СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютер – аппараттық және бағдарламалық құралдар бірлестігі. Операциялық жүйелер. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМА (ЖАСАУ)

 

Дербес компьютер – ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрылғы. Ол кез-келген ақпаратты өңдеу әрекеттерін орындай алады. Дегенмен компьютер өзі қолдану салаларының ешқайсысында білімі жоқ, бұл білімдердің барлығы компьютерде орындалатын бағдарламаларда. «Компьютер жасады» деген сөз компьютерде тиісті әрекетті орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама барын білдіреді.

БАҒДАРЛАМА сөзінің қазіргі сөздіктердегі анықтамасы төмендегідей:

  1. Орындалатын жұмыстың жоспары орындалды;
  2. Компьютердің қызметін (іс-әрекетін) басқару үшін енгізілетін, кодталған (арнайы түрде жазылған) ақпарат,.

Сөздің бірінші мәні компьютер шықпай тұрып белгілі болған. Жоспарды адамдар адамдар үшін құрады. Компьютерлік бағдарламаларды анықтау үшін екінші анықтама сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, бағдарлама дегеніміз – бұл компьютерге түсінікті тілде құрастырылған нақты және толық нұсқаулар тізбегі; немесе пайдаланушының бұйрығын орындау үшін компьютерге жүктелетін және файл түрінде магниттік дискіде сақталатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Бірнеше анықтамалар берейік:

Машина тілі екілік кодтарға, яғни 0 мен 1-ден (екілік санау жүйесі) тұратын кодтарға негізделген, себебі компьютер кез-келген командаларды тек екі мәнде болатын сигналдар түрінде қабылдайды:

1-сигнал бар; 0-сигнал жоқ.

Файл дегеніміз – қандай да бір тұрақты есте сақтау құрылғысында, мысалы, дискетте немесе винчестерде жазылған, нақты аты бар ақпараттың негізгі құрылымдық бірлігі. Аты бойынша оны көптеген өзіне ұқсас файлдардан ажыратуға болады.

Пайдаланушы – бағдарламалармен жұмыс жасайтын және олардың көмегімен өз мақсатын жүзеге асыратын адам.

Интерфейс - өзара әрекеттесу құралдары, байланыс, келісу, сүйемелдеу құралдары.

Интерфейстің мына түрлері кездеседі:

  1. Аппараттық интерфейс (дербес компьютердің электрондық құрауыштарының деңгейінде);
  2. Бағдарлама жасаушылар интерфейсі (бағдарламалық модульдерді түйістіру туралы келісімдер мен ережелер кешені);
  3. Пайдаланушы интерфейсі (келісімдер мен пайдаланушының арасында диалог құрылады).

Компьютерге арналған бағдарламаларды ауыстыра отырып, оны (ДК) бухгалтердің жұмыс орнына, редакторға айналдыруға немесе қандай да бір ойын ойнауға болады. Бағдарламалардың түрі өте көп. Олардың түрлерін білу керек.

ДК-де жұмыс істеуде қолданылатын және аппараттық құралдардың жұмыс істеуін, өңдеуді, жөндеуді және пайдаланушылардың жұмысын орындауды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиыны бағдарламалық жабдықтама деп аталады (БЖ). Басқаша айтқанда, бағдарламалық жабдықтама ДК-де аппараттық құралдар мен пайдаланушының арасындағы интерфейс қызметін атқарады.

 

Содан кейін 1.3.4 тапсырмадағы шығарылған төртбұрыштарды тақырыпты түсіндірумен қатар толтыру керек. ДК-нің бағдарламалық жабдықтамасы пирамида түрінде бейнеленген.

 

Бағдарламалық жабдықтама (Sofware) арналуы бойынша былай бөлінеді: жүйелік (ЖБЖ), құрал-саймандық (ҚСБЖ), қолданбалы (ҚБЖ).

