СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Химия пәнінен оқушылардың зерттеушілік қабілетін анықтау

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама химия пәнінің мұғалімдеріне арналады.

Просмотр содержимого документа
«Химия пәнінен оқушылардың зерттеушілік қабілетін анықтау»









Тақырыбы: «Химия пәні бойынша оқушылардың бойындағы зерттеушілік қабілетін анықтау»


Дайындаған:


















:  «Химия пәні бойынша оқушылардың бойындағы зерттеушілік қабілетін анықтау»

Мұғалім — мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің  білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады.  Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Мақсаты:

Оқушыларды ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру.

Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. .

Тақырыптың жаңашылдығы:

XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады.

Білім берудің қазіргі заманғы талаптарына сай негізгі құзыреттіліктер: Жалпы мәдени, ақпараттық,қарым-қатынастық, ұйымдастырушылық, құндылық-мағыналық және зерттеушілік деп бөлінеді.

Осылардың ішінде біз үшін маңызды болып табылатыны- зерттеушілік, өйткені осы ұғымда бала тұлғасын дамытуға қатысты мектептік білім беруінің қазіргі заманғы талаптары толық көрінеді.

Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.

–Егер жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса,

оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі,

зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.

Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты қазіргі

кезеңде білім ең басты мәселе болып отырғаны баршамызға аян. Бұл білім

берудің әлемдік деңгейіне сай болуды білдіреді. Олардың ең бастылары:

-білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара

тұлғаға бағытталуы;

-қоғамдағы рухани құлдыраудан арылу үшін білімді ізгілендіру;

-әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған

сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту;

-көп нұсқалы білім алуға мүмкіндік жасау.

 Зерттеушілік құзыреттілікті Е.В. Феськова былай анықтайды: “Сыртқы қоршаған ортаға қатысты кез-келген проблемалық жағдаяттарды байқау және шешуге деген білім, білік дағды және әрекеттер тәсілдерінің жиынтығының адамды зерттеушілік тұрғыда болуына мүмкіндік жасайтын түрлі теориялық және эмпирикалық ақпараттарды пайдалана алу мүмкіндігі

Болжамды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер шығады:

 – Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.

 – Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру,  іс шаралар кешенін әзірлеу.

 Осы жағдайлар өз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің

маңызды шарттарының ең бастысы ─ оқушы құзыреттілігін, зерттеушілік қабілетін қалыптастыру

Осы тұрғыдан алғанда мектепте химиядан

қолданбалы курстарды оқытудың маңызы зор деп есептейміз. Өйткені

қазір мектептерде барлық жұмысты бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлап,

жоғары сапа көрсетуді бірінші кезекке қойған кезең екендігі жасырын емес.

Ал оқушылар арасында химия пәнін таңдау өте сирек, себебі химияны

таңдаушылар үшін ұсынылған мамандық түрі аз. Сондай-ақ, химия қиын

пәндер қатарынан болып саналады. Бірақ осындай қайшылықтарға қарамастан химия ─ жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде оқушылардың жан-жақты жарасымды жетілуіне, химиялық сауатты болуына қажетті білім беретін, яғни құзыретті жеке тұлғаны тәрбиелеуге өзіндік үлес қосатын пән болып табылады.

 Білім берудің қазіргі заманғы талаптарына сай негізгі құзыреттіліктер: жалпы мəдени, ақпараттық, қарым-қатынастық, ұйымдастырушылық, құндылық-мағыналылық жəне зерттеушілік деп бөлінеді. Осылардың ішінде біз үшін маңызды болып табылатыны – зерттеушілік құзыреттілік, өйткені осы ұғымда бала тұлғасын дамытуға қатысты мектептік білім беруінің қазіргі заманғы талаптары толық көрінеді.

Репродуктивтік деңгейде таным əрекеті дайын білім мен үлгі арқылы жүзеге асырылады. Түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту əдістерінде білім алу осы тұрғыда ақпаратты қабылдау жағдайында болады.

Зерттеушілік — нағыз шығармашылық сипатта жүретін əдіс. Оның шығармашылық тұрғыда болуы балаларда білімді игеру əрекет түрлерімен жүзеге асырылып, оны əрқилы жағдайларда қолдана білуінде.

Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп,қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. 
Бәсекеге қабілетті деп өмірдің қай саласында болмасын әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз. Ғылымның жедел түрде қарқынды дамуы, қазіргі заман талабы жоғары сынып оқушыларын да бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу мақсатын қойып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап,қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет. Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: 
• Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту; 
• Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру; 
• Өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылу; 
• Таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік жасау; 
• Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету; 
• Басқа адамдармен қарым – қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (ғаламтор, электронды пошта); 
• Қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу; 
• ББД-ын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу. 
Зерттеушілік қызмет дегеніміз – жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық қызмет. Оқушыны зерттеушілік қызметке үйретуде мұғалімнің өзі дайын болуы, демек ұстазда зерттеушілік қызмет қалыптасуы шарт. Ол үшін мұғалім зерттеушілік дегеніміз не,зерттеушілік тапсырмалар,оларды пайдалану әдістемесі, оқушылардың зерттеушілік қызметі туралы толық түсінігі болуы керек. 
Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде жетекші алға қойған мәселені анықтау үшін зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады.Содан соң алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық етеді. Оқушылардың зерттеушілік білігі артқан сайын мұғалім жанама басшылыққа көңіл бөледі де оқушылардың дербестігі және жұмысқа ынтасы арта түседі. Бұл оқушыларда зерттеушілік қызметтің қалыптасуына, дамуына ықпал етеді.Оқушылардың игерген зерттеушілік біліктілік деңгейлері неғұрлым жоғары болған сайын олардың білімдері де жоғары болады. 
Зерттеушілік іс-әрекетке бейім оқушының төмендегідей сипаттамаларына көңіл бөліну керек: 
- жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс; 
- жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс; 
- алынған ақпаратты талдауға,жинақтауға,қорытындылауға және өз 
қызметінде пайдалана отырып нәтиже шығаруға деген қабілеттілік; 
- өз көзқарасын басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге талпыну; 
- белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс. 

Мұғалімнің ролі

Оқушының ізденісі арқылы

Оқыту, зерттеу үрдісінде мұғалім мен оқушының рөлі неде?

Мұғалім:

  • мақсат, міндет қояды

  • оқушымен бірлесіп, мәселе қалыптастырады

  • идеялар ұсынады

  • берілген шаблон бойынша жобаны суреттейді

  • кеңес беруші, сарапшы, менеджер рөлін

атқарады,оқушылардың іс-әрекет жетістіктерін

және шығарған қорытындыларын бағалайды,

әртүрлі сайыстарға жобаларды ұсынады

Оқушы:

  • мәселені талқылайды

  • міндеттерді қалыптастырады

  • жобаны жоспарлайды

  • қажетті ақпаратты таңдап, жинақтайды

  • зерттеу әдістерін іздестіреді,үйренеді

  • өздігінен жинаған мәліметтерін талдайды

  • аралық қорытындыларды талқылайды

  • мультимедиялық презентация,фильм, шығармашылық есеп жасап қорғайды

  • нәтижесін толық қорытынды жасайды
    Химия пәні мұғалімдерімен тәжірибе бөлісу мақсатында ғылыми- зерттеу жұмыстарын рәсімдеу туралы ақпараттармен бөліскім келеді. 
    ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ

ТАҚЫРЫП - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.

Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі

1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.

2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.

4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.

5. Тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.

6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас

ерекшелігіне сәйкес келу керек.

Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:

  • алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;

  • бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;

  • тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек.

  • таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке

консультация барысында талқылану керек;

- зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек.

 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ

Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.

Зерттеу жұмысын жүргізу:

Кезеңдер:

1. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1- ші теориялық мазмұнын құрайды.

2. Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу. мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

3. Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.

Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы_______________________________

Оқушының Т. А.________________________________

Мектеп, сынып _________________________________

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________

Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:

Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.

Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.

5.4. Мазмұны бар беттерді рәсімдеу:

а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;

ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:

Кіріспе;

1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);

2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);

3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);

Қорытынды;

Әдебиеттер тізімі;

Қосымша (егер бар болса).

б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;

в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).

5.5 Ғылыми жобаның кіріспесін рәсімдеу.

Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;

Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;

Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

5.7. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.

Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:

зерттеу мақсаты, тапсырмалары;

зерттеу объектісі, заты

гипотезасы

зерттеу кезеңдері , процедурасы;

эксперимент әдісі;

зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

жұмыс нәтижелері және қорытынды;

нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

5.8. Жетекшінің пікірі (үлгіні қараңыз).

Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.

Қазіргі балалар мұғалімнен тек теориялық білімді алып қоймай, оны тәжірибемен де ұштастырғысы келеді. Бұл – ақпараттық технология заманында өмір сүріп жатқан Z ұрпақтың талабы. Олар: «Теорияны интернеттен өзім-ақ оқып аламын. Одан гөрі маған нені қалай істеу керегін көрсетсе екен», – дейді.

Теориядан гөрі тәжірибені көбірек талап ететін пәннің бірі – химия. Жаратылыстану ғылымдарының күрделі тобына жататындықтан, оны меңгеру көп адамның қолынан келе бермейді. Дегенмен, еліміздегі шикізат, табиғи ресурстардың бай қорын ескерсек, отандық мамандардың қажеттілігін аңғарамыз. Сол себепті болашақ мамандардың осы салаға бейімделуіне мектеп қабырғасынан бастап көңіл бөлу қажет деп есептеймін.

Химия пәнінің төркіні жаратылыстану ғылымында жатыр. Демек, бұл пән – біздің күнделікті өміріміз. Барлығы көз алдымызды өтіп жатыр. Егер сіз оқушыңыздың химия пәніне деген қызығушылығын арттырғыңыз келсе, онда сабағыңызда оқушылардың бойында белгілі бір дағдыларды қалыптастыруды мақсат етіңіз. Ол үшін сіз сабақтағы мақсатыңызға жету үшін мысалдар мен тәжірибелерді сол оқушылардың күнделікті өмірінен алған жөн. 7-сыныпта қышқылдар деген тақырыпты өткенде мысал ретінде жастар көп қолданылатын «Кока-кола» сусынын көрсетіңіз. Оқушылар сабақта алған білімін қолдана алатындай мысалдар келтіріңіз: «Аш қарынға «Кока-кола» ішкен қаншалықты дұрыс немесе «Кока-кола» сусынын қай кезде ішкен тиімді болуы мүмкін?» Егер әрбір сусынның сыртындағы этикеткасына назар аударатын болсаңыз, осы затты дайындау үшін қолданылған химиялық қоспалар мен қосылыстар көрсетіледі. Ал «Кока-кола» сусынының құрамында орто фосфор қышқылы бар. Қышқыл асқазандағы тамақты қорытуға көмектеседі. Егер ашқарынға ішсеңіз, керісінше, асқазанда қышқылдың мөлшері артуы мүмкін, себебі «асқазан сөлі» де қышқыл.

Осындай мысалдар арқылы оқушылардың қызығушылығын да анықтауға болады. 11-сынып оқушысы Жұманәлі Меруерт «Газдалған сусындардың тұрмыстық қажеттілігі» тақырыбында осы кока-коланы, фантаны, спрайтты зерттеп жұмыс жасадық . Ол жерде Кланың көптеген пайдасы мен зиянды жақтары айтылып өтілді. Сонымен қатар түрлі сусындардың жұмыртқаға, етке әсері тексерілді.

5-сынып оқушыларымен біраз жұмыстар жасалынды. Оларға жаратылыстану пәнінен сабақ беремін. Ол жерде «Тәтті әлемнің сыры» тақырыбында шоколадтардың құрамын салыстырдық, «Ас содасының қасиеттері» тақырыбында көптеген мәліметтер жинақталды. «Қытай ойыншықтарының бала денсаулығына әсері» тақырыбында оқушымның қызығушылығымен ойыншықтардың құрамын зерттедік. «Тағамдық қоспалар» тақырыбында майонез, кириешки, чипсыларды зерттедік. Оқушылар олардың пайдасы мен зияныны анықтады.

Қазіргі уақытта «Ыдыс жуатын заттардың адам денсаулығына әсері» тақырыбында жұмыс жасап жатырмыз.
Өзімнің жетістіктерімнен үзінді:

Оқушылар пәндік олимпиадаға үнемі қатыстырылып отырылады.

