СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Белдемшені моделдеу, пішеді.

Категория: Технология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі: Адам фигурасының өлшемдері туралы білімді жүйелеу және кеңейту, өлшемдерді түсіру және жазу. Бұйымды кию барысында кең және ыңғайлы болу үшін еркіндікке беретін қосымшаны пайдалану. Лекалоларды пішуге дайндау. Матаның шығынын есептеу. Бұйым бөлшектерін пішу. Түсірген өлшемдермен тік белдемшенің сызбасын сызу

Просмотр содержимого документа
«Белдемшені моделдеу, пішеді.»

Нысан (35-Қосымша)

Казахстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «Алматы сән және дизайн колледжі»

Алматы қаласы білім басқармасы

Бекітемін

Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

________________ Т. Кулешова

____ ____________ 2021 жыл


13 өндірістік оқу сабағының

ЖОСПАРЫ



Өткізу күні: ___ ______________ 2021жыл

Оқу курсы: 1 бағам Оқу тобы: МК 20-9

Мамандықтың коды және атауы: 1211000 Тігін өндірісі және киімді модельдеу.

Біліктілік: 121108 3 Модельер-конструктор

Кәсіптік практиканың түрі: Өндірістік оқыту

Қалыптастырылатын құзіреттілік: Оқу шеберханаларында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Коллеж ішіндегі өз-өзін ұстау ережелрін сақтау. Қол жұмыстары кезінде, машина жұмыстары кезінде және ЫЖӨ жұмыстарын кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Арнайы киімде жұмыс жасау.

Модуль атауы: КМ 02. Киім үлгілерін құрастыру.

Оқу нәтижесі: Өлшем алу және белдемшенің базалық конструкциясын сызу және пішу бойынша жұмыстарды орындау.

Бағалау критерийлері: Белдемшені моделдеу, пішеді.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі: Адам фигурасының өлшемдері туралы білімді жүйелеу және кеңейту, өлшемдерді түсіру және жазу. Бұйымды кию барысында кең және ыңғайлы болу үшін еркіндікке беретін қосымшаны пайдалану. Лекалоларды пішуге дайндау. Матаның шығынын есептеу. Бұйым бөлшектерін пішу. Түсірген өлшемдермен тік белдемшенің сызбасын сызу

Оқыту әдістері: ауызша, көрнекі, практикалық

Тәсілдері: әңгімелеу, еңбек тәсілдерін көрсету, үлгілерді көрсету

Сабақтың мақсаты:


Оқыту

Белдемшені моделдеуді, пішеді үйрету, сабақ барысында алған білімін және дағдыларын бекіту. Уақыт мөлшерін дұрыс, нәтижелі пайдалануға үйрету.

Дамыту

Мамандыққа деген сүйспеншілігін арттыру, өз бетімен шешеім қабылдауға және нәтиже шығаруға баулу.

Тәрбиелік

Оқушыларды мандығын құрметтеуге, ерінбей еңбек етуге баулу. Шеберхана ішінде өздерін таза, ұқыпты, тәрбиелі ұстауға баулу.






Материалдық-техникалық жабдықтау:



Жабдықтар және құрал-саймандар

Қол жұмыстарына арналған құрал – саймандар, әмбебап және арнайы машиналар, ЫЖӨ жұмыстарына арналған жабдықтар, лекал сызғыштар, мелиметровка қағазы, сантиметірлік лента.

Студенттердің жұмыс формасы

Алжапқыш, орамал.

Дидактикалық материал

Нұсқау карталары

Өндірістік оқыту сабағына конспект

Конспект


Пәнаралық байланыстар: Құрастыру, Технология



Сабақтың барысы

Уақыты(минут

тар)


О/ө шеберінің әрекеттері


Студенттердің іс-әрекеттері

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3


4

5

Ұйымдастыру сәті

5 мин

- Журнал бойынша студенттердің сабақта болуын тексеру.

- Студенттердің сыртқы келбетін, арнайы формасын, сабаққа дайындығын тексеру;

-Студенттердің жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру.

Назарлары шеберде болу керек

Журнал, қалам


Алжапқыш, орамал


Тақта

Кіріспе нұсқаулық

10 мин

- Өндірістік оқыту сабағының тақырыбы мен мақсатын хабарлау

- Өткен тақырыптарды қайталау:

-Қол, машина, ЫЖӨ жұмыстарының терминологиясы бойынша фронтальды сұрау

-Тік белдемшені сызу үшін қажет негізгі өошемдер?

-Бұйым ұзындығын қалай өлшейміз?

-Негізгі формулаларды атап жығыңыз?

-Бөксе сызығын табу үшін қажет формула?

-Негізгі өлшем түрлері?

