СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Глоссарий по педагогике

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Глоссарий по педагогике»

Педагогика пәні бойынша глоссарий

Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым.

Тәрбие – аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.

Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі.

Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.

Акселерация – биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация факторы елдің миграциялық өсуі жағдайы транспорт және байланыс қатынастарының дамуы, сонымен бірге радиотолқындардың және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі сияқты мәселелерді қамтиды.

Дидактика – гректің didaktikos деген сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынаны білдіреді.

Оқыту үрдісі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көзделген әрекет.

Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен анықталады.

Білім беру мазмұны – жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады.

Білім мазмұны – білімнің ғылымилығы, іскерліктің және дағдының жүйесі.

Технология – бұл қоғамдағы практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен объектінің өзара әрекеттесуімен туындайтын процес.

Оқыту технологиясы – оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымы және қамтамасыз етілуі.

Ұжым – қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы маңызды бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік бірлестігі.

Әдіс - білім беру, тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.

Принцип - іс-әрекеттегі негізгі, іргелі ой, жүріс-тұрыс ережесі. Ол жетекші ұғым ретінде қаралып, қандай да бір қағиданы қарастырып отырған құбылыста жинақтау және таратуды көрсетеді.

Баяндама - нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру, оқушылардың өз бетімен жұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Оқылатын материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналады.

Бейімделу - тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті. Тәрбиелену және оқу барысына байланысты қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіруі болып табылады.

Бейімділік - белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға оқушының бағыттылығы. Оқушының таңдамалы белсенділігімен, оның өз еңбегіне берілгенділігімен сипатталады. Еңбек, оқу, кез-келген шығармашылық іс-әрекетінің маңызды шарты ретінде қаралады.

Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі.

Білік – қандай да бір ережеге және нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.

Білім - адам ойындағы шындықты дұрыс бейнелеуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс әрекеті нәтижесінде пайда болады.

Білім беру - жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы.

Дағды - еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген дәлдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен қайталау нәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрекет.

Даму – адам ағзасындағы сандық және сапалық өзгерістердің процесі. Өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың түрі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кетуі дамуға байланысты. Кез келген даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды.

Оқу – білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс-әрекетінің түрі.

Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.

Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша оқытудың мазмұнын, оқушыларға берілген білім көлемін айқындайтын құжат. Оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаттары мен міндеттері, оқытуды ұйымдастырудың түрлерінің ерекшеліктері мен әдістемесі құрылады.

Таным-білім пәні дүние құбылыстарын оқып үйрету.

Меңгеру-таным,білімнің белсенді жағын анықтайды.

Дамыту-бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту яғни олардың ой-өрісін дамыту,өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.

Қарым-қатынас немесе коммуникация процесі кең, ауқымды ұғым, ол – саналы және санасыз байланыс, ол – мәліметті тасымалдау және қабылдау, ол – барлық жерде және үнемі байқалатын процесс.

Педагогикалық процесс- қоғамдық өмірде және еңбекте өзін- өзі дамытуға дайын әрбір оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және әлеуметтік тәжірибені меңгеруге бағытталған педагогтардың қатысуы мен басқаруы арқылы жүргізілетін оқушылармен біріккен қызметі.

Үйрету- талап етілген сапаны тез және жоғары деңгейде қалыптастыру қажет болған кезде ғана қолданылатын жиі орындалатын жаттығулар.

Қарама-қайшылық- конфликт кезінде тоғысқан қарама-қарсы бастамалар.

Оқу жоспары- бұл оқу жылының, тоқсандықтар мен демалыстардың ұзақтығын, берілген оқу орнында оқытылатын пәндердің тізбегін, оқыту жылдары бойынша пәндерді бөлуді, әрбір сыныптағы пәнді оқытудағы және бүкіл оқыту уақытындағы әрбір пән бойынша сағат сандарын әрбір пәнді оқытудың апталық сағат санын, практикумдардың, жиналыстардың және т.б. құрылысы мен ұзақтығын анықтайтын оқу орнының сертификаты.

Оқу бағдарламасы- әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиіс білімдердің, біліктер мен дағдылардың көлемінің мазмұнын анықтайтын құжат.

Оқу- тану,жаттығулар және меңгерілген тәжірибе негізінде тәртіп пен қызметтің жаңа формалары туындап, бұрын игерілгені өзгеріске ұшырайтын процесс.

Оқушылар ұжымы- жалпы әлеуметтік мақсатпен, әрекетпен, осы әрекетті ұйымдастырумен біріккен, жалпы сайлау органдары бар және бірлікпен, жалпы жауапкершілікпен, құқық пен міндеттер бойынша барлық мүшелерінің шартсыз теңдігінде өзара тәуелділікпен ерекшеленетін оқушылар тобы.

Қалыптасу- экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық және т.б. факторлардың әсерімен адамның әлеуметтік тұлға ретінде дамуы.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!