Білу | Үй тапсырмасын сұрауда әр топқа өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен экономиканың кезеңдері өткенін қалай меңгергендігіне байланысты пікірлерін тест арқылы анықтау. Қызығушылығын ояту. | Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін І.Сұрақ жауап. Алгоритм деген не? Программалау тілі қандай қызмет атқарады? Алгоритмнің қасиеттерін атаңдар? Алгоритм тілдері нешеге бөлінеді? Алгоритм түрлерін атап, оларға мысал келтіріңдер? Транслятор дегеніміз не? | Сұрақтар қою арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді. | Білім деңгейін зерделеу | Тапсырма толық жасалды | 3 | |
Түсіну | Стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру) Арқылы тақырыптың идеясын түсіну | Visual Basic программасын іске қосу үшін: Пуск Visual Basic 6.0 батырмасын шертеміз, экранда Visual Basic программасы өзінің жаңа жоба терезесімен пайда болады. Жаңа жоба терезесі үш қосымша жобалардан тұрады: New (Жаңа жобалар) – жұмысты бірінші рет немесе жаңа бастап отырған болсаңдар, жаңа жобалар қосымшасындағы Standart Exe шертсе, жаңа жоба ашылады. Existing (Қолданыстағы жобалар) – мұнда программамен бұрын жұмыс істеген және бұрын пайдаланып, сақтап қойған жобаларың болуы мүмкін. Recent (Жақында пайдаланылған жобалар) – мұнда соңғы уақытта пайдаланылған жобалар сақталады.
Бас мәзірлер қатарында File, Edit, View, Project, Format, Debug, Run, Query, Diagram, Tools, Add-Ins, Windows, Helpмәзірлері орналасқан. Осы мәзірлер өздеріне тән қасйеттерге ие. File (Файл) мәзірінде жобаларды ашуға, сақтауға, құруға болады. Edit (Түзету) мәзірінде нысандарды көшіруге, қиып алып қоюға болады және іздестіруші Find бұйрығы орналасқан. View (Түр) – қарау режімдері қосылады, қосымша құрал-саймандарды орнатады. Project (Жоба) мәзірінде жаңа пішіндер, модульдерді, мультимедиялық компоненттерді қосуға болады, мұнда басқару элементтері тіркеліп және жойылып отырады. Format (Пішін) мәзірі – пішіндер мен басқару элементтерінің орналасуы мен өлшемдік қасиеттерін береді. | Ойын жеткізеді, түсінігі кеңейеді | Тақырыптың басты идеясын табу | Тапсырмаларды толық орындады | 3 | |
Қолдану | Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру. | «Қош келдің, досым!» атты алғашқы жобамызды жасайық. Ол үшін төмендегідей әрекеттерді орындаймыз. Visual Basic-ті іске қосамыз. Пішінге 1 Label, 2 Command button батырмаларын орналастырамыз. Бірінші Command button атауын ОК деп, екінші Command button атауын Тазалау деп өзгертеміз. ОК атауындағы батырманың код терезесіне Label1. Caption= “Қош келдің, досым!” мәтінін енгіземіз. Тазалау атты батырманың код терезесіне Label1. Caption= “ ” жазамыз. Енді старт бұйрығын орындап жұмысты тексереміз. Шығатын нәтиже ОК батырмасын басқанда “Қош келдің, досым!” деген мәтін көріну керек, ал Тазалау батырмасын басқанда мәтін экраннан өшу керек. Жұмысты сақтаймыз. | Практиканы тәжірибеде үйлестіре алады | Іс-тәжірибеде үйлестіре алды | Тапсырма толық жасалды | 3 | |
Талдау | Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау, ой шешімін табу. | Жаңа жобаны құрыңдар, жобаны «Менің алғашқы жобам» атымен сақтаңдар: терезе құрылысын өзгертіп көріңдер; қасиеттер тақтасын алып тастаңдар; сол сияқты басқада тақталарды алып тастаңдар; қайтадан бастапқы қалпына келтіріңдер, жоқ тақталарды кірістіріңдер; пішіннің өлшемін өзгертіңдер; жобаны сақтаңдар; | Практиканы тәжірибеде үйлестіре алады | Іс-тәжірибеде үйлестіре алды | Тапсырма толық жасалды | 3 | |
Жинақтау | Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтайды, тапсырманы орындау барысында | Format – Run – Tools – Query – Add-Ins – қызметтерін жазып көрсетіңдер. | Практиканы тәжірибеде үйлестіре алады | Іс-тәжірибеде үйлестіре алды | Тапсырма толық жасалды | 3 | |