СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Елімнің еркіндігі тәуелсіздік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық тобына тәрбие сағатына қажет

Просмотр содержимого документа
««Елімнің еркіндігі тәуелсіздік»»

«Қарасу негізгі орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



















«Елімнің еркіндігі тәуелсіздік»

мектепалды даярлық сыныбына арналған тәрбие сағаты













МАД тәрбешісі:Барлыбаева Э.К.





















Еңбек ауылы





Тақырыбы: Тәуелсіз –Қазақстан

Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік күні туралы толық мәлімет беру.
Еліміздің рәміздерімен таныстыру.
Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыру.
Отанды сүюге, батылдыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: еліміздің рәміздері
(Елтаңба, ту, әнұран), слайд,күн шуағы.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе, мұғалім.
Мұғалім: - Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.
Ал біздің еліміздің астанасы қай қала?
Балалар: - Астана қаласы.
Мұғалім: - Бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет болғанына 26жыл толды. Тәуелсіз мемлекет аталып, өзінің жоғын жоқтап, елдігінің, халықтығының белгісі, биік мәртебесі болып табылатын рухани байлығы тілінің, тарихы мен мәдениеті.
1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні болып есептеледі. Ол үшін көп кісілер күрескен. Қайрат Рысқұлбекұлы да сол Тәуелсіздіктің күресіне қатысқан.
Тәуелсіз дегеніміз – біз өзіміздің бостандығымызды еркіндігімізді алдық. Өзіміз жеке мемлекет болып есептелдік. Қазақстан Республикасының президентін сайладық. Сол Тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап Қазақстан Республикасының өзінің туы, елтаңбасы, гимыны осындай рәміздерді елбасымыз қолдады.
Оның бәрін өз қолына алған елбасымыз кім?
Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мұғалім: - дұрыс айтасыңдар. Қазір рәміздердің бір түрімен танысамыз. Ол біздің еліміздің туы. Тудан ненің белгісін көріп тұрсыңдар? Күнді ұшқан қыран құсты (бүркіт),
Балалар: -Күн, құс пен ою бейнесің көріп тұрмыз.
Мұғалім:- Ия, өте жақсы. Дұрыс айтасыңдар. Ал, енді туымыздың түсі қандай екен, қараңдаршы?
Балалар: Көгілдір түс.
Мұғалім: -Неге ұқсайды?
Балалардың жауаптары.
Мұғалім: -Яғни, біздің туымыздың түсі аспан түстес көк екен.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы – Шәкен Ниязбеков.
Мұғалім: -Дұрыс, Қазақстан Республикасының елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр.
Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Елтаңба авторлары – суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.



Балалардың тақпағы:

Он алтыншы желтоқсан, Тәуелсіздік алған күн. Мерекеде ел қуанып, Шаттанып ән салған күн. Керімжан

Отан менің Қазақстан, Атыңнан сенің айналдым. Бас иіп саған өтемін, Жасай бер жас Қазақстан. Іңкәр

Кең жазық Отан мекенім, Сен де өсіп көктедім. Сені қорғау парызым, Мұны біліп өтемін. Қайсар

Ажарында көгіміздің- Тыныштығы жеріміздің. Тәуелсіздік деген осы- Азаматтығы еліміздің! Жасмин

Тәуелсіздік – ел болу, Ынтымақ пен өрге озу. Еркін және өзге елмен, Терезесі тең болу. Ислам

Отаным менің Қазақстаным, Мәңгілік сенімен мақтанамын. Саяңда жүрсем әрдайым, Күлімдеп жүрем әрқашан. Бекарыс

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, Алдымызда барлық үміт ақталсын. Тату – тәті бірлік болып қаманда, Бейбіт өмір бар өмір бар халықпен мақталсын. Алинұр

Аялап ару ананы, Өсірген еркін баланы. Бесігін болеп тербетке, Отаным Қазақстан! Айзер

Айнымайды аспаннан, Біздің тудың болуы. Оны халық әрқашан, Биікке іліп қояды. Қазыбекби

Тәуелсіздік ұлы күнім,

Інжу



Ән: «Отан әні»

Дидактикалық ойын «Күннің шуағы»
Балалар сұраққа жауап беріп, күннің шуақтарын жинайды.
1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
2. ҚР президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
3. Тудың түсі қандай?
(Көгілдір)
4. Біз қай ауылда тұрамыз.
(Еңбек ауылы)
5. Қазақстан қандай мемлекет?
(Тәуелсіз мемлекет)
6. Қазақстан Республикасында қандай рәміздер бар? (елтаңба,ту, әнұран)
Біздің Отанымыз – Қазақстан көпұлтты мемлекет.
Қорытынды:
-Балалар, бүгін сабақта қандай тақырып өттік ?
-Не жайлы әңгімеледік?
-Біздің Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
-Қай ойын сендерге ұнады




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!