СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қышқылдар 8 сынып

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қышқылдар құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері алынуы. Қышқыл жаңбыр туралы түсінік. 8 сынып

Просмотр содержимого документа
«Қышқылдар 8 сынып»

Пәні: Химия 
Мұғалімі: Курышбаева А.Е

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.

Индикаторлар, бейтараптану реакциялары. Қышқыл жаңбыр туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:
а)білімділік.Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан
тірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту.
б) дамытушылық.Оқушылардың қызығуы, ынта-қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге үйрету.
с) тәрбиелік.Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бір-бірінің пікірін тыңдап құрметтеуге, баға беруге тәрбиелеу.

Сабақтыңтүрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті оқытудың кешенді әдісі, СТО әдісін қолдану
Көрнектілігі, қажетті құрал- жабдықтар:Интерактивті тақта, «Актив студио» бағдарламасының кітапханасы қорынан суреттер, виртуалды зертхана қоры, тірек сызба слайды, электронды оқулық, бейорганикалық қышқыл үлгілері (HCI.H2SO4 HNO3), құрамында табиғи қышқылдары бар тағам үлгілері: алма, лимон,сүт айран. Сірке суы.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру (сыныпты түгелдеу)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1-кезең;«Ой шақыру»(үй тапсырмасын өткен тақырыптар бойынша тест арқылы өз білімдерін тексерді)

1.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы қанша?

А) 32 В) 16 С) 8 Д) 4 Е) 2

2. Оттектің жер қыртысындағы массалық үлесі қанша?

А) 0,03% В) 1% С) 21% Д) 49,13% Е) 78%

3. Оттектің судағы ерігіштігі

А) жақсы ериді В) нашар ериді С) ерімейді Д) өте жақсы ериді Е) өте нашар ериді

4. Оттектің ауаның құрамдас бөлігі екендігін кімдер дәлелдеді?

А) Дж Пристли мен К. Шееле В) Д.И.Менделеев

С) М.В.Ломоносов пен Ж.Пруст

Д) Д.И.Менделеев пен К. Шееле Е) А.Авогадро мен Дж Пристли

5. Суға тән барлық қасиеттері бар жеке зат:

А) теңіз суы; В) құбыр суы; С) дистилденген су;

Д) жаңбыр суы;

6. Сүзу арқылы судан қандай қоспаларды бөліп алуға болады?

А) еритін; В) еритін және ерімейтін; С) ерімейтін;

Д) жауап жоқ;

7. Бейтараптану реакциясы деп қандай реакцияны айтады?

А) қышқылдың металл оксидімен; В) қышқылдың металмен;

С) қышқылдың негізбен; Д) қышқылдың тұзбен;

8. Бөлме температурасында су әрекеттеседі:

А) күміспен; В) азотпен; С) күкіртпен;

Д) натриймен;

9. Біреуі оттегі болатын бинарлы қосылыстар

А) оксидтер В) негіздер С) катализатор Д) тотықтар

Е) реактивтер

10. …Ва + О2 = …ВаО теңдеуінде қалдырылып кеткен коэффициенттердің мәнін көрсетіңдер:

А) 1; 1 В) 2; 2 С) 3, 3 Д) 4; 4 Е) 2; 3

2-кезең «Қызығуды ояту!» (Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру мақсатына арналған).
а)Мына приборларды нені алуда пайдаландық?(слайдта сутекті алуға арналған құралдар бейнеленген, балалар қалай пайдаланғанымызды әңгімелеп береді)

б)сүт қышқылы мына заттарда болады? (Суретте түйе, жылқы малы, қой-ешкі малы бейнеленген және олардан алынатындар: сүтте,қымызда, айранда сүт қышқылы болатынын әңгімелейді.

с) Ит мысықты тістелеп ойнап жүргенін көрдіңіздер ме?
Жауабы:- Мысықтың денесінен бөлінген майларды тістеу арқылы ит ауыз қуысындағы қышқылдарды тазартып құныс мешел ауруларын болдырмайды

д) тауықтың,құстардың құмырсқа илеуіне шомылып аунап жатқанын көрдіңіздер ме?
Жауабы: — құмырсқа қышқылы паразиттерге нафталиндей әсер етеді, құстар терісін тазартады.

