

Күш жігерді жинаймыз

Санамақтар

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақтар тереді,

Кездесті міне керекті

Екеуі – қайың астында

Біреуі – терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте

Тоқылған салса себетке?



Алты қонжық орманға,

Бара жатты қорбаңдап.

Әрі қарай бармады,

Жауабын тез айт

Қанша қонжық кетті алда?



Алдында есік күшік отыр,

Күнге төсін тосып отыр.

Тағы бірі келді шауып,

Қатарласты ебін тауып.

Енді қанша күшік болды?



Пісіп тұрған төрт алмұрт

Қызығатын көрген жұрт

Екі алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратхан

Қанша қалды алмұрттан?



Зауза қоңыз болған екен,

Бұта түбін қылған мекен

Ұл мен қызы, әке, шеше,-

Сонда қоңыз нешеу екен?



Төменде үш қаз ұшады

Үшеуі бұлтты құшады

Өзеннен көрдік екеуін

Айтшы, қаз нешеу екенін?



Тиін отыр арбада

Жаңғақ сатып базарда

Түлкі бикеш пысыққа

Торғай менен қонжыққа

Ұзын құлақ көжекке

Мақтап қойып жаңғағын

Салып берді алғанын

Сонда тиін неше жаңғақ сатты?



Қасқыр қақты қақпаны

- Ашыңдар, тез! – айтқаны

Сол-ақ екен лақтар –

Титтей – титтей шұнақтар

Жан – жағына жүгірді,

Жасырынып үлгерді:

Бірі – төсек астында

Бірі – пештің қасына

Бірі – сәкі астында

Бірі – керует астына

Бірі – тапқыр керемет

Отыр бөшке түбінде

Қанша лақ бар бұл үйде?

Табақта 15 алма,

Қолымда 4 алма,

Барлығын қосқанда,

Болады неше алма?

Екеуін бердім апама,

Екеуін бердім атама,

Үшеуін алды інім,

Нешеуі қалды өзімде?

(12 алма)

6 алманың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?

(4 алма)

11 Түйе, 5 жылқы,

2 Сиыр,1 ешкі,

2 Қоян, 3 түлкі,

Болды сонда нешеуі?

(24)

Бір-бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу, кім білді? (8)


Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары? (6)


Түйе, бота маң басқан.

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)


Дүкеннен мен кітап алдым

Оның және қабын алдым

Үш дәптер,төрт қарындаш,

Өшіргішті тағы алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары. (10)



Бақшаға жақсы аға

Көп-көп ойыншық келді алып

Бір балық,екі есек,үш үйрек

Төрт түлік,бес бүркіт

Алты арғымақ,жеті жарғанат

Болма еспке сен шорқақ

Бақшаға жақсы аға

Ойыншық әкелді қаншама? (28)



















Мақал – мәтелдер

Есепсіз дүние жоқ.

Мың қосшыға бір басшы.


Бір ит көріп үреді,

Бір ит еріп үреді.

Бір жаман мың қолды ірітер,

Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.


Ер жігіт бір күнде бір кісілік,

Бір күнде мың кісілік.


Екі кісі бейім тұрса,

Есті кісі кейін тұрады.


Жігіт бір сырлы,

Сегіз қырлы болсын.


Бір кісі мың кісіге олжа сала.

Бір кемеге мінгеннің жаны бар.


Біректі бірлі жығар,

Білімді мыңды жығар.


Бір ел ауылға екі елі қақпақ.


Мыңның түсін танығанша,

Бірдің атын біл.


Мың асуға бір тосу.


Бір тәуекел бұзады,

Мың қайғының қаласы,

Бір жақсы сөз бітірер,

Мың көлдің жарасын.


Қонақ бір күн қонса күт,

Екі күн қонса жұрт.


Бір адам – самал,

Екі адам – амал,

Үш адам – жамал,

Төрт адам – қамал.


Бір күн дәмін тартқанға

Қырық күн сәлем.


