СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Еңбекке баулу сәукеле жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

еңбекке баулу сабағынан қағаздан сәукеле жасау тақырыбына арналған сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Еңбекке баулу сәукеле жасау»

Бекітемін: Күні: 11.02.17 жыл

Еңбекке баулу

4-сынып


Сабақтың тақырыбы: Сәукеле жасау.
Сабақтың мақсаты:

1. Қағазбен жұмыс істеудің әдіс - тәсілімен таныстыру. Қағаздан аппликация арқылы сәукеле жасау. Желіммен жұмыс істеуге үйрету.
2. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Саусақ машықтарын дамыту.
3. Ұлттық сана сезімін қалыптастыру, ой - өрісін кеңейту, еңбексүйгіштікке баулу
Сабақтың түрі: алған білімді практикада қолдану сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, сәукеле, шаблондар, суреттер

Сабақтың барысы:


І.ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

Шаттық шеңбері:

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы таң!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы таң!

Біз ержүрек ұлдармыз!


Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Балалар сабақты қандай көңіл – күймен бастайық?
Happy or angry /смайликтерді көрсету/
- Жарайсыңдар, ендеше сабағымызды жақсы, қуанышты көңіл күймен бастайық!!!

  • Балалар, біздер қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз? /тәуелсіз/

  • Тәуелсіз дегенді қалай түсінесіңдер? /азат болу, еркін, өз бетімен, ешкімге бағынбай т.с.с/

  • Дұрыс, балалар, тәуелсіз болғанымыздың белгісі ретінде біріншіден, /саусақтарын санамалап тұрып көрсету/ біздің өз шекарамыздың болуы, екіншіден, Президентіміздің болуы, үшіншіден, Астанамыздың болуы, төртіншіден, рәміздеріміздің болуы, бесіншіден, Ата Заңымыздың болуы. Ал бес саусағымыз, ол біздің бес мелекетпен шектесетіндігімізді және ол мемлекеттермен жақсы қарым-қатынаста екендігімізді көрсетеді.

  • Ұлтымыз, тіліміз қандай? /қазақ/


«Әрбір ұлт – өзінің халқы үшін Ұлы Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде» (Ш.Айматов). 


  • Елімізде қаншадан астам ұлт өкілдер тұрады? /130-дан астам/

  • Міне, балалар, еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, ата-баба салтын, әдебиеті мен өнерін өзінің бар болмысымен сақтай отырып, оларды әлемдік өркениет өрісіне қарай өрістете отырып, мәңгілік ел болу идеясын ұсынды. «Мәңгілік Ел» идеясында Н.Ә.Назарбаев басты жеті құндылықты атап көрсетті: 

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екінші құндылық, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Алтыншы құндылығы бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы»

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткенді қайталау. Жалпы өткен сабақта сендермен бірге ұлттық киімдер, олардың түрлерімен танысқан болатынбыз. Ендеше есімізге түсірейікші, қазақтың ұлттық киімдеріне не жатады?

Топтастыру: Ұлттық киімдер /слайд көрсету/


Балалар, ал қазіргі уақытта ұлттық киімдерді қай кезде киеді?


ІV.МАҒЫНАНЫ ТАНУ

- Балалар Бүгінгі сабағымызға, мен сендерге арнап сыйлық әкелдім. Оның қандай сыйлық екенін білу үшін, бетіндегі тапсырманы орындайық, яғни берілген сөздерден мақал мәтел құра:
1. Еңбек ырыстың бұлағы

Еңбек бақыттың шырағы

2. Жалқаудың жаны тәтті
Еңбектің наны тәтті.
3. Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей


Бір-бірімізге қошемет көрсетіп, қол шапалақтайық! Жарайсыңдар! Молодцы! Wonderful!


«Мәңгілік Ел» идеясының тағы бір құндылығы – бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. «Адал еңбек еткен ғана бақытты болмақ» дейді біздің Президентіміз.

Ендеше бүгінгі сабақта сендермен осы ұлтымыздың бас киімінің бірі сәукеле жасауды үйренеміз. (қоржыннан сәукелені алып шығу)


Сәукеле деген не? /қыздардың ұлттық баскиімі/


Ұлттық әелдерге арналған бас киімдердің қандай түрлері болатынын білу үшін экранға назар аударайық!


Сәукеленің құрылысы – тәж, төбе, құлақбау, артқыбау.

