СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Графикалық ақпараттты кодтау, кодтан шығару.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Графикалық ақпараттты кодтау, кодтан шығару сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Графикалық ақпараттты кодтау, кодтан шығару.»

Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпараттты кодтау, кодтан шығару.

Сабақтың мақсаты: Кодтау туралы жалпы түсінік. Сандық және мәтіндік ақпараттарды кодтауды және кодтан шығаруды үйрету.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру


Графикалық ақпараттты кодтау, кодтан шығару.


Кез келген оқушы қасындағы оқушымен ақпарат алмасу үшін табиғи тілді қолданады. Кейбір кәсіптік қызмет саласында табиғи тілмен қатар жасанды тіл де қолданылады, яғни жасанды тілді ойлап табады. М, ымдап түсіндіру, жолда жүру ережелерінің белгілері (3-сурет). Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсынуды кодтау деп атайды.

Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен (жолдармен) ұсынуға болады. Бір таңбалар жиынын екінші таңбалар жиынына көшіру ережесін код деп атайды.

Бір ақпаратты әр түрлі тәсілмен кодтауға болады. Аұпаратты кодтау (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталу (декодталу) процесімен тікелей байланысты.

Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жай екілік таңбалар деп те атайды. Ағылшын тіліндегі екілік таңбаны Binary digit сөзінен қысқартып, бит деп атайды. Бұдан кейін біз екілік белгінің бірін (0 немесе 1) бит деп атаймыз. Кодтау үшін 8 биттен, яғни 8 екілік таңбадан (8 нөлдер мен бірлерден) тұратын тіркестерді пайдалану туралы шешім қабылданып және оған байт деген атау берілген.

Бір байттың, яғни 8 нөлдер мен бірлердің көмегімен 256 символды кодтауға болады: 00000000, 00000001, 00000010, 00000011,.....11111111.

Міне енді, тек орыс тілінің алфавитін ғана емес, ағылшын, қазақ тілінің алфавитін, цифрларды, математикалық таңбаларды, арнайы графикалық таңбаларды (псевдографикалық) және т.б. кодтауға болады.

Символдарды кодтау комбинациясының жиынын кодтау кестесі деп атайды.

ASCII КОДЫ. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код- ASCII, американдық ақпарат алмасудың стандартты коды болып табылады, оның кодтау кестесі 6-суретте көрсетілген.

Кодтау кестесінің 16 жолы және 16 бағаны бар. Кестедегі символдың орны оның оналтылық коды арқылы анықталады.

Кесте екі бөлңктен тұрады: стандартты және баламалы.

Стандартты бөліктегі-бірінші 128 символ, 0-ден 127-ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы сиволдар.

Баламалы бөліктегі-екінші 128 символ, 128-ден 255-ке дейінгі кодтар, бұлар ұлттық алфавиттер әріптерін (орыс, қазақ, жапон, т.б.), псевдографиялық және кейбір арнайы символдарды орналастыруға арналған.

"ПАРТА" сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASCII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтарды табамыз: П-8F, А-80, Р-90, Т-92, А-80. Сонымен ПАРТА сөзі бұл кодта былай болады: 8F80909280. Енді бұл сөздің ASCII кодын екілік кодта ұсыну үшін сәйкестендіру кестесін қолданайық.

Мұнда:

8F-10001111, 80-10000000, 90-10010000, 92-10010010.

Бұларды тізбектеп жазсақ:

10001111 10000000 10010000 10010010 10000000 шығады.

Екілік код бойынша алғашқы мәтінді табуға болады. Мысалы, мына код бойынша:

010000110100111101001101010100000101010101000100010101010010 алғашқы мәтінді табу қажет.

Ол үшін солдан оңға қарай кодты төрт-төрттен тетрадаларға бөліп шығамыз:

0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000

0101 0101 0100 0100 0101 0101 0010

Сәйкестендіру кестесі бойынша әрбір тетраданы оның оналтылық ұсынылуымен ауыстырайық. Әр санды екіге бөліп және әр жұпты ASCII кестесіндегі символдар координаты ретінде қарастыра отырып, COMPUTER мәтінін табамыз.


ІV Бекіту: Графикалық ақпаратты кодтау дегеніміз не? Мысал келтіріндер..


V Қорытындылау. Оқушыларға: Бүгінгі сабақтан қандай мәліметтер алдыңдар?


VІ Үй тапсырмасы: Графикалық ақпараттты кодтау, кодтан шығару.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!