СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Боленова Аяулым Думановна

Категория: Астрономия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Боленова Аяулым Думановна»


Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж

№7 дәріс

Мамандық: «Бастауыш білім беру»

Пән: «Математикалық теория негіздері мен әдістері»

Курс тақырыбы:Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы

Сабақ тақырыбы:Математиканы оқыту әдістемесінің даму тарихы

Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) – педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» – «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз.

Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты дамиды. Сондықтан да математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтар білу қажет.Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалар мен мөлшерлік қатынастарын зерттейді.

Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі.

  1. Математиканың тууы. Бұл кезең тарихқа дейінгі өте ерте дәірден басталып, біздің зманымызға дейінгі VI-V ғасырларға дейін созылды. Бұл аралықта математикалық білім дағдылар молайып, қорланады, математиканың алғашқы да негізгі ұғымдары (сан, фигура т.б.) қалыптасады.

  2. Тұрақты шамалар немесе элементар математика кезеңі. Біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырлардан басталып біздің заманымыздың XVII ғасырына дейін созылған бұл аралықта негізінен тұрақты шамалардың қасиеттері зертеліп, ашылады. Арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия ғылымдары дербес салалар болып бөлініп шығады.

  3. Айнымалы шамалар немесе жоғары математика кезеңі. XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылған бұл дәірде жоғары математикалық білім негізін қалайтын математика салалары болды. Олар Декарт (1596-1650) еңбектерінде жасалынған аналитикалық геометрия, Ньютон (1642-1727) және Лейбниц (1646-1716) негізін құрған дифференциалдық және интегралдық есептеулер, ықтимаодықтар теориясы т.б.

  4. Қазіргі математика кезеңі. Бұл дәуір XIX ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда математика пәні мен қолданылу облыстары мейлінше кеңейіп, көптеген математикалық жаңа теориялар пайда болады.

Математиканың дамуына әсер ететін негізгі екі себеп бар.: өмірлік практика мұқтаждығы және математика дамуының ішкі өз талабы. Математика өз тарапынан басқа ғалымдардың даму барысына да пәрменді әсер етіп отырады.

Математика мен математиканы оқыту тарихи тұрғыда қарбалас жүреді, өйткені адамзат қоғамының тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі – ұрпақтан ұрпаққа ғылым , білім ауысуы, яғни оқу, оқыту дәстүрінің қалыптасуы болып табылады. Бұл түптеп келгенде педагогика, әдістеме мәселелеріне саяды. Мысалы, біздің қолымыздағы ең ескі математикалық жазба ескерткіштер бұдан 4-5 мың жыл бұрын Египетте жазылған папитустар екені мәлім. Осы құжаттармен мұқият таныса келе олардағы арифметикалық, геометриялық есептермен қоса оларды шешудің әдістемелік қолайлы ережелерін де кездестіреміз, оқушылырдың ынтасын арттыруды көздеген қызық есептер де бар.

Математикалық білім мен дағдылар молайып, мазмұны тереңдеп, ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің, үйренудің мәселелері де өзгеріп, күрделене береді, осылай әдістемелік жаңа тәсілдер пайда болады. Математика әдістемесінің алдына қойылатын еі күрделі мәселе – іріктеу, сұрыптау мәселесі, яғни мұқият мол қорланған математикалық мұра ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой – өрісіне, күш – қабілетіне лайық келетіндерін таңдай білу проблемасы. Осыған байланысты математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мынадай негізгі себептердің салдарынан туындайды:

а) оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуы мен оның техникалық – экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа талаптар;

ә) ғылымның (математиканың) үздіксіз дамуы, онда жаңа пәндер, салалар пайда болуы;

б) қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе түсуі, сәбилер мен жасөспірімдердің таным қабілетінің жаң мүмкіндіктері мен қырларының ашылуы;

в) педагогика ғылымдарының, математика әдістемесінің дамуы, көпшілік мектептердегі алдыңғы қатарлы оқыту тәжірибелерін пайдалану. Мысалы, бұдан 25-30 жыл бұрын мектеп математикасы құрамында «арифметика», «тригонометрия» деп аталатын пәндер болатын, қазір бұлар дербес емес, олардың мазмұны басқа пәндерге енгізілген (бастауыш сыныптағы математика, жоғарғы сыныптардағы алгебра, геометрия, алгебра және анализ бастамалары). Бұлардың орнына көптеген ғылыми жаңа тараулар енгізілді (туынды, векторлар, координаттар, геометриялық түрлендірулер т.б.).