Жүйелік бағдарламалық жабдықтамаға аппараттық құралдардың жұмыстарын басқаратын және пайдаланушылар мен пайдаланушы қолданбалы кешеніне қызмет ететін бағдарламалар жатады:

  • операциялық жүйелер;
  • драйверлер (енгізу//шығаруды басқару);
  • ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау қолайлылығын қамтамасыз ететін қабықша-бағдарламалар (NC);
  • Операциялық қабықшалар (графикалық интерфейс, мульти-бағдарламалау, бағдарламалар арасында ақпарат алмасу құралдары, мысалы Windows 3.1);
  • Утилиталар;
  • ЭЕМ-ді тестілеу мен диагностика құралдары;
  • жергілікті желіні басқаратын бағдарламалар.

Операциялық жүйе компьютерді басқаруға арналған бағдарламалар кешені болып табылады. Ол:

  • «компьютердің әмбебап есептеуіш машинасының» ядросын құрайды;
  • компьютердің ішіндегі барлық процестерді басқарады;
  • компьютер мен оған қосылған мысалы, принтер, дисплей, дискіжетек пен винчестер сияқты шалғай құрылғылардың арасындағы алмасуды басқарады;
  • аппаратура модульдері мен қолданбалы бағдарламалар арасындағы байланыс мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
  • пайдаланушы мен компьютер арасындағы делдал қызметін атқарады.

Ең кең тараған операциялық жүйелер: MS-DOS, PC-DOS, Windows 98, Windows NT, OS/2, UNIX, Net Ware.

Microsoft фирмасының дискілік MS-DOS операциялық жүйесі ДК класының ЭЕМ-і үшін негізгі стандарт болып табылады.

Құрал-саймандық бағдарламалық жабдықтама (ҚСБЖ) жаңа бағдарламалар, бұған қоса жүйелік бағдарламалар мен қолданбалы бағдарламалардың арасындағы аралық класс болып табылады. Оның құрамына:

  • комппиляторлар;
  • жоғары деңгейлі тілдер интерпретаторы;
  • стандартты бағдарламалар кітапханалары;
  • қолданбалы утилиталар;
  • бағдарламаларды редакциялау, жөндеу және тестілеу құралдары жатады.

Адам әрекетінің әр түрлі аумағының мәселелерін шешуге арналған бағдарламалар қолданбалы бағдарламалық жабдықтаманы құрайды. ҚБЖ-ны екі топқа бөлуге болады: мақсатты, әмбебап.

Мақсатты бағдарламалық жабдықтама пайдаланушылардың нақты мақсаттарын орындауға арналған және оның қолдану аумағы шектелген, мысалы: оқу бағдарламалары, ойындар.

Әмбебап бағдарламалық жабдықтама мәселелердің толық бір класының шешуін автоматтандыруға немесе ақпараттың жеке түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді. Оған мыналарды жатқызуға болады:

  • әр түрлі редакторлар (мәтіндік, графикалық, музыкалық);
  • кестелік процессорлар (Суперкалк, Excel);
  • деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ);
  • автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ);
  • құрамына жоғарыда аталған жүйелердің бірнешеуі бірақ кіретін жинақталған жүйелер;
  • ЖБЖ функцияларын кеңейтетін қолданбалы бағдарламалар пакеті (вирусқа қарсы бағдарламалар);
  • бухгалтерлік бағдарламалар.

Просмотр содержимого документа
«Компьютер – аппараттық және бағдарламалық құралдар бірлестігі. Операциялық жүйелер. Ақпаратты компьютерде сақтау.»

Мерзімі «___» _____________________


Сабақтың тақырыбы: Компьютер – аппараттық және бағдарламалық құралдар бірлестігі. Операциялық жүйелер. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Бағдарламалық – Оқулық.

дидактикалық Жұмыс дәптері.

қамсыздандыру: Мәтін, графикалық сурет, музыкалық шығарма (техникалық

тасуыштарда). Бағдарламалық құралдар: калькулятор, мәтіндік және

графикалық редактор.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру. Оқушыларды деректер компьютердің ішкі және сыртқы жадында қалай сақталатынымен таныстыру.

