СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Күй өнері иесі Айтбай Мұздаханов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күй  қазақ халқының өнері.  Күй  арқылы  іштегі ойды  баяндаған.

Просмотр содержимого документа
«Күй өнері иесі Айтбай Мұздаханов»



Аңдатпа

Бұл жоба қазақ халқының өнерінің өкілдерінің өмірбаяны және шығармашылық еңбектері туралы – зерттеу жұмысым. Торғай өңірінде осындай атақты адамдар дүниеге келіп белгісіз болып жатады, бірақ олардың еңбектері елімізге, қазақ рухани мәдениетін жоғарғы деңгейге көтереді. Осындай аталарымыз, әжелеріміз, ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында қазақ мәдениеті өркендеп дамиды.

Кіріспе

Ұлттық өнеріміздің ең бір іргелі және күрделі саласы- аспапты музыка өнері. Бұл көп ғасырлы көшпелі мәдениетіміздің өзі мен көзі, қайнар бұлағына айналған мәдени мұрамыздың түрі. Қазақ даласының қайталанбас табиғат көріністерін, бостандық сүйгіш үнін, азаттық аңсаған арманын, халық тағдыры мен тарихын, аңыз бен шындығын, жануарлар образын және басқа да көптеген тақырыптар мен сюжеттерде асқан көркемділікпен нәзік те қажырлы музыкалық тіл-әдістермен паш етеді. Қазақтың аспапты музыкасы (домбыра, қобыз, сыбызғы т.б) формасы мен композициясы жағынан өте көлемді дамыған. Күй адамның ішкі жан дүниесінің сыры. Күйдің құдіреттілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес ау сірә. Күй – адамның мұңдасы, сырласы. Күйдің құдіреттілігі жайлы осы күнге дейін жеткен аңыз-әңгімелерде жетерлік. Күйдің құдіретті тілі туралы ұлы Абай:

Ақылдығың сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар-десе,

ал дарынды ақын Иса:

Күйлердің сөзін ішіп, сорғалатқан,

Бармақтан бал тамызып, жорғалаткан,

Тәтті күй жанның тілі, жігер, қайрат,

Қазағым, мақтана бер, соны тапқан – деп шаттанған екен.

Күй — домбыра кеудесіндегі жаңғырған жан дауысы. Ақындық зор шабытпен сипаттаған, баяндаған өмір көрінісі. Соның бірі қуаныш — ренішке ғана саяды. Ал қуаныш, реніш — өмір күресіндегі алапат сезім арпалысы. Оны халықтың заңғар жазушысы М. Әуезовтың сөзімен айтқанда: «Жалпы музыка атаулы нәрсе, елдің сезім байлығы мен ішкі жатылыс қалпын білдірсе, солардың ішінде ең толғаулы, ең терең сырлысы — күй» — дегенге тіреледі.

Күй — композитордың ішкі жан сырының айнасы десең, оның «күй» деген атының өзінде үлкен қуат, шабыт құдіреті жатады. Қазақ халқы күйшіні ерекше қадірлеп, домбырашыны «бармағынан бал тамған», «адамның жорғасы» деп, олардың аттарын ерекше құрметпен атаған. Заман өзгерген сайын аспапты музыка бұл дәстүрлі болмыстан жіктелініп, концерттік (жеке орындаушылық), ансамбльдік және оркестрлік музыкаға ауысты. Көшпенді өркениетіміздің тарихында домбыраның орны мен маңызы ерекше. Домбыра қазақтың жаны мен тәні, сырын шертетін айрылмас досы. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра» деп бекерден бекер айтпаса керек. Күйшілік өнер-ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл мұрамыз. Сонау Құрманғазыдан бастап алған бұл қасиетті өнеріміз қазіргі күнге дейін мән – мағынасын жоғалтпай, жылдан – жылға өркендеп, кең қанат жаюда. Атадан қалған осынау қанға сіңген өнерімізді насихаттап жүрген аға – апаларымыз қаншама. Әр өнер өкілдері өздерінің жалғасын талантты шәкірттерінен шыққан (ұстаз – шәкірт), тал жас домбырашы - күйші ұстаздан алған тәлім – тәрбиесін өсиет ретінде ұқыптылықпен одан әрі дамытқан.


