СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Денсаулығың болсын, Жас Дос!.doc

Нажмите, чтобы узнать подробности

Денсаулығың болсын, Жас Дос!.doc

Просмотр содержимого документа
«Денсаулығың болсын, Жас Дос!.doc»

Денсаулығың болсын, Жас Дос!


Табиғи апат кезіндегі сендердің қозғалыстарың.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғат апаттарын және оның адамзат тіршілігіне тигізер зардаптары мен заласын айту. Табиғи апаттарға не жататынын айту. Көрнекілікті қолдану арқылы тақырыптың мағынасын ашу. Азаматтық қорғаныстың не екенін түсіндіру. Онда қолданылатын құралдарды пайдалана білуге үйрету. Оның маңызы, апатын орнына оқушы көзін жеткізу. Балаларды сақтыққа, шапшаңдыққа, кішіпейілдікке, қамқорлыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Мақта, мата дәке таңғыш.

Мақал-мәтелдер, табиғи апаттардың суреттері.

Ұлттық ойындарға байланысты карточкалар «Заман-ай» көрнекілігі.

Сабақтың түрі: «Аралас сабақ» Халық тағылымымен байланысты.

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.

2 Жаңа сабақ.

3 Кіріспе сөз.

1. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не? Біздің тұрғылықты жерімізде өрт шалу, боран болу, қар басу, су тасу, дауыл тұру секілді қауіптер бар. Сондықтан жол бойында, өндірісте әрбір адам өз-өзіне сабақ болу қажет. Ол үшін әр кез қорғаныс штабымен байланыс жасап отыру қажет. Табиғат сұрапылы, өндіріс апаттары адам өміріне қауіпті. Улы заттар тараған кезде өндірістік транспорттық дыбыстар гудок арқылы белгі береді. Сигнал берілетін радио, теледидарды қосып, үнемі қорғаныс штабымен әрекет жасайды.

2. Азаматтық қорғаныс түрлері деген не? Боран, су тасқыны, дауыл, өрт, қар басу. Өрт кезінде киім жанса жүгірмеу қажет. Өйткені желмен өрт өршиді. Үйде өрт болса қалың нәрсемен басып, тұншықтырып сөндіру қажет. Өрт кезінде түтінмен, жалын өте қауіпті. Ал өрт электр жүйесінен шықса, оны тоқ ажыратқыштан бөліп тастаған жөн.

3. Көмек түрлері:

1.Сүйек сынғандағы көмек.

2. Күйген, үсіген кездегі көмек.

3. Естен танғандағы көмек.

4. Тоқ ұрғандағы көмек.

5. Суға кеткендегі көмек.

- Яғни бұл кездегі көрсетілетін көмектерді алғашқы көмек деп атаймыз.

4. Табиғи апаттардың болу себептері:

Күннің күркіреуі – бұл табиғи құбылыс. Осы кезде аспанда найзағай ойнап, құрғақ жерлерде жазда от шарпиды. Міне соның салдарынан өрт болады.

Суретпен жұмыс: Найзағайдың ойнау сәті. Өртке күйген адам. Күйген адамдарға осы кезде абдырамай сабырлық сақтау қажет. Жарақаттың денесін салқын сумен себелеп сабыр сақтатады.

Қар басу көшкіні:

  • Бұл апат көбіне таулы аймақтарда болады. Тау басындағы қар қатты желдің әсерінен бір жерден, екінші жерге ауысады. Сол кезде сол жердегі тұрғындарға үлкен зардап шектіреді. Бұл сәттерде халық, сақтандыру орындарына жету қажет.

Су тасқыны:

  • Бұл құбылыс күн жылуына қардың еруінен су мөлшерінен тыс болса пайда болады. Су тасқыны өзен, көлді жерлерде болады. Су тасқыны болатын жерден алыс қоныстануы қажет.

Жер сілкіну:

  • Бұл апат жер астындағы әр түрлі газдардан пайда болады. Таулы аймақтарда болады. Оның қаншалықты мөлшерде болғанын «балмен» есептейді.

Дауыл мен боран:

  • Дауыл жазда болады. Дауыл тұрған кезде қатты жел тұрады. Осы желдің әсерінен ағаштар сынып, үйлер, бағандар қирайды. Осындай жел тұрысымен адамдар сақтанып, үйде отыруы қажет.

Ал боран аязды және жылы боран болады. Боранды күндері адамдар өзін-өзі сақтанып үйде немесе боран аяғы біткенше күтуі қажет. Асығыстық жасаса арты өкінішті болады.

Міне бұлардың барлығы табиғи апаттар осы табиғи апаттардан өзімізді - өзіміз сақтай білуіміз қажет.