2. Оқушылардың информатиканың негізгі ұғымдарын, компьютер

өңдейтін ақпарат түрлерін, бағдарламалық жабдықтама деген не

екенін, операциялық жүйе ұғымын, оның міндетін, компьютердің ішкі

және сыртқы жадының айырмашылық ерекшеліктерін білу

қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - информатиканың негізгі ұғымдарын;

  • компьютер өңдейтін ақпарат түрлерін;

  • бағдарлама деген не екенін;

  • бағдарламалық жабдықтама деген не екенін;

  • бағдарламалық жабдықтама түрлерін;

  • операциялық жүйе ұғымын, оның міндетін;

  • компьютердің ішкі және сыртқы жадының айырмашылық ерекшеліктерін;

  • файл деген не екенін.

Оқушылар үйрені тиіс:

  • ақпарат түрін анықтауды;

  • бағдарламалық жабдықтама мысалдарын келтіруді;

  • ішкі және сыртқы жадқа жататын құрылғылардың мысалдарын келтіруді.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру




БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМА (ЖАСАУ)


Дербес компьютер – ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрылғы. Ол кез-келген ақпаратты өңдеу әрекеттерін орындай алады. Дегенмен компьютер өзі қолдану салаларының ешқайсысында білімі жоқ, бұл білімдердің барлығы компьютерде орындалатын бағдарламаларда. «Компьютер жасады» деген сөз компьютерде тиісті әрекетті орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама барын білдіреді.

БАҒДАРЛАМА сөзінің қазіргі сөздіктердегі анықтамасы төмендегідей:

  1. Орындалатын жұмыстың жоспары орындалды;

  2. Компьютердің қызметін (іс-әрекетін) басқару үшін енгізілетін, кодталған (арнайы түрде жазылған) ақпарат,.

Сөздің бірінші мәні компьютер шықпай тұрып белгілі болған. Жоспарды адамдар адамдар үшін құрады. Компьютерлік бағдарламаларды анықтау үшін екінші анықтама сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, бағдарлама дегеніміз – бұл компьютерге түсінікті тілде құрастырылған нақты және толық нұсқаулар тізбегі; немесе пайдаланушының бұйрығын орындау үшін компьютерге жүктелетін және файл түрінде магниттік дискіде сақталатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Бірнеше анықтамалар берейік:

Машина тілі екілік кодтарға, яғни 0 мен 1-ден (екілік санау жүйесі) тұратын кодтарға негізделген, себебі компьютер кез-келген командаларды тек екі мәнде болатын сигналдар түрінде қабылдайды:

1-сигнал бар; 0-сигнал жоқ.

Файл дегеніміз – қандай да бір тұрақты есте сақтау құрылғысында, мысалы, дискетте немесе винчестерде жазылған, нақты аты бар ақпараттың негізгі құрылымдық бірлігі. Аты бойынша оны көптеген өзіне ұқсас файлдардан ажыратуға болады.

Пайдаланушы – бағдарламалармен жұмыс жасайтын және олардың көмегімен өз мақсатын жүзеге асыратын адам.

Интерфейс - өзара әрекеттесу құралдары, байланыс, келісу, сүйемелдеу құралдары.

Интерфейстің мына түрлері кездеседі:

  1. Аппараттық интерфейс (дербес компьютердің электрондық құрауыштарының деңгейінде);

  2. Бағдарлама жасаушылар интерфейсі (бағдарламалық модульдерді түйістіру туралы келісімдер мен ережелер кешені);

  3. Пайдаланушы интерфейсі (келісімдер мен пайдаланушының арасында диалог құрылады).

Компьютерге арналған бағдарламаларды ауыстыра отырып, оны (ДК) бухгалтердің жұмыс орнына, редакторға айналдыруға немесе қандай да бір ойын ойнауға болады. Бағдарламалардың түрі өте көп. Олардың түрлерін білу керек.

ДК-де жұмыс істеуде қолданылатын және аппараттық құралдардың жұмыс істеуін, өңдеуді, жөндеуді және пайдаланушылардың жұмысын орындауды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиыны бағдарламалық жабдықтама деп аталады (БЖ). Басқаша айтқанда, бағдарламалық жабдықтама ДК-де аппараттық құралдар мен пайдаланушының арасындағы интерфейс қызметін атқарады.