Мысалы, аспашық музыка жанрында - Құрманғазы, Дәулеткерей, Есбай, Мәмен, Тәттімбет, Дина т.б халқымызды өзінің әр тақырыптағы күйлерімен сусындатып, келер ұрпаққа мол мұраларын қалдырып кетті.

Күйші аталарымыздың дәстүрін шебер күйші-домбырашылар:

У. Қабиғожин, ағайынды Бөкейхановтар, Н.Тілендеиев. Ә.Есқалиев, М.Хамзин, Қ.Ахмедиаров, А.Үлкенбаева сияқты күйшілік өнерді әлемге паш етіп жүрген дарынды күйшілеріміз жалғастырды. Осы орайда,қазақтың төл өнерін қазіргі таңда насихаттап жүрген талант иелері Айтбай Мұздаханов пен оның қызы Анар Мұздаханова жайлы айтып кетпеу мүмкін емес.

Бүгінгі кемелдіктің өткен күндер жөргегінде өсіп жетілетіні, тарихтағы кез келген мәдени өрлеудің өткенге көз тастау мен тығыз байланысты екені, тірі табиғатты қалай қорғасақ, ұлт мәдениетін де осылайша көздің қарашығындай  сақтау керектігі туралы соңғы жылдары жиі айтылып жүр…  Міне, бүгінгі  таңда да  рухани-мәдени  бастауларымызды  түгендеп, ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  арқау  етіп  жүрміз. Торғай   даласында     атақты өнерлі кісілерді бар екенін біле қоймаймыз. Әсіресе, бүгінгі  «нано»  технология  заманында, бұл кісілердің еңбектерін зерттеп болашақ ұрпақтарымызға жеткізуіміз міндет.

Қазіргі заманында рухани мәдениетімізді жоғалтпай ары қарай дамытуымыз керек. Өз елінің тарихын, мәдениетің білмейтін азаматтың болашағы жоқ, және ол еліне пайдасын тигізе алмайды. Адам өз мемлекетінің, туған жерінің тарихы білуге міндет. Өзімнің жұмысымда Айтбай Мұздаханов атамыздың өмірбаянын, дүниеге шыққан шығармашылықтарын зерттеп, елге көрсеткім келеді.

Өйткені бұл атамыз жол апатына ұшырып оң қолынан айырылсада өнер жолын тастамады. Осындай қайраткерлігін шыдамдылығын көрсетіп, елдің жүрегіне жол тапты. Осындай кісілерді құрметтеп, қадірлеп, ардақтап тағзым етуіміз керек. Егерде қазақ елінің ұл қыздары еңбектеніп осындай белгісіз тұлғаларды анықтаса, Қазақстанның түкпір-түкпір жерінде осындай керемет тұлғалар бар деп өзге елдерде тамсанып қарайтын еді.

Қазіргі кезде бәріде белгісіз керемет зиялылар, күйшілер, ақындар данышпандар анықталып келе жатыр. Мен осындай кеменгер, дана адамдар менің туып өскен өлкемде және де қазақ даласында дүниеге келгеніне қатты қуанамын. Ол кісілер менім жерімде дүниеге келгенің естіген сайын кеудемді мақтаныш сезімі кернейді. Әсем әуен домбыраға тіл бітірген күйшілердің көбісі ауылдан қанат қаққандар бола тұғын. Себебі олардың әнге әуенге музыкаға деген сүйіспеншілік пен сезім оянды.










Айтбай Мұздахановтың өмір баяны.

