СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ИНФОРМАТИКА П?НІНДЕ А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

ИНФОРМАТИКА П?НІНДЕ

А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ

ПАЙДАЛАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ

 

                                                                Адам байлы?ыны? е? тамашасы - білім.

                                                  Барлы?ы со?ан ?мтылады, біра? ол ?зі келмейді.

                                                                                          ?бу-р-Райхан ?л-Бируни

           ?азіргі заман талабы – о?ытуды? жа?а технологияларын ме?геру. О?ытуды? жа?а технологияларыны? бірі – а?паратты? технология. А?параттандыру технологиясыны? дамуы кезе?інде осы заман?а сай білімді ш?кірт т?рбиелеу м??алімні? басты міндеті болып табылады. ?о?амда?ы а?параттандыру процестеріні? ?ар?ынды дамуы жан-жа?ты, жа?а технологияны ме?герген жеке т?л?а ?алыптастыруды талап етеді.

        Жа?а а?паратты? технологияларды пайдалануды? тиімділігі:

- О?ушыны? ?з бетімен ж?мыс істеуі;

- Уа?ытын ?немдеуі;

- Білім-білік да?дыларын тест тапсырмалары ар?ылы тексеру;

- ?ашы?ты?тан білім алу м?мкіндігіні? туындауы;

- ?ажетті а?паратты жедел т?рде алу м?мкіндігі;

- Экономикалы? тиімділігі;

- ?арапайым к?збен к?ріп, ?олмен ?стап сезіну немесе ??ла?пен есту м?мкіндіктері болмайтын таби?атты? та??ажайып процестерімен ?рт?рлі т?жірибе н?тижелерін к?ріп, сезінуге м?мкіндік береді;

- О?ушыны? ой- ?рісін, д?ниетанымын ке?ейтуге де ы?палы зор.  [1]

      Біз ?зімізге мынадай с?ра?ты жиі ?оюымыз керек – мектепте не н?рсеге к?п к??іл б?леміз, ?андай ба?ытпен келеміз – о?ушы не біледі немесе ол ?з м?мкіндіктерін дамытуды ?алай ж?зеге асырып ж?р, ж?мыс істеуді? жа?а эвристикалы? т?сілдерін игеруде не істеп ж?р? Осы с?ра??а аны?, б?кпесіз жауап беру білім беруді? жа?а ??ндылы?тарыны? бізге ?аншалы?ты жа?ын екенін білуге к?мектеседі. Егер берер жауабымыз ойда?ыдай д?рыс болса, онда о?ыту процесіндегі б?рын?ы к?птеген м?селелерді ?айта ?арауымыз ?ажет.

    Т?мендегі кестеде мен жеке т?л?а?а ба?ыттал?ан о?ыту мен п?ндік негізге ба?ыттал?ан о?ыту т?рлерін салыстыру?а тырыстым:

П?нге ба?ыттал?ан о?ыту т?рі

Жеке т?л?а?а ба?ыттал?ан о?ыту т?рі

 

О?ыту ма?саты

О?у ма?саты ай?ын білінеді. Саба?ты? білімдік, т?рбиелік ж?не о?ыту ма?саттарыны? шекараларын на?ты б?луге болады. К?бінесе ма?сатты м??алім ?ояды.

О?ушыларды? білімі о?ыту, т?рбиелеу ж?не п?н ар?ылы (информатика) жетілдіруден т?рады. Формуласы: «Білім=о?ыту+т?рбиелеу+жетілдіру». М?селені ?ою барысында о?ушы ?зіні? алда?ы ?рекетіні? ма?сатын іштей ?абылдайды. О?ушы жа?а о?у міндетін ?алыптастыру?а, оны ?айта аны?тау?а, ?айшылы?тарын аны?тау?а ?атысады. М?нда м??алім–о?ушы ?шін білімні? ?айнар к?зі болып саналады.

 

О?ан ынталандыру

?рекетті сырттай ынталандыру пайдаланылады.

(«Сен істейсі?, міндеттісі?»)

?рекетті іштей ынталандыру?а с?йену («Ма?ан б?л керек, б??ан ?ол жеткізуге тиіспін»)

 

О?ан жету 

Педагог та?дайды. Саба? формуласы: «Игеру=Т?сіну+есте са?тау»

О?ушылармен бірге та?далады. Саба? формуласы: «Ме?геру=игеру+білімі?ді практикада ?олдану»

 

 Н?тижесі

Бастысы – білімді игеру де?гейі. О?ушы м?нда барлы?ына бірдей берілетін тапсырма орындайды да, н?тижесінде–д?рыс жауап?а, жа?сы ба?а?а жетуге тырысады. Ол ?з о?у ж?мысын талдамайды, н?тижеге жету т?сілімен де ?ызы?пайды, ?з психологиялы? жа?дайын да талдамайды, ?йткені оны ешкім с?рап жат?ан жо?.

