СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

КТЖ_География_9 сынып

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

КТЖ_География_9 сынып

Просмотр содержимого документа
«КТЖ_География_9 сынып»

«География» пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар

9-сынып

аптасына 2 сағат, жылдық 68 сағат

Тақырыптар

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Күні

1-тоқсан

Бөлім 1. Географиялық зерттеу әдістері

1.1 Зерттеу және зерттеушілер


Қазақстандық географтардың зерттеулері

9.1.1.1 география ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулері туралы баяндайды

1



География ғылымының қазіргі заманғы өзекті зерттеу проблемалары

9.1.1.2 география ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемаларын анықтайды

1


Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері

9.1.1.3 географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды

1


Қазақтың халықтық географиялық терминдері

9.1.1.4 қазақ халқының халықтық географиялық терминдерінің мағынасын түсіндіреді

1


Зерттеу нәтижелерін ұсынудың академиялық формалары

9.1.1.5 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады


1


Бөлім 2. Картография және географиялық деректер базасы

2.1 Географиялық карталар


Географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері

9.2.1.1 маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды

1


Географиялық номенклатура нысандарын көрсету тәсілдері

9.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді

1


2.2 Географиялық деректер базасы


Жерді қашықтықтан зерделеу әдістері

9.2.2.1 Жерді қашықтықтан зерделеудің әдістерін сипаттап, маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндіреді

1



Геоақпараттық жүйелер технологияларын қолдану аясы

9.2.2.2 шаруашылық пен ғылым салаларында геоақпарат технологияларын қолдану маңыздылығын сипаттайды


1


Бөлім 3. Физикалық география

3.1 Литосфера


Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

9.3.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды

1


Қазақстанның басты орографиялық нысандары

Қазақ оронимдері

9.3.1.2 басты орографиялық нысандарды сипаттайды



1




9.3.1.3 қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады


Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары

9.3.1.4 Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды

1


Минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары

9.3.1.5 Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттайды

1


Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру

9.3.1.6 Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді


1


Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар

9.3.1.7 минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды топтастырып, шешу жолдарын ұсынады

1



Тоқсандық жиынтық бағалау


1





16


2-тоқсан

Бөлім 3. Физикалық география

3.2 Атмосфера


Қазақстанның климатын түзуші факторлар

9.3.2.1 Қазақстан климатын түзуші факторларды талдайды

1


Қазақстанның климаттық жағдайы

9.3.2.2 Қазақстанның климаттық жағдайын талдайды

2


Қазақстанның климаттық ресурстары

9.3.2.3 Қазақстанның климаттық ресурстарын бағалайды

2



Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар

9.3.2.4 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады


1


Қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері

9.3.2.5 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды

1


Бөлім 3. Физикалық география

3.3 Гидросфера


Қазақстанның ішкі суларының түрлері

9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды: өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулары

2


Қазақ гидронимдері

9.3.3.2 қазақ гидронимдерін жіктеп, мағынасын

түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады

1


Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға беру

9.3.3.3 Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға береді

2


Су ресурстарының экологиялық проблемалары

9.3.3.4 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су ресурстарының экологиялық проблемаларын талдап, шешу жолдарын ұсынады

2


Қазақстанның ішкі суларының геосаяси проблемалары

9.3.3.5 Қазақстандағы су ресурстарының геосаяси проблемаларын жіктеп шешу жолдарын ұсынады: трансшекаралық өзендер, Каспий теңізінің мәртебесі

1


Тоқсандық жиынтық бағалау


1




16


3-тоқсан

Бөлім 3. Физикалық география

3.4 Биосфера


Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулері

9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды

1


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері

9.3.4.2 қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар ерекше қорғалатын аумақтарының құрылу мақсатын түсіндіреді

1


Қазақстанның табиғи мұрасы

Табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар) мағынасы

9.3.4.3 Қазақстанның табиғи мұрасына баға береді

9.3.4.4 тақырыпқа қатысты қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады



1



Ноосфераның қалыптасуы

Қазақстанның ноосфераның дамуына қосқан үлесі.

9.3.4.5 ноосфераның қалыптасу шарттарын зерттейді

9.3.4.6 Қазақстанның ноосфера дамуына қосқан өзіндік үлесін бағалайды



1


Бөлім 3. Физикалық география

3.5 Табиғи-аумақтық кешендер


Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары;

Қазақтың табиғи хоронимдері (физикалық-географиялық аудандардың атауы);

9.3.5.1 Қазақстанның ірі табиғи кешендерін жоспар бойынша сипаттайды

9.3.5.2 қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіріп, транслитерациясын үш тілде ұсынады




1



Табиғат кешендеріне әсер ететін антропогендік факторлар;

Антропогендік ландшафттарды жақсарту жолдары;

9.3.5.3 жергілікті компонент негізінде антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне әсерін зерттейді

9.3.5.4 антропогендік ландшафттарды жақсарту жолдарын ұсынады: рекультивация, мелиорация ландшафттық дизайн



1


Бөлім 4. Әлеуметтік география

4.1 Халық географиясы


Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы.