А йтбай Мұздаханов -1941 жылдың 15 қазанында қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданының Қарасу (Комунизм жолы) ауылында дүниеге келген күйші, композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері(1993). Арнайы музыкалық біліім алмаған.1976жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық байқауына қатысыпі-ші орын алды. Өзінің 37 мүшелінде тағдыр тәлкегіне ұшырап, оң қолын шынтағынан төмен кестіреді. Бүкіл болмысымын өнерге арнаған азамат мүгедек болып қалғанына қарамастан, шығармашылық өнерін тоқтатқан жоқ. Күйшілік өнермен енді қоштасқан шығармын деп қамыққан, жүрегі егіле тұрып. Бірақ жан досы Төкен Елтебаев кенеттен дүние салғанда, кеудесін кернеген алапат саздардан шыдай алмай, 10 жылдан кейін колына домбырасын қайта алған... Жоқ саусақтарының орнына білегіне темір сым орап саусақ жасаған. Сол сым саусақтарымен фәни жалғаннан ерте озған жан досына «Ақ қайың» деген күй шығарған... Оның 60-тан астам күйі, 40-қа тарта әні бар. Алғашқы күйі - «Амангелді дүбірі» халық батырына арнап, атаулы тойы қарсаңында жұртшылыққа ұсынды. Күй өнерінің саңлағы, атақты күйші Н.Тілендиев осы күйді тыңдап: «Қарағым-ау, мына күйің дүбірлеп тұр ғой, бұл күйің «Амангелді дүбірі» болсын» деп, талантты өнерпаздың өнеріне тәнті болады. Бұл күйі күні бүгінге дейін орындалып келеді. Бұдан соң неміс фашистеріне қарсы соғыстағы жеңістің 30-жылдығына арнап «Ер есімі-ел есінде»күйін, «Балалы киік», «Домбыра сазы» т.б көптеген шығармаларын өмірге әкелді.

1977-1978 жылдары Бүкілодақтық халық шығармашылығының 1-2 фестивальдеріне қатысып лауреат атанды. «Біздің әулет түп-тамырынан күйшілік сіңген тұқым. Сонау ұлы бабамыз Кекілік әулие ғажап күйші болған.

Бергі аталарымыз да күймен тербелген жандар еді. Мен өзім төрт күйшінің ортасында өстім.» дейді Айтбай Мұздаханов. Сонау арғы аталарында күйшілік өнер болса, баласына сол өнер сіңбеуі мүмкін емес. Күйшінің көптеген күйлері қазақ ұлтының тарихына арналған. Ақ пен қызылдың айқасы кезіндегі ел жағдайы, аштық, соғыс уақытындағы жұрт мұңы, қайраты, күрескерлік рухы, бұның бәрі Айтбай күйлерінің өзекті тақырыптары. «Аптап ыстықта аңқасы кепкен киік құралайын ертіп, құммен оқша ағып келеді. Отты жел құлақ түбінен зу-зу етеді. Кенет дала төсін болат тұяқтар дүбірі басып кетті. Соңына түскен аңшылар болар. Жүректері дүрс-дүрс соғады.»-бұл сазгердің әйгілі «Балалы киік» күйі еді.Тек Торғай оңірінің жұрты ғана емес, иісі қазақтың өнер қадірін түсінетін жандары талай тамсана естіген, тіршілік қуаты, әр жан иесінің өмір сүруге ұлы Жаратушы берген құқы жайлы ойға шомдыратын саз бұл.Композитордың Қ.Деріпсалдинмен бірге баспадан шығарған «Домбыра сазы» жинағына Айтбай Мұздахановтың «Елім ай», «Қаратау», «Бозтайлақ», «Тархан баба», «Нарқыз», «Жұбату», «Ару арман» т,б көптеген күйлері енген. Сазгердің «Аяулы ана», «Байғабылда бір бала», «Балбөбек», «Шынарым», «Дархан дала»т.б әндері халық арасына кең тараған. Айтбай ағаның шығармаларының тағы бір тақырыбы замандастар тұлғасы. Сазгер өнердегі әріптесі Төкен Елтаевқа арнап «Аққайың», өмірден ерте озған досы Сәтен Қошанұлына арнап «Сәтен күй», Нұрғиса Тілендиевке арнап «Нұраға»(1988) күйлерін шығарды. Ұлы композмтор Нұрғиса Тілендиев оның бұл күй туындысын «Айтбай сарыны» деп атады. Компазитор «Құрмет белгісі» орденімен 1979 жылы марапатталды.

2008 жылы Мұздахановтың күйлер мен әндержинағы шықты. Айтбай күйлерін оның өнерпаз қызы Анар Мұздаханова сахнада нақышына келтіріп орындап жүр. Әкесінің күйлерін халық арасына насихаттаушы да, нотаға түсіріп жинақтаушыда осы Анар қызы.

