СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғұндардың тарихы Қытай жазбаларында бірқатар тарихшы ғалымдардың айтқан пікірлерінен мағлұмат беру, Ғұндардың 120 мың түтіні мен 600 мың адамы бар.

Просмотр содержимого документа
«Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы»

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы. Күні: 19.03.16ж

Сабақтың тақырыбы: § Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы.

Сабақтың мақсаты: 1. Ғұндардың тарихы қытай жазбаларында бірқатар тарихшы ғалымдардың айтқан пікірлерінен мағлұмат беру.

2. Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

3.Қаңлылар туралы жазба деректерден мәлімет бере отырып, білім деңгейін жетілдіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап, ауызша баяндау, термин сөздермен жұмыс. Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

120 мың- түтіні немесе 600 мың адамы, 120 мыңға дейін-жауынгері болған. Б.з.б 46-36 жылдары- қаңлылардың Қытаймен соғысқан ғұндарға көмектескенін ғалымдар анықтап отыр. Б.з.б III-V ғасырларда -Қаңлылар өмір сүргенін ғалымдар анықтап отыр. Қауыншы мәдениеті-Ташкент төңерегіндегі жазиралы аймақта тараған, оларда тоқыма мен жіп иіру ісі дамыған. Отырар-Қаратау – Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған. Үйлері шикі кірпіштен тұрғызылған. Жетіасар мәдениеті-Сырдарияның төменгі ағысында Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр. Жетіасар 20 қаладан құралған кешен. Ең үлкен қаласы – Алтынасар. Көк-Мардан-Арыс өзенінің сол жақ жағалауындағы 100 шаршы шақырымдай аумақта үлкендігі әртүрлі жиырма шақты төбені ең ірісі. Ол қала орталығы болған. Пұшық-Мардан- қаласы маңындағы Қостөбе қоныстары зерттелген. Мардан-Күйік- қорымынан шыққан мөрлердің бетіндегі суреттер әртүрлі. Біреуінде шаян, екіншісінде тұлымы бар сақалды ер кісі, үшіншісінде қасқыр, енді бірінде өсіп тұрған ағаш бейнеленген. Мұндай мөрлер Отырар аймағына Ираннан әкелінген. Жаңа сабақтың жоспары: 1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы. Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. 2. Ғұн жорықтарының маңызы. Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген. Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттилда туралы еңбектер 6 ғсырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, францтуз, және итальян тілінде бірнеше туындылар шықты. Италияның атақты компазиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Аттила бейнесі біздің халықтың есінде де сақталған. Халық оны «Еділ» деп атайды. Волга өзені де қазақша «Еділ» аталады. 3. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы. 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оғның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды». Көптеген халықтың жадында ғұндардың ұлы билеушісі Аттиланың бейнесі сақталып қалған. Италияның атақты композиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазған. Ал Аттиланың бір замандасы былай деп жазыпты: «Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әртүрлі елдерінен келген елдерді қабылдады, ал кешке бізбен бірге тамақ ішті. Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал Аттила ағаш ыдыстан тамақ ішті». Елдің ерлігі, қаһармандығы, ақылдылығы, алғырлығы туралы аңыз әңгімелер оның көзі тірісінде –ақ елден-елге кең тарап кеткен.

Сабақты бекіту: 1. Ғұндаодың орналасқан аймақтарын картадан көрсет. 2. Ғұндардың көрші тайпаларымен болған жағдайды баяндап бер. 3. Белгілі шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилевтың айтуына қарағанда көрші тайпалармен болған қақтығыс қай уақыт аралығын қамтиды? 4. Ғұндар кезеңі б.з.б қаншасыншы ғасыр аралығын қамтиды: 5. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады? 6. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле. 7. Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде 8. Ғұн қоғамында кімдер билік етті? 9. Ғұндардың шаруашылығы туралы айтып бер. 10. Ғұндардың билеушісі қалай билік жүргізген? 11. Ғұндардың мәдениеті жөнінде әңгіме құрастыр

Бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. Үлгерімі төмен оқушылармен өзіндік жұмыс жүргізу.

Үйге тапсырма: §16. Қосымшатапсырма кесте толтыру. Мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап беру, сөзжұмбақты шешу.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!