СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты тарихи-тағылымды шара

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР Тәуелсіздік  күніне орай "Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!" атты  тарихи-тағылымды шараның сценарииі.

Просмотр содержимого документа
«ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты тарихи-тағылымды шара»


Орал «Мақсат» медициналық колледжі.








Бекітілді

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

________КоптлеуА.Б.









ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты тарихи-тағылымды шараның сценарийі


Мамандығы 0302000 «Мейіргер ісі»





ҚАРАЛДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ


№1әдістемелік циклдік комиссия отырысында Нажмеденова В.Ж.


№1 ӘЦК төрайымы Мустафиева Э.Б.









2018ж.




Тақырыбы: «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!»

Мақсаты:Жас ұрпақты өз елінің тарихын құрметтеуге үйрету, адамгершілік, патриоттық

сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Отан, туған жер, ерлік туралы нақыл сөздер, ел тарихын бейнелейтін

Суреттер (слайдтар) , фильмдер, бейнеклиптер көрсетіледі

Өтетін орны: облыстық тарихи-өлкетану музейі

Уақыты: 14 желтоқсан 2018 жыл, сағ: 11.00



Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті қонақтар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты тарихи-тағылымды шарамызға қош келдіңіздер!

Шарамыздың алғы сөзін БҚО мәдениет басқармасының басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлына ұсынамыз.

Жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 27 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі. Мемлекет басшысының көрегендігі мен дер кезінде жүзеге асырылған саяси экономикалық реформалардың арқасында экономикасын түзеп, тығырықтан шықты. Елбасының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды.


Жүргізуші:

Орал «Мақсат» медициналық колледж студенттерін «Қазақстан» әнімен ортаға шақырамыз.


Хор «Қазақстан»


Жүргізуші:

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азамат жүрегімен сезінеді. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Жаңа тәуелсіз заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Ел тарихын жазуда тыңбай зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген өлкемізге белгілі тарихшыларымыздың бірі ортамызда. Сөз кезегі М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлына беріледі.


Жүргізуші:

Рахмет Жаңабек Жаңабайұлы.


Жүргізуші:

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты —

Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан атамыз айтқандай бүгінде артылатын сенім алдыңғы қатарлы жастарға жүктеледі. Елбасымыздың өзі халыққа жолдауында 2019 жылды «жастар жылы» деп атады. Қай жағынан алсаң да сауатты деп танитын жастарымыз, жан-жақты, сөзге шебер, өнерлі. Қазіргі қазақ   жастары патриот, бұл  азаматтар  отанын тек мылтықпен  қорғамай және ақыл  ойымен де қорғайды. Бүгінде өңірімізде туған жеріне жыр жолдаған патриот жас ақындар қатары көп.

Өзінің туған жеріне арнауымен Орал «Мақсат» медициналық колледжінің студенті Тюлешова Аруды ортаға шақырамыз.

«Тәуелсіздік» Мәнерлеп оқу


Жүргізуші: Сөз кезегі Орал «Мақсат» медициналық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы, Нажмеденова Виктория Жайдарманқызына беріледі.


Жүргізуші:

Рахмет Виктория Жайдарманқызы

Орал «Мақсат» медициналық колледжінің студенті Халиоллин Бексұлтанды Құрманғазының «Адай» күйімен ортаға шақырамыз.


Күй «Адай»



Жүргізуші:

Біз қазақ ұлтының еркіндік сүйген ел екендігін көрсеттік, біз өрлеу мен өркендеудің сатысынан өттік, шұғылалы осы күнге де жеттік. Сондықтан әр қадамымыз айшықты, әр таңымыз арайлы!

Сіздерге алдағы уақытта шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз! Еліміздің даңқын асқақтатып, рухын көтерер іс-шаралар көбейе берсін деген тілекпен біз шарамызды тәмәмдаймыз.

Келгендеріңізге рахмет, келесі кездескенше сау болыңыздар!





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!