Содан кейін 1.3.4 тапсырмадағы шығарылған төртбұрыштарды тақырыпты түсіндірумен қатар толтыру керек. ДК-нің бағдарламалық жабдықтамасы пирамида түрінде бейнеленген.


Бағдарламалық жабдықтама (Sofware) арналуы бойынша былай бөлінеді: жүйелік (ЖБЖ), құрал-саймандық (ҚСБЖ), қолданбалы (ҚБЖ).

Жүйелік бағдарламалық жабдықтамаға аппараттық құралдардың жұмыстарын басқаратын және пайдаланушылар мен пайдаланушы қолданбалы кешеніне қызмет ететін бағдарламалар жатады:

  • операциялық жүйелер;

  • драйверлер (енгізу//шығаруды басқару);

  • ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау қолайлылығын қамтамасыз ететін қабықша-бағдарламалар (NC);

  • Операциялық қабықшалар (графикалық интерфейс, мульти-бағдарламалау, бағдарламалар арасында ақпарат алмасу құралдары, мысалы Windows 3.1);

  • Утилиталар;

  • ЭЕМ-ді тестілеу мен диагностика құралдары;

  • жергілікті желіні басқаратын бағдарламалар.

Операциялық жүйе компьютерді басқаруға арналған бағдарламалар кешені болып табылады. Ол:

  • «компьютердің әмбебап есептеуіш машинасының» ядросын құрайды;

  • компьютердің ішіндегі барлық процестерді басқарады;

  • компьютер мен оған қосылған мысалы, принтер, дисплей, дискіжетек пен винчестер сияқты шалғай құрылғылардың арасындағы алмасуды басқарады;

  • аппаратура модульдері мен қолданбалы бағдарламалар арасындағы байланыс мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

  • пайдаланушы мен компьютер арасындағы делдал қызметін атқарады.

Ең кең тараған операциялық жүйелер: MS-DOS, PC-DOS, Windows 98, Windows NT, OS/2, UNIX, Net Ware.

Microsoft фирмасының дискілік MS-DOS операциялық жүйесі ДК класының ЭЕМ-і үшін негізгі стандарт болып табылады.

Құрал-саймандық бағдарламалық жабдықтама (ҚСБЖ) жаңа бағдарламалар, бұған қоса жүйелік бағдарламалар мен қолданбалы бағдарламалардың арасындағы аралық класс болып табылады. Оның құрамына:

  • комппиляторлар;

  • жоғары деңгейлі тілдер интерпретаторы;

  • стандартты бағдарламалар кітапханалары;

  • қолданбалы утилиталар;

  • бағдарламаларды редакциялау, жөндеу және тестілеу құралдары жатады.

Адам әрекетінің әр түрлі аумағының мәселелерін шешуге арналған бағдарламалар қолданбалы бағдарламалық жабдықтаманы құрайды. ҚБЖ-ны екі топқа бөлуге болады: мақсатты, әмбебап.

Мақсатты бағдарламалық жабдықтама пайдаланушылардың нақты мақсаттарын орындауға арналған және оның қолдану аумағы шектелген, мысалы: оқу бағдарламалары, ойындар.

Әмбебап бағдарламалық жабдықтама мәселелердің толық бір класының шешуін автоматтандыруға немесе ақпараттың жеке түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді. Оған мыналарды жатқызуға болады:

  • әр түрлі редакторлар (мәтіндік, графикалық, музыкалық);

  • кестелік процессорлар (Суперкалк, Excel);

  • деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ);

  • автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ);

  • құрамына жоғарыда аталған жүйелердің бірнешеуі бірақ кіретін жинақталған жүйелер;

  • ЖБЖ функцияларын кеңейтетін қолданбалы бағдарламалар пакеті (вирусқа қарсы бағдарламалар);

  • бухгалтерлік бағдарламалар.


1.3.4.Тапсырма.

Тапсырма берілген тақырыпты түсіндірумен қатар орындалады. Суреттердің жазулары тапсырмада берілген.

  1. Аппараттық құралдарды «тірілту» үшін, бағдарламалық жабдықтама керек.

  2. Жүйелі бағдарламалық жабдықтаманың негізгі бағдарламасы

Операциялық жүйе.

