СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Интеллектуальная игра по роману «Путь Абая»

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім алушылардың бойында оқырмандықмəдениетті қалыптастырып, қазақ

əдебиетінің классикалық шығармаларына бойлап, рухани

байлығынмолайтуға əр оқытушы өз бетіеше əзденіс жасайды. Бүгін мен өз

тəжірибеммен бөліскелі отырмын. Интелектуалды ойын немесе зияткерлік

–адамның өз бойына жинаған мол білімнің арқасында жүзеге асады. Сол

арқылы ұстыс тігіп, өз материалдық жағдайыңызды арттыруға болады. Бұл-

шығарманы оқуға қызықтырудың бір жолы.

Просмотр содержимого документа
«Интеллектуальная игра по роману «Путь Абая»»

«Абай жолы» романы бойынша интелектуалды ойыны

Жаркеева Сауле Жадигеровна

Замдиректора по методической работе

СОШ № 19, г. Уральск, ЗКО


Білім алушылардың бойында оқырмандықмəдениетті қалыптастырып, қазақ

əдебиетінің классикалық шығармаларына бойлап, рухани

байлығынмолайтуға əр оқытушы өз бетіеше əзденіс жасайды. Бүгін мен өз

тəжірибеммен бөліскелі отырмын. Интелектуалды ойын немесе зияткерлік

–адамның өз бойына жинаған мол білімнің арқасында жүзеге асады. Сол

арқылы ұстыс тігіп, өз материалдық жағдайыңызды арттыруға болады. Бұл-

шығарманы оқуға қызықтырудың бір жолы.

1 – жүргізуші.

Құрметті ұстаздар, студенттер, «Абай жолы» романы бойынша

интелектуалды ойынына қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші.

2017 жылы қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Əуезовтің туғанына 120

жыл толса, жазушыны əлемге əйгілі еткен туындысы «Абай жолы»

эпопеясының жазылғанына 75 жыл толды. Қазақ тұрмысын осыншалық дəл

көрсеткен əрі Абайдай ұлт мақтанышын идеалдық тұлғаға айналдырып,

дүниежүзіне танытқан Əуезовке кезінде замандас жазушыларының

арасынан «өз ұлтым жайлы неге мен де осылай жазбадым?» деп қызыға əрі

қызғана қарағандар көп еді.

1 – жүргізуші.

«Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ

боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр

ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры,

қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші

жартысындағы жəне осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның

көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын...

бəр-бəрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде

ұлттың əдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай

жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, əдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы

сайрап білініп тұр.

2 – жүргізуші.

«Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде»,

«Қияда» деген - əр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты

етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе

жатқан Абайды көресің. Бұл - үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы.

Сонымен бірге бұл - Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды

төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан

ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады» - дейді сөз

зергері Ғабит Мүсірепов.

1 – жүргізуші.

«Абай – жолы» роман – эпопеясы туралы 15 дерекке назар аударайық.

2 – жүргізуші.

Бүгінгі интелектуалды ойынға «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығы

студенттерінен 5 топ қатысып отыр. Олар қазақ халқын əлемге танытқан

əйгілі шығарма «Абай жолы» романы бойынша өз білімдерін ортаға салмақ.

1пҚМҚ- қызыл, 2пҚМҚ-сары, 3пҚМҚ-алқызыл, 3аҚМҚ- жасыл,3сҚМҚ- көк

түспен ерекшеленбек.

1 – жүргізуші.

«Өнер – өзі де мал, өнерді үйренбек – ихсан яғни еңбек» деп Абайдың өзі

айтқандай, еңбектене отырып білім алсақ оның игілігін де көреміз.

Интелектуалды ойында адамдар ақыл мен парасаты, білім мен білігінің

арқасында пайда табады.Сондықтан да қатысушыларға сəттілік тілей

отырып, ойын кезеңдерімен таныстырамыз.

1 –«Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің...»блиц турнир

2 – «Көп адам дүниеге бой алдырған...»

3 – «Абайды оқы, таңырқа...»

4 – «Талап қыл артық білуге...»деп аталатын кезеңдерден тұрады. Əр

кезеңдегі сұрақтарға дұрыс жауап берген топ 1 ақылдан алып, кезең

соңында ең аз ақыл жинаған топ ойыннан шығып отырады. Ойын

талаптары қатысушыларға түсінікті болса, 1-кезеңді бастаймыз.

2-жүргізуші:

1 – –«Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің...» блиц турнирде сұрақ

оқылысымен тез жауап беру керек. Ол үшін жауап белгісін көтереді.

Сұрақтар:

1. «Абай жолы» роман –эпопеясы қаңдай жолдармен басталады ?

2. Жас Абайға ерекше əсер еткен елдегі оқиға?

3. Ырғызбай руы абысынды келіндерінің Құнанбай үйлеріне қатысты

орындалатын салты?

4. Құнанбайды Тобықтының атқа мінерлері кім деп айтайды?

5. Абай мен Əйгерімді табыстырған не нəрсе?

6. «Кенжем» қай инабатты жеңгенің жақсы көретін қайнысына қойған

аты?

7. Мекке сапарында қанша жол жүрді?

8. Құнанбай Қарқаралыда ел үшін қандай игілікті іс атқарды?

9. Абайға əкесі Құнанбайдың сенім артып алғашқы тапсырған ісі?

