СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қысқы орманға саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Жабайы аңдар туралы, олардың қыс мезгіліндегі тіршілігі жайлы білімдерін нақтылау және тиянақтау

Міндеттері:

Білімділік: Жабайы аңдың тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін көре білуге үйрету

Дамытушылық: өз ойларын толық, еркін жеткізе білуге дағдыландыру

Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілікке , орманға, сондай-ақ онда мекен етушілерге қамқорлық танытуға тәрбиелеу  

Просмотр содержимого документа
««Қысқы орманға саяхат»»

Ересек тобыңдағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Мерзімі:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»

Мақсаты: Жабайы аңдар туралы, олардың қыс мезгіліндегі тіршілігі жайлы білімдерін нақтылау және тиянақтау

Міндеттері:

Білімділік: Жабайы аңдың тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін көре білуге үйрету

Дамытушылық: өз ойларын толық, еркін жеткізе білуге дағдыландыру

Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілікке , орманға, сондай-ақ онда мекен етушілерге қамқорлық танытуға тәрбиелеу

Үш тілдік компонент: аң- животное-an animal,қасқыр-волк-wolf,түлкі-лиса-fox,қоян-заяц-hare,аю-медведь-bear,тиін-белка-squirrel,кірпі-ёж-hedgehog

Керекті құралдар: ойыншық аңдар, әртүрлі аңдардың суреттері, ойынға қажетті карточкалар,қысқы көрініс бейнеленген макет, үнтаспа, ноутбук

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық - қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

 Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

 
 




Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр күніміз осылай басталады

Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік



Шеңбер жасап тұрады.

Бәрі бірге қайталап айтады.

Қол алысып, қане біз,

Достасайақ бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!



Ұйымдастыру– іздестіру

Бүгінгі көңіл-күйлерін қандай?

-Білуге, үйренуге, айналамыздағы қоршаған әлемді тануға дайынбыз ба?

-Олай болса, назарларынды экранға бұруды ұсынамын

Ноутбуктен хайуанаттар бағындағы аңдардың тіршілігі жайында қысқа бейнебаян көрсетіледі.

-Бейнебаянда не көрдіңдер?

-Ал, табиғи жағдайда бұл аңдар қайда мекен етеді?

-тамаша, жақсы

-иә






хайуанаттар бағындағы аңдарды

-орманда, шөлейтті, ыстық аймақтарда, тауда, далада т.с.с



- Олай болса мен сендерді қысқы орманға саяхатқа шақырамын.Онда әртүрлі тіршілік иелері мекен етеді.Нелер екенін білу үшін жұмбақтардың шешуін дұрыс табу қажет

1.Жұмбақ жасыру

Итке ұқсас пішіні,

Ұнатпайды кісіні

Ол не?

-қасқыр қандай аң?


Қасқыр-қайсар,аса сақ хайуан. Қайсарлығы оның кез-келгкн айқаста жеңіске жеткенше,не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Қасқыр ешбір аңның сондай-ақ адамның үстемдігіне көнбейді

Қасқырды басқаша-бөрі деп атайды.

-қасқырды орыс тілінде қалай атайды?

-ал,ағылшын тілінде ше?

-қасқырдың қайсарлығы жайлы көптеген мақал-мәтелдер бар. Сендер қандай мақалдар білесіңдер?









2. Жұмбақ жасыру

Жазда қыдырады,

Қыста тынығады.

-Ол не?

-аю жайлы не білесіңдер?



Аю-жыртқыш аң. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген.Аюдың кейбір өнімдері халық медицинасында қолданылады.Майы көп емге дауа.

-Енді аюды орыс және ағылшын тілінде айтып көрейік.



Артикуляциялық жаттығу

Ю-ю-ю, бұл үлкен аю,

Паң-паң-паң, мекен оған апан

Ал-ал-ал, сүйікті тағамы-бал

3. Жұмбақ жасыру

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

- Ол не?

-қоян жайлы білгенімізбен бөлісейік

Қоян-жаз бен қыста тонын ауыстырады. Ол өте өсімтал, яғни айына 1 рет 16 көжекке дейін дүниеге әкеледі. Оның еті өте пайдалы.Қояннан жылы тері мен түбіт алынады.

