СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Хабарлама " Көмекші мектептерде қазақ пәнінен жүргізілген деңгейлік тапсырмалардың құрылымдық ерекшелігі"

Категория: Директору

Нажмите, чтобы узнать подробности

сссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссс

Просмотр содержимого документа
«Хабарлама " Көмекші мектептерде қазақ пәнінен жүргізілген деңгейлік тапсырмалардың құрылымдық ерекшелігі"»

Көмекші мектептерде қазақ пәнінен жүргізілген деңгейлік тапсырмалардың құрылымдық ерекшелігі.

Көмекші мектептің негізгі мақсаты мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуге бағыттау.

Қазақ тілі -көмекші мектептегі негізгі пәндердің бірі болғандықтан осы

мақсатқа жетуде айырықша орын алады. Оқушылардың логикалық ой- өрісі- нің дамуына, ойды дәл жеткізуге дағдыландыратын қазақ тілі сабағы болып табылады.

Сондықтан В.В. Варанкованың әдістемесін қолдана отырып, қазақ тілі пәні деңгейлеп оқытылады.

Саралап -деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша деңгейлік тапсырма-лардың ауқымы кең. Оқулықтағы жаттығулар , өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, граматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақтар, қызықты грамматика, тест сұрақтары, іскерлік ойындар, мен тренингтер жүйесі қамтылады. Деңгейлік тапсырмалар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.

Тәжірибеммен бөлісу мақсатында 8»А» сынып оқушылармен «қазақ тілі»

оқулығы бойынша «Түбір сөз және туынды сөз» тақырыбына құрылған деңгейлік тапсырмаларға тоқталып өтейін.

І-ІІ деңгей оқушылары тыңдап, түсініп оқып, естігені бойынша сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады.

Жеңіл ережелерді жаттап алады.

Фонетикалық, грамматикалық , лексикалық тапсырмаларды мұғалімнің

көмегінсіз орындауға тырысады

1-деңгей: 1. Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап жаз.

Орман, наубай, ас, ғарыш, жұмыс, су, кезек, дәрі, сән, әдеп, ақыл.

Түбір сөз бен туынды сөздің мағынасын салыстыр.

Қалаған туынды сөздің екеуін қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.

2. Түбір сөздерді бір бөлек, туынды сөздерді бір бөлек топтап жаз.

Ілгіш, күн, достық, жастық, құс, өлең, қобызшы, еңбек, ерлік, сызғыш,

ақыл, сөздік, құлыншақ, мал, аң, бармақ, ботақан .

3. Ребусты шешіп, сол сөздің түбірі мен жұрнағын тап. Ребустың шешуі болған сөзді қатыстырып мақалдар жаз.

ІІІ деңгей оқушылары сабақта үлкен қиындықтар кездеседі және оларға көрнекілік құралдарды қолдану жеткіліксіз. Ережелерді үлкен қиындықпен еске сақтайды және аса түсіне қоймайды. Бұл оқушылар өткен тақырыпты тез ұмытып қалады. Оқыту барысында оқушылар өз беттерімен тақырыпты меңгере алмайды. Көрнекілікті , үлгіні, мұғалімнің көмегін пайдалана отырып орындайды .

1. Түбір сөздерге жақшаның ішіндегі жұрнақтардың тиістісін жалғап , туынды сөзге айналдыр.

Ұш.. / -қыш ,- ғыш;/ , сыз.../ -қыш , -ғыш;/ , ер.../ -лық, -лік;/, сый.../ -лік, -лық;/,

сөз.../-дық,-дік ;/, орын.../ -дік, -дық;/ жас.../ -тік, - тық;/, бес.../-тық,-тік;/.

Оларды сөз құрамына талда.

Өзің қалаған бір-екі сөзге ауызша сөйлем құра.

2. Сөздерді оқып, ішінен түбір сөздерді бір бөлек, туынды сөздерді бір бөлек жаз.

Өмір , өміршең, саз, сазгер, жыр, жыршы, біл, білімпаз, сұлу, сұлулық бас, бастық, себеп, себепер.

3. Сөзжұмбақты шеш . Торкөзге суреттегі заттардың атын дұрыс жазып, сөзжұмақты шеш.

ІV деңгей оқушылары оқушылары үлгі бойынша жазады, мұғалімнің көмегін қажет етеді.

1. Бірінші бағандағы түбір сөздерге - шы; жұрнағын, екінші бағандағы түбір сөздерге -ші ; жұрнағын жалғап туынды сөзге айналдыр.

Домбыра - домырашы сурет - суретші

қобыз - ... теңіз - ...

балық - ... тігін - ...


2. Түбір сөздерді бір бағанға, туынды сөздерді бір бағанға топтап жаз.

Түбір сөз: Домбыра, ...

Туынды сөз: домбырашы,...

3. Ребусты шеш. Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей жаз.

Оларға сұрақ қойып, мағынасын салыстыр.

Үлгі: дәрі - дәрігер

Қорыта айтқанда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындау бейімде- лігі бақылауға алынады. Қортындысында деңгейлік тапсырмалар жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артады



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!