СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?алалы? ?дістемелік бірлестік ?йымына арнал?ан о?у іс-?рекеті Та?ырыбы: «Математика ?леміне саяхат» ересек тобы «Балапан»

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

?алалы? ?дістемелік бірлестік ?йымына

арнал?ан о?у іс-?рекеті

Та?ырыбы: «Математика ?леміне саяхат»

ересек тобы «Балапан»

Просмотр содержимого документа
«?алалы? ?дістемелік бірлестік ?йымына арнал?ан о?у іс-?рекеті Та?ырыбы: «Математика ?леміне саяхат» ересек тобы «Балапан»»

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің МКҚК «№7 бөбекжай-бақшасы»
















Қалалық әдістемелік бірлестік ұйымына

арналған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»

ересек тобы «Балапан»














Нұсқаушысы: Шипина Н.С.











Қостанай, 2015ж.

Ересектер тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Денсаулық», «Таным».

Бөлімі: «Дене шынықтыру», «Математика».

Нұсқаушысы: Шипина Н.С.

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат».

Міндеттері:

  • Санай алу дағдысын бекіту;

  • Сандық мәнді қолдана отырып бір қатардан екі қатарға орын ауыстыра алу қаблетін бекіту; Жүрудің және жүгірудің түрлерін орындау;

  • Кеңістікте бағдарлана алу дағдысын қалыптастыру, белгі бойынша қимылды екінші қимылмен алмастыруды тез қабылдап, орындау;

  • Сандарды білу және оны орындалып жатқан қимылдармен үйлестіру қаблетін бекіту;

  • Балалардың бойына жаттығуды дұрыс және әдемі орындауларына ынталандыру қаблетін тудыру;

  • Қозғалтқыш ақыл – ойларын, ынталарын, зейіндерін, бір бекеттен екінші бекетке ауысқанда өз беттерімен жаттығуды дұрыс орындай алу қаблеттерін қалыптастыру;

  • Уақыт сезімін тудыру;

  • Заттардың арасымен оң және сол жақ қырмен отырып жүргенде дұрыс топтану біліктілігін бекіту, секірулерді орындағанда жігерлене итеріліп және жерге жұмсақ қону; кішірейтілген көлем алаңынан жүргенде нық теппе теңдікті сақтау;

  • Балалардың табан бұлшық еттерін нығайту.

Жабдықтары: 1-9 санына дейін сандары бар карточкалар, құрсаулар, доптар, гимнастикалық орындықтар, құм сағаты.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының басқарымдық әрекеттері

Баланың іс-әрекеті

I кезең - мотивациялық-

қозғаушы

Балалар залға өтеді, оларды нұсқаушы қарсы алады, қолында хат.

-Балалар,сендерге Білгішбектен хат келіпті. Ол сендерді өзінің «қызықты математика әлеміне» қонаққа шақырады. Егер сендер келіссеңдер,онда жолға шығыңдар дейді,бірақ жол оңай болмайды. Білгішбек математиканы өте жақсы көреді, сондықтанда жолда сендерге математикалық тапсырмаларды дайындап қойыпты. Ол тапсырмалар осы хаттың ішінде,орындасаңдар Білгішбекке жетесіңдер.

Балалар нұсқаушымен амандасып, оны мұқият тыңдайды.






«Иа»-деп жауап береді.

II кезең –ұйымдасты-рушылық- ізденушілік

Нұсқаушы хаттың ішінен бірінші тапсырманы алып шығып, оқиды.

1-тапсырма: Сан реті, сандар, кері, дөңгелек, диоганаль – математикалық ұғымдарын қолдана отырып денелеріңді шынықтырыңдар.

Нұсқаушы:

-Балалар, мен денемізді қалай шынықтыру керектігін білемін.

I. Кіріспе бөлімі:

Нұсқаушы белгі береді: Сап бойымен түзел! (балалардың арқасын түзу және дұрыс ұстауларын тексереді). Түзел! Тік тұр!

-1,2 – санал! Екінші нөмірлер – бір қадам алға бас! Екі саптың екуі де оңға бұрыл! Бастаушының соңынан залды айнала алға бас!

Жүрудің түрлері:

I сап – б.қ. қолымызды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүреміз.

II сап – б.қ. қолымызды белімізге қойып, табанның өкшесімен жүреміз.