-қоянды орыс тілінде қалай айтады?

-ал, ағылшын тілінде ше?

4. Жұмбақ жасыру

Шырша саясы-күркесі,

Өзі орман-еркесі.

Қарғып мінер бұтаққа,

Өте құмар жаңғаққа.

-Ол не?

-Тиін-кішкентай епті аң.Қолға тез үйренеді.Тиіндер жаңғақтармен, ағаш қабықтарымен, жәндік,ұлулармен,саңырау- құлақтармен қоректенеді.Дүние жүзіндегі көп ағаштар тиіндердің көміп, кейін ұмытып кеткен тұқымнан өсіп жетілген.

-тиіннің екі тілдегі нұсқасын айтып көрейік


5. Жұмбақ жасыру

Өзі ширақ,өзі қу

Жүрген жері айғай-шу.

-Ол не?

Түлкі-ажарлы, шапшаң сақ.Ол тышқан, қоянаулап жейді, тіпті өзеннен балық,шаян

Аулайды. Алайда ең сүйікті тағамы-құстар

-Ал өздерің түлкі жайлы не білесіңдер?

-түлкіні ағылшын тілінде-fox дейді ал, орысша ше?


6.Жұмбақ жасыру

Үсті толы ине,

Бірақта, іс тігіп,

Қадамайды ине.

Ол не?

Кірпі-орманда,сондай-ақ бау-бақшада тіпті елді мекендерде тіршілік етеді.Жемін түнде аулайды. Жәндіктермен, бақамен, жыланмен

(улысымен де) қоректеніп,орман шаруашы-

лығына пайда келтіреді.

Кірпінің орыс және ағылшын тіліндегі айтылуын сұрайды

Жаңылтпаш айту

Кірпі, кірпі

Жаңын түркі.

Кірпі, кірпі,

Әне, түлкі.


-Балалар, табиғи жағдайда аңдар өз тамақтарын өздері тауып тіршілік етеді. Бірнеше күн аш жүретің кездері де болады. Сондықтан ормандағы аңдарды тамақтаңдырсақ қайтеді?

«Аңдар асханасы» дидактикалық ойыны

Мақсаты:Жабайы аңдардың қоректенуі жайлы түсініктерін кеңейту

Әртүрлі тағамдар бейнеленген үлкен шеңбер

көрсетеді.Балаларға түрлі аңдар бенеленген қыстырғыштарды таңдап алып,аңның сүйікті асының үстіне сәйкестендіріп қыстыру керектігін түсіндіреді

-Аңдарды тамақтандыра отырып, олар жайлы білетің тақпақтарымызды айта отырайық










-Қысқы орманда жүріп шаршап қалдық. Біраз отырып, дем алайық

Тыныс алу жаттығуы

Бос отырғанша қолғаптарымызға түскен қаршаларды үрлеп түсірейік

-Білесіңдер ме,орманның кішкентай тұрғындары бар екен,олар бізді көріп, тығылып қалыпты.Қане оларды шақырып

көрейік. Олар өз індерінен шықпайтын сияқты. Оларды шығару үшін бізге мына сиқырлы таяқша көмектеседі.

«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Жабайы аңдардың балаларын ажыратып, дұрыс атауын еске түсіру.

Балаларға басына магнит қыстырылған таяқшаның көмегімен іннен, апанан (бұтақтың артынан) аңның баласы бейнеленген сұлбаны тартып шығарып, неніңбаласы, қалай атайтының айту керектігін түсіндіреді

Сергіту сәті:

Думай и запоминай

Животное...an animal

Мишка косолапый ходит еле-еле.

Мишка, медвежонрк по-английски..bear

Стреляли в волка: пиф и пуф!

Волк по-английски..wolf

Рыжий, рыжий чудо-флокс!

Рыжая лисичка-fox

По-английски заяц-hare

А зимой он снежно белый.

По деревьям кто-то прыгал,

Оказалось, белка-squirrel

А вот ёжик он-hedgehog

Любит яблочный пирог.