Енді, күйшінің бүгінгі ізбасары, әрі қызы

Анар Мұздаханова жайлы айта кетсек:


Анар Айтбайқызы Мұздаханова 1964 жылы 25 мамырда Қостанай облысы Амангелді ауданының Қарасу ауылында туған. Әкесі - Мұздаханов Айтбай Мұздаханұлы инженер, электроинженер, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Анасы - Мұздаханова Ханзада 1942 жылы туған, зейнеткер, гинеколог дәрігер болған. «Бабалар үні» 2002 кітабының авторы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі 2006 жылдан. 1986 жылдан - Арқалық пионерлер үйі ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшісі. 1991 жылдан - Ақмола облыстық филармониясының солисі.1998 жылдан бері - Мемлекеттік филармонияның жанындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі (Астана қ.). Ресейде (Мәскеу қ.), ҚХР (Пекин қ.), Мажарстан (Будапешт қ.), Түркияда (Анкара қ.), Оңтүстік Кореяда (Сеул қ.), Ұлыбританияда (Лондон қ.) фольклор өнерін көрсеткен. Республикалық аспапшылар конкурсы 1-ші сыйлығының лауреаты (Ақтау қаласы, 1991), «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1994ж). ҚР Президентінің

Қ ұрмет грамотасымен марапатталған (2010). Әкесі кайғылы қазаға ұшырап саусақтарынан айырылғаннан кейін, Анар көкесінің даңқын шығарам деп күйшілік өнерге бірегей бет бұрған. Өзін жарық дүниеге әкелген адамның алдында перзенттік парызды темірқазық еткен. Әкесінің 40 күйі мен 20-дан астам әндері бар. Өнерлі орталарда, талай топтардың алдында сол шығармаларды насихаттауға бел шеше кіріскен Анар келе-келе өзі де шығармашылыққа, күйді орындаушы ғана емес, күйді шығару, тудыру ісіне де ден қойған. 1985 жылы «Жігер» фестиваліне қатысып, әкесінің «Бабалар үні» циклынан «Тархан баба», «37-ші жыл», «Бозтайлақ» күйлерін күмбірлеткен. Саусақтарында жастық қуат бар,көкірегінде саз әлемін еркін түйсіну қабілеті зор Анардың домбыра қағысынан сарқылмас жігер байқалады. Домбыраны еңбекқорлықпен үйіренген дарын емес, күйшілік көкейіне туа қонақтаған жан. Анар арудың күйшілік өнері қияға қанат қаққан лашын құстай шырқап барады қазірде. Өнер жолы күйге деген құштарлыққа толы. 1991 жылы Атырауда Қазақ жерінің түкпір-түкпірлерінен жиналған 40-тан астам дәулескер күйшілердің арасында Анардың бағы жанып, 1 -ші орынға шықты. Анардың осы күндерде өзі шығарған 8 күйі бар. Аз деп те, көп деп те айту қиын! Жан дүниесін толқытып, жүрегін жарып шыққан шығармалар. 1999 жылы шығарған «Өзбек елі» күйінің көне заман сарынынан сыр тартып, бүгіннің назды әуенімен өрілетіні тіпті ғажап. Е кі бауырлас жұрттың бағзы дәуірлерден бері сабақтасқан ағайыншылық тіршілігін баян еткендей. Қазақ пен өзбек саздары жарасып, үндесіп, өзектесе шалқиды. Репертуарында бүгінде200-ге тарта шығармалар бар Анар қазақ елінің күйшілік 4 мектебінен де хабардар. Батыстың да.шығыстың да, оңтүстіктің де, солтүстіктің де күйлерін бабына келтіре, өзіндік өрнек сала орындай береді. Өрнек салады деп отырғанымыз, әр күйшінің қағыс ерекшелігі, күйдің небір нәзік ішкі иірімдерін өзінше жеткізуі бар. Десек те, Анар кейінгі уақытта Арқаның шертпе күйлеріне ден қойып жүр. Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің шығармаларындағы терең толғанысқа толы әсем с аздар Анардың орындауына ерекше сұлуланып толқындап тұрады. Күйдің төгіліп түскенін қалайды Анар. Селкеу дыбыстардан, күй табиғатын табан астында өзгертіп жіберетін сәл ғана бөгде дірілдің өзінен шығармаларды орындау үстінде айырықша сақтанып отырады. Күйді мейілінше таза тартатын Анардың талғамы таң қалдырмай қоймайды...«Мезгіл уақыттарынан қысты сүйемін. Аппақ көңілді, жаны таза жандарды сыйлаймын. Қойынына тас тыққандай, бір бүкпесі ішінде жүретін адамдардан сескенемін және ондай жандарды тез танимын, сақтанып жүремін» - дейді Анар күйші. Жаны нәзік жанның табиғаты да үнемі рух тазалығын аңсап тұруы заңды...«Анарым қасымызда отырып- ақ, күй саздарын сіңіре беріпті. Бірде,байқасам,әр күйдің басын шалып отыр қызым. Содан, Анарға да көңіл аударып, күйге тарттым», - дейді Айтбай сазгер. Күйлерінің күмбезінен жан толқытар, тіршілік мәні тұрғысынан шын толғантар небір сыйқырлы саздар төгіп жүрген ерекше дарын иесі Анар Мұздаханованың өмірде бұдан былай да жолы бола беретініне, бақытқа бөлене түсетініне күмән жоқ. Өйткені, оның болмысында бабалардан қалған ұлы қасиеттер мол. Олар-адалдық, еңбекқорлық, жүрек шынайлығы... Бұл-шын дарынның ең басты қуат алар қайнарлары!

