СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Автоматты? б?лшектері мен механизмдерді? ??рылымы, арналуы.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік ма?саты: Калашников автоматыны? сипаттамасын т?сіндіру ж?не б?ліктері мен механизмдерін айту.

Дамыту ма?саты: О?ыта ж?не т?рбие бере отырып негізгі б?ліктері мен механизмдерін ме?герудегі білімін дамыту.

Т?рбиелік ма?саты: Елін, жерін с?юге, саналы т?рде Отанын ?ор?ау?а дайын болуды, ?арулы К?штерге деген ??рметті, ?ыра?ылы??а, батылды??а, ерж?ректікке т?рбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Автоматты? б?лшектері мен механизмдерді? ??рылымы, арналуы.»

Тақырыбы: Автоматтық бөлшектері мен механизмдердің құрылымы, арналуы.

Білімділік мақсаты: Калашников автоматының сипаттамасын түсіндіру және бөліктері мен механизмдерін айту.

Дамыту мақсаты: Оқыта және тәрбие бере отырып негізгі бөліктері мен механизмдерін меңгерудегі білімін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, Қарулы Күштерге деген құрметті, қырағылыққа, батылдыққа, ержүректікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Уақыты: 45 минут.

Өтетін орны: АӘД кабинеті.

Көрнекілігі: «Алғашқы әскери дайындық» оқулығы, «Калашников автоматы» атты плакаттар. Калашников оқу – жаттығу автоматы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Взвод командирі сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді. Амандасу, түгендеу, сырт көріністі тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Шағын калибрлі ТОЗ-8-ТОЗ-12 винтовкасы неге арналған және қарудың ұрыстық қасиеттерін атаңдар?

  • Калашников автоматы неге арналған?

  • Михаил Тимофеевич Калашников өмірбаяны жайында кіші үзінді.

  • Калашников автоматының ұрыстық қасиеттері.

ІІІ. Жаңа тақырып:

Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұңғының ішінде солдан жоғары қарай және оңға қарай бұранда тәрізді төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққа айналмалы қозғалыс беруге қызмет етеді. Ойықтар арасындағы аралықтар өріс, ал екі қарама-қарсы өріс арасындағы қашықтық ұңғы арнасының калибрі деп аталады; автоматта (пулеметте) ол – 5,45 мм-ге тең.


Автоматтың ұңғылық тежеуіш-компенсаторы ату шоғырлануын арттыру және кері тебу энергиясын азайту үшін қызмет етеді. Оның алдыңғы және артқы екі каморасы бар (оларда оқ ұшып шығатын дөңгелек тесіктер болады).

Қарауыл негізінде сүмбіге арналған ойықты тірек, қарауыл сырғымасына арналған тесік, қарауыл сақтандырғышы, серіппелі орнықтырғыш болады.

Газ камерасы дәрілі газдарды ұңғыдан бекітпе жақтауының газ поршеніне бағыттауға қызмет етеді.

Қосқыш жалғастырғыш шетмойынды автоматқа (пулеметке) қосу үшін қызмет етеді.

Ұңғы қорабы автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерін қосу үшін, ұңғы арнасын бекітпемен жабуды және бекітпенің бекітуін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Ұңғы қорабында соққы-ағытқыш механизмі орналасады. Қорап үстінен қақпақпен жабылады.


Көздеуіш құрылғы әр түрлі қашықтардағы нысаналарды ату кезінде автоматты (пулеметті) көздеу үшін қызмет етуді және көздеуіш пен қарауылдан тұрады.

Көздеуіш қалыбынан, тілімшелі серіппеден, көздеуіг тақташадан және қамытшадан тұрады.




Ұңғы қорабының қақпағы ұңғы қорабында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды. Оның оң жағында сыртқа лақтырылатын оқсауыттардың өтуіне және бекітпе жақтауы сабының жылжуына арналған сатылы ойық, артында – қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің шығыңқысына арналған тесік бар.

Газ поршеньді бекітпе жақтауы бекітпені және соққыш-ағытқыш механизмді әрекетке келтіруге арналған.


Бекітпе патронды оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты (патронды) алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізден, соққыштан, серіппесі мен осі бар лақтырғыштан және бұрама сұқпадан тұрады.



Қайтармалы механизм бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдыңғы жағдайға қайтару үшін арналған.



Ұңғы бастырмасымен қоса газ түтігі алдыңғы және артқы қосқыш жалғастырғыштардың газ түтігінен, ұңғы бастырмасынан, металл жартышығыршықтан және тілімшелі серіппеден тұрады.


Соққыш-ағытқыш механизм шүріппені ