СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дина Нұрпейісова "Бұлбұл"

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Музыка пәнінен 2-ші сыныпқа арналған сабақ жоспары.Тақырыбы: Дина Нұрпейісова "Бұлбұл".

Просмотр содержимого документа
«Дина Нұрпейісова "Бұлбұл"»

Күні: 26.10.2016ж. Сынып: 2 Пән: музыка

Сабақтың тақырыбы: Күй анасы – Дина.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: күйшінің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, «ән» мен «күй» ұғымдары туралы білімдерін тереңдету және айырмашылығы мен ұқсастықтарын көрсету.

Дамытушылық: эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелігі: өнер адамын құрметтеуге, әсемдікке, жан сұлулығына тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін айту.

Көрнекілігі: күйшінің портреті, үнтаспа, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.

  2. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Күй тыңдау: а) кіріспе әңгіме (мақсат айқындау);

ә) музыканы тыңдау;

б) әңгіме-талдау;

в) қайталап тыңдау.

  1. Ән тыңдау: а) кіріспе әңгіме (мақсат айқындау);

ә) музыканы тыңдау;

б) әңгіме-талдау;

в) қайталап тыңдау.

  1. Сергіту сәті.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  • Шығармашылық жұмыс: 1. Салыстыру.

2. Сурет салу.

V.  Сабақты қорытындылау.

  • «Ұшты-ұшты» ойыны

VІ. Үйге тапсырма.

VІІ. Мадақтау және бағалау.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мазмұны

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, оқушылар зейінін сабаққа аудару:

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! (сәлеметсіз бе, мұғалім).

  • Қазір бізде қандай сабақ? (ән-күй сабағы).

  1. Психологиялық дайындық.

  • Өте жақсы балалар бүгінгі сабағымызды өнегелі өлеңмен бастайық.

Жарық болса күніміз, Жамандықтан қашатын

Жарқын шығар үніміз. Жақсы іске басатын

Елін сүйіп ер жетер, Біз болашақ гүліміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Бәйге» ойыны.

  • «Бәйге» ойынында сендерге сұрақ қойылады, әрқайсысыларын осы сұраққа дұрыс, әрі толық жауап беру керектігін ұмытпандар.

  1. Күй дегеніміз не? (Күй— музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы).

  2. Күй қандай аспаптарда орындалады? (Күй домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарда орындалады).

  3. Күйші дегеніміз кім? (Күйші– домбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындаушы).

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Күй тыңдау:

а) кіріспе әңгіме (мақсат айқындау);

  • Балалар тақтаға назар аударыңдаршы, сендер не көріп тұрсыңдар? (Біз ребус көріп тұрмыз).

  • Ребусты шешіп, жауабын табайық.

,,, ,,,

Жауабы: «Бұлбұл».

  • Ребус шешімі «бұлбұл» екен, балалар біз бүгінгі сабақта қазақтың атақты күйшісі Дина Нұрпейісованың «Бұлбұл» атты күйін тыңдаймыз.

Мақсат:

  • Сондықтан, біріншіден, қазір біз мұқият күйді тыңдаймыз және қандай аспап сүйелмеденген екенін анықтаймыз. Екіншіден, аспаптың қалай ойнағанын назар аударыңдар. Демек, күйдің көңілді ме, әлде мұңды екендігін тыңдап біліп көрейік?!

ә) музыканы тыңдау;

  • Балалар әнді не күйді тыңдаған кезде, оқушы қалай отыру керек. (Оқушы түзу отыру керек).

  • Дұрыс, арқамызды тік ұстап, қолдарымыздың алақанның тізеге қойамыз.

  • Бәріміз бірге «Бұлбұл» күйін тыңдаймыз (күй сапасы тексерілген, үнтаспаның дауысын бірте-бірте жоғарлату).

б) әңгіме-талдау;

  • Балалар біз «Бұлбұл» күйін тыңдадық. Күйді қандай аспаппен сүйілмедеген? (Домбыра аспабымен сүйемелдеген).