Бір аяқ қымыздың

Екі аяқ желі бар.

Бір күндік жолға шықсаң,

Үш күндік жол азық аз.


Бір тал кессең, он тал ек.


Шын – бір сөз,

Өтірік – мың сөз.


Екі кісі ығысса,

Бір кісілік орын бар.


Еріншектің ісі –екі.


Төртаяқтыға бота тату.

Екі аяқтыда бажа тату.


Ер кезегі үшке дейі


Ер көрмейтін деген жерін

Үш көреді.

Ат баспаймын деген жерін

Үш басады.


Досыңды үш күнге сынама,

Үш жыл сына.


Аңанды меккеге үш арқалап барсаң да,

Қарызыңнан құтыла алмайсың.


Түйеге мінген қазақ,

Төрт ауыз өлең біледі.


Ер қаруы – бес қару.

Бесік баласы бес түлейді.


Айдағаның бес ешкі,

Ысқырғаның жер жарар,


Жақсы әке жаман балаға

Қырық жылдық ризалық...


Қырықтың бірі қыдыр.

Ұлға отыз, қызға қырық үйден тию.


Алты жасар бала атқа мінсе,

Алпыстағы шал алдынан шығар.


Жетімнің қарны жетеу.


Жеті рет өлше,

Бір рет кес.


Жігітке жеті өнер де аз,

Жетпіс өнер көп емес.


Жеті атасын білмеген,

Жетімдіктің салдары.


Жұт жеті ағайынды.

Жетіскен жеті шапан киеді.


Семіздің аяғы сегіз.

Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.


Қырық кісі бір жақ,

Қыныр кісі бір жақ.


Ел құлағы елу.


Елу жылда ел жаңа,

Жүз жылда қазан жаңа.


Алпыс күн тасыған су,

Алты күнде қайтар.


Алпысқа келгенде

Алты ағаң болсын,

Жетпіске келгенде,

Жеті інің болсың.


Сексенде сегіз байлық

Сегіз жарлық.

Жүзден біреу шешен,

Мыңнан біреу көсем.


Күйеу – жүз жылдық,

Құда мың жылдық.


Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.


Екі құзғын таласса,

Бір қарғаға жем түсер.


Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,

Жігіттің құны жүз жылқы,

Ары – мың жылқы.


Он адам жүрген жерде із қалады,

Жүз адам жүрген жерде – соқпақ.

Мың адам жүрген жерге жол қалады.


Екі жақсы қосылса,

Өлгенше дос болады.

Екі жаман қосылса,

Өлгенше өш болады.


Екі баланың ортасындағы бір шал бала болады,

Екі шалдын ортасындағы бір бала дана болады.


Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас.


Бас екеу болмай мал екеу болмас.


Екі жақсы бас қосса,

Бірін – бірі қия алмас,

Екі жаман бас қосса,

Кең орынға сия алмас.


Төрт аяқтыда бота тату,

Екі аяқтыда бажа тату.


Ер жігіт бір күнде бір кісілік,

Бір күнде мың кісілік.


Екі кісі бейім тұрса,

Есті кісі кейін тұрады.


Ер бір рет өледі,

Қорқақ мың өледі.


Жігіт бір сырлы,

Сегіз қырлы болсын.


Бір кісі мың кісіге олжа салар.


Бір мезетте мінгеннің жаны бар.


Біректі бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.


Бір ел ауылға екі елі қақпақ.


Мыңның түсін таығанша

Бірдің атын біл.


Мың асуға бір тосу.


Бір тәуекел бұзады,

Мың қайғының қаласын,

Бір жақсы сөз бітірер,

Мың көлдің жарасын.


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.



Алпыстағы атаңды жыққанша,

Алтындағы атанды жық.


Он екі айда он үш той.




Қызықты әзіл -есептер

1.Келесі қандай ай ?

Х – 1 = 1

АҚПАН

18 – 2Х = 10

СӘУІР

48 = 5Х+ 3

(? ) ҚЫРКҮЙЕК









2.Логикалық сергіту.

