СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Табиғат жағдайларының қолайлылығына байланысты мұнан екі мың жыл бұрын қаңлылырда егін, қолөнер, аңшылық, сауда-саттық сияқты кәсіптер жақсы дамыған аймақ; Арал маңында, Ташкент аймағында дамыды.

Просмотр содержимого документа
«Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы»

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы. Күні: 01.03.16ж

Сабақтың тақырыбы: §16. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.

Сабақтың мақсаты:

1. Егін шаруашылығы жақсы дамыған қаңлылардың металл өндірісі, сауда қатынастары, мәдениеті мен діни нанымдары туралы баяндай

2. Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

3.Қаңлылар туралы жазба деректерден мәлімет бере отырып, білім деңгейін жетілдіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап, ауызша баяндау, термин сөздермен жұмыс. Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі II Үй тапсырмасын тексеру III Жаңа сабақ IV Жаңа сабақты бекіту V Қорытындылау,бағалау VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Жылдар

1. 630 мың-үйсіндердің халқының саны.

2. 188800-үйсіндердің әскер саны.

3. 4-5 мың-бай үйсіндердің жылқыларының саны.

4. 4-5 үй-бір ауылды құрады.

6. 2-1 ғасыр-үйсіндердің қытай жазбаларында кездесуі.

Тест:

1.Үйсіндердің негізгі шаруашылығы ? а) соқалы егіншілік ә) металл өңдеу б) жартылай көшпелі мал шаруашылығы в) көшпелі мал шаруашылығы

2.Үйсіндердің сәйгүлік аты бейнеленген алтын қапсырма табылған қорым? а) Мардан ә) Қарғалы б) Теңлік в) Ақтас

3. Ақтас қыстау қонысы орналасқан жер? а) Моынқұм ә) Кеген өзені алқабы б) Сырдария өзені в) Отырар

4. Б.з.б II-I ғасырда өмір сүрген зергер – ұстаның тамаша туындысы? а) Қарғалы диадемасы ә) Ақтас тәтісі б) Теңлік диадемасы в) Қызыл аңғар алтын қаптырмасы

5. Тәж тәрізді әшекей бұйым табылған жер? а) Қаратау ә) Қарғалы б) Сарыарқа в) Тарбағатай

6. Қарапайым егіншіліктің іздері табылған қоныс? а) Арқайым ә) Ақтас қонысы б) Бөріқазған тұрағы в) Ботай қонысы

7. Ежелгі үйсіндер табынған киелі күш? а) тәңір ә) пұт б) жаратушы күш в) жан-жануар

8. Қарғалы диадемасында көрініс тапқан ? а) әлем туралы түсінік ә) жаратушыға табыну б) аңдарға жалбарыну в) о дүние туралы түсінік

120 мың- түтіні немесе 600 мың адамы, 120 мыңға дейін-жауынгері болған. Ежелгі иранның бағзы заманда жазылған -«Авеста» қасиетті кітабында «Весаканың ержүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Қаңлы» сөзі қарулы, жақсы, жайсаң ұлықтар деген мағынаны білдіреді. Қаңлылардың саяси тарихиы жөнінде жазба материалдары аз. Б.з.б 46-36 жылдары- қаңлылардың Қытаймен соғысқан ғұндарға көмектескенін ғалымдар анықтап отыр. Б.з.б III-V ғасырларда -Қаңлылар өмір сүргенін ғалымдар анықтап отыр. Қауыншы мәдениеті-Ташкент төңерегіндегі жазиралы аймақта тараған, оларда тоқыма мен жіп иіру ісі дамыған. Отырар-Қаратау – Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған. Үйлері шикі кірпіштен тұрғызылған. Жетіасар мәдениеті-Сырдарияның төменгі ағысында Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр. Жетіасар 20 қаладан құралған кешен. Ең үлкен қаласы – Алтынасар. Көк-Мардан-Арыс өзенінің сол жақ жағалауындағы 100 шаршы шақырымдай аумақта үлкендігі әртүрлі жиырма шақты төбені ең ірісі. Ол қала орталығы болған. Пұшық-Мардан- қаласы маңындағы Қостөбе қоныстары зерттелген. Мардан-Күйік- қорымынан шыққан мөрлердің бетіндегі суреттер әртүрлі. Біреуінде шаян, екіншісінде тұлымы бар сақалды ер кісі, үшіншісінде қасқыр, енді бірінде өсіп тұрған ағаш бейнеленген. Мұндай мөрлер Отырар аймағына Ираннан әкелінген.

