СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Комбинация арқылы құмалақ алу.

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Комбинация арқылы құмалақ алу.»

Куні: 12.02-13.02.-19.02.-20.02.2019ж

Сыныбы: 3а,3ә

Мұғалімнің аты-жөні: Аймаганбетов Саги Айтуганович

Сабақтың тақырыбы: Комбинация арқылы құмалақ алу

Сабақтың мақсаты: - Комбинация туралы түсінік

беру.

-Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап,терең есептеуге бейімдеу;

-Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту, қалыптастыру

-Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу, денені шынықтыруға әдемі болуға баулу,ойлау белсенділігін дамыту

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланысы: Математика

Сабақтың көрнекілігі: тоғыз- құмалақ тақтасы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ү.Үйге тапсырма

ҮІ.Сарамандылық жұмыс

ҮІІ.Бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен сәлемдесу; -Оқушыларды түгелдеу;

-Оқушылардың дайындығын тексеру;

-Назарларын сабаққа аудару;

-Сабақтың тақырыбын,мақсатын түсіндіру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. 1.Тұзақ құру дегеніміз не?

2.Айырбасқа шақыру дегеніміз не?

3.Тоғызқұмалақ қандай ойын?

4.Қоштаушы деген кім?

5.Бастаушы деген кім?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру. Тактикалық тәсілдердің ішіндегі ең күрделісі және ең маңыздысы комбинация болып табылады.

Комбинация дегеніміз – көздеген мақсатқа жылдам жеткізетін бірнеше ойлы жүрістердің нәтижесі.

Қарсы жақтың әлсіз жерін тауып комбинация жасау керек.

Комбинация екі кезеңнен тұрады.

1.Әзірлік кезеңі

Бұл кезеңде комбинацияны жасауға қажетті позиция дайындалды немесе тақтадағы дайын позициядан комбинацияның жолдары іздестірілді.

2.Мақсатқа жету кезеңі.

Бұл кезеңде мақсатқа жету үшін ойын барысындағы тактикалық тәсілдерді қолдана отырып,қарсы жақтың немесе өз жағының отауларында жатқан құмалақтардың санын өзгерту қажет.

Комбинация жасау- “тоғызқұмалақ”ойынында талдауды ,алдын ала болжауды,жүрісті жалықпай есептеуді керек ететін тактикалық тәсілдердің ішіндегі өз алдына заңдылықтары бар,өте күрделі процесс.

Тақтамен жұмыс.

Берілген сандарды есептеп шығару

315, 712, 524, 217, 819, 921, 737.

1.Тоғызқұмалақ ойынына жалпы қанша құмалақ

қажет?

а) 81 б)82 с) 162

2.Бірінші жүретін ойыншыны не деп атайды?

а)бастаушы б)қоштаушы с)жүруші

3.Ойын тақтасында жалпы неше отау бар?

а)9 б)18 с)16

4.Әр жақтың жеңіп алған құмалағын салатын орын

а) отау б)қазан с)тақта

5.Қай отауға тұздық салынбайды?

а)тоғызыншы отауға б)екінші отауға с)алтыншы отауға

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.

1.Комбинация дегеніміз не?

2. Комбинация неше кезеңнен тұрады?

3.Әзірлік кезеңі дегеніміз не?

4. Мақсатқа жету кезеңі туралы айтып бер.

5. Комбинация жасау жолы.

Ү.Үйге тапсырма

Ережелерді жаттап келу.

Комбинацияны ойын кезінде пайдалана білуге дайындалу.

Ү.Сармандылық жұмыс.

Жаңа сабақ түсінікті болу үшін тоғызқұмалақ тақтасы арқылы ойнап,үйрену.

ҮІ.Бағалау.

Сабаққа жақсы араласып,қатысып отырған оқушыларды бағалау.









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!