-Адам денесінің өлшемін түсіргенде қанша өлшем аламыз?

-Тік белдемшеге қажет өлшем түрлері?

-Бұйым ұзындығын қалай өлшейміз?

-Лекало жасау үшін қажет заттарды атап шығыңыз?

Студенттер берілген сұрақтарға кезек-кезекпен жауап береді

Мата, қол жұмыстарын қажет құрал жабдықтар.

Жаңа сабақты түсіндіру

20 мин

Өткен тақырыппен ұштастыра отырып жаңа сабақты түісндіру лекциясына өту. Ауызша түсіндіріп болған соң, іс жүзінде көрсетіп өту. Алдын ала арнайы өндірістік оқу сабағына дайындалған бейнетаспаны көрсету.

Студенттер шеберді мұқият тыңдап отырады, арасында сұрақтары болып жаста, түсінбеген жерлерін шеберден сұрайды.

Мата, ине, жіп, сызғыш, сабын, түйрегіш, жастықша, сөккіш, қайшы.

Жаңа сабақты бекіту

10 мин

Шебер студенттерге сұрақтар қояды, орындау тәсілдерін корсетуді сұрайды.

-Модельдедің қандай түрлерін білеміз?

-Параллельді кеңеиту қалай жасаимыз?

-Сәулелеік кеңейту қалай жасаймыз?

-Пішу кезінде қойылатын талаптар?

-Негізгі жіпті қалай анықтаймыз?

-Арқау жіпті қалай анықтаймыз?

-Матаның оң және теріс бетін қалай анықтаймыз?

-Бақылау белгілерін қалай қоямыз?

Студенттер сұрақтарға жауап береді, қажет болса іс жүзінде көрсетеді

Технологиялық карта

Ағымдағы нұсқаулық

4сағ 30 мин

1) бірінші мақсатты айналым:

Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шараларының сақталуын тексеру.

Студенттердің практикалық тапсырманы орындауға дайындығын тексеру.

2) екінші мақсатты айналып өту:

Жұмыстардың уақтылы орындалуын тексеру.

Еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру.

Студенттердің жұмыс сапасын тексеру.

3) үшінші мақсатты айналым: Студенттерге жеке нұсқау беру.

Студенттер жаңа тақырып бойынша өткен қол тепшімдерін іс жүзінде орындайды

Мата, ине, жіп, сызғыш, сабын, түйрегіш, жастықша, сөккіш, қайшы.

Қорытынды нұсқаулық

20 мин

Студенттердің орындаған жұмыстарына талдау жүргізу.

Әр студенттің жұмыс сапасына баға беру.

Өндірістік оқыту кезеңінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген студенттерді және орындалған жұмыстың сапасын атап өту.

Әрбір студенттің жұмыстарының ұқсас қателіктеріне талдау жасау

Өздері орындаған жұмыстарына талдау жасайды. Қателіктерін түсініп, келесіде қатесіз орындалуын қадағалайды.

Практикалық тапсырманы орындайды

Үй тапсырмасы

10

Сабақтың тақырыбын зерттеу, жұмыстағы кемшіліктерді жою.

Дәптердегі жазба

Дәптер, қалам

Жұмыс орнын жинау


Оқу шеберханасындағы тазалықты бақылайды

Оқу шеберханасында тазалық орнатуда

Шеберхананы

жинауға кажет құралдар.

Студенттердің нәтижелілігі:

Сабақта қойылған мақсаттарын орындады.

Шебердің өзін-өзі бағалауы:

Студенттердің өндірістік оқуға дайындығын тексеру, Қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылау. Материалды еңбек әдістерін көрсетумен түсіндіру орындалған жұмыстың сапасын тексерді. Орындалған жұмыстарға талдау жасады

Өндірістік оқыту сабағына Конспект

Белдемшенің моделденген суреттері

    


Тік белдемшені төмендегі бірізділік бойынша модельдейміз

  1. Белдемшенің эскизін дайындау. Эскизде белдемшенің алдыңғы және артқы бөлігі, таңдалған үлгінің ерекшелігі көрсетілуі керек.

  2. Белдемше үлгісіне түсініктеме берілу керек. Онда тігілетін мата түрі, белдемшенің атауы, үлгінің ерекшеліктері айтылуы керек

  3. Фасондық сызықтар енгізіліп, пішімдерді қию қажет.

. Тік белдемшені етігі жағынан кеңейтілген түрде модельдеу.




Тік белдемшенің алдыңғы және артқы бөліктерін қарама- қарсы қатпармен модельдеу



Тік белдемшені какетка салып модельдеу.


