СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қанықпаған көмірсутектер. Ацетилен.

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік:  Ацетиленнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы түсінік

 қалыптастыру.

Дамытушылық:  Оқушылардың өз бетінше жаңа білімді игеру іскерліктерін, шығармашылық

қабілетін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетімен білімдерін тексеріп бағалауға,

                        адамгершілікке тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Қанықпаған көмірсутектер. Ацетилен.»

9 сынып. Химия

Сабақтың тақырыбы: Ацетилен.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ацетиленнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы түсінік

қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жаңа білімді игеру іскерліктерін, шығармашылық

қабілетін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетімен білімдерін тексеріп бағалауға,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, ведио – ролик


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Жоқ оқушыларды журналға белгілеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Этиленнің физикалық қасиеттері қандай?

  2. Этиленнің алыну әдістері қандай?

  3. Қанықпаған көмірсутектерге қандай химиялық қасиеттер тән?

III. Жаңа сабақ түсіндіру.

«Қоқыс жәшігінен табылған жаңалық»

Қазіргі кезде кең қолданылатын кальций карбидін неміс химиигі Ф. Велер 1862 жылы кездейсоқ ашты. Ол қалай болды? Велер калцийді әктен көмір қатысында тотықсызданырып алмақшы болады. Нәтижесінде химик ешқандай металдық қасиеті жоқ қандай да бір күйген массаны алады. Өкінген Велер ол массаны қорадағы қоқысқа керексіз өнім ретінде лақтыра салады. Жаңбыр жауған кезде Велердің лаборанты өзі лақтырып тастаған тасты массадан газ бөлініп жатқанын байқады. Ол газ Велерді қызықтырды.

Сұрақ: Күйген масса қандай зат? Одан қандай газ бөлінді? Жауаптарынызды реакция теңдеулері арқылы дәлелдеңіз.

Жауабы: Талдау ол газдың 1836 жылы Э. Деви ашқан ацетилен екенін көрсетті. Осылайша кальций карбиді нің СаС2 сумен әрекеттесіп, ацетилен бөлетін анықталып,ашылды:


СаО+3С→СаС2 + СО

СаС2+ 2Н2О→С2Н2↑ + Са(ОН)2


Яғни, бүгінгі сабағымыз алкиндер жөнінде болмақ.


Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnH2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – этин немесе ацетилен С2H2. Оның химиялық формуласын ұсынған – П. Бертло.(1860 жылы) Бірінші мүшесі ацетиленнен С2H2 басталатындықтан, алкиндер ацетиленді көмірсутектері деп те аталады.

Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp-гибридтенген күйде болады. Көміртектің екі гибридтенген орбитальдарының біреуі сутек атомының s-орбиталімен, келесісі екінші көміртек атомының sp- гибридтенген орбиталімен σ-байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180°С бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Ацетилен молекуласындағы екі көміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-, екеуі π- байланыстан тұрады.


Көміртегі қаңқасы бойынша: НС≡С–СН2–СН2–СН3 пентин - 1

НС≡С–СН(СН3)–СН3 3-метилбутин - 1

Еселі байланыс орны бойынша: НС≡С–СН2–СН3 бутин - 1

Н3С –С ≡ С–СН3 бутин - 2

Класаралық : НС≡С–СН2–СН3 бутин - 1 Н2С=СН–СН=СН2 бутадиен – 1,3


Ацетиленнің физикалық қасиеттері

Ацетилен (латынша acetum — сірке және грек. nyle — ағаш,орман, зат), HC≡CH — түссіз газ, қайнау температурасы — 83,8 °С, тығыздығы 1,0896 г/л. Оны 1836 жылы ағылшын химигі Э. Дэви ашқан, 1862 жылы француз Бертоле синтездеп алған. Ацетилен – түссіз, иіссіз газ. Суда нашар ериді. Гомологлогтық қатарда салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты қайнау және балқу температуралары артады. Алкиндердің бастапқы үш мүшесі газдар, С5 – С8 ден бастап сұйық заттар, ал жоғары алкиндер (С16 – С30) қатты заттар. Судан жеңіл, суда нашар ериді, органикалық еріткіштерде жақсы ериді.

Ацетиленнің алыну жолдары

Кальций карбидінен: CаС2 +H2O → Ca(OH)2 + С2H2


Табиғи газдан (метаннан) : 2CH4 → 3H2 + CH≡CH


Химиялық қасиеттері

Ацетилен қосылу, орынбасу, тотығу немесе жану және полимерлену реакциясына қатысады.

Сұрақ: Қосылу реакциясы дегеніміз не? (реакцияға екі не бірнеше заттардың бірігіп, бір күрделі заттарға айналуы)

1.Гидрлену реакцясы дегеніміз не? Мысал келтір.

С2Н2 + Н2 → С2Н4 С2Н4 + Н2 → С2Н6

2. Жану реакциясы: 2С2Н2 + 5О2 → 4СО2 + 2Н2О

3. Полимерлену реакциясы: 3С2Н2 → С6Н6 (тримерлену реакциясы)

4. Орынбасу реакциясы: С2Н2 + Ag2O → AgC ≡ CAg + H2O

күміс ацетилениді

5.Галогенсутектердің қосып алуы. Мысал келтір.

