СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақстанның топырақ түрлері

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға жаңа тақырып  бойынша терминдер мен мәліметтерді оқып үйренге, танысуға, халықтың шаруашылығына тигізетін әсерін және маңыздылығын түсінуге, ойын еркін жеткізе алуларына жағдай жасау.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстанның топырақ түрлері»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №74 мектеп-гимназия

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Аяпова Г.С.

Сынып: 7-сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

7.3.4.3. Қазақстанның топырақ түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Топырақтың маңыздылығын біледі, түсінеді, топырақ түрлерін ажыратады.

Сабақ мақсаты

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша терминдер мен мәліметтерді оқып үйренге, танысуға, халықтың шаруашылығына тигізетін әсерін және маңыздылығын түсінуге, ойын еркін жеткізе алуларына жағдай жасау.

Бағалау критерийі

«Топырақтың түрлері» тақырыбы бойынша жаңа терминдер мен мәліметтерді біледі;

Топырақтың түрлері туралы халықтың шаруашылығына тигізетін әсеріне талдау жасайды,

Топырақтың маңыздылығы мен ерекшеліктерін салыстыра отырып бағалайды.

Құндылықтарға баулу

Топырақ түрлерінің құрамы мен маңызы туралы дәріптеу

Пәнаралық байланыс

Химия, биология, тарих, информатика

Алдыңғы білім

  1. Топырақ дегенімі не?

  2. Топырақ қандай заттардан құралады?

  3. Топырақ түзуші табиғат заттарын атаңдар.

  4. Топырақ не себепті әр түрлі болады?

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Дереккөздер,

ресурстар

Сабақтың басталуы

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Топқа біріктіру.

Топтар: қызыл, жасыл, көк.







Түрлі түсті қима

қағаздар



























Сабақтың ортасы

Топырақ деген не? Топырақты зерттеудің негізін салушы В.В.Докучаев минералдар, өсімдіктер мен жануарлар патшалықтарымен қатар, топырақты да «табиғат патшалықтарының» бірі деп атады.

Топырақтың түзілуі – бүкіл табиғат элементтерінің өзара әрекеттерінің нәтижесі. Топырақ – табиғат компоненттерінің бірі. Топырақ жердің ең беткі өте жұқа қыртысындағы тау жыныстарының, өлі ағзаларының әсерінен пайда болады.

Топырақ – тірі (органикалық) және өлі (бейорганикалық) табиғаттың әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын ерекше табиғи дене.

Топырақтың ең негізгі қасиеті – табиғи құндылығы, яғни, құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректі заттардың мол болуы. Сондықтан топырақ литосфераның жоғарғы ауа қабатымен байланысатын қабаты әрі бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі деп аталады.

Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру тапсырмалары

1-қадам: «Білу»

  1. Біздің республикамызда топырақтың қандай түрі кездеседі?

  2. Сендер тұрған жерде қандай топырақ кездеседі?

2-қадам: «Түсіну»

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісінен пайдаланып, Қазақстанның топырақ картасы бойынша картамен жұмыс жасау.

3-қадам: «Талдау»

Өздерің түрған жерде топырақтың қандай түрі тараған? Оның шаруашылықта маңызы қандай?


4-қадам: «Жинақтау»

«Галерея» әдісінен пайдаланып, оқушылардың ойларын жинақтау мақсатында, білгендерін қорытып, тірек сызба құрастыруды тапсыру.


1-топ: Қазақстанның физикалық және топырақ картасын салыстыра отырып, топырақ зонасының солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруіне сипаттама беріңдер.


2-топ: Топырақ зоналары мен климаттық жағдайдың арасындағы байланысты мысалдар келтіріп түсіндіріңдер.


3-топ: Өздерің түрған жерде топырақтың қандай түрі қалыптасқан? Топырақ түрін қалай ажыратуға болады? Жергілікті жердің топырақ қабатының құрамын анықтаңдар.

5-қадам: «Қолдану»

  1. Топырақ дегеніміз не?

  2. Топырақ түрлерінің зоналық орналасуына қандай факторлар әсер етеді?

  3. Топырақ қабатындағы қарашірік қалай пайда болады, оның маңызы қандай?

  4. Сортан топырақтың пайда болуы неге байланысты?


6-қадам: «Баға беру»

Сабақтың қорытындылау кезеңінде «Кластер» әдісімен тақырып бойынша ойларын жинақтап, топтастыруына мүмкіндік беру.




1-топ:

Топырақ түзуші тау жыныстары

негізгі факторлар: климат

жер бедері

тірі организмдер


2-топ:

Механикалық құрамы сазды

бойынша топырақ саздақты

құмды

құмдауытты


3-топ:

Қазақстан аумағында қара

негізгі топырақ түрлері: қоңыр

сұр

сортаң




























Оқулық,

жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнату.

«Бес саусақ» әдісін қолданып, оқушылардан бүгінгі сабақ туралы ойларын сұрау.

  1. Бас бармақ (неден қиналдым?).

  2. Балаң үйрек (кімге көмектестім?).

  3. Ортан терек (көңіл-күйім).

  4. Шылдыр шүмек (не үйренгім келеді?).

  5. Кішкіне бөбек (не үйрендім?).

Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Үйге тапсырма: Өз облысымызда қандай топырақ түрлері басым таралғанын анықтап, дәптерге жазып келу. Кескін картаға Қазақстан аумағындағы топырақ зоналарын бояп түсіру.

Кеспе қағаздар


Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс .

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтардағы байланыс

Топырақты қорғау және оның құнарлылығын арттыру үшін не істеуге болады?

Жинаған ұпайларын бағалау критерийімен салыстыру арқылы

Сергіту: «Мұқият бол!»

Мұғалім тақырыпқа байланысты кез келген сұрақ пен жауапты іс-қимыл арқылы өзі айтады. Егер мұғалім сұрақпен жауапты дұрыс сәйкестендіріп айтса сол кезде ғана оқушылар мұғалімнің іс-қимылын орындауы тиіс.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1:


2:


Осы сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар ацудару қәжет?

1:


2:






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!