СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ертегілердегі халық арманы" қысқа мерзімді жоспарлау. Рефлексивті есеп

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ертегілер еліне саяхат" қазіргі заманмен салыстыру

Просмотр содержимого документа
«"Ертегілердегі халық арманы" қысқа мерзімді жоспарлау. Рефлексивті есеп»

Қысқа мерзімді жоспарлау



Пән мұғалімі


Сатаева Е.Б.

Күні

Сынып

25.11

5-сынып, қазақ әдебиеті


Сабақтың тақырыбы

Ертегілердегі халық арманы

Сілтеме

Қазақ әдебиеті,5-сынып

Жалпы мақсаттар

Оқушылар халық ауыз әдебиеті, соның ішінде ертегілер туралы білімдерін еске түсіріп, толықтырады

Оқыту нәтижесі

Ынтымақтаса отырып, теориялық білімдерін практикамен ұштастырып үйренеді

Түйінді идеялар

Еркін өз ойын жеткізе алуға, бір-бірінің біліміне сын көзбен қарауға үйренеді


І Қызығушылығын ояту

Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп, тексеру.
Психологиялық дайындық:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Жүректерге армандарын жазып, сиқыршы сандықшасына салады





Білу

Топқа ертегі кейіпкерлерімен бөлінеді

Сиқыршы атайдың тапсырмаларын орындайды

Сұрақ-жауап



ІІ Мағынаны тану


Түсіну

Ертегідегі халық арманы қазіргі таңда, ХХІ ғ, іске асты ма?

Талдау

Алған білімдері бойынша тірек кесте құрады

Қолдану

«Кластерлерін» ортаға салып қорғайды


ІІІ Ой толғаныс


Жинақтау

Ертегілер өлеңі ойналады

Рефлексия

Білгенмін-Білдім-Білгім келеді


Бағалау

Қол шапалақтау, бағалау парақшасы, жұлдызшалар

Топ ішінде бағалау критерийлері бойынша бағаланады

Үйге тапсырма беру кезеңі

«Ертегілер елінде» эссе



қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатаева Е.Б. рефлексивті есебі

Әр сабақ амандасудан басталады. Мен оқушылармен және жиналған мұғалімдермен амандасып болған соң, оқушыларды алдыңғы сабақтарда танысқан ертегі кейіпкерлерімен бөлдім. Оқушылар топтасып болған соң, кейіпкерлерге мінездеме берді. Содан кейін сабақтың ертегіге байланысты болатынын айтты. Сол кезде ертегілердегі сиқырлау сәтінде шығатын әнді қойып қойдым. Бұл біздің сабағымызға қонаққа келген сиқыршы атай екен ол өз қоржынында бізге көп тапсырмалар әкеліпті дедім. Оқушылар тапсырмаларды орындап болған соң, сиқырлы атайдың қоржыңынан жүрекшелер шығардым әр бала берілген жүрекшеге өзінің арманын жазып,

мынандай өлең жолдарын оқыды:

Мынау- менің жүрегім,

Бәрі осынан басталған,

Мынау-менің басым

Басым менің ақылды

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым

бәрін осылар атқарған,-деп оқушылар сиқыршы атайдың тапсырмаларын орындап кетеді. Өткен материал мен бүгінгі өтілейін деп отырған жаңа сабақты байланыстыру мақсатында оқушылар сиқыршы атайдың қоржынындағы сұрақтарға жауап берді. Топара бір-бірінің жауаптарын қол шапалақтаумен анықтап отырды.

Сабақтың негізгі, мағынаны тану кезеңінде оқушылар Ертегідегі халық арманының бүгінгі таңда орындалуын постерге сызып, таныстырылым ретінде өз ойларын ортаға салды. Оқушылар өз пікірлерін білдірген соң, бір-бірінің постерлеріне критериалды бағалауды қолдана отырып баға берді.

Өздерінің пікірі мен сиқыршы атай жасап келген жауап пен өз жауаптарын салыстырды, қаншалықты дұрыс жауап бергендерін анықтады.

Постерлер қорғалып болған соң, Айгерім Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер әлемі» әніне сергіту сәтін өткіздім.

Сабақты қорытқан кезде оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «Б-Б-Б» кестесін стикерлерге жазып, жапсырды.

Сиқыршы атай да балаларға ризалығын білдіріп, өзінің жұлдызшаларын (бағалау) тастап кетеді.

Сабақтың сәтті жақтары оқушылардың ертегілерді теориялық жағынан жақсы меңгергені көрінді, оқушылар бір-бірінің жауабына сын көзбен қарай білді.

Сабақта болған кемшіліктер топтағы оқушылар топтасып жұмыс жасаудан гөрі өздігінен көп жұмыс атқарды.

Болашақта топ ережесін қайта құрғызып, оқушылардың ынтымақтаса жұмыс жасауына көңіл бөлемін.



Скачать

© 2020, 506 0

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!