С2Н2 + НСl → H2C = CHCl

винилхлорид

Ацетиленнің қолданылуы

Молекуласында үш байланысы бар көмірсутектерден ең көп қолданылатыны – ацетилен. Осыдан аз – ақ бұрын ацетилен металл пісіру және кесу үшін жанғыш зат ретінде ғана пайдаланылатын. Қазір ол әр түрлі органикалық қосылыстарды синтездеу үшін көбірек қолданылады. Сонымен қатар металдарды кесіп дәнекерлеуде, этил спиртін алуда, бояу, дәрі – дәрмек жасауда, синтездік талшықтар алуда қолданады. Өнеркәсіпте ацетиленнен сірке альдегидін, сірке қышқылын, этил спирті, синтедік көксағыз, пластмассалар лынады. Ацетиленге спирт қосу арқылы әр түрлі бағалы полимерлер және сополимерлер алу үшін қолданылатын мономерлер өндіріледі. Ацетиленді ĕ-пирролидонға қосқанда N-винилпирролидон, ал оны полимерлеу арқылы жасанды қанның негізін құрайтын зат алынады.


Тестпен жұмыс: (5 балл 10 – 9; 4 балл 8 – 6; 3 балл 5 – 3)

1.Алкиндердің жалпы формуласы

А) СnН2n+2 В) СnН2n-2 С) СnН2n

2.Алкиндердің жануында қандай заттар бөлінеді

А) СО2 және Н2О В) С2Н6 С) НСl, НNO3

3.Зертханада ацетиленді қалай алады?

А) метаннан В) этаннан С) кальций карбидінен

4.Қай формула алкинге жатады?

А) С2Н8 В) С2Н2 С) С2Н4

5.Алкиндерде С-С арасындағы байланыс ұзындығы

мен гибрдтену типі

А) 0,154 нм, sp3 В) 0,134 нм, sp2 С) 0,120 нм, sp

6.Ацетиленді өнеркәсіпте қалай алады?

А) метаннан В) этаннан С) кальций карбидінен

7.Алкиндердің құрамында қанша байланыс бар?

А) бір қос байланыс В) екі еселі байланыс С) үш еселі байланыс


8.Алкиндердің алкандардан айырмашылығы

А) қанықпаған көмірсутек В) қанықпаған көмірсутек С) ароматты көмірсутек

9.Алкиндердің қарапайым өкілі қалай аталады?

А) пропин В) ацетилен С) пропин

10.Мына қосылысты атаңыз СН3-С≡С-СН2-СН3

А) пентин-1 В) пентин-2 С) пентин-3

«Қанағат» тапсырмасы: Салыстыру кестесін толтыр:

Салыстыру түрі

Этан

Этилен

Ацетилен

Гибридтену түрі

sp3

sp2

sp

Байланыс түрі

σ-байланыс


σ-байланыс,

π-байланыс

σ-байланыс, екі π-байл

Байланыс ұзындығы

0,154 нм

0,134 нм

0,120 нм

Байланыс беріктігі

350 кДЖ/моль

620 кДж/ моль

810 кДж/моль

Құрылысы

тетраэдр

жазықты

сызықты


Есептер шығару

№6

Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша:

2Н2 + 5О2= 4СО2 + 2Н2О+ 2600 kДж

5,6л ацетилен (қ.ж) жанғанда бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңдер.


№5

Мына айналымдарды жүзеге асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
CaC₂ → C₂H₂ → CO₂ → CaCO₃
№1

16 г ацетилен оттекпен әрекеттескенде түзілген заттың массасын тап. 

№2

  1. ацетилен бромды сутекпен әрекеттескенде түзілген заттың массасын тап. 
    №3

Мына айналымды жүзеге асыр: 
С ----- СO2 ------ С2Н2 ------- С2Н4Br2 
№4

    1. 0,78 кг ацетиленді толық ағу үшін қажет оттектің зат мөлшері (жауабы: 75 моль)

№5

Көлемі 11,2 л (қ.ж.) ацетиленді толық жағу үшін ауаның қандай көлемі қажет болатынын есептеп табыңдар ж: 140 л



6

2 литр ацетилен жанғанда 116кДж жылу бөлінді. Реакцияның жылу эффектісін тап (Жауабы: 2598,4кДж).



Қорытынды:

Алкиндер туралы әңгіме құрастырыңыз. Қолданылуы, өзіне тән химиялық қасиеттері, ацетиленді алу жолдары, алкиндерге тән “жалғау”, жалпы формуласы, құрылысындағы

ерекшеліктер.



Берілген химиялық реакциялардың типін анықтасаңыз дұрыс жауаптан мадақтау сөз шығады (жарайсың)

Реакция теңдеуі

Қосылу

Орынбасу

Тотығу

Полимерлену

С2Н2+Ag2O→AgC≡CАg+H2O

п

ж

ө

л

С2Н22→С2Н4

а

ә

т

у

2Н2→С6Н6

ч

в

й

р

С2Н2+Br2BrСH=CHBr

а

я

х

о

С2Н2→НООС–СООН

м

й

д

ұ

С2Н22О→Н3С–СОН

с

ь

ю

ч

2Н2+5О2→4СО2+2Н2О

к

у

ы

э

С2Н2+НСlH2C=CHCl

ң

ө

з

ф


ЖАРАЙСЫҢ!!!

Бағалау

V.Үйге тапсырма: §4.6 оқу, 115 бет №6 есеп

Молекула құрамында үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектер .................... деп аталады. 
Алкиндердің жалпы формуласы ............................... 
Алкиндердің бірінші мүшесі ацетилен .................., .............................. газ, суда нашар ериді. 
Гомологтық қатардың салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты қайнау және балқу температуралары ...................................... 
Ацетилен металдарды ............... және .................... үшін пайдаланылады. 


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!