СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қазақстанның қорықтары, саябақтары, курортты жерлері» пікір сайыс сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қазақстанның қорықтары, саябақтары, курортты жерлері» пікір сайыс сағаты

Просмотр содержимого документа
««Қазақстанның қорықтары, саябақтары, курортты жерлері» пікір сайыс сағаты»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны















ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОП САҒАТЫ


Тақырыбы: «Қазақстанның қорықтары, саябақтары, курортты жерлері» пікір сайыс сағаты








Дайындаған: 16 IS-IX

тобының топ жетекшісі

А.С.Ихсанова













2019-2020 оқу жылы


Тақырыбы: «Қазақстанның қорықтары, саябақтары, курортты жерлері» пікір сайыс сағаты

Мақсаты: Студенттерге Қазақстан жеріндегі қорықтар туралы толық мәліметтер бере отырып, олардың маңыздылығы жайында білім беру. Сөздік қорларын көбейту. Картадан оларды көрсете білуге үйрету.

Әдісі: Талдау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Презентация

Топ сағатының өткізілу уақыты: 14.11.2019 жыл

Қатысушылар: 16 IS-IX топ студенттері

Өткізілу уақыты: 45 минут

Тәрбие сағатының барысы:

1. Блиц турнир Қазақстан жері қандай?

  • Қазақстанның табиғаты туралы не айтасыздар?

  • Оның неше пайызын таулар алып жатыр?

  • Неше мыңға жуық өзендер, көлдер бар?

  • Жазық жер аймақтары туралы не айта аласыздар?

Шалғын, дала, шөлейт, шөл, суқойма, орман, таулы жер – бұлардың барлығы өсімдіктер мен жануарларадың мекендейтін жерлері болып табылады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның қорықтары, саябақтары, курортты жерлері». 

ІІ. Негізгі бөлім.

Біздің Республикамыздың қойнауы әр түрлі табиғат байлықтарына бай. Кең – байтақ қазақ жерінде табиғат байлықтарының аса мол қоры шоғырланған екенін өздеріне белгілі. Міне қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлықтарын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда елімізде «Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары» қатарына:

10 - Мемлекеттік табиғи қорық

10 - Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар

49 - Мемлекеттік табиғи қорықшалар

26 - табиғат ескерткіштері

3 - Мемлекеттік табиғи резерват

5 - қорықтық аймақ

6 - ботаникалық аймақ

3 - зоологиялық саябақтар жатады.

Бұл республикамыздың жалпы жер көлемінің 17 млн 874 мың га жерін алып жатыр, яғни 8% ғана құрайды. Бұдан еліміз үшін ЕҚТА аз екендігін көре аламыз. Өркениетті елдердің көпшілігінде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, Германия – 31,5%, Нидерланд – 26,2%, АҚШ – 15,8%, Жапония – 15%, Ұлыбритания – 10,5 % жерлерін алып жатыр.

Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.

Қорықтар тізімі

Кестеде қорықтар құрылған уақытына сәйкес келтірілген.

#

Сурет

Атауы

Құрылған жылы

Көлемі, га

Орналасқан жерi

1

Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы

1926

131 934

Түркістан облысы және Жамбыл облысы

2

Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы

1931

71 700

Алматы облысы

3

Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы

1931

191 381

Қостанай облысы

4


Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы

1939

160 826

Қызылорда облысы

5

Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы

1968

543 171

Ақмола облысы және Қарағанды облысы

6

Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы

1976

102 979

Шығыс Қазақстан облысы

7


Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы

1984

223 342

Маңғыстау облысы

8


Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы

1992

86 122

Шығыс Қазақстан облысы

9


Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы

1998

65 217,9

Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы

10


Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы

2004

34 300

Түркістан облысы

Қорықтар орналасуы картасы

ТАБИҒИ ҚОРЫҚ – табиғат нысандарын қорғаудың жоғарғы көрсеткіші. Ерекше қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдік пен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер.

Қазір елімізде 10 қорық жұмыс жасауда, олардың әлемдік маңызы бар деген мәртебеге ие болған Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Ең соңғы 10-ыншы қорық Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданына 2004 жылы «Қаратау» қорығы ұйымдастырылды. Оның жерінің ауданы 34300 га жерді қамтиды. Қорғалатын табиғат нысандары Қаратау өңірінің экожүйелерінің табиғат байлығын сақтау.

Қазақстанда ең алғаш болып «Ақсу Жабағылы» қорығы 1926 жылы құрылған. Бірақ біз көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VІІ ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады.

Қазақстанда болашақта мына қорықтарды ұйымдастыру ісі көзделуде.

Ерейментау, Бетпақдала, Торғай, Жоңғар, Кент, Қопылаңқыр, Зайсан көлі.

(Сұрақтар қою)

ІІІ Бейнежазба: «Ақсу Жабағылы қорығы».

ІV Аймақтық компонент.

Біздің республикамыздағы 10 қорықтың үшеуі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Олар – Марқакөл, Батыс Алтай және Алакөл қорықтары. Бұл сандар біздер үшін үлкен мақтаныш бола алады. Аталған қорықтарды картадан көрсету.

V Ой алмасу сәті. Қорық деген не?

Берілген мәліметтерді пайдаланып, Алматы және Қорғалжын қорықтары туралы әңгімелейді.

VІІ Қорытындылау.

- Қазақстан жерінде неше қорық бар?

- Оның нешеуі ШҚО-да орналасқан?

- Қорықтар қандай мақсатпен құрылады?

- Сіздер үшін Қазақстан жерінде әлі де қорықтар құрылуы керек пе?


Топ жетекшісі: А.С.Ихсанова



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!