10. Абайдың ақын достар?

1-жүргізуші:

«Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша мəліметтерге кезек берейік.

«Əуезов Абаймен кездесті ме?» бұл сұраққа жауап беру үшін ортаға

студенттер шығады.

2-жүргізуші: Романда 192 кейіпкер бейнеленген.Негізгі кейіпкер – халық

бейнесі.

2 – «Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.» деп ақынның өзі айтпақшы, оның

замандастары, тума-туысы кім болды? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.

(Романдағы кейіпкерлер бойынша берілген сұрақтарды жауап парағына

жазады)

Сұрақтар:

1. «Жалғыз көз шүңет емес, томпақша» Кім туралы?

2. Қонақтармен амандасып болған соң Ұлжан Абайға қарап: «Балам

əжең екеумізді қажай беруші ең, əңгіме жырдың дүкені жаңа келді»-деп

таныстырған ақындар?

3. Ақындар жырлаған жыр?

4. Ырғызбайдан тараған ______________ ауылды біріктіріп отырған

қара шаңырақ иесі кім?

5. «Біз білген бұл Арқаның қазағында осы сапарға ең алғаш қадам

қойып отырған осы кісі» Кім туралы?

6. Тобықты ішінен алыс Көкшетаудан келген сирек сый қонақ. Өзі

ақын, өзі əнші, сері.

7. Құнанбай күнгірт үнсіз сағаттарынан ықта-текте аз мəжіліске

тартатын адам – өз тұрғыласы қарт ________

8. Қырықтың ішіне жаңа кіріп, семіз тартып қалған сары-қызыл

бəйбіше кім?

9. Белгілі би Тіленшінің баласы арғы атасы Қазбек би, Абайдың

қайынатасы кім?

10. «Көп жылдардан бері айдауда, алыс қияда жүрсе де анық бір кəрі

шежіре қарт білгіштей» орыс революцонері кім?

11. Құнанбайдың қарашаңырағында, Ұлжан қолында қалған Абайдың

інісі?

12. «Үйге өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Құлақтағы əшекей

сырғасы, бастағы кəмшат бөркі, білек толған білезіктері – баршасы да бұл

өңірден Абай көрмеген бір сəн сияқты» Кім туралы?

13. «Бойы сымбатты сұңғақ биік, Аппақ маңдайына қара қасына

шұғылалы үлкен қой көзі сəл ғана қайшылықтай болса да жақсы жарасқан.»

кімнің бейнесі?

14. Романдағы негізгі оқиғалар қай бөлімдерде баяндалады?

Құнанбайдың қажылыққа аттануы

Оралбай-Керімбала оқиғасы

Қодар оқиғасы

Мұсақұл көтерілісі

Абайдың Əйгерімге үйленуі

1-жүргізуші:

«Əуезов Абай туралы деректерді қалай жинады?» осы туралы білу үшін ---

--------------

Келесі кезең «Абайды оқы, таңырқа...» деп аталады. Бейне сұрақтарға

кезек берейік.

2-жүргізуші

Бейне-сұрақтар: (Мұнда сұрақтарды өңіріміздегі белгілі адамдар қойды.)

1-cұрақ: «Бөжей мен Құнанбайдың арасындағы даудың тынымы қалай

болды?»

2-сұрақты «Бір Тобықты емес, тіпті бұл өңір, бұл атырапта талайдан

болмаған ас делінді. Осындай ұлы дүбірдің арасында сол асқа жақсы

қызмет еткендердің ішінен Абай аты ерекше аталады» Бұл қай ас?

3-сұрақты «Балалар бар ынтасымен жанын салып оқыды. Орыс молдасы

қызық болады екен ғой өзі. Сыздану, салмақтану жоқ. Баланы еліктіріп,

ойнатып оқытатын сияқты» кімнің сөзі?

4-сұрақ деректі фильмнен үзінді

1-жүргізуші:

«Абай жолындағы» тарихи шындық пен көркем шындық туралы

баяндайтын Таупен Ф. мен шақырамыз.

2-жүргізуші

«Талап қыл артық білуге...» кезеңіне де келіп жеттік. Нағыз артық білетін

немесе артық білуге талпынатын жастар қалды. Олар «Телғара» жəне

«Ақын аға» топтары. Осы кезеңге дейін жинаған ақылдарын есептейік.

1-жүргізуші:

«Телғара» тобының жинаған ақылдары –

«Ақын аға» тобының жинаған ақылдар –

2-жүргізуші:

Соңғы кезеңнің 1-сұрағына ұтыс тігейік. Дұрыс жауапқа ұтыс еселенеді. Ал,

сəттілік!

1-жүргізуші:

«Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.

1949 жылдың сəуірінде «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын

алады.«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» деп абайтанушы ғалым

Мекемтас Мырзахметұлы айтпақшы Əуезовтің «Абай жолы» классикалық

туындысы арқылы Абайды тану қазақ халқын танумен тең.

2-жүргізуші:

Абайды тану – өзіңді өзің тану болмақ. Бұл орайда Абай мұрасын зерттеу

мен ақынның көркем бейнесін сомдау да жəне Абайды қазаққа ғана емес,

əлемге танытуда да дара тұрған, сөз жоқ М.О.Əуезов екені баршамызға

аян. Олай болса, Əуезовті оқу арқылы Абайды таниық__


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!