Математиканы оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беруге тиіс:

1) Математиканы не үшін оқыту керек?

2) Нені оқыту керек және андай тәртіппен, ретпен оқыту керек?

3) Математиканы қалай оқыту керек?

Осыған сәйкес математика әдістемесі үш негізгі кешенді проблема туындайды. Олар:

1) мектеп (немесе басқа оқу орны) математика курсының мазмұны жайлы проблема;

2) осы курстың құрылымы туралы проблема;

3) оқыту әдістері жайлы мәселе. Осы проблемелардың мән – мағынасына қысқаша тоқталып өтейік.

Математиканы оқытудың көп ғасырлық тарихына қарап отырсақ, оның мазмұны өте ерте замандағы жай санау мен қарапайым фигурларды оқытудкн XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан математикалық пәндер жүйесіне дейін қалай өзгергенінің куәсі боламыз (көрнекі геометрия элементтері аралас келетін арифметиканың бастауыш курсы, арифметика, алгебра, планиметрия, стереометрия, және тригонометрияның жүйелі курстары).

Математика пәнінде қандай ақпараттар беру керек, нені оқыту қажет деген мәселені шешумен қарбалас, оларды қандай ретпен, тәртіппен оқыту, яғни оқу курсын барынша тиімді түрде, жеткізу проблемасы шешуін табу керек. Бұл үшін отандық және шетелдік психолог, педагог және әдіскерлердің жаңа зерттеулерінің нәтижелері есепке алынады. Мысалы, психология ғылымының қол жеткен табыстары бастауыш мектеп жасындағы балалардың қазіргі математиканың кейбір идеяларын игеруге бейім келетінін ашып отыр. Бұл жағдайда бастауыш мектеп математикасының құрылымы мен мазмұнын кемелдендіруде, өзгертуге еске алынуда.

Математика пәнін оқытуда және оны жақсартуда мынадай факторларды еске алу қажет:

1) пәннің ішкі логикасы мен оны өзгерту, түрлендіру мүмкіндіктерін пайдалану;

2) курстың мазмұнын құрайтын мәселелер арасындағы барлық ішкі байланысты ескеру;

3) бұл мәселелердің мектептегі математикалық білім берудегі мәнін анықтау;

4) материалды дидактикалық өңдеу, талдау, оның ұғымдылығын, қоғамдылығын арттыру мүмкіндігін ашу.

Математика әдістемесінде оқытудың жаңа да тиімді әдістерін іздестіру проблемасының маңызы үлкен, өйткені математика курсының жаңа мазмұны мен түзіліс жүйесі мұғалім мен шәкірттің жаң әдістерді пайдалануын талап етеді. Оның үстіне оқытудың ежелгі дәстүрлі әдістері әрқашанда ойдағыдай нәтижеге жеткізе бермейді. Сондықтан соңғы кездерде сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттырып, мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне негізделген оқыту әдістері кең қолданылуда.

Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру жолында әдіскер ғалымдарымыз толассыз ізденіс жұмыстарын атқаруда, олармен бірге мыңдаған математика мұғалімдері де күнделікті әрбір сабақ үстінде тәжірибелер жинақтап бұл іске өз үлестерін қосуда.

Сондықтан да жоғарыда көрсетілген математиканың қазіргі дидактикасының үш негізгі проблемасы арасында оқыту әдістерінің дәстүрлі проблемасы, бұл ғылымның ең басты проблемасы болып қала береді.

Математика пәні бойынша мектепте қандай материал қандай ретпен өтілуге тиіс екендігі мектеп математикасы бойынша бағдарламалар мен оқулықтарда көрсетілген.

Бағдарламалар мен жаңа мектеп оқулықтарына талдау әрбір сыныпқа арналған оқулықтарда, мұғалімдерге арналған қосымша кітаптарда келтіріледі. Ал «математиканы қалай оқыту керек» деген мәселе «математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің еншісіне тиеді. Оның жалпы құрылымын мынадай сүлбемен (схемамен) көрсетуге болады.

