СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Бейнелеу өнері түрлері мен жанрларына жалпы шолу»

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларына жалпы шолу атты тақырыпта ашық сабақ. Сабақ түрі топқа бөлу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Просмотр содержимого документа
««Бейнелеу өнері түрлері мен жанрларына жалпы шолу»»

Пәні: Бейнелеу өнері негіздерінің әдістемесі
Топ: ББ 401(3)-14, 301(4)-15

Күні: 06.10.17 ж.

1-жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар мен студенттер. Бүгінгі біздің «Бейнелеу өнері түрлері мен жанрларына жалпы шолу» атты ашық сабағымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші «Мона Лиза» және «Табиғат» тобы болып екі топқа бөлінеді. Әр топта 6 студенттен қатысады.

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі.

2. Бәйге (интеллектуалдық сайыс)

3. Логикалық сайыс

4. «Тапқыр болсаң , шешіп көр»

5.«Кім жылдам?».

6.Ой-қиял ұшқырлығы.

Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары  жалпы шолу» атты сайысымызға қош келдіңіздер.Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Құлшынтады бізді сурет сабағы,

Тебрентіп ой-қиялды, сананы

Елестетіп көк тіреген тауларды,

Малы өрген ауыл мен сай-саланы.

Қыл қаламмен езіп тұрып бояуды.

Сызамыз да шексіз байтақ даланы,

Содан кейін таңдап зәулім үйлерді

Әдейлеп аралаймыз қаланы.

Бейнелеу өнер сабақ сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға.

Шақырамыз сіздерді

Ортаға «Мона Лиза» және «Табиғат» топтарын шақырамыз.

Суреті түрлі-түрлі саламыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Логикалық, қиын сұрақ бәрі де бар.

Ой-қиял ұшқырғы,фантазия сурет салуды асырамыз.

Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділ қазылармен таныстырайық.

Бүгінгі кештің жоспары таныстырылды. Бүгінгі сайыс шарттары әділ қазылардың алдарына дайындалып қойылған.

1-жүргізуші:

1. Кезекте амандасу рәсімі.

«Мона Лиза» тобы

Ұраны: Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Салемдесу: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Табиғат» тобы

Ұраны: Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сәрәда біз қашпаймыз.

Алғырлық пен тапқырлықты

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

2-жүргізуші:

2.Интеллектуальдық сайыс.(Әр топ 1сұраққа 1 минут уақыт беріледі. Жалпы сұрақ саны 10)

«Мона Лиза» тобына

«Табиғат» тобына

1-жүргізуші:

3. Логикалық сайыс. Бұл бөлімде логикалық сұрақтарға жауап береді. 10мин уақыт беріледі.

1)Ахроматикалық түстерге:түс тоны жоқ түстер (сұр,қара,ақ)

2)Үйлесімді түстер:негізгі түсті таңдауға ықпал етуші түстерді айтады

3)Туыстық түстер:30 градус шамасында түс шеңберіне кіретін түстер.

4)Қанықтылық:түс тазалығын меңзейді.

5)Жарық:электромагниттік толқын.

6)Спектор:Жеті түстен тұратын толқынның ұзындығына сәйкес орналасқан шкала.

7)Суық түстер:судың салқындығын еске түсіретін түстер (көк,көгілдір,күлгін)

8)Хроматикалық түстер:түстік тоны бар спектордың барлық түстері.

9)Түстік шеңбер:бір-біріне біркелкі өтетін спектр түстер.

10)Түстік параметрлер:түстік тон,жарық,қанықтылық.

2-жүргізуші:

4.Тапқыр болсаң, шешіп көр.Бұл бөлімде әр топтан бір студент шығып ребус шешуі тиіс. 5 мин уақыт беріледі.

«Мона Лиза» тобына:Портрет

«Табиғат» тобына: Пейзаж

1-жүрізуші:

5. «Кім жылдам?». Бұл бөлімде әр топ сөз жұмбақ шешеді. 10 мин уақыт беріледі.

2-жүргізуші :

6.Ой-қиял ұшқырлығы. Бұл бөлімде әр топқа бәлгілі бір тақырып беру арқылы студентердің фантазияларының қаншалықты ұшқыр екенін анықтау, сонымен қатар құралдарды пайдалану шеберлігін байқау. 10 мин уақыт беріледі.

Құлшынтады бізді сурет сабағы,

Тебрентіп ой-қиялды, сананы

Елестетіп көк тіреген тауларды,

Малы өрген ауыл мен сай-саланы.

Қыл қаламмен езіп тұрып бояуды.

Сызамыз да шексіз байтақ даланы,

Содан кейін таңдап зәулім үйлерді

Әдейлеп аралаймыз қаланы.

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,

Таңырқатып аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап тұрса

Бейнелеу өнерінің жанрлары жайнап тұрса

Елімнің болашағы гүлденеді

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, дей келе бүгінгі топтық сайысымыздың шегіне де келіп жеттік. Бүгінгі бейнелеу өнеріне жалпы шолу сайысының жеңімпазы қай команда екенін анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына беремін.

Қорытынды:Жеңген команданы жариялап, грамотамен марапаттау.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!