Азаматтық қорғаныс кезінде құралдарымыз болу керек. Олар мынадай қызмет атқарады. Противогаз бетті, көзді, тыныс алу мүшелерін қорғайды. Ал мойнымыздағы мақта, дәке таңғышты сигнал болысымен 10 секундта тағып үлгеруіміз қажет.

Табиғи тұспалдар:

Біздің қазақ халқы дана, сезімтал – халық. Соның бір айғағы мына күннің, ауа райының бұзыларын олар, алдарыңдағы төрт түлікке және ит-құсқа қарап болжаған.

Мысалы: Қой өрістен шөп тістеп қайтса, сол жылы қыс қатты болады деп олардың күз ай жүндерін қырықпаған. Ал олар өрістен ерте қайтса күн суытады деген.

Жылқы оқыранса ауа райы күрт өзгереді деп тұспалдаған. Сол секілді ит жеті қазынаның бірі дейміз. Ит аунаса «боран» болады делінген. Ұшқан құс қарлығаш самғап ұшса, күн ашық, төмендеп ұшса жауын жауады делінген.

Сергіту сәті: Ақырын жел тұрды. Жел қатты тұрды. Сіркіреп жаңбыр жауды. Жаңбыр қатты жауды. Күн жарқ етті. Біз қорқып отыра қалдық.

Қолдан жасалатын апаттар:

Адамзат баласының қолдан жасайтын апаттары болады екен. Оны ядролық жарылыс деп атайды. Оның да бірнеше түрлері бар екен.

  1. Ауадағы ядролық жарылыс.

  2. Судағы ядролық жарылыс.

  3. Жер асты жарылысы.

  4. Жер беті жарылысы.

Көрнекілікпен жұмыс:

«Заман-ай» фото альбомын таныстыру.

Семей жеріне тоқталу.

Кемтар балалар жайлы әңгімелеу.

Қазіргі алдымызда келе жатқан мезгіл көктем мезгілі сондықтанда біз әр уақыт су құбырлары, сай-салалардан, шұңқырлардан, мұздан сақтанып жүруіміз қажет. Өйткені олардың беті мұз болғанмен асты су болады.

Біздің қаламызда бұзылған үйлер көп. Сондай үйледің маңынан өркенде сақ жүруіміз қажет.

Тақтамен жұмыс:

Мақал-мәтелдерді талдау. Мағынасын ашу:

  1. Отпен ойнама жанарсың,

Сумен ойнама батарсың.

  1. От пен су тілсіз жау.

  2. Сақтансаң сақ боларсың.

  3. Апат айтып келмейді.

Қорытынды бөлім:

Көрініс түрінде

Төрт құдірет.

Күн ана:

Әлемге қуатты,

Сәулемен шуақты.

Алып күн беріп тұр,

Жарық күн көрік нұр.

Жер ана:

Аялар анамыз,

Солар панамыз.

Құлпырған терміспен,

Жер құтты ұл біткен.

Су ана:

Өңірдің өзені,

Өмірдің өзегі.

Сусыз жер - өмірсіз,

Ну сыз өр, өңір тұз.

Ауа ана:

Жер шары – дәу әлем,

Кер маулы ауамен.

Ауасыз кім шыдар?

Ауасыз тұншығар.

Күн, Жер, су ауамен

Күнде ду мына әлем.

Оқушы: О, төрт құдірет! Мына болашаққа үмітпен қарар өнегелі ұрпағыңбыз!

«Ақырзаман боларда, су тартылар жер бетінде талай апат болар деген. Біз секілді бейбіт өмірді қалаушы жас жеткіншектерге не айтасыздар?

Жер ана: Сенім – үміттен басталады. Өз Отандарыңды, жерлеріңді, елдеріңді ең бастысы сүйе біліңдер. Оған қамқорлықпен, аяушылықпен қараңдар. Оттан, судан аулақ жүріңдер! Сонда сендердің жерлерін гүлдейді, өседі, көркейеді.

Ұлттық ойын. «Ақ сүйек» ойыны:

  • Балалар түн болды.

Сүйек таратылады.

  1. Табиғи апаттарды ата;

  2. Сақтану жолдарын айт;

  3. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

  4. Көрсетілетін көмектің түрлерін айт;

  5. Үсігінде не істейді?

  6. Күйгенде не істейді?

  7. Жер сілкіну қайда болады?

  8. Мақал айт;

Табиғи апат

  1. Су тасу

  2. Жер сілкіну

  3. Дауыл, боран

  4. Қар көшкіні

  1. Табиғатқа, адамға зиян.

  2. Екеуі де зиян.

Қолдан жасалған апат

  1. Ядролық жарылыс.

  2. Жер асты жарылысы.

  3. Жер беті жарылысы.

  4. Ауадағы ядролық жарылысы.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!