Химия пәні бойынша аудандық Менделеев олимпиадасы кезінде 10 -сынып оқушысы Зияева П І –орын, 11-сынып оқушысы Жұманәлі М І-орынға ие болып, қаңтар айында облыстық жарысқа қатысып, 10- сынып оқушысы Зияева П ІІ – орын алып қайтты.

2017-2018 оқу жылында Д И Менделеев олимпиадасынан облыстан ІІІ орынды 9-сынып оқушысы Зияева П иеленіп қайтты.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа, ғылыми жұмыстарға бағыттауда да айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді.

«Дарабоз» оқу орталығының ұйымдастыруымен 12-22 қараша күндері аралығында өткен Республикалық «Оқушының ғылыми жұмысы» конкурсына 11-сынып оқушысы Жұманәлі Меруерт қатысып, Бас жүлдені иеленді.

Аудандық ғылыми жобалар сайысына «Газдалған сусындардың тұрмыстық қажеттілігі» тақырыбында 11-сынып оқушысы Жұманәлі М оқып облысқа өтті.

.

Желтоқсан айында 2-7 сыныптар арасында аудандық ғылыми жобалар сайысына 5- сыныптан 5 оқушымыз қатысып қайтты. Олар: Балташ А; «Ас содасының қасиеттері» Балташ Б : «Қытай ойыншықтарының бала денсаулығына зиянды әсері», Есет А: «Бал арасының емдік қасиеттері», Ерғазы Қ: «Тағамдық қоспалар», Алибай Қ: «Тәтті әлемнің сыры» тақырыптарын қорғап қайтты.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша жаңартылға білім бойынша «Юниор» сайысына 7 сыныптан Үсен А биология пәнінен қатысып, ауданнан І орын алып, облыстық деңгейде Кентау қаласында өтілген жарысқа қатысып, сертификатталып қайтты.

Билингвалды оқыту арқылы мұғалімдер арасында шебер сынып «Химия сабағында ағылшын тілінде термин сөздерді қолдану» тақырыбында өткізіп қайттым.

Ұстаз қай уақытта  болмасын оқушы көкейінде қалықтап, жүрегіне нәр құюы керек!

Міне сонда ғана ұстаз-ұстаз болмақшы.

ҰБТ қорытындысы бойынша:

2015-2016 оқу жылы қорытындысы бойынша 1 оқушы химия пәнін таңдады. 18 ұпай жинады.

2016-2017 оқу жылында 4 оқушы таңдады. Орта балы- 27,0 Сақ Ғазиза АГУ-дың химия пәнінің мұғалімі мамандығына грантқа түсті.

2017-2018 оқу жылында 3 оқушы таңдады. Орта балы-15

2018-2019 оқу жылында 5 оқушы таңдады. Орта балы- 24,4 Өсер Ақниет АГУ-дың химия пәнінің мұғалімі, Жұманәлі Меруерт ОҚМУ-дың химия пәнінің мұғалімі мамандығына грантқа түсті.

Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шындығында да , сапалы білім, саналы тәрбие астасқан ұлт тірегі. «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай   болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.

Білім мен тәрбие сапалы болу үшін әр мұғалім сапалы еңбек ету керек.

Мектепте химия пәні кабинетінің кабинет жетекшісімін. Сонымен қатар, мектепте ғылыми жұмыстарды ұйымдастырып, дарынды оқушылармен табысты жұмыс істеудемін.

Үнемі интернет желісі арқылы сайттарға сабақтарымды жіберіп отырамын. Инфоурок, копилка уроков, КИО,ТИО,НИО, еду пресс, Ұстаз тілегі, т,б

Онлайн тестерге қатысып отырамын;

«АКТ мен заманауи білім» республикалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталдым. Просвещение сайты.-2016ж

«Мое призвание- учитель» тақырыбында халықаралық тесттіне онлайн түрінде қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталдым, 2019ж Портал педагога сайтында.

Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі – баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады

Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты - оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. «Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау - мектеп ұстаздарының басты мақсаты

Сөз сонында айтарым, « Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін. Тыңдағандарыңызға рахмет































10



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!