  • Домбыра үні көңілді, әлде мұңды болды ма?

в) қайталап тыңдау.

  • Балалар, күйді қайталап тыңдап, есте сақтайық. Себебі, сендерден бүл күйді тағы бірте сұрайтын боламын.

  • Дұрыс отырамыз, қайталап тыңдаймыз.

  1. Ән тыңдау:

а) кіріспе әңгіме (мақсат айқындау);

  • Балалар біз «Бұлбұл» күйін тыңдадық, оның авторы Дина Нұрпейісова.

  • Дина Нұрпейісова «Бұлбұл» күйі бар. Ал композитор Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін тыңдайық.

Мақсат:

  • Біріншіден әнді тыңдағанда, сөздеріне мұқият тыңдаңдар. Демек әннің не туралы екенін анықтаймыз. Екіншіден, әннің көңілді немесе мұңды орындалғаннын анықтау.

ә) музыканы тыңдау;

  • Балалар, қанекей әнді тыңдағанда дұрыс отырып, Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін тыңдайық (дирежерлік белгімен беріп зейіндерін тұрақтату, музыка сапасы алдын ала тексерілген, үнтаспа дауысын бірте-бірте жоғарлату).

б) әңгіме-талдау;

  • Табиғат сұлулығы, махаббат, бақыт, бұлбұлдың қалай сайрайтыны туралы әндетті әнші.

  • Балалар бұл ән көңілді ме, әлде мұңды орындалады ма? (Ән көңілді орындалады).

  • Әнде қандай аспап сүйелмедеді? (Сыбызғы, скрипка).

в) қайталап тыңдау.

  • Балалар, әнді қайталап тыңдап, есте сақтайық.

  • Дұрыс отырамыз, қайталап тыңдаймыз.

  1. Сергіту сәті.

  • «Қарлығаш» атты сергіту сәті видеосын қойып, оқушыларды сергіту.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  • Шығармашылық жұмыс.

  1. Салыстыру.

  • Дина Нұрпейісова «Бұлбұл» күйі мен Латиф Хамиди әнінің ерекшеліктері бар ма? Салыстырып көрейік.

Дина Нұрпейісова Латиф Хамиди

«Бұлбұл»

Ә

«Бұлбұл» күйі. Домбыра сүйемелдейді.

Күй сөздері жоқ.

«Бұлбұл» әні

Сыбызғы, скрипка, т.б. аспаптар сүйемелдеді.

Ән сөздері бар.

уені бірдей.


Айырмашылығы




  1. Сурет салу.

  • «Күйші аспабы» атты сурет саламыз. Өздерін ұнатқан күйдерді орындайтын аспаптын бейнесін салу.

V. Сабақты қорытындылау.

  • «Ұшты-ұшты» ойыны.

  • Балалар қазір біз «Ұшты-ұшты?» ойынның ойнаймыз.

  • Бәрімізде бұл ойынның ережесін біледі, жаңылысқан балаға сұрақ беріледі, ол сұраққа жауап береді.

Сабақты қорытындылау сұрақтары:

  1. Сабақта кімдердің «Бұлбұл» әні мен күйін тыңдадық? (Латиф Хамиди және Дина Нұрпейісова).

  2. Сабақта кімдер белсенді қатысты?

  3. Дина Нұрпейісова кім? (күйші).

  4. Латиф Хамиди кім? (композитор).

  5. Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әні не туралы әндетілді? (табиғат, бұлбұлдың сайрауы туралы).

  6. Күй дегеніміз не? (музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы).

  7. Күйші деген кім? (домбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындаушы адам).

  8. Сен бүгінгі сабақта кімге «5» деген бағаны қояр едің?

VІ. Үйге тапсырма.


  • Балалар, үйге 68-беттегі Дина Нұрпейісова туралы мәтінді әңгімелеп келу.

VІІ. Мадақтау және бағалау.

  • Сабақта белсенді қатысқан оқушыларға жақсы баға қою. Қойылатын бағаларды оқушылар ұжымымен талқылау.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!