1, 2, 4, 7, 11, 16, 22, 29, 37, 46, 56

2, 4, 8, 14, 22, 32, 44, 58, 74, 92, 112

3. Әсет пен Қанатта 9 кәмпиттен бар. Әсет 4 кәмпитін жеп қояды, Қанатта тез арада сонша кәмпит жей салады. Енді Қанатта қанша кәмпит қалады ?

а) 1 в) 2 с) 5

  1. Су астында сіріңке тұтатуға бола ма ? ( ия, болады. Егер олар суасты қайықта отырса)

  2. Қандай сан жетіспейді ?

80 ( 20 ) 1600 16 ( 4 ) 64

25 ( ? ) 100 18 ( ? ) 72

(4) (4)

  1. Отбасында 4 қыз және әр қыздың бір–бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала? (5 бала).

  2. Екі оқушы тоғызқұмалақ 4 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?(4)

  3. 5 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 10 жұмыртқа неше минутта піседі?

  4. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 8 шақырым жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (8)

  5. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

  6. Ауылға бір кемпір келе жатты, оған қарсы екі кемпір шықты. Ауылға барлығы қанша адам келе жатты? (1)

  7. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден отырса, бір бұтақ жетпейді. Ал, екі-екіден отырса, бір бұтақ артылып қалады. Неше бұтақ, неше торғай бар? (3 бұтақ, 4 торғай).

  8. Сызғыштың 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

  9. Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ? (50)

  10. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10 және 100).

  11. Қайында 10 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма? (0)

17.Артық санды табыңыз: 30,28,24,21,18,15.


  1. саны артық, себебі ол 3 – ке бөлінбейді)


18.Мамасы қызынан 12 см – ге ұзын, ал ұлынан 8 см – ге қысқа. Сонда кімнің бойы қысқа, ағасының ба, әлде қарындасының ба және аралары қанша сантиметр ?


(ағасы 20см ұзын)

19. Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады?

( алдыңғы күн, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні )



20. 1-ден 10-ға дейінгі натурал сандар кестенің 16 тор көзіне жазылған. Қалам мен қарандаштың көмегінсіз, жеткіліксіз сандарды табыңдар.

2

11

3

8

20

6

14

16

18

17

7

5

10

4

15

13

1,9,12,19.

1

16

8

13

12

9

19

2

20

4

14

18

7

15

10

5

3,6,11,17.

14

9

19

3

2

13

20

11

18

5

1

15

7

12

17

6

4,8,10,1



  1. В.П. Слепнёва , Математика ( бастауыш сынып оқушыларына арнайы қысқаша анықтамалык 4 сыныптар) - Көкшетау каласы, « Келешек-2030 »

  2. Развивающие тесты для школьников – Школа « Алеф » , 2001

  3. Л.Г. Петерсон, Математика – 4- класс – « С – инфо », « Баласс », 2001

  4. Л.Л. Глазырина , Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалары жинағы ( 2,3,4 сыныптар) - Көкшетау каласы, « Келешек-2030 » 2008

  5. Ерешева Күләнда,Ыдырысова Шолпан,Әденова Гүлбаршын, Логика әлемі – 4 – сынып, Алматы « Өлке» баспасы, 2014

  6. Ерешева Күләнда,Әденова Гүлбағда,Сәлімқанова Гүлнәр, Логика әлемі – 4 – сынып, Алматы « Өлке» баспасы, 2014

  7. Н.Ә.Жаманғараева, Ф.А.Асылбекова, Математикадан 105 сабақ 2014

  8. Ж.Дәуренбеков , Қызықты сабақтар 2014

  9. Ш. Күмісбайұлы, Жұмбақ әңгімелер 2001

  10. Бейсеков Ж., Қамбарова Ж.,Исаева А. Математикадан бақылау жұмыстары

( 1-4 сыныптар)– Шымкент, 2008





49



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!