  1. Операциялық жүйе компьютердің бар құрылғыларын басқаруға және деректер алмасуын жүзеге асыруға арналған.

  2. Операциялық жүйегеи MS-DOS, Windows жатады.

  3. Бағдарламалау тілі басқа бағдарламалар жасауға арналған.

  4. Бағдарламалау тілдерінің атын төртбұрыштарға жазыңдар (Бейсик, Паскаль, Ассемблер, Си, Пл-1 т.б.).

  5. Арнаулы бағдарламалар бір мамандық қызметкерлерінің жұмысында қолданылады.

  6. Арнаулы және әмбебап қолданбалы бағдарламалық жасауға қандай бағдарламалар жататынын жазыңдар (бухгалтерлік, оқыту, жүйелік жоба т.б. бағдарламалары).

  7. Әмбебап бағдарламалар пайдаланушылардың көпшілігінің жұмысында қолданылады.








Жүйелік

бағдарламалық жабдықтама



Бағдарламалау жүйелері




Бейсик

Паскаль

Си

Ассемблер

ПЛ-1




Қолданбалы бағдарламалық жабдықтама



Жүйелік жоба

Сарап. жүйесі


Бухг.бағдар.

Оқыту бағдар.





Мәтін. ред

Граф.ред.

Электр.кесте








Сұраққа жауаптардың реті оң жақ жоғары бұрыштағы төртбұрыштан басталады.

Жоғарғы деңгейде «Компьютердің аппараттық жабдықтамасы» орналасқан. Оның жұмыс істеуі үшін бағдарламалық жабдықтама керек, оның схемасы пирамида-сарай түрінде көрсетілген. Жоғарғы қабатта «Ханша – операциялық жүйе» тұрады. Ол аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмысын үйлестіреді. Келесі деңгейде бағдарламалау тілдері жататын бағдарламалау жүйесі орналасқан (олардың аттарын сәйкес төртбұрышқа жаз). Олардың көмегімен пайдаланушылардың көпшілігіне арналған қолданбалы бағдарламалардың көбі құрылады. Өз кезегінде, олар арнайы және әмбебап бағдарламаларға бөлінеді. Оқушылар өздеріне таныс қолданбалы бағдарламалардың атын сәйкес төртбұрыштарға жазуы керек.


АҚПАРАТТЫ КОМПЬЮТЕРДЕ САҚТАУ

Компьютер бір уақытта қатар сақтай алатын ақпарат көлемі компьютер жады деп аталады. Жадтың екі түрі бар: ЖЖҚ (жедел жадтайтын құрылғы немесе жедел жад RAM) және ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы немесе тұрақты жад ROM).

Тұрақты жадтағы ақпаратты өзгертуге болмайды, ол тек оқу үшін қолданылады. Мұндай жадта сақталған деректер компьютерді өшіргенде жоғалмайды. Оперативтік (жедел) жадты көбіне тек жад деп қана атайды. Ол бағдарлмаларды жүктеу мен орындау үшін, сонымен қатар деректерді уақытша сақтау үшін қолданылады. Компьютерді өшіргенде жедел жадтағы деректер жоғалады. Сыртқы жад құрылғылары жүйелі блоктан тыс орналасады, олар оған тек сыртынан ғана қосылады және ақпаратты көп уақыт сақтауға арналған.


1.3.5.Тапсырма(Ү).

Тапсырма берілген тақырыптың ойын тесті болып табылады және «Компьютердің ішкі және сыртқы жады» тақырыбы бойынша өз бетімен орындауға және бақылау үшін ұсынылады. Нәтиже оқушының жауап кестесіне енгізіледі. «Молодец» деген сөз шығуы керек.

Сабақтың аяғында «Компьютер» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тестілеу арқылы тексеру ұсынылады.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

1.3.1, 1.3.2, 1.3.3, 1.3.4– тапсырмаларды орындау


V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма


Компьютер – аппараттық және бағдарламалық құралдар бірлестігі. Операциялық жүйелер.

Ақпаратты компьютерде сақтау.

1.3.5 - тапсырма

2)Оқушыларды бағалау




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!