СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бала тәрбиесінің бүгінгі проблемасы

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала тәрбиесінің бүгінгі проблемасы

Рухани жаңғыру – ұлт болашағының кепілі. Атам қазақ: «адам   ұрпағымен мың жасайды», «ұрпағымен бақытты»  - деп, өзіне мұрагер болатын  ұл-қызына  тәрбие-тағылым беруді өмірлік міндеті санаған. Ер жігіт туған еліне  опасыздық жасаса, оны  бұрыңғылар «көргенсіздің баласы»,  «Іштен шыққан шұбар жылан» дейді екен. Күндердің  күнінде балам сол ащы сөзді айтқызбасын деп, үлкендер отбасы  тәрбиесін бесіктегі сәбиден бастапты. Өткенге үңілсек, Айғаным әжеміз бен Зере әжеміздің ертегісін тыңдап, салихалы тәрбиесінен Абай  атамыз бен Шоқан Уәлиханов өсіп-ержеткен екен. Ал, бүгінгі әжелеріміздің немерелері үлгі-өнегені қайдан  алуда?  Оларға кімдер үлгі болып жүр? 

Просмотр содержимого документа
«Бала тәрбиесінің бүгінгі проблемасы»

Бала тәрбиесінің бүгінгі проблемасы

Рухани жаңғыру – ұлт болашағының кепілі. Атам қазақ: «адам ұрпағымен мың жасайды», «ұрпағымен бақытты» - деп, өзіне мұрагер болатын ұл-қызына тәрбие-тағылым беруді өмірлік міндеті санаған. Ер жігіт туған еліне опасыздық жасаса, оны бұрыңғылар «көргенсіздің баласы», «Іштен шыққан шұбар жылан» дейді екен. Күндердің күнінде балам сол ащы сөзді айтқызбасын деп, үлкендер отбасы тәрбиесін бесіктегі сәбиден бастапты. Өткенге үңілсек, Айғаным әжеміз бен Зере әжеміздің ертегісін тыңдап, салихалы тәрбиесінен Абай атамыз бен Шоқан Уәлиханов өсіп-ержеткен екен. Ал, бүгінгі әжелеріміздің немерелері үлгі-өнегені қайдан алуда? Оларға кімдер үлгі болып жүр?

Қазіргі кезде сананы тұрмыс билеп, қара қазанның қамымен жүрген ата-ана үйдегі баласының оқуы мен тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыты жоқ. Оқушы мектепте алты сағат, үйде он сегіз сағат болғандықтан оның білімді де, мәдениетті болып өсуі - тікелей әке-шешеге қатысты. Соны бір ғасыр бұрын ескерген орыс жазушысы М.Горкий: «балалар тәрбиесін – үлкендерден бастау керек» деген екен. Әкеден өнеге, шешеден мейірім көрмеген бала көшедегі адамдармен, мектептегі достарымен сыйласып, араласа алмайды. Оқушы кезімде әкеміз үйдегі ер баланы саятшылыққа ертіп шығатын. Бала әкенің құзар шыңнан ұлар атып, биік жотада жүйрік атпен бүркіт салған қайтпас қажырын көріп, ерік-жігері шыңдалатын еді. Әкесінің қолынан ұшырған бүркіт биікке самғап барып, қия беттегі түлкіге түскені – ғажайып ерліктің көрінісі. Міне осындай от болып жанып тұратын әкенің, қыран бүркіт, жүйрік аттың адуынды күшін көрген баланың рухы биіктеп, өмірге деген құштарлығы артатын еді. Қазіргі жастарға осындай мотивация, ерік-жігер жетіспей тұрған сияқты.

Адамзаттың төресі болған Мұхамед пайғамбарымыз: «тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздеңдер» - деп өсиет қалдырған екен. Өйткені адамзат бұл дүниенің ғажайып жаратылысын, адам болып өмір сүрудің құпиясы білім мен тәрбиеде жатқанын ертеден-ақ аңғарған.

Ағашты әу баста қисық өсірсең, өмір бойы қисайып тұратыны сияқты, мектеп жасындағы балаға тәрбие дұрыс берілмесе, оның болашағы да бұлыңғыр болады. Жастардың қоғамдық көліктерде үлкенге орын бермеуі, қыздардың шылым шегуі, жұмыссыздар мен ажырасқандар санының артуын - бәрі тәрбие мен тағылым жетіспеуден туындап отыр. Оған кінәлі өзіміз. Қазіргі оқушылар жылап-сықтаған түріктің сериалдарынан, сылдыр-сұйық әңгімеге құрылған әлеуметтік желіден үлгі алып, алтын уақытын сонда өткізіп жатыр. Қамшының сабындай ғана қысқа өмірін виртуалды өмірмен алмастырып алған жастар, күнінде бір сағаттан - бес сағаттай уақытын сонда жұмсайды. Әлеуметтік желідегі небір ниеті жаман адамдардың сөзіне сеніп, өзіне керексіз істерді серік етіп алғаны тағы қынжылтады.

Алаш ардақтысы М.Жұмабаев: «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ляззат алып, жан толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы» - деген екен. Сондықтан баланың тәрбиесіне ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып «балаларымыз бос уақытында немен айналысып жүр?», «қазіргі оқушылардың тәрбиесі қай деңгейде?» - деген сауалды үнемі басты назарға алып отыру керек.

Дана халқымыз: «бала - дүниеге әкелгендікі емес, тәрбиелегендікі» - десе, С.А.Макаренко «әрбиеші болу үшін тәрбиеленген болуың керек» - дейді. Сол үшін балаларымыз ақылды да арлы болсын десек тәрбие беруден жалықпайық. Еліміздің болашағы жас ұрпағымыз білімді де білікті болсын.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!