Сергіту сәті:

Би « Қара жорға »

  


Пiшу өндiрici тiгiн өндiрiсiнiң аса маңызды кезе­ңi болып саналады, онда белгiлi сапада бұйым әзiрлеу­дiң алғышарттары жасалады.

Пiшу өндiрiсiне мынадай операциялар енедi: мате­риалдарды жаю; борлап сызу; жайманы таңбалау; бұйым бөлiктерiн пiшу; пiшiм бөлiктерiн нөмiрлеу және комплектiлеу; түрлi түcтi peтiн көpceтeтiн талондар iлу; пiшiм байламаларын сақтау және тасымалдау; маршрут қaғазын толтыру; товарлык, және бақылау жазба қағаз­дарын толтыру.

Материалдарды жаю. Жайма дегенiмiз - бiрiнiң үс­тiнe бiрi төселiп жайылған, жан-жақтары теңестiрiлген кесуге арналған бiрнеше қабат мата материалдар. Мата Мата материалдарын жаю өңi «төмен қаратылып» неме­се «беттестiрiле» атқарылуы мүмкін. Мұның бiрiншi тәсiлi ic жүзiнде барлық материалдар үшiн тақ немесе жұп сандарын ескермей-ақ қолданыла бередi.

«Беттестiре» жаю мiндеттi түрде жұптык, болуы тиiс. Материалды жаю бiрден бумадан төселiнуi мүмкін (жайманы аяқталар жерiнен кесiп тастай отырып), немесе матаны бөлiк есептерi мен ұзындығы бойынша комплектiлеуге сәйкес алдын ала белгiлi ұзындықта ке­сiп алған бөлiктер болуы мүмкін.

Жаю қолмен немесе механикаландырылған жайып­тесегiш машина көмегімен (МНТ -2, жартылай автомат­ты жайып-төсегiш кешен арқылы ПНК т. б. жүзеге асырылады.

Процестi қолмен aтқapғaн кезде үстелдi мата жаятын қондырғылармен, жайманың аяқталар ұшын басып тұруға, кесуге және алдыңғы үшын қысып тұруға арналған сызғыштарын жабдықталады. Мата материалын қисайтпай, жиырмай сәл ғана тартып, бірден бір жақ жиегі және алдыңғы ұшы бойынша теңестіре отырып жаяды. Жайған кезде түкті, түксіз т.б. маталарды пішуге арналған техникалық шарттарды басшылыққа алады.

Мата тоқымысында кемістік болса оны жайып мүмкіндігңнше кемшіні көзге түспетіндей болуын немесе үлгіаралық қалдыққа түсуын қарастырып байқайды, олай етуге болмайтын жағдайда, бұйымды жеке пішуге тура келеді.

Жайманы таңбалау. Бөліктердің дұрыс көмлектелуін қамтамасыз ету үшін бормен немесе қарындашпен жазып немесе желімдеп таңбалайды немесе маркалайды. Жаюдың мынадай қалыңдықтары (биіктігі) үсынылады: жүн және жартылай жүн маталар үшiн - 28­30 қабат; астарлық - 50-60; өңip астараралығы- ­40-50; қалталардың астарлары - 60-80 және жылу­лық астараралық үшiн - 16-18 қабат.

Материалдарды пiшу. Бұл процесс eкi кезеңде атқа­рылады: 1) жайманы бөлiктерге ажырата тiлу жэне кейбiр ipi белiктердi ЭЗМ - 3, ЭЗДМ-3 жылжымалы пiшу машиналарымен ою (1-сурет); 2) жайманың жеке бөлiктерiнен сурет сызығы немесе үлгi бойынша РЛ-4 ленталық пiшу машинасымен детальдарын ою (2-сурет) т. б.


Мұның өзiне жайманың тiлiнген бөлiктepiн стационарлық үстел бойынша жылжытып немесе арбашаға салып, тұрақты ленталы машинаға ауыстыра­ды. Мата қабаттары жылжып кетпеуi үшiн жайманы қысқышпен бекiтедi. Пiшiлген бөлiктердiң сапасын олардың үcтінгі, ортаңғы және астыңғы қабаттағы бөлiктерiн бақылау үлгісі бойынша тексередi.

Пiшiндi бөлiктерiн нөмiрлеу мен комплектiлеу нөмір қойылған талонды өң бетiне бекiте отырып, 68-1 кл. арнаулы машинасымен атқарады. Бiр бұйымның барлық бөлiктерiнде де нөмір бiрдей болуы керек. Негiзгi мата­дан, астардан және жанамадан пiшiлген бөлiктердi буа­ды немесе арнаулы белдiктермен бекiтедi де, пiшiндi қоймасына тасымалдайды.



Өндірістік оқыту шебері: Сатылганова Ш.Н.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!