СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Гидросфера -құрамдас бөліктері

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Гидросфера- жердің су қабаты . Дүниежүзі мұхиты 4 бөліктен тұрады.Дүниежүзілік мұхиттың орташа тереңдігі-3700м

Просмотр содержимого документа
«Гидросфера -құрамдас бөліктері»

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Гидросфера

Сынып:7 «А» Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

7.3.3.1. Гидросфера және оның құрамдас бөліктерін анықтайды

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Гидросфера және оның құрамына кіретін бөліктерін ажыратады.

Көпшілік оқушылар: Судың қасиеттерін, табиғаттағы су айналымының түрлерін атайды, картадан гидросфераның құрамдас бөліктерін көрсетеді.

Кейбір оқушылар: Гидросфераның құрамдас бөліктерін картаға түсіреді. Судың табиғаттағы маңызын сипаттайды


Бағалау критерийі

Білу:Гидросфера ұғымын және құрамдас бөліктерін біледі.

Түсіну: Гидросфераның құрамдас бөліктерін картадан көрсете алады.

Қолдану: Гидросфераның құрамдас бөліктерін картаға түсіреді. Судың табиғаттағы маңызын сипаттайды


Тілдік мақсаттар

Оқылым: Мәтінді оқулықтан оқиды

Айтылым: Жұппен, топпен талдап, бір – біріне айтады, пікір алмасады, диалогка түседі.

Жазылым: Түйін сөздер мен терминдерді дәптерге жазады.

Пән бойынша сөздер мен терминдер: негізгі ұғымдарды меңгереді: гидросфера, судың қасиеті, су айналымы: кіші, үлкен , булану, жер үсті және жер асты сулары, конденсация, ағын.

Құндылықтарға баулу

  1. “Мәңгілік Ел” идеясын іске асыруда білім беру құндылықтарын, жауапкершілікті ынтымақтастықты қалыптастырады.

  2. Тапсырмаларды шығармашылықпен орындап, сыни тұрғыдан ойлайды.

  3. Судың тіршілік үшін маңызын атап, оны қорғау әр адамның парызы екенін түсінеді.

Пəнаралық байланыс

Биология – су барлық тірі ағзалардың тіршілік ортасы.

Химия – су еріткіш

Физика – судың қасиеті

Қазақ әдебиеті-эссе жазу


Алдыңғы білім

Жер қабықтары туралы біледі. Су туралы, мұхиттар, өзен , көлдер, жер асты сулары , мұздықтар туралы біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал тудыру.

  • Оқушылардың көңіл – күйлерін сұрау.

  • Тренинг. Ұнаған сөйлемге шапалақтан тұратын салют. Оқушылар ұнаған сөйлемдерге шапалақ ұрып, сабаққа деген көңіл – күйлерін көрсетеді.

  • Мен мектепте сабақтамын

  • Мен қазір сабақ оқи бастаймын

  • Мен барлаушы сияқты барлығын байқап отырамын

  • Менің есте сақтау қабілетім мықты

  • Мен сабақта зейінді боламын

  • Менің көңіл- күйім жақсы

  • Менің оқығым келеді

  • Мен жұмыс істеуге дайынмын

  • Топқа бөлінеді. Кемеге жазылған сөздер арқылы (мұхит, теңіз, көл )

  • Жұмбақ арқылы тақырыпты ашу

  • 1.Ұзын-ұзын ұз келеді,

  • Ұзын бойлы қыз келеді.

  • Қасы қалтырап,Көзі жалтырап.

  • 2.Жылт-жылт еткен,

  • Жырадан өткен.

Тамаша.

  • Бүгінгі тақырып не туралы екені сұралады.

  • Сабақтың тақырыбы таныстырылады. Сабақ мақсатын оқушылар қояды.

  • Күтілетін нәтиже: Гидросфера және оның құрамдас бөліктерін біледі.

























Сабақтың ортасы

30 минут

1 тапсырма

Ойлан, жұптас, талқыла ” әдісі

Мәтін бойынша тапсырмалар

1.Мәтінді оқып шығыңыздар

2.Терминдер мен түсініктерді белгілеңіздер

3.Жұпта, топта талдап, пікірлесіңіздер


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Мәтінмен жұмыс жасайды

Мәлімет алады.

Мәтінді талдап, пікір қоса алады.

Негізгі терминдерді атап бере алады

2 тапсырма


1 топқа. “Жүзім шоғы ” кластерін жасаңыздар.

