СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

: Қазақтың ұлттық ойындары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:        Қазақтың ұлттық ойындары Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.  

Просмотр содержимого документа
«: Қазақтың ұлттық ойындары»

14.03.17. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, грамматикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.
1) 4-тапсырма .
ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.
«Ой-қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
Жаңа сабақ 3. Фонетикалық жаттығу:
«Ойлай берсең, дана боларсың,
Ойнай берсең, бала боларсың»
«О» — дыбысының дұрыс оқылуына көңіл бөлу.
ІІ.Өткенді қайталау: сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады: 1.– Ойын деген не? – Ол спорт, өнер, дене шынықтыру, тәрбие құралы.
2.Ойын туралы мақал-мәтелдер:
• Ойнада күл, оқы да біл. • Ойна, бірақ жұмысты да ойла.
• Көп оқыған озар, Көп ойнаған тозар. • Ойнап сөйлесеңде де ойлап сөйле.
• Ойнасада ойындағысын айтады. 3.– Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? – Алтыбақан, айгөлек, тақия тастамақ, бәйге, қыз қуу, Ақсүйек, Көкпар.

Сөздікпен жұмыс Көкпар –национальная спортивная игра,скачки с козлом

Серке – туша козла Күш-жігер -сила

Төзімділік – терпеливость Батылдық – мужество Ептілік – ловкость Қазандық – котел Салым – очко
Қызық - интересное
Жігіт - парень
Қуады - догоняют
Жету керек - должен догнать
Сүйеді - целует
Соғады – будет бит


Көкпар-қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі.Бұл ойын Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі.Көкпар жігіттердің күш -жігерін,төзімділігін,батылдығы мен ептілігін,ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.

Ойынға екі команда қатысады.Ойынға салмағы 30-40 кг болатын серкені алады.Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз болып танылады.

Сұрақтар:

Қазақ ұлттық ойындары саған ұнай ма ?

Қандай қазақ ұлттық ойын түрлерін білесін?

Мектепте қандай ұлттық ойындар ойналып жүр?

1Көкпар қандай ойын? 2.Бұл ойын қайда кең тараған? 3.Көкпар ойынында жігіттердің қандай қасиеттерін сынайды?

Тұлпар тобы:

1) Айгүл ,ойнайды,жақсы,тоғызқұмалақ,ойынын. 2) Жарысы,наурыз, болды,мерекесінде,ат.

3) Біздің балалары,ауылдың,асықты,ойнайды,жақсы.

Көкпар тобы:

1) Мен «Көкпар» теледидардан,көрдім,ойынын.

2) Досанның ,бірінші,бәйгеден,аты,алды,орын.

  • 3) Ойындары,көп,ұлттық,қазақтың,өте.
    1-тапсырма. Қыз қуу.
    Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жету керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.

    2-тапсырма.
    Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар. Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
    3-тапсырма.
    Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
    Ақсүй...к, ас...қ, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, жасы...ынбақ,қ...з қуу, тең...е алу.

    Сергіту сәті “Көкпар”ойыны Мақал-мәтелді аяқтау
    «Сақина тастау» ойыны. Айтылған бір буынға екінші буын жалғау керек. «Май» , «Біл».
    Суреттер сыры.
    Суретке қарап , ойын түрлерін ажыратып айтады.
    Сабақты қорытындылау. Балаларды бағалау.
    Үйге тапсырма
    4-тапсырма
    Сөйлем талдау.
    «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы жазып келу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!