СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дербес компьютердің базалық - аппараттық құрамы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дербес компьютердің базалық - аппараттық құрамы

Просмотр содержимого документа
«Дербес компьютердің базалық - аппараттық құрамы»

1.ДК-ң негізгі құрылғылары

2.Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары

Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:

  • жүйелік блок;

  • дисплей немесе монитор;

  • пернетақта;

  • тышқан.


Негізгі конфигурация

Жүйелік блок

 Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Компьютердің ен негізгі құрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы,енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал


сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

-микропроцессор

- оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады

- тұрақты есте сақтаушы құрылғы

- қоректендіру блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.


Информацияны өңдеу, сақтау және беру үшін төмендегідей құрылғылар қолданылады:

Микропроцессор. Микропроцессор бір кристалда дайындалған интегралдық схемалар-БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-ды жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы рөлінде қолдануға болады. Микропроцессорға жедел, тұрақты жад және енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. 

Процессор- көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен акпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Процессор тікелей компьютердің класын аныктайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.

Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Іntel Реntium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардын негізін қалаушы 16-разрядты Іntеl-8086 процессоры болып табылады. ІВМ РС компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Іntеl 80286, Іntеl 80386, Іntеl 80486, Іntеl Pentium60,66,75,90,100,133; Іntеl Pentium ММХ, Іntеl Pentium Рго, Іntеl Pentium II, Іntеl Сеіегоп, Іntеl PentiumIII процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Іntеl фирмасы болса, кейінірек ADM, Суrіх фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.

Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік — олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерц-пен өлшенеді. Мысалы, Іntеl Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 120, 133, 150, 166, 200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді.

Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады. 
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. 
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады. Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.

Компьютердің жады — оның құрамына міндетті түрде енетінэлементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.

Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға болады. Қазіргі кездегі компьютерлердін жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт, мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша өрнектеген ыңғайлы:

  • 1 Гбайт = 1024 Мбайт

  • 1 Мбайт = 1024 Кбайт

  • 1 Кбайт = 1024 байт.

Жедел жад - немесе жедел есте сақтау кұрылғысы ақпараттың кез-келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentiumтиптес компьютерлердің жедел жадының көлемі 3 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дыңқұрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.

Тұрақты жад - стандартты програмаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (ВІОS, таңба генераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бүл жадтанмәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулықұралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін қүрады. Мұнда компьютер құрылғыларынбасқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.

Қатқыл дискүлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінің көлемі 40 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда.

Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған. Компьютерді сатып ала отырып, сіздер тұрғылықты дискінің сыйымдылығы сипаттаманың алғашқы жолдарында (оперативті жады көлемі және процессордың жылдамдығымен қатар)

келтірілгенін көресіздер. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дискілердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан да үлкен болады.

Иілгіш дискілерге арналган дискжетек-бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап кою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнауды дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан.

Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 дюймдік дискеттер қолданылады. Оған 1,44 байт келеміндегі ақпарат жазылады.


Жинақы-дискіге арналған дискжетек1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып, оның орнына өлшемдері тура осындай болатын СD-RОМ тасуыштарын енгізді.

СD-RОМ (Соmpact Disk Read-Memory) сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге негізделген түрақты есте сақтау кұрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан СD-RОМ дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жатқызады. Лазерлік дискіде таратылатын праграммаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды.


Монитор (Дисплей)

  Монитор (Дисплей) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды. 

       

ЭCТ (сол жақта) және сұйық кристалды (оң жақта) монитор

 Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді.      

     Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады.   

   Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған.   

  Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар  танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.

LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз. 

   Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.

    СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау  үшін т.б.   қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді  жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды.     Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ мониторларды таңдайды.

   Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады. Экранның диагоналі дюйммен(1 дюйм =2,54 см) өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан жоғары болады. 

Пернетақта

 Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында  жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

Пернетақта



  •   символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады;

  • функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.). Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі программалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1…F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады;

  • нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелеріКурсор дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған;

  • цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер осы пернені бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал егер оны тағы бір мәрте басса, онда бұл пернелер курсорды экранда жылжыту бағытын басқарады.  

Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға (енгізу пернесі), (жою пернесі), (артқа қарай өшіру), (үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады.

   Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін  Alt+Shift (кейде Ctrl+Shift) пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt (Ctrl) пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.      

Тышқан

  Тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті  немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Тышқан

   Соңғы кезге дейін ішінде темір шар орналасқан механикалық тышқандар қолданылып келген болатын. Бұл тышқандардың ішінде орналасқан темір шар өзара перпендикуляр орналасқан екі шағын білікті айналдырып, компьютерге «оңға-солға» және «жоғары-төмен» деген  жылжыту сигналдарын береді. Бұл тышқандарды арасында тазалап отыру қажет болды. Қазір олардың орнына оптикалық тышқандар жиі қолданылады . Оптикалық тышқанның бұрынғы механикалық тышқаннан айырмашылығы - тышқанды жылжытатын ауыр шариктер мен ролик біліктерінің болмауы. Бұл тышқандардың ортасында орналасқан арнайы жарық сәулелері кілемшенің бетіне шағылысып, экрандағы тышқанның курсорын жылжытатын арнайы командаларға ауысады.Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктікобъектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жак батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.

Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі — графиктік интерфейстіқұрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!