Тақырыптың жүрегі болып табылатын сөз ''гидросфера'' таза беттің ортасына жазылады. Берілген тақырыпқа келетін сөздерді, фактілерді жан –жағына жазып, жаңа логикалық байланыстар жасаныздар.













Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Гидросферанаң құрамдас бөліктерін ажырата алады.


Кластер құрастырады.

Кластерді реттейді

Құрамдас бөліктерін атап бере алады.


Кластер құрастыра алады.

Кластерді реттей біледі


Қалыптаструшы бағалау – бас бармақ әдісі


2 топқа. ВЕНН диаграммасы

Үлкен су айналымы мен кіші су айналымын салыстыру












Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Үлкен,кіші су айналымын салыстырады

Су айналымындағы өзгерістерді салыстыра алады.


Қалыптастырушы бағалау – Көңіл – күй рефлекциясы (бұлт, күн, бұлттан шыққан күн)


3 топқа.Картамен жұмыс.

Кескін картаға гидросфераның құрамдас бөліктерін түсіріңіз, картадан көрсетіңіз.

Мұхиттарды, Жерорта теңізі, Қызыл теңіз, Каспий теңізі, Байкал көлі, Ніл , Амазонка, Ертіс, Миссисипи өзендері.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Білімдерін карта бойынша қолданады

Картаға гидросфераның құрамдас бөліктерін түсіре алады, картадан көрсете біледі.

Қалыптастырушы бағалау - Бағдаршам арқылы.

Қызыл – дұрыс түсіре алмады.

Сары – жартылай орындады.

Жасыл – бәрін дұрыс түсірді.


3 тапсырма

Барлық сыныпқа оқулықтағы табиғаттағы су айналымын 38 – суретті пайдаланып, “Бір тамшы судың саяхаты” туралы шағын эссе жазыңыз.


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сурет бойынша су айналымының маңызын сипаттайды.

Сурет бойынша сипаттай алады.

Су айналымының табиғаттағы маңызын анықтай алады.


Қалыптастырушы бағалау – смайликтер арқылы.


4 тапсырма

Топтық жұмыс.

Берілген түйін сөздерге сұрақтарды жазбаша түрде құрап, мұғалімге беріңіздер. Түйін сөздер : гидросфера, судың қасиеті, су айналымы , мұхит, жер асты ағыны, конденсация, 96,5%; 0,01 %; 87%



Бумеранг ” әдісі арқылы мұғалім ол сұрақтарды оқушылардың өздеріне жауап беруін ұсынады.


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Түйін сөздерге сұрақтар құрайды.


Сұрақтарға жауап береді .


Сұрақтарды дұрыс қояды.

Берілген түйін сөздердің барлығына құрай алады.


Сұрақтарға дұрыс жауап бере алады.

Сұрақты ұғынықты,нақты қоя алады.


Қалыптаструшы бағалау – қол шапалақтау арқылы.

3 рет – жақсы

2 рет- орташа

1 рет – төмен






Оқулық














Оқулық

Флипчарт

Маркер



























Оқулық

А3 қағазы

Маркер















Кескін, атлас карталар























Оқулық интербелсенді тақта





























































Сабақтың соңы

9 минут




Оқушылардың орындаған тапсырмалары бойынша қай жерден қателескенін талдайды?

Өз жұмыстарын бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Тақтадағы “Өзендегі көпір” суретіне стикерлерге атын жазып, көпірдің қай жерінде тұрғанын анықтап, жапсырады.


Сабақтың мақсатына жеттік пе?

Үйге тапсырма беру: §24


Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілеті жоғары: Қабілеті жоғары оқушыларға жеке ақпарат көздері арқылы қосымша мәліметтер арқылы тіршілік және су бір – бірімен тығыз байланысқанын дәлелдеп келуді ұсыну.

Қабілеті орташа: Қабілеті орташа оқушыларға Қазақстан қандай су ресурстарына бай екенін біліп келуді беруге болады.


Өз ойларын жеткізе

білу және дәлелдер келтіре алу. Мәселені анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу. Ұсыныс жасау

қабілетін ынталандыратын жағдайлар жасау.

Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары.

  • Сипаттама жасау

  • Қорытынды жасатады

  • Сызба түрінде ұсыну;

  • Ақпарат көздерімен жұмыс: терминдер, анықтамалар.


Сабақ жоспарын әзірлеу үшін биология, химия, физика пән мұғалімдерінің кеңесі қажет болды.

АКТ- арқылы оқушылар жұмыс жасайды

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану,

сабақтағы шаралар барысы

оқушылардың денсаулығы мен

қауіпсіздігіне қатер төндірмейді



































































Скачать

© 2017, 2381 14

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!