СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Допты бір орында беру және қабылдау" тақырыбына ашық сабақ жоспары

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Допты бір орында беру және қабылдау" тақырыбына ашық сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«"Допты бір орында беру және қабылдау" тақырыбына ашық сабақ жоспары»

Сабақтың тақырыбы: Допты бір орында беру және қабылдау

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды волейбол ойынын ойнауға қызықтыру.

2. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: оқыту сабағы.

Өтетін орны: спорт зал

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: волейбол доптары, сетка, ысқырық.

р/с

Сабақтың мазмұны

уақыты

Әдіскерлік тапсырма

І. Дайындық бөлімі 10-15 мин

1

Сапқа тұру, рапорт беру


2

Сабақтың мақсатын түсіндіру


Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау

3

Орында бұрылу, оңға ,солға, шеңбермен.



4

а) Қолды белге қойып аяқтың ұшымен

ә) Қолды желкеге аяқтың өкшесімен жүру

б) Қолды белге аяқтың сыртымен жүру

в) Қолды белге аяқтың ішімен жүру

г) Қолды белге жартылай отырып, толық отырып жүру.


Денені, түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап жүру.

5

Жүгіру жаттығулары

а) Қолды созып, тізені жоғары көтере

ә) Қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе

б) Сол иықтан алға қарап


Еркін дем алып, бірқалыпта жүгіру

Тек сол иықпен қарап алға жүгіру.

Әрбір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау.

6

Қозғалыстағы жаттығулар

а) Сол қол жоғарыда, оң қол төменде, қолдарды серпи артқа. 1-2 сол қол жоғарыда, 3-4 оң қол

ә) Б.Қ. қол иықта 1-2 қолды алдыға айналдырамыз, 3-4 қолды артқа айналдырамыз

б) Б.Қ. саусақтарды айқастырамыз 1-2  алдыға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.

в) Б.Қ. қол кеудеде 1-2 бүгілген қол артта,3-4 ашылған қол артқа серпе қозғау


Денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау

7

Орында орындалатын жаттығулар

а) Б.Қ. қол алда,аяқ иық деңгейінде1-4 қолды қайшылау

ә) Б.Қ.қол желкеде 1- кеудені солға бұру, 2-кеудені оңға бұру. 3-4 қайталау.

б) Б.Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде 1-отыру, 2- Б.Қ. 3-4 қайталау.

в) Б.Қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде 1-2 белді солға айналдыру, 3-4 белді оңға айналдыру

г) Орында секіру




Басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау

ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин

Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту

1

Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру.



Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз

2

Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м.


Допты қарсыласының қолына дәл беру

3

Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді.


Допты еденге ұрып, құрбысына тура беру

Допты төменнен қабылдауды меңгерту

4

Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету


Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға

5

Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.


Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.

6

Арақашықтық 8-10 м оқушылар  қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.



7

Ережемен волейбол ойнау



ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин

1

Спорт залда жай жүгіру, сапқа тұру.



2

Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.



3

Үйге тапсырма. Үйде доппен жаттығулар жасау. Ұлдар тартылу 8-10 рет, қыздар дене көтеру 25-30 рет.



4

Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беру.






















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!