СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Идеал газ. Идеал газ деп молекулалар арасында өзара әсерлесу күштері болмайтын, жеке молекулалар көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда өте аз және молекулалар арасындағы өзара соқтығысуы абсолют серпімді болатын газды айтады. Көптеген тәжірибелер бойынша қалыпты жағдайда (оттегі, гелий), яғни төменгі қысымда және жоғарғы температурада нақты газдар қасиеті идеал газ қасиетіне сәйкес келеді.

 

 

Идеал газ күйін сипаттайтын заңдар:

Просмотр содержимого документа
«Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары»

Пәні: физика

Сыныбы: 10

Күні: 5.04.2018 ж.

Сабақтың тақырыбы: Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары

Сабақтың мақсаты

Білімділік- Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары туралы мағлұмат беру

Дамытушылық- тақырып бойынша есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту

Тәрбиелік- оқушылардың тақырып бойынша оқып-үйренуге,есептер шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндірмелі,баяндау,тірек-сызбалар,есептер шығару

Сабақтың көрнекілігі: сурет,тірек-сызба,формулалар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу

Сынып тазалығын,сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру

Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексеру

II.Үй тапсырмасын сұрау

1.Температураның мағынасы қандай?

2.Ыстық және суық денелер несімен ерекшеленді?

3.Зат тығыздығы нөлге тең ашық ғарыштық кеңістікте термометр қандай температураны көрсетеді?

4.Жылулық тепе-теңдік күйде тұрған газдар үшін қандай шама бірдей болады?

5.Бір немесе бірнеше молекуланың температурасы туралы айтуға бола ма?

6.Газ молекулаларының ілгерімелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы мән температурасы арасында қандай байланыс бар?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Идеал газ. Идеал газ деп молекулалар арасында өзара әсерлесу күштері болмайтын, жеке молекулалар көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда өте аз және молекулалар арасындағы өзара соқтығысуы абсолют серпімді болатын газды айтады. Көптеген тәжірибелер бойынша қалыпты жағдайда (оттегі, гелий), яғни төменгі қысымда және жоғарғы температурада нақты газдар қасиеті идеал газ қасиетіне сәйкес келеді.



Идеал газ күйін сипаттайтын заңдар:

Бойль-Мариотт заңы: газдың берілген массасы үшін тұрақты температурада газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты болып қалады.

Тұрақты температура кезіндегі р-ның V-ға тәуелділік қисығы изотерма деп аталады.

Авогадро заңы:кез келген газдардың бірдей температурадағы және қысымдағы молі бірдей көлемде орналасады. Қалыпты жағдайда бұл көлем: м3/моль.

Зат мөлшері: затты құрайтын құрылымдық элементтердің (атомдардың, молекулалардың немесе иондардың) санымен анықталатын физикалық шама.

Авогадро тұрақтысы: NА=6,022*1032 моль-1. әртүрі заттардың бір молінде NА молекула бар.

Дальтон заңы: идеал газдардың қоспасының қысымы оған енетін газдардың парциаль қысымдарының қосындысына тең:

Газдың берілген тұрақты массадағы күйін сипаттайтын барлық р,V және T үш параметрін байланыстыратын теңдеуді идеал газ күйінің теңдеуі деп атайды.

Газдың бір молі үшін қысымның көлемге көбейтіндісінің абсолют температураға қатынасы барлық газдар үшін тұрақты шама, оны универсал газ тұрақтысы деп атап, R әрпімен белгілейді.

IV.Сабақты бекіту

22- жаттығу

V.Қорытынды

1. Идеал газ күйі теңдеулерінің мәні неде?

2.Бір моль үшін идеал газ күйінің теңдеуін жаз.

3.Кез келген масса үшін идеал газ күйінің теңдеуін жаз

4.Күй параметрлері деп нені түсінесіңдер?

5.Газ күйін қандай термодинамикалық параметрлер сипаттайды?

VI.Бағалау

VII.Үй тапсырмасы

Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!