I сап – б.қ. қолымызды белімізге қойып, табанның өкшесімен жүреміз.

II сап – б.қ. қолымызды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүреміз.

I сап – б.қ. қолымызды жан-жаққа созып,табанның сыртқы қырымен жүреміз.

II сап – б.қ. қолымызды артқа жіберіп, тізені жартылай бүгіп, құстар сияқты жүреміз.

I сап – б.қ. қолымызды артқа жіберіп, тізені жартылай бүгіп, құстар сияқты жүреміз.

I I сап – б.қ. қолымызды жан-жаққа созып,табанның сыртқы қырымен жүреміз.

I сап – б.қ.арқамен алға қарап жүру.

I I сап – б.қ. жай жүру.

I сап – б.қ. жай жүру.

I I сап – б.қ. арқамен алға қарап жүру.

Жүгірудің түрлері:

1.Қолымызды алға қойып тізені жоғары көтеріп жүгіру;

2. Қолымызды артқа қойып аяқты сілтеп жүгіру, өкшені алақанға тигізу;

3. Қуыршақтар. Тізені бүкпей, аяқтың ұшын шығарып, аяқты алға лақтырып жүгіру;

4. Кері жүгіру;

5. Жыланша жүгіру;

Диоганаль бойымен жүріп дем алу жаттығуларын жасау.

Нұсқаушы: Жарайсыңдар балалар! Сендер бойларыңды жаздыңдар, математикалық ұғымдар қолданылған тапсырмалардың бәрін дұрыс орындадыңдар. Білгішбек бізге тағы қандай тапсырма дайындап қойды екен? Нұсқаушы хаттың ішінен келесі тапсырманы алып оқиды.

2-тапсырма:ЖДЖ-ды математикалық тапсырмалар мен карточкалық сызбалар арқылы орындау.

II. Негізгі бөлімі:

Нұсқаушы: Жаттығуларды дұрыс және әдемі орындау үшін сендерге карточкалық-сызбалар көмек болады. Мен сендерге жаттығудың атын атаймын, сендер сызбаға қарап менің берген белгім бойынша бастапқы қалыпқа тұрасыңдар. Кез-келген баланы тоқтатып, санаудың кезегін беремін, жалғастырып санайсыңдар.


  1. «Күннің көзі» - б.қ. аяқ алшақ. Басты оңға, солға айналдыру 3 р.;


  1. «Айналулар» - б.қ. аяқ алшақ, қол иықта. Қолды артқа, алға айналдыру 8р.алға, 8р. Артқа




  1. «Бұрылулар» - б.қ. аяқ алшақ, қол иықта. Оңға, солға бұрылу 8р.


  1. «Еңкею» - б.қ. аяқ иықтың арақашықтығында, қол белде. Қол белде,алға еңкею. Қол тізеде,алға еңкею. Алға еңкею,қолды аяқтың ұшына тигізу.



  1. «Кран» - б.қ. жерге отыру,қол артта, аяқты жинап,жоғары көтеру 6 р.


  1. «Арқаңды майыстыр» - б.қ. жерде жатып, қол төстің астында. Аяқты түзу ұста, басты және арқаны майыстырып төбеге қарау 6 р.



  1. «Серпінді» - бір орында секіру 2 х 16р.


Нұсқаушы: Жарайсыңдар! Жаттығуды сапалы және әдемі орындадыңдар. Енді жаттығуды әрі қарай жалғастырамыз. Қазір келесі тапсырманы анықтаймыз.

(нұсқаушы хаттан үшінші тапсырманы алып шығып оқиды).

3-тапсырма:Жаттығулар бекетіндегі тапсырманы орындау.

Нұсқаушы: Әр тапсырманы орындауға 1 минут уақыт беріледі. Әр бекеттің басында құм сағаты бар, бұл сағат сендерге тапсырманың орындалу уақытының ұзақтығын анықтауға көмектеседі. Бір минуттың ішінде тапсырманы неше рет орындағандарыңды санап, маған айтыңдар.

-Жаттығу бекеттеріне таралыңдар!

Айналым жаттығуы:


1 бекет: кедергінің астынан оң және сол жақ қырмен жүру




2 бекет: әр түрлі көлемді құрсаулардың ішіне секіру





3 бекет:кішірейтілген көлем алаңымен, допты жоғары көтеріп жүру







4 бекет: гимнастикалық орындық үстіне, қолды тіреп, орындыққа аяқты көтеріп, түсіру.