Жаңа сабақтың жоспары:

Егіншілік. Мал-шаруашылығы, қосалқы кәсіптері. Металл өңдеу.Сауда.Мәдениеті және діни нанам-сенімдері.

Табиғат жағдайларының қолайлығына байланысты мұнан екі мың жыл бұрын қаңлылыларда егін, қөлөнер, аңшылық, сауда-саттық сияқты кәсіптер жақсы дамыған. Арал өңірінде, Ташкент алқабында отырықшылық дамып, ежелгі қалалар мен қоныстар қалыптаса бастады. Сырдария аңғарындағы егіншіліктің басым бөлігі тары, арпа, бидай, өрік сияқты жемістер өсірілді. Жерді тас және металл кетпендермен өңдеді. Егіс алқаптарын суландыру үшін, көптеген су қоймалары мен тоғандар салды. Шыршық өзенінің оң жақ жағалауында ұзындығы 20 шақырым келетін Зах тоғанын қазған. Қаңлылыр малдан жылқы, қой, ешкі, сиыр сияқты үй малдарын өсірген. Қаңлылар қаз, үйрек, бірқазан сияқты құстарды аулаумен айналысқан. Олар балық аулауды да кйсіп еткен. Қаңлы әйелдері жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған. Металл өндірісінің орталығы Шаш-Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. Осы аймақтағы таулардан алтын, күміс, темір өңдеу кәсібі дамыды. Металл өңдеу арнайы шеберханаларда жүргізілді. Онда қанжар, семсер, жебе үштары, сауыт, ат әбзелдері дайындалған. Қаңлы аймағы арқылы Ұлы Жібек жолы өткендіктен зерттеушілер қаңлы жерінен б.з.б 3-4 ғасырларда соғылған салмағы әртүрлі 1300-дей теңге тапты. Мұндай теңгелердің көбі Сырдария аймағында табылған. Сырдария мен Арал аймақтартарындағы ескерткіштер арасында Қара теңіз бойынан, Ираннан, Сириядан, Үндістан мен Қытайдан әкелінген заттардың кездесуі Қаңлылардың өзге елдермен қарым-қатынасының жақсы өрістегенін аңғартады.Қаңлыларда мәдениеттің қалыптасуына көшпелі тайпаларда қатысқан. Қаңлылар қоныстанған аймағындағы өзендер мен жылғалардың жағаларында олардың елді мекендері мен қалалары орналасқан. Қаңлылардың Алтынасар қалажұрты 16 гектар жерді алып жатыр. Қаңлылар арасында ән-күй, музыка, би өнері жақсы дамыған. Қаңлылар табиғаттан тыс күштерге сеніп, ата-баба рухына сиынған. Сондай ақ олар күн мен ай, жұлдыздарға сиынған.

Сабақты бекіту:

1. Қаңлылардың егін шаруашылығы қалай дамыған? 2. Қаңлылардың мал шаруашылығының өзіндік ерекшеліктері қандай? 3. Қаңлыларда мал шаруашылығы, егіншіліктен басқа тағы қандай кәсіппен айналысқан? 4. Қаңлылар шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрсені ата. 5. Қаңлыларда мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?

Бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. Үлгерімі төмен оқушылармен өзіндік жұмыс жүргізу.

Үйге тапсырма: §16. Қосымшатапсырма кесте толтыру. Сөзжұмбақты шешу. Мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап беру.




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!