Бастысы –о?у процесіндегі о?ушыны? жеке басында?ы о? ?згерістер. О?ушы ?з де?гейіне ?арай ??растырыл?ан тапсырмаларды амалдарды? жалпы т?сілдерін аны?тай отырып орындайды. Ол ?зі о?у ж?мысын, психологиялы? ?алпын ынтамен талдап, ?з плюстары мен минустарын ашы? к?рсетеді.

 

Ба?алау

Алын?ан н?тижені жалпы ?абылдан?ан ?лгілермен салыстыру.

?ол жеткен жеке жетістіктері эталонын пайдалану ар?ылы ?зін ?зі ба?алау.

    П?ндік материалда?ы негізгі идеялар мен принциптерді жекелеп ?арастыру ?шін, саба? ма?сатын ?ою кезінде мен осы та?ырыпты? т?пкі м?селелерін аны?тау?а тырыстым. К?бінесе м?ндай с?ра?тарды? «д?рыс» дайын жауаптары бола ?оймайды, ?йткені олар: о?ушыларды ?ызы?тыруы тиіс, ?арастырылатын материал?а шы?армашылы? к?з?араспен ?арауды талап етеді, ау?ымы ке? болады, п?ндер мен о?ылатын объектілер арасында?ы байланысты ?амтамасыз етеді. [2]

     Мысалы, «Дербес компьютерлер архитектурасы» (7сынып) та?ырыбын о?ы?анда, на?ты деректерге с?йенген, бір жауабы бар ?арапайым с?ра?ты былай ?ою?а болады: «ДК негізгі ??рыл?ыларын атап шы?ы?дар?», ал негізгі с?ра?: «Болаша? компьютері ?алай жасалады?» немесе «Paint графикалы? редакторы» (7сынып) та?ырыбын о?ы?анда, ?ойылатын жай с?ра?: «Графикалы? редактор аспаптарын айтып бері?дер», ал негізгі с?ра? мынадай болуы ы?тимал: «Суретші мен графикалы? редактор аспаптарыны? айырмашылы?ы неде?».   ?рбір м??алім ?з ж?мыс т?сілі мен формасын, ?з педагогикалы? технологиясын та?дай отырып, балаларды? білімін жетілдіру ба?ытында ж?мыс істеуі керек. Мен ?р т?рлі ?дістемелерді ?арап пайдаланып келемін, соларды? ішінен жеке т?л?а?а ба?ыттал?ан о?у т?ріне е? жа?ын т?р?ан зерттеу м?селелерін шешу (ЗМШ) технологиясы мен жобалар т?сілі деп санаймын.

ЗМШ технологиясы о?ушыларды? ойлау ?абілетін к?шейту мен ?р т?рлі салаларда к?рделі проблемаларды шешуге дайындал?ан шы?армашыл жастарды т?рбиелеу жа?ын ?арастырады. [2]

ЗМШ технологиясыны? педагогикалы? техникасы принциптері:

  1. Та?дауды? еркіндігі принципі. М?ны? ма?ызды бір шарты – та?дау ???ы?ы сол та?дау?а деген жауапкершілікпен ?атар т?руы керек.
  2. Ашы?ты? принципі. Тек білім беріп ?ана ?оймай, сол білімні? ?олданылу айма?ын да (шекараларын да) к?рсету керек. О?ушыны б?л п?н айма?ында шешілмейтін ашы? м?селелермен де таныстырып отыру керек.
  3. ?рекет ету принципі. «Ал?ан білімін пайдалана алмайтын о?ушы ішін д?мді заттармен толтыр?ан, біра? ж?зе алмайтын балы?ты еске салады» (Минц).
  4. Кері байланыс принципі. О?ыту процесін кері байланыс т?сілдеріні? жетілдірілген ж?йелері ар?ылы т?ра?ты т?рде ба?ылап отыру керек.
  5. Идеялды? принципі. О?ыту н?тижесін арттыру мен о?ан кететін шы?ынды азайту ма?сатында о?ушыларды? ?з м?мкіндіктерін, білімдерін, ?ызы?ушылы?ын барынша ке? т?рде пайдалану ?ажет.