Сәукеле туралы:

• Қалыңдыққа арналған кәделі бас киім.

• Биіктігі 70 см- ге дейін.

• Төбе жағына қарай жіңішкере береді.

• Киізден тігіліп, сыртқы қызыл барқытпен тысталады. Өн бойына алтын, күміс әшекейлер мен маржан моншақтар тағылады. Жиегіне бағалы аң терісінен жұрын салады.

• Сәукеленің өзі – «Көк төбені», үкісі – «Өмір ағашын» бейнелейді.

• Аса қымбат бас киім. Қалыңдықтың тектілігі осы сәукелесіне қарап бағаланған.

• Дәстүр бойынша сәукелені тек ұзатылған қызға кигізеді. Қалыңдықтың тек өзіне ғана тиеселі меншігі болғандықтан оны айырбастамайды, кие тұруға да бермейді. Әйел өмірден озып кетсе, сәукеле төркініне қайтарылады немесе балаларына ғана мұраға қалдырылады.

• Әдет бойынша оң жақтағы құда түспеген қызға сәукеле кигізбейді.

• Қыз ұзатылар кезде сәукелеге үкі мен кестелі желек қадайды. Желек беташардан кейін ғана ашылып, қалыңдыққа көрімдік береді.

• Жас түскен келін бір жылға дейін желек жамылып жүреді. Ойын, тойға барғанда сәукелесін киіп барады.


Сөздік жұмыс:
Қажетті құралдар:

Қайшы – scissors - ножницы
Қарындаш – pencil - карандаш
Қағаз – paper - қағаз
Желім – glue – желім

Мақта – cotton - вата

а) Желіммен жұмыс істеу ережесі. Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен байланыстыру, қосу үшін қажет

Естерінде болсын! /топпен оқыту/
1 )Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.
2) Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.
3) Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.

б) Еңбек қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.
1. Қайшыны бір - бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.
2. Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ болуын қадағалаңдар.

3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.

V.Практикалық бөлім: Сәукеле жасау. /жеке, жұптық жұмыс/


Сәукеленің негізгі бөлігі үшін

қызыл түсті қағазды таңдап ал.

Осы қағазға үлгі қалыпты пайдаланып,

сәукеленің негізгі бөлігін сыз және қи.

Мақтадан сәукеленің жиегін жаса. Оған желім жағып, сәукеленің негізгі бөлігінің төменгі жағына жапсыр. Сәукеленің екі шетін біріктіріп желімде.


Ақ қағаздан үкіге лайықтап, тіліктер қиып ал. Бұл тіліктерді қайшының ұшымен қатты тартсаң, иректеледі.

Дайындаған үкіңді сәукеленің төбесіне қада. Сөйтіп сәукелеміз дайын болады.

/Топ өз мүшелерін смайликтермен бағалайды/


VІ. ТОЛҒАНЫС
Ойын «yes» «no» Шарты сөйлем дұрыс болса «yes», қате болса «no» деп жауап береміз.
1. Сәукеле қазақтың ұлттық бас киімдерінің бірі.
2. Сәукелені ер балалар киген.
3. Ұл ағылшын тілінде a boy, ал қыз a girl.
4. Сәукеле түрлі ою - өрнектермен безендірген.
5. Сендерге сабақ ұнады ма?


VІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта нені жасап үйрендік?

«Киіз үйді» әсемдейік.


Молшылық пен сәттіліктің белгісі болып есептелген киіз үйдің үлгісі – ақ боз үй деп аталады. Бұндай үйлер негізінен ақ, боз киіздермен жабылатын болған.


Түсіндім – жасыл ою

Қиындықтар кездесті – сары ою

Түсінбедім – қызыл ою


VІІІ.Оқушыларды бағалау, мадақтау.


Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек. Н.Ә.Назарбаев.


«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі білімді, тәрбиелі жас ұрпақ мына сендердің қолдарыңызда. Қазақ халқы өзінің тарихи негізгі ұлттық құндылықтарын өзі де танып, өзгеге де танытып, ұлттық тілін құрметтеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайырлы қоғам бола алады. Бұл біздің кезекті құндылығымыз болып табылады. Әрине, қайда жүрсек те, жүрегіміз «Отаным, елім» деп соқса, алған бағытымыз – дұрыс. Ендеше Тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын! 



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!