СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың аты

§48-49  Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік

Жалпы мақсаты

  • Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік тің күнделікті өмірде және  өндірістерде, есептер шығаруда  қолдана білуге  үйренеді.

Күтілетін нәтиже

  • Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік  жайлы мағлұмат алады
  • Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтіктің  күнделікті өмірде және  өндірістерде, есептер шығаруда   қолдана  білуге  үйренеді
  • Топта    бағалай алатын болады

 Негізгі  идеялар

Қыздырғанда газ атомдарының не молекулаларының  жылдамдығы артады. Соған сәйкес олардың кинетикалық энергиясы да артады. Осындай атомдар не молекулалар соқтығысқанда олардан электрондар үзіліп шығып, газда бос электр зарядтары – электрондар мен оң иондар түзіледі. Мұндай процесс газдың иондану деп аталады.

Электр тогы жоқ кезде газдағы электрондар мен иондар хаосты қозғалыс жасайды. Олар соқтығысқан жағдайда қайтадан бейтарап молекулалар түзілуі ықтимал. Осы процесті рекомбинация деп атайды.

Егер  иондалған газда электр өрісін тудырса, онда  иондар мен электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда болады.

Газдардағы электр  тогы дегеніміз –электрондар мен оң және теріс  зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы болып табылады.

Егер иондалған газда электр өрісінің кернеулігін артырса, онда электр өрісінен екпін алған электрондар бейтарап молекулалармен соқтығысып, электрондарды жұла, оларды бейтараптайды. Ал, олар өз кезегінде электр өрісінен екпін ала газдың басқа молекулаларының иондалуын тудырады. Электрондар мен иондар санының тасқын тәріздес артуы байқалады. Газдың осындай иондалуы екпінді иондалу деп аталады. Екпінді иондалу нәтижесінде тізбектегі  ток күрт өседі.

Егер иондалған газда екпінді иондану есебінен еркін электрондар мнн иондардың саны күрт өссе, онда мұндай газ плазма деп аталады.

Тапсырмалар

 

Топтық  жұмыс

Топтық     жұмыс 

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»   

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу
  2. Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу
  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3,4 сандары  арқылы  4 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

  1. Электролиз  жайлы не білесіңдер?
  2. Электролит жайлы не білесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Газ арқылы  электр тогы өтеді деп ойлайсыздар ма?
  2. Вакуумде ше ?

ІҮ. Топтық жұмыс  (15 минут)   

         

          Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.                                                                                                                                                         

 

 

 

 

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу

 

 

 

 

2

Міндетін атқару

 

 

 

 

3

Топтық жұмысқа атсалысуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Топтық    жұмыс (суретпен жұмыс) (5 минут)

 

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1

Білу

Газдардағы электр тогы     дегеніміз не?

 

 

 2

Түсіну

Электронды сәулелік түтікшеге    мысал келтір?

 

 

3

Қолдану

Электронды сәулелік түтікшені не үшін қолданамыз  ?

 

 

 

4

Талдау

Газдағы және вакуумдегі  электр тогын   салыстыр?

 

 

5

Жинақтау

График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңыз?

    I,A 

      10

 

 

               200   U,B

 

 

6

Бағалау

Газдағы және вакуумдегі электр тогын  білудің маңызы қаншалықты?

 

 

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.         

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар  

№245

Кейінгі оқу

§48-49  Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!