-Жабайы аңдар адамдарды көрсе тығылып қалады екен, бірақ оларды қыста қардағы іздерінен тауып алуға болады.


«Ненің ізі?» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Жабайы аңдардың ізінің көлемі, пішіні бойынша жобалап ажыратуға дағдыландыру

Экранда бір аңның және үш түрлі із бейнеленген сурет көрсетіледі. Іздердің ішінен аңға сәйкес ізді тауып, сол іздің үстінен басу керектігін түсіндіреді. Ізді дұрыс тапса, экранда қуанған смайлик, ал қате жауап белгіленсе, керісінше мұнайған смайлик шығатынын айтады.


Қуана келіседі






-қасқыр

-қасқыр сұр түсті, пішіні итке ұқсас жыртқыш аң



Мұқият тыңдайды.



-волк

-wolf



*Қасқыр байлағанға көнбес,

Шошқа айдағанға көнбес.

*Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.

*Волка боятся, в лес ходить





-аю

-аю тәтті құмар, маймақ аң. Ақ, қара, қоңыр түсті болады.





-орыс тілінде -медведь ал, ағылшын тілінде-bear





Бірге қайталайды




-қоян

білгендерін айтады






-заяц

-Hare






-тиін





Мұқият, қызығушылық-пен тыңдайды.

Тиін орысша-белка, ағылшынша- squirrel




-қу түлкі



Тыңдайды, білгендерін айтады


-лиса,лисичка






-Ол-кірпі




Ықылас қойып тыңдайды.


-Ёжик-hedgehog




Бірге қайталайды







Қуана келіседі






Түсіндіріп қыстырады

-Аюды балдың жанына қыстырамын, себебі ол балды сүйіп жейді



*Знает лисонька-лиса:

В шубе вся её краса.

Шубы нет в лесу рыжей,

Зверя нет в лесу хитрей

*Мен тиінмін,тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.




Қызығушылықпен үрлейді












Қызығушылықпен тартып шығарады.

-Мынау қасқырдың баласы бөлтірік



Әр аңды іс-қимылмен көрсетеді.






















Сәйкес ізді жобалап табады




Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

-Біз бүгін қайда саяхатқа бардық?

-Онда нелерді көрдік?


-Орман тұрғындарының тіршілігі жайлы не білдіңдер?

«Қысқы мекен» дидактикалық ойыны:

Мақсаты:жабайы аңдардың қысқы тіршілігі мен мекені жайлы білімдерін нақтылау

Тақтаға ормандағы жабайы аңдар бейнеленген сюжетті сурет іледі.Әр бала өзі таңдауы бойынша аңды атап, оның қысқы тіршілігі жайлы қысқаша мағлұмат айтып ету керектігін түсіндіреді. Аң қысқы ұйқыға жататын болса,оны қалташамен жауып түймелеу қажет екенін айтады



Рефлексия «Күн шуағы»

-Қыста тек қана адамдарға ғана емес орман тұрғындарына да күн шуағы менжылуы жетіспейді. Сондықтан, өзіміздің жылы лебіздерімізбен орман тұрғындарына жылулық сыйлайық.

Балаларға тақтадағы күнге шуақтарын (алдын ала бастырылып, қиылған алақанда-рының ізі) тілек айтып жапсыруды ұсынады.

-Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды . Сендерге белсенді қатысқанда-рың үшін рахмет! Әркез табиғатқа жаңашыр болыңдар.


-Қысқы орманға бардық

-Онда жабайы аңдарды көрдік

Білгендерін айтады





Мысалы;

Аю қысқа бойына май жинап, қыста апанында ұйықтайды.

Қоян жауларынан қорғану үшін тонын ақ түске ауыстырып, ағаш-

тың жас бұталарын кеміріп қыстан шығады





Күтілетін нәтиже:

Білу керек: жабайы аңдарды, олардың балаларын дұрыс атап, ажырату

Болу керек: өлең, жұмбақтар арқылы сөздік қорлары, есте сақтау қабілеттері.

Істей білу керек: тапсырмаларды тиянақты орындауды, сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беру







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!