СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Эссе. Психология - болашақтың мамандығы

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Психология - болашақтың мамандығы" тақырыбындағы шығармашылық эссе мектеп бітіруші түлектерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Просмотр содержимого документа
«Эссе. Психология - болашақтың мамандығы»

«Қызылдала» жалпы орта мектебінің педагог-психологы Орынбаева Айымгуль Турсыновна

Шығармашылық эссе. П С И Х О Л О Г И Я Б О Л А Ш А Қ Т Ы Ң М А М А Н Д Ы Ғ Ы

Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Психологтың жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, оқушылардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – пәк, бала – тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз! Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру. Психолог болу – бала кезімнен арманым еді. Баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Психологтың әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады. Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады. Педагогикалық әдеп - мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. ... Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?»- деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін», - деп жауап береді. Алдынан екінші арбаны сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол «Не істейін ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»,- дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» - деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әр түрлі... Міне, жақсы психолог пен жаман психолог, жақсы мұғаліммен мен нашар мұғалім, жақсы маман мен жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймын. Ол өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен...Әсіресе психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ- мектепке психолог болып, қалай болса солай қарым-қатынас жасауға мүлдем болмайды. Өз мамандығыңды сүйсең сен қайткен күнде де сол жұмысты сапалы, шығармашылықпен нәтижелі орындап, білмеген сауалдарға өзің ізденіп жауап табуға, талпынасың. Менің алдыма келген адамға қайткен күнде де қол ұшымды беріп, жақсылық жасауға тырысамын. Керісінше, қызметке кездейсоқ келген адамнан бойкүйез, терісі қалың негізгі мәселеге салғырт мансапқор шығады. Ұзақ тұрып әрең кезегің келе бергенде, «Үзіліс,екі сағаттан кейін кел »- деп есікті тұмсығыңның алдынан тарс еткізетіндер бар. Оларды кезекте бір – ақ адам қалғаны, оның қандай кісі екені, мұқтаждығы ойландырмайды. Осындайлар туралы «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын», - деп халық тауып айтқан. Психолог маманға мұндай қасиет мүлдем жараспайды. ХХІ ғасырдың психологы қандай болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ психолог күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да психологты әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Ұлтымыз біздің өзге ұлттардан ерекшеленіп тұратын қабілет- нені болса да оңай түсінетіндігінде, қабылдайтындығында. Әрине бұл жақсы қасиет, өркениетте көштен кейін қалып қоймауымызға үлкен мүмкіндік береді. Жаңа заман ұрпағының бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы Тұлғаның қабілетін қаншалықты ерте ашсаң, дамытсаң, нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде еврейлер өз адамы әдепсіз қылық жасап алса: «өзің сондай ақылды азаматсың, тегің таза, ұят іске қалай барғаныңды түсінбеймін», дейді екен. Ал біз: онбайсың, тегіңде де ештеңе жоқ, бар қазақ солай,- дейміз. Әдетте «Оңбайсыңнан» гөрі «Саған не болған?» деп сұрау дұрыс-ау деп ойлаймын. Жалпы мемлекет тарапынан психология мамандығына арнайы назар аударып, мектеп бағдарламасына енгізілгені, болашақ ұрпақтың келешегіне жасалған рухани байлық деп түсінемін. Неге? Себебі… Мектептегі негізгі пән мұғалімдері өзіне тиесілі 40 минутында өзінің сағатын оқушы санасына сіңдіріп, нәтиже алуға тырысып бағады. Әрине, менің ойыммен әріптестер келіспес, қазіргі таңда пән мұғалімдері әрі маман, әрі психолог болуды ұсынамын. Бірақ дегенмен оқушының ішкі жан дүниесінің есігін қағып, кіріп, үңіліп, сезіне білетін, оның ішкі сезімімен санаса білетін ол психолог-маман. Оған дәлел тәжірибе барысында әрбір оқушының ішкі жан дүниесіне үңіле білу керек. Ал, оған қалай үңілесіз? Қазіргі мынау ақпараттану заманы жаңа технология дамыған, интернет жүйесіне отырып, саусағынын ұшымен білімді игеру заманында ішкі жан-дүниесін танитын адамға айтып, содан ақыл-кеңес алған ұрпаққа сен өзіңді қалай тыңдатасың? Әрине, ол үшін сегіз қырлы бір сырлы, оқушы үшін өн бойыңда бір мін жоқ, оқушы қиялындағы идеал болу керек. Қалай идеал боласың? Киім киісің, жүрісің, сөйлеу мәнерің, тағы басқа қасиеттер бойыңнан табылуы тиіс. Қазіргі ұрпақ өзімен санасқаныңды қалап тұрады. Неге? Өйткені қазіргі көп балалы отбасының өзінде 3 немесе 4 баланы құрайды. Осыдан он жыл бұрынғыдай әр үйде он бала емес, ол заман келмеске кеткен. Қазіргі жанұядағы әр бала лидер үйінде, ол бала өз дегенін орындатады. Тіпті үйінде келеңсіз оқиғалар орын алса да ешкімге сездіргісі де келмейді, тіпті жаны қиналса да, сізден психолог екенсіз деп ешқашан көмек сұрамайды. Ал менің міндетім көмек беру, жан-дүниесіне үңілу,мбөлісу, дұрыс бағыт көрсету тұрғысында Ш.Құдайбердіұлының:
Тән сезіп құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой-хабар
Жаман,мжақсы әр істі сол тергемек- дей келе жан-жақты психологиялық бағытта еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жетілген тұлғамыз. Отанымызды даму көшінен қалдырмай өрге шығарар қажырлы қайраткерлер тәрбиелеу мектептен бастау алады. Әрбір оқушы жан дүниесі қанша жерден қиналып тұрса да сенің сұрағыңа ағынан жарыла жауап бермейді. Ол үшін алғашқы қадамды әрине мен өзім жасауым керек. Оқушының алдында мен психологпын маған бәрін айтуың керек деген пікірде болсаң қатты қателесесің. Барынша пікірлесу барысында ешқандай жасандылықсыз, шынайы тыңдаушы бола біліп, оқушының жан күйзелісіне салыстырмалы түрде өзіңнің басыңнан өткен деректерді мысалға келтіре отырып нәтижелі болғанын дәлелдей отырып пікірлессең, оқушы міндетті түрде өзіңмен сырласуы тиіс. «Менің ана құрбым психолог апайдың шешесі немесе туысы мен оған қалай сеніп айтамын, ертең сыныпқа жайып жіберсе не істеймін деген ой тұруы мүмкін. Өз тәжірибемде көптеген оқушылармен пікірлесу барысында, көзімнің жеткені – оқушы жүрегі асыл қазына сияқты, егерде қазынаға барар жолды дұрыс біліп, қазынаның кілтін аша білу үшін оқушы жүрегінің қалаулысы болуы керек!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!