     Іс т?жірибемде а?паратты? технологияны? барлы? м?мкіндіктерін пайдалана отырып, о?ушыларды? шы?армашылы? даралы?ын ?алыптастыру ?шін саба?та т?мендегі іс-шараларды? ?олдануды? ма?ызыны? зор екенін бай?адым.

  1. О?ушыны? дайынды? де?гейін, ынтасын ж?не ?абылдау жылдамды?ын ескеру ар?ылы жа?а материалдарды ме?геруге байланысты о?ытуды ?йымдастыру ж?не о?ыту процесіне жа?а а?паратты? технологияны? м?мкіндіктерін пайдалану.
  2. О?ытуды? жа?а ?дістері мен формаларын (проблемалы?, ?йымдастырушылы? іс-?рекетін, компьютерлік ойындар ж?не т.б.) саба?та жиі ?олдану.
  3. Проблемалы? зерттеу, аналитикалы? ж?не модельдеу ?дістерін ?олдану ар?ылы классикалы? ?дістерді жетілдіру.
  4. Жа?а а?паратты? технологияны, ??ралдарын (жа?а типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта ж?не мультимедия – технология) пайдалану ар?ылы о?у процесіні? материалды? – техникалы? базасын жетілдіру.

     «М??алім ?з тауарын ?ткізе алатын сатушы т?різді болуы тиіс, ол тауарын ?демілеп к?рсете білуі керек» Д.Пойа. Саба? беру дегеніміз – ?р т?рлі педагогикалы? т?сілдер жиыны, т?ра?ты шы?армашылы? ізденіс. [3] Информатика п?нін о?ытуды? бір ма?саты – о?ушыларды? шы?армашылды?, зерттеушілік ?асиеттерін ?алыптастыру болып табылады.

?ОЛДАНЫЛ?АН  ?ДЕБИЕТТЕР:

1. «Информатика ?аза?стан мектебінде» журналы №3(33), 2011

2. «Информатика негіздері» журналы №1, 2007

3. «Информатика» журналы №3(41), 2012

 

Просмотр содержимого документа
«ИНФОРМАТИКА П?НІНДЕ А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ»

Аты-жөні: Сарсенбаева Бақытгүл Алмазқызы

Қызметі: информатика пәнінің мұғалімі

Білімі: жоғары, информатика пәнінің мұғалімі

Санаты: І

Жұмыс орны: Астана қаласы, №57 орта мектеп





ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Адам байлығының ең тамашасы - білім.

Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді.

Әбу-р-Райхан әл-Бируни

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

- Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі;

- Уақытын үнемдеуі;

- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

- Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

- Экономикалық тиімділігі;

- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

- Оқушының ой- өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. [1]

Біз өзімізге мынадай сұрақты жиі қоюымыз керек – мектепте не нәрсеге көп көңіл бөлеміз, қандай бағытпен келеміз – оқушы не біледі немесе ол өз мүмкіндіктерін дамытуды қалай жүзеге асырып жүр, жұмыс істеудің жаңа эвристикалық тәсілдерін игеруде не істеп жүр? Осы сұраққа анық, бүкпесіз жауап беру білім берудің жаңа құндылықтарының бізге қаншалықты жақын екенін білуге көмектеседі. Егер берер жауабымыз ойдағыдай дұрыс болса, онда оқыту процесіндегі бұрынғы көптеген мәселелерді қайта қарауымыз қажет.

Төмендегі кестеде мен жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен пәндік негізге бағытталған оқыту түрлерін салыстыруға тырыстым:

Пәнге бағытталған оқыту түрі

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрі


Оқыту мақсаты

Оқу мақсаты айқын білінеді. Сабақтың білімдік, тәрбиелік және оқыту мақсаттарының шекараларын нақты бөлуге болады. Көбінесе мақсатты мұғалім қояды.

Оқушылардың білімі оқыту, тәрбиелеу және пән арқылы (информатика) жетілдіруден тұрады. Формуласы: «Білім=оқыту+тәрбиелеу+жетілдіру». Мәселені қою барысында оқушы өзінің алдағы әрекетінің мақсатын іштей қабылдайды. Оқушы жаңа оқу міндетін қалыптастыруға, оны қайта анықтауға, қайшылықтарын анықтауға қатысады. Мұнда мұғалім–оқушы үшін білімнің қайнар көзі болып саналады.


Оған ынталандыру

Әрекетті сырттай ынталандыру пайдаланылады.

