СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?арыш ж?не жарты ?асыр ма?аласы

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

?арыш ж?не жарты ?асыр

       ХХ ?асыр – ?ылыми-техникалы? т??керіс ?асыры деп атал?ан болатын. ?ткен д?уірлерге ?ара?анда б?л ?асырды? ?зіне т?н екі ерекшелігі бар. Біріншіден, ?ылым мен техника ?лкен ?ар?ынмен дамуы. Екіншіден, ашыл?ан ?ылыми жа?алы?тар адамзат игілігіне айналып, жедел т?рде ?нерк?сіп пен т?рмыс?а енгізілуі. Техниканы? ?арышты дамуына физиканы? ?ос?ан ?лесі орасан зор. Сонды?тан да техниканы? негізі – физика деген пікір берік ?алыптас?ан.  Б?рі ?алай басталды?

    1955 жылды? 12 а?панында КСРО-ны? Жо?ар?ы Ке?есі а?ылдаса келе, континенталды балистикалы? зымыранды сына?тан ?ткізуге бел буды. "Бай?о?ыр" ?арыш айла?ын ?аза?станда т?р?ызу туралы шешім ?абылдады. 1957 жылдан бері "Бай?о?ыр" ?лемдегі т???ыш ж?не к?лемді айла?  болып келеді.         1957 жылды? 4 ?азанында Ресей мемлекеті орбита?а ал?аш?ы жасанды жер серігін ?шырды (Спутник-1). Ол орбитада 1957 жылды? 4 ?азаны мен 1958 жылды? 4 ?а?тары аралы?ында, я?ни 92 к?н болды. Осы аралы?та Жерді 1400 рет айналып шы?у?а ?лгерді. ?рбір айналым?а 100 минуттай уа?ыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті.       ?арыш?а ?ш?ан е? ал?аш?ы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылды? 3 ?арашасында М?скеу уа?ытымен та??ы алты жарымда Ке?ес Ода?ыны? "Спутник-2" атты кемесімен ?арыш?а аттандырылды. Лайканы? жасы - 2-де, салма?ы - 6 келі бол?ан. Сол кездегі басылымдар оны? орбитада бір апта болып, ?алыпты т?рде тама?ын ішіп, ?йы?тап, ?ргенін жаз?ан болатын. Ал шын м?нінде Лайка ?шырыл?ан со?, 5-6 са?аттан со? ?ліп ?ал?ан. Кабинада?ы температура біртіндеп к?теріліп, а?ырында Лайканы? денесі ?ызып, ?ртеніп кетті.

     М?нан кейін, 1960 жылды? 20 тамызында Белка ж?не Стрелка атты иттер ?шты. Б?л екеуі ?арыштан жер бетіне аман-есен орал?ан е? ал?аш?ы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне орал?ан со?, аттары а?ыз?а айналып, сапардан еш?андай жаманды? к?рмей, бая?ыша ?мір с?ре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка д?ниеге алты дені сау к?шіктерді алып келді. Осы бір с?тті сапардан кейін мамандарда ны? сенім пайда болып, адамзат баласы ?арышты ба?ындыру?а дайынды??а кірісіп кетті.

        ?ылыми-техникалы? т??керіс ?асырыны? е?  елеулі жетістігі – адамзат физика мен техника жетістіктеріні? ар?асында ?арыш?а к?терілген болатын.    Осыдан 55 жыл б?рын?ы к?ктемні? керемет к?нінде, я?ни 1961 жылды? 12 с?уірінде та??ы са?ат 9-дан 7 минут ?ткенде Ке?ес Ода?ы ?аза? жеріндегі Бай?о?ыр ?арыш айла?ынан ?уе ке?істігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде ?лем тарихында?ы орбитаны бойлай ?ш?ан т???ыш ?арышкер, а?а лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин бол?ан еді. Жерден мы?да?ан ша?ырым алыс  ?ш?ан оны? сапары д?л сол кезе? ?шін рекордты? к?рсеткіш болды. Сапар 1 са?ат 48 минут?а (108 минут) созылды. «Восток» кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шы?ты да, са?ат 10-нан 55 минут ?ткенде, Саратов облысында?ы Смеловка ауылына жа?ын ма??а ?онды. Осы а?ыз?а айнал?ан сапары ?шін ?арышкер Ке?ес Ода?ы Батыры ата?ын алды. Оны? ерлігі б?кіл адамзат баласыны? сан мы?да?ан жылдар бой?ы арман-тілегін ж?зеге асырды. Осы о?и?адан кейін ?ылыми-техникалы? революция?а ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-райын ба?ылау, ба?дарлау секілді заманауи ?мірді? игіліктеріне жол ашылды.

       Осы са?аттан бастап, 12 с?уір Ке?ес Ода?ыны? Жо?ар?ы Ке?ес Т?рал?асыны? ?аулысымен мемлекеттік мереке - ?арышкерлер к?ні болып белгіленді. 1968 жылы ?арашада ?ткен Жалпы Халы?аралы? авиация федерациясыны? 61-конференциясыны? ?аулысына с?йкес, д?л осы к?нді Халы?аралы? авиация ж?не ?арышкерлер к?ні ретінде атап ?ту туралы шешім шы?арылды.

       ?арыш?а сам?а?ан бізді? отандастарымыз – То?тар  ?уб?кіров пен Тал?ат М?сабаевтарды? жолын 2015 жылы 2 ?ырк?йекте То?тар ?уб?кіровты? батасын ал?ан Айдын Айымбетов ?арыш?а к?теріліп, оларды? жолын ?уып, к?рделі техниканы бас?аруда ерлік пен біліктілік ?лгісін к?рсетті. ?арышкерлер к?ніне 55 жыл толуына байланысты №26 орта мектебінде 7-10 сыныптар аралы?ында «?арыш ж?не жарты ?асыр» атты сыныптан тыс іс-шара болып ?тті. Іс-шарада о?ушылар Ю.А.Гагарин мен ?аза? ?арышкерлеріні? ?міржолдарымен  жеткен жетістіктерінен м?ліметтер беріп, Ю.А.Гагарин мен Т.О.?уб?кіровты?   сапар?а ?алай дайындал?аны жайында  фильмдер ?арап,  Бай?о?ыр ?арыш айла?ы жайында м?ліметтермен танысып, Т.О.?уб?кіров пен А.А.Айымбетовты? бес ??састы?ын тал?ылады. Сонымен ?атар зымыранны?  сызбасын сызып, оны? ?рбір б?ліктерін, ?алай ?шу?а дайындайтынын  к?рермендерге  т?сіндіріп ?тті. Ел ма?танышы, т???ыш ?йел ?арышкеріміз Валентина Терешкова жайлы да о?ушылар м?лімет беріп ?тті. Осылайша ?аза?стан – ?арыш кіндігіне айнал?анын келген ?она?тар?а жеткізе білді. Іс-шара?а  Едрес Айн?р, Приходько Антон, Иванов Алексей, Пфафегут Вероника, Жетпісбай Зарема, Еркін Елхан, Токишева Айтол?ын, Розова Надежда, ?ожабек Зарина, Мандриченко Галина мен Чунихин Геннадий белсене атсалысып, ?з білімдерімен к?зге т?сті.

      Адам баласыны? Жер – анасыны? бауырынан ?зап шы?у, ?зінше ?адам жасай баста?аны ?шін ?аншама шы?ын, ?иынды? к?рді десе?ші. Бір ?ана мысал: сонау ?арыштан бар міндетін б?лжытпай орындап, ту?ан жерге ?он?алы келе жатып, ?ону?а 200 метр ?ал?анда, парашютті? бауы б?ралып кетіп, ашылмай ?алып, тамаша инженер – ?арышкер Владимир Комаров ?аза тапты. Ал Ай?а ая? басу б?кіл адамзат ?шін ?аншама ма?таныш болса, соншама ауыр шы?ын, ?ыруар ?аржылар кетеді екен. Алайда б?л кездейсо?  ?ай?ылы о?и?алар, к?тпеген апаттар адамны? ?арыш д?ниесіне ?мтылысын то?тата алмайды. Б?рімізді? армандарымыз ай?а ?шу бол?анымен о?ан да ?жеттілік, батырлы?, ерлік, адамгершілік ж?ректер керек екен. Келешек болаша? жастар ?олында.