Нұсқаушы: Жарайсыңдар, балалар! Сендер мұқият болдыңдар, барлық тапсырмаларды уақытпен орындадыңдар. Бірақ бұл барлық тапсырмалар емес, хаттың ішінде тағы тапсырма бар.

(нұсқаушы хаттың ішінен келесі тапсырманы алып оқиды).

3-тапсырма: Аз қимылды ойын «Тиындар».

(Табан бұлшық етін нығайту үшін арналған)

Ормандағы ағаш бүршіктерін теріп уйшіктерге жинау, әр үйшікте сандар белгіленген, әр бала өз үйшігінің санына байланысты бүршіктерді жинауы тиіс.

Нұсқаушы балаллардың тапсырманы дұрыс орындалғанын тексереді. Ойын бірнеше рет қайталанады, орын ауыстырылады.

Нұсқаушы: тыңдаңдаршы балалар, бізге біреу келе жатқан сияқты...........

Екінші жақ есіктен Білгішбек кіреді, қолында математика кітабы және алмасы бар (қызыл доп)

Білгішбек: Сәлеметсіздерме, балалар. Сендер қандай ақылдысыңдар, өздерің сондай шапшаң, жылдам екенсіңдер. Барлық тапсырмаларды дұрыс орындап ақырында маған жеттіңдер, мен өте қуанып тұрмын, енді сендермен бірге ойын ойнаймын, жалғыз өзім ойнай – ойнай жалығып кеттім!

Қозғалмалы ойын: «Алма».

Ойнаушылар шеңбер құрып тұрады. Санамақты бастап қолдарындағы алманы (допты) бір-біріне береді, санамақ аяқталған соң алма (доп) қай баланың қолында қалады, сол бала ортаға шығып «Мен алманы ұстадым, ойынды да бастаймын» - деген сөздермен қолындағы доппен балаларды атып ойыннан шығарады, ал қалған балалар жан – жаққа қашады.

Білгішбек: Рахмет сендерге балалар, мен сендермен біраз достасып қалдым. Енді мен үйге барып сабақ оқуым керек, өйткені мен мектепте оқимын, сендерді келесі жылы енді мектепте күтемін. Сау болыңдар, балалар!

Балалар хаттың ішінен шыққан тапсырманы қызықтайды







Балалар сап бойымен тізіліп тұрады. нұсқаушының берген командасын орындайды. Екі қатарға бөлініп, екі сап құрап тұрады.

Жүрудің түрлерін орындайды




















Балалар жүгірудің түрлерін орындайды.






Дем алу жаттығуларын орындайды.







Балалар зал ортасынан үшке бөлініп, үш қатар құрып тұрады.


Екінші тапсырманы тыңдайды.

Математикалық тапсырмалар мен карточкалық сызбаларды қолдану арқылы жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.




























Үшінші тапсырманы тыңдайды.

Айналым бекеттеріне бөлінеді. Әр бекеттегі құм сағатын қызықтап берілген жаттығулардың орындалу ережелерін тыңдайды.
































Балалар ормандағы бүршіктерді тереді.









Білгішбекті қарсы алып, онымен амандасады.







Балалар ойынды қызыға ойнайды.






Білгішбекпен қоштасады.

III кезең-рефлексивті-түзеуші

Балалар бастаушының соңынан залды айнала жүріп дем – алу жаттығуларын жасауды ұсынады.

Залды айналып жүріп дем алу жаттығуларын жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:

  • Сандық мәнді қолдана отырып бір қатардан екі қатарға орын ауыстыруды;

  • Допты жоғары көтеріп кішірейтілген көлем алаңында тепе-теңдікті сақтап жүруді;

  • Кедергінің астынан оң және сол жақ қырмен жүруді;

  • Әр түрлі пішінді құрсаулардың ішіне жігерлене алға секіруді;


Түсінеді:

  • Айналым жаттығуы не екендігін;

  • Жаттығудың орындалу техникасын;

  • Қозғалмалы ойынның ережесін;

Қолданады:

  • Сандық мәнді қолдана отырып бір қатардан екі қатарға орын ауыстыра алу қаблетін;

  • Белгі бойынша қимылды екінші қимылмен алмастыруды;

  • Уақытты тиімді қолдана алады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!