(«Сен істейсің, міндеттісің»)

Әрекетті іштей ынталандыруға сүйену («Маған бұл керек, бұған қол жеткізуге тиіспін»)


Оған жету

Педагог таңдайды. Сабақ формуласы: «Игеру=Түсіну+есте сақтау»

Оқушылармен бірге таңдалады. Сабақ формуласы: «Меңгеру=игеру+біліміңді практикада қолдану»


Нәтижесі

Бастысы – білімді игеру деңгейі. Оқушы мұнда барлығына бірдей берілетін тапсырма орындайды да, нәтижесінде–дұрыс жауапқа, жақсы бағаға жетуге тырысады. Ол өз оқу жұмысын талдамайды, нәтижеге жету тәсілімен де қызықпайды, өз психологиялық жағдайын да талдамайды, өйткені оны ешкім сұрап жатқан жоқ.

Бастысы –оқу процесіндегі оқушының жеке басындағы оң өзгерістер. Оқушы өз деңгейіне қарай құрастырылған тапсырмаларды амалдардың жалпы тәсілдерін анықтай отырып орындайды. Ол өзі оқу жұмысын, психологиялық қалпын ынтамен талдап, өз плюстары мен минустарын ашық көрсетеді.


Бағалау

Алынған нәтижені жалпы қабылданған үлгілермен салыстыру.

Қол жеткен жеке жетістіктері эталонын пайдалану арқылы өзін өзі бағалау.

Пәндік материалдағы негізгі идеялар мен принциптерді жекелеп қарастыру үшін, сабақ мақсатын қою кезінде мен осы тақырыптың түпкі мәселелерін анықтауға тырыстым. Көбінесе мұндай сұрақтардың «дұрыс» дайын жауаптары бола қоймайды, өйткені олар: оқушыларды қызықтыруы тиіс, қарастырылатын материалға шығармашылық көзқараспен қарауды талап етеді, ауқымы кең болады, пәндер мен оқылатын объектілер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. [2]

Мысалы, «Дербес компьютерлер архитектурасы» (7сынып) тақырыбын оқығанда, нақты деректерге сүйенген, бір жауабы бар қарапайым сұрақты былай қоюға болады: «ДК негізгі құрылғыларын атап шығыңдар?», ал негізгі сұрақ: «Болашақ компьютері қалай жасалады?» немесе «Paint графикалық редакторы» (7сынып) тақырыбын оқығанда, қойылатын жай сұрақ: «Графикалық редактор аспаптарын айтып беріңдер», ал негізгі сұрақ мынадай болуы ықтимал: «Суретші мен графикалық редактор аспаптарының айырмашылығы неде?». Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Мен әр түрлі әдістемелерді қарап пайдаланып келемін, солардың ішінен жеке тұлғаға бағытталған оқу түріне ең жақын тұрған зерттеу мәселелерін шешу (ЗМШ) технологиясы мен жобалар тәсілі деп санаймын.

ЗМШ технологиясы оқушылардың ойлау қабілетін күшейту мен әр түрлі салаларда күрделі проблемаларды шешуге дайындалған шығармашыл жастарды тәрбиелеу жағын қарастырады. [2]

ЗМШ технологиясының педагогикалық техникасы принциптері:

  1. Таңдаудың еркіндігі принципі. Мұның маңызды бір шарты – таңдау құқығы сол таңдауға деген жауапкершілікпен қатар тұруы керек.

  2. Ашықтық принципі. Тек білім беріп қана қоймай, сол білімнің қолданылу аймағын да (шекараларын да) көрсету керек. Оқушыны бұл пән аймағында шешілмейтін ашық мәселелермен де таныстырып отыру керек.

  3. Әрекет ету принципі. «Алған білімін пайдалана алмайтын оқушы ішін дәмді заттармен толтырған, бірақ жүзе алмайтын балықты еске салады» (Минц).

  4. Кері байланыс принципі. Оқыту процесін кері байланыс тәсілдерінің жетілдірілген жүйелері арқылы тұрақты түрде бақылап отыру керек.

  5. Идеялдық принципі. Оқыту нәтижесін арттыру мен оған кететін шығынды азайту мақсатында оқушылардың өз мүмкіндіктерін, білімдерін, қызығушылығын барынша кең түрде пайдалану қажет.

Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.

  • Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.

  • Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін, компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.

  • Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

  • Жаңа ақпараттық технологияны, құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.

«Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек» Д.Пойа. Сабақ беру дегеніміз – әр түрлі педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс. [3] Информатика пәнін оқытудың бір мақсаты – оқушылардың шығармашылдық, зерттеушілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. «Информатика Қазақстан мектебінде» журналы №3(33), 2011

2. «Информатика негіздері» журналы №1, 2007

3. «Информатика» журналы №3(41), 2012



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!