9.4.1.1 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтайды

1


Дүниежүзі халқының миграциясы.

9.4.1.2 дүниежүзі халқы көші-қонының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді

1


Қазақстандағы халықтың миграциясы.

Миграциялық саясат

9.4.1.3 Қазақстандағы көші-қон үдерістерін талдап, басты бағыттарын анықтайды

9.4.1.4 көші-қон саясатының өзіндік үлгісін ұсынады



1


Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы

9.4.1.5 қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға береді

1


Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты

9.4.1.6 Қазақстанның демографиялық жағдайын талдап, демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады

1


Елді мекендердің жіктелуі;

Елді мекендердің функционалды зоналары;

9.4.1.7 Қазақстандағы елді мекендерді жіктейді

9.4.1.8 елді мекендердің түрлері мен функционалды зоналарын сипаттайды



1


Қазақстандағы ойконимдер;

Қазақстанда елді мекендердің проблемалары

9.4.1.9 Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транскрипциясын үш тілде ұсынады

9.4.1.10 Қазақстанның елді мекендерінің проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады



1


Урбандалу үдерісі

Қазақстанда урбандалу үдерісіне баға беру

9.4.1.11 урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсынады

9.4.1.12 Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға береді



1


Бөлім 5. Экономикалық география

5.1 Табиғи ресурстар


Қазақстанның табиғи-ресурстық потенциалы

9.5.1.1 Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды

1


Қазақстанда жекелеген ресурс түрлерін өңдеу технологиялары, орталықтары мен дайын өнім түрлері

9.5.1.2 Қазақстанда жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттап, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды

1


Табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлері

9.5.1.3 табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлерін топтастырады

1


Тұрақты даму

9.5.1.4 тұрақты дамудың белгілері мен бағыттарын сипаттайды

1


Қазақстанда табиғатты пайдаланумен байланысты проблемалар

9.5.1.5 Қазақстанда табиғатты пайдалану проблемаларын анықтап, шешу жолдарын ұсынады.

9.5.1.6 жергілікті компонент негізінде табиғатты пайдалануға байланысты зерттеу жүргізеді



1


Тоқсандық жиынтық бағалау


1




20


4-тоқсан

Бөлім 5. Экономикалық география

5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар


Ғылыми-техникалық революция үдерісі, бағыттары

9.5.2.1 ғылыми-техникалық революция үдерісін, даму бағыттарын талдайды

1


Адам әлеуеті даму индексінің көрсеткіштері

Қазақстанда адамдық капиталды дамыту

9.5.2.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде адам әлеуетінің даму индексі көрсеткіштерін анықтап, елдерді салыстырады

9.5.2.3 Қазақстанда адам капиталының сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді



1


Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары;

Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы;

9.5.2.4 Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтап, болжам жасайды

9.5.2.5 Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жағдайын талдап, дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді




1


Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі

9.5.2.6 Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады

1


5. Экономикалық география

5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы


Қазақстан шаруашылығының салалары;

Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен мамандануы;

9.5.3.1 Қазақстан шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды

9.5.3.2 Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салаларын анықтап, мамандануын түсіндіреді



1


5. Экономикалық география

5.4 Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері


Дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілері

9.5.4.1 дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілерін сипаттайды

1


Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі

9.5.4.2 халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің мәнін анықтайды

1


Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері

9.5.4.3 халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды

1


Дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштері

9.5.4.4 дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін сипаттайды:жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім оның ішінде жан басына шаққанда

1


Дүниежүзілік шаруашылықтың даму модельдері мен аумақтық құрылымы

9.5.4.5 дүниежүзілік шаруашылықтың модельдері мен аумақтық құрылымын талдайды

1


Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері;

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны;

9.5.4.6 дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістерін талдайды

9.5.4.7 Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын анықтайды



1


Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттары, орны

9.5.4.8 Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын, орнын анықтайды

1


Бөлім 6. Елтану және саяси география негіздері

6.1 Дүниежүзі елдері


Елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы;

Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары;

9.6.1.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырады

9.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде халықаралық ұйымдарды деңгейі және мақсаты бойынша топтастырады



1


Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайы;

Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдер;

9.6.1.3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына кешенді баға береді

9.6.1.4 Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады



1


Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары

9.6.1.5 Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты түрлі мақсатты аудиториялар үшін дайындайды

1


Тоқсандық жиынтық бағалау


1





16



Барлығы


68




нұсқа 1

шілде 2016


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!