?арышты? ке?істігін ба?ындыр?ан, ?ш ж?зден арты? онда т?улік бол?ан. Бір емес ?ш ?айтара сапар шеккен, Ерж?рек, батыр еді? а?а неткен?! Ел мерейін ?сірген ерлігімен, Сапар шегіп ?арыш?а Жер серігімен. Ту?ан жерге орал?ан ел батырын, ?мытпаймыз, ?осамыз ?нге атын.                         (?стаз шы?армашылы?ынан)

        Физика ж?не информатика м??алімі:

Жакупова А.О           

 

Просмотр содержимого документа
«?арыш ж?не жарты ?асыр ма?аласы»

Ғарыш және жарты ғасыр

ХХ ғасыр – ғылыми-техникалық төңкеріс ғасыры деп аталған болатын. Өткен дәуірлерге қарағанда бұл ғасырдың өзіне тән екі ерекшелігі бар. Біріншіден, ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамуы. Екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізілуі. Техниканың қарышты дамуына физиканың қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да техниканың негізі – физика деген пікір берік қалыптасқан. Бәрі қалай басталды?

1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды. "Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді.
1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник-1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға үлгерді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті.
Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді. Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып, адамзат баласы ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.

Ғылыми-техникалық төңкеріс ғасырының ең елеулі жетістігі – адамзат физика мен техника жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілген болатын. Осыдан 55 жыл бұрынғы көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылды. «Восток» кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10-нан 55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға қонды. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылды.

Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып белгіленді. 1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды.

Ғарышқа самғаған біздің отандастарымыз – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтардың жолын 2015 жылы 2 қыркүйекте Тоқтар Әубәкіровтың батасын алған Айдын Айымбетов ғарышқа көтеріліп, олардың жолын қуып, күрделі техниканы басқаруда ерлік пен біліктілік үлгісін көрсетті. Ғарышкерлер күніне 55 жыл толуына байланысты №26 орта мектебінде 7-10 сыныптар аралығында «Ғарыш және жарты ғасыр» атты сыныптан тыс іс-шара болып өтті. Іс-шарада оқушылар Ю.А.Гагарин мен қазақ ғарышкерлерінің өміржолдарымен жеткен жетістіктерінен мәліметтер беріп, Ю.А.Гагарин мен Т.О.Әубәкіровтың сапарға қалай дайындалғаны жайында фильмдер қарап, Байқоңыр ғарыш айлағы жайында мәліметтермен танысып, Т.О.Әубәкіров пен А.А.Айымбетовтың бес ұқсастығын талқылады. Сонымен қатар зымыранның сызбасын сызып, оның әрбір бөліктерін, қалай ұшуға дайындайтынын көрермендерге түсіндіріп өтті. Ел мақтанышы, тұңғыш әйел ғарышкеріміз Валентина Терешкова жайлы да оқушылар мәлімет беріп өтті. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналғанын келген қонақтарға жеткізе білді. Іс-шараға Едрес Айнұр, Приходько Антон, Иванов Алексей, Пфафегут Вероника, Жетпісбай Зарема, Еркін Елхан, Токишева Айтолқын, Розова Надежда, Қожабек Зарина, Мандриченко Галина мен Чунихин Геннадий белсене атсалысып, өз білімдерімен көзге түсті.

Адам баласының Жер – анасының бауырынан ұзап шығу, өзінше қадам жасай бастағаны үшін қаншама шығын, қиындық көрді десеңші. Бір ғана мысал: сонау ғарыштан бар міндетін бұлжытпай орындап, туған жерге қонғалы келе жатып, қонуға 200 метр қалғанда, парашюттің бауы бұралып кетіп, ашылмай қалып, тамаша инженер – ғарышкер Владимир Комаров қаза тапты. Ал Айға аяқ басу бүкіл адамзат үшін қаншама мақтаныш болса, соншама ауыр шығын, қыруар қаржылар кетеді екен. Алайда бұл кездейсоқ қайғылы оқиғалар, күтпеген апаттар адамның ғарыш дүниесіне ұмтылысын тоқтата алмайды. Бәріміздің армандарымыз айға ұшу болғанымен оған да өжеттілік, батырлық, ерлік, адамгершілік жүректер керек екен. Келешек болашақ жастар қолында.

Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ержүрек, батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз, қосамыз әнге атын.
(Ұстаз шығармашылығынан)

Физика және информатика мұғалімі:

Жакупова А.О






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!