Торғай даласының маңдайына біткен таланттылары Айтбай Мұздаханов пен Анар Мұздахановалар әлі талай шығармаларын жариялап халықты сусындататынына еш күмән жоқ. Артынан басар ізбасарлар дайындап, халқымыздың осынау күйшілік өнерін жалғастырар болашақ ұрпағымызға үлгі болпр нағыз талант иелері. Торғай даласын дүбірлеткен өнер иелеріне бас иеміз. Осындай саңлақтарымыз тірі тұрғанда күйшілік өнер ешқашан өлмейді.















Қорытындысы:


Торғай даласының маңдайына біткен таланттылары Айтбай Мұздаханов пен Анар Мұздахановалар әлі талай шығармаларын жариялап халықты сусындататынына еш күмән жоқ. Артынан басар ізбасарлар дайындап, халқымыздың осынау күйшілік өнерін жалғастырар болашақ ұрпағымызға үлгі болар нағыз талант иелері. Торғай даласын дүбірлеткен өнер иелеріне бас иеміз. Осындай саңылақтарымыз тірі тұрғанда күйшілік өнер ешқашан өлмейді.

Бұл қазақ мұң жапса да қас-қабақты,

Қастермелей ән — күйден басқа бақты,

Тұтқиялдан жау тиген кездерде-де

Домбырасын жұртына тастамапты!

Күй - қазақтың бағына біткен дара өнер. Қастерлі дүние. Тылсым әлем. Халқымызда «Күй түсінгенге - жыр, түсінбегенге - дыр» деген мәтел бар. Күйді оқымайсың, көрмейсің, тек қана естисің, жүрегіңмен сезесің. Мұндай керемет дүние ешқандай халықта жоқ.

Ал,Айтбай сынды дарынды күйші тартқан күй — әр жүректің айтылмаған әні, тартылмаған күйі, таусылмас арманы, орны толмас өмір өксігі, көңіл толқындарындағы мұң шалған күрсінісі, бір сөзбен айтқанда адам рухындағы қисапсыз оюлармен кестеленген көркемдік ой-сезім толғау толқындарының сұңғат-сұңғыл шежіресі.























































































































































Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Жұма-Назар Сомжүрек «Сиқырлы саусақтар». «Егемен Қазақстан», 2010ж.

  2. «Талант құдіреті» Қостанай таңы газеті. Қостанай; 2012ж.

  3. «Торғай елі» энцоклопедиясы. Құраст. Т.Рсаев. Алматы; «Арыс» баспасы, 2013ж, - 456 бет.

  4. КТК телеарнасы «Жүрек жарды» бағдарламасы. Алматы.2011ж.

  5. Сейдімбек А. «Қазақтың күй өнері». Астана; «Күлтегін», 2002ж, -832 бет.




11


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!