Мектептерде білім берудің және оны оқыту әдістемесінің дамуы

Математикалық оқыту әдістерінің қарапайым бастамалары өте ерте заманда алғашқы мектептердің пайда болу кезінен басталғанмен, математика педагогикасы дербес ғылым ретінде тек XX ғасыр қарсаңында қалыптасады.

Халықаралық мектептік білім бурудің XIX-XX ғасырлардағы дамуын үш кезеңге бөлуге болады:

  1. Еуропада, АҚШ-та және Жапонияда XIX ғасырда қалыптасқан дәстүрлі мектептік білім беру жүйесі.

  2. XIX және XX ғасырлардың шекарасында пайда болған математиканы оқыту жайлы халықаралық реформалық қозғалыс.

Жаңа бағдарламаны іске асыру математиканы оқыту әдістерін де өзгертуді қажет етеді, әсіресе оқушылардың оқу, үйрену барысында өзіндік белсенділігін барынша арттыру, оларды ғылыми зерттеу дағдыларын тәрбиелеу мәселелеріне көп көңіл бөлуге тура келеді.

Математика бойынша жаңа бағдарламаға көшу 1974-1975 оқу жылында толық аяқталды. Қазір егеменді Республикамызда бағдарламалар мен оқулықтар қайта қаралып кемелдендірілу үстінде. Бұл өзгерістер үздіксіз жүре беретін табиғи үрдіс болып табылады.

Математикалық білім беру реформасының идеясын іске асыру әрекеттері қазір негізгі екі бағытта жүргізілуде.

  1. Оқу пәні ретінде математика мазмұнын өзгерту, бұл өзгеріс ескі дәстүрлі «классикалық математика» негізінде емес, «қазіргі» математика негізінде жүргізілуі тиіс. Осыған сәйкес мектепте математиканы оқытудың жүйесі мен әдістерін қайта қарастыру қолға алынды.

  2. «Классикалық» математиканың мәні ескірген кейбір мәселелерін алып тастап, оның орнына қазіргі математиканың кейбір тарауларынан негізгі мағлұматтар енгізу жолымен мектептегі математика курсын біртіндеп жаңарту. Мектептегі математикалық пәндер арасындағы және математика оқу пәнімен практика арасындағы байланысты күшейте түсу идеясы басшылықа алынды. Бұл да оқыту әдістерін талап етеді.

  1. Математиканы оқыту жөніндегі жеке міндеттер:

1) оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау;

2) оқушылырдың білімін бағалау және оқытудың жеке әдістері мен тәсілдерін жасау;

3) оқыту процесінің тиімділігін тексеру;

4) мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;

5) кластан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.

Оқу процесінің бұл проблемаларын зерттеу мақсаты оқу және тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мен оның жоғары көрсеткіштерге жетуін қамтамасыз ететіндей оқыту теориясы мен методикасының принциптік негіздерімен қаруландыру.

  1. Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер:

1) математиканы оқыту процесінде жүзеге асырылатын оқушылардың оқу қызметінің әр түрінің ерекшеліктерін анықтау және талдау, сондай-ақ олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсету;

2) оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зерттеу;

3) математика сабағында оқушылардың творчестволық қызметі мен қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.

Бұл мәселелерді шешу оқушылардың творчестволық қызметі мен коммунистік көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, математикалық теориялар мен идеяларды меңгерудің және оқу қызметін тиімді ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін оқыту процесіне енгізуге тіреледі.

Осыған орай жеке міндеттер:

1) оқушылардың дербес ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді тәсілдерін анықтау;

2) оқушылардың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал туғызатын тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу;

3)теориялық материалдарды игеруде және есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу;

4)оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу;

5)оқушылардың абстрактілі ойлауы мен кеңістік туралы түсініктерін жетілдіру жолдарын зерттеу;

6)кластан тыс жұмыстарда оқушылардың творчестволық қабілетін тәрбиелеу жолдары мен олардың математика пәніне ынтасын арттырудың тиімді тәсілдерін анықтау.

Сонымен қатар математиканы оқыту процесінде прогресшіл көрнекі оқу құралдары мен оқытудың техникалық құралдарын жасау мен зерттеу және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін оқу құрал-жабдықтарын зерттеу міндеті қойылады.

Оқытушы: Боленова А.Д.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!