е)Ауырған аңға кім рецепт жазып береді?
Жауабы: — ауырған аң сүйретіліп келіп, хинин ағашының қабығын кеміреді екен, бірнеше күндерден кейін аңдар жазылып кететін көрінеді (хинин қышқылы бар ағаш Мексика, Бразилия елінде өседі)

ж)Сіздер үйде, тұрмыста т.б қандай қышқылдарды кездестірдіңдер?
Жауабы:( сірке, лимон т.б )

ІІІ.Негізгі бөлім — жаңа сабақты түсіндіру
3-кезең «Мағынаны тану» (Қышқылдарға анықтама беру, жалпы формуласы, құрамы, атаулары, номенклатурасы, алынуы, пайда – зияны)

Қышқылдар дегеніміз — құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат(жұмыс дәптерлеріне анықтаманы жаздыру).
Негізгі белгісі:қышқыл дәм және күйдіргіш.(Қышқылдар, оларды жіктеу электронды оқулық арқылы түсіндірілді.) тұз қышқылы -HCI,
бромсутек қышқылы –HBr.
күкіртсутек қышқылы –H2S
күкіртті қышқыл-H2SO3,
азот қышқылы –HNO3 ,
кремний қышқылы-H2SiO3
фосфор қышқылы-H3PO4.
Сутегі атомының санына қарай
(бірнегізді-HCI,HNO3,HBr.
Екінегізді-H2SO4, H2S,
үшнегізді- H3PO4,H3BO3) ,
Оттегі атомына байланысты
(оттекті-H2SO4,HNO3,
оттексіз-HCI,HBr)

Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек!
Қышқыл ерітіндісінде түсін өзгертетін заттар индикатор деп аталады. «индикатор» латынша —«көрсеткіш» мағынасын береді. (виртуалды зертхана қорынан тәжірибе жасалынды)
1.лакмуста қызарады 2.сары метилоранжда қызарады 3.фенолфталейнде түсін өзгертпейді

Қышқылдарды алу.
1)Оттекті қышқылдарды алу.
1)4P+O2═2P2O5 P2O5 +3H2O═2H3PO4
(Демон.тәжірибе арқылы фосфор қышқылын алу)
2)SO2+H2O═H2SO3
3)SO3+H2O═H2SO4 (Электронды оқулық арқылы тәжірибе көрсетіледі)
2)Оттексіз қышқылдарды алу үшін ( S,CI,Br )сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді
H2+CI2═2HCI –хлорсутек. Оларды суда ертіп қышқылдар алады.

Қышқылдардың пайда — зияны:
1)медицинада бор және тұз қышқылдары қолданылады.
Сүт және азоттың концентрлі ертіндісі сүйелдерді күйдіруге қолданылады.
2)Өнеркәсіпте шикізат есебінде және автокөлік аккумуляторларында күкірт қышқылы қолданылады.
3)Тұрмыста сірке суы, лимон қышқылы қолданылады.
Зияны:
1) Концен.қышқыл ағзаға түссе мүшені бұзады.
2)Қоршаған ортаны ластайды.Себебі олар тотықтырғыштар.

ІV. Алған білімді бекіту
4 – кезең «Білімді тиянақтау»(таблица толтыру жұмыс дәптерлерінде орындалады)
1. Қышқылдардың атауын
2. формуласын
3. Қышқыл қалдығын, валенттілігін
4. Қышқыл қалдығы атау.

Таблица сызу

5-кезең «Сыңарыңды тап» ойыны.(алған білімді бекіту)
(оқушылар сутек атомы мен қышқыл қалдықтарының формулаларын біріктіріп жұп құрады)
а) күкірт сутек қышқылы б)күкірт қышқылы в)кремний қышқылы с)көмір қышқылы д)азот қышқылы
6-кезең «Венн диаграммасын толтыр»(Бейорганикалық қышқылдар мен органикалық қышқылдардың ортақ қасиеттері мен өздеріне тән қасиеттерін жазып,диаграмманы толтыру)
Бейорганикалық қышқыл
Органикалық қышқыл.
V.Үйге тапсырма беру. Қышқылдар тақырыбын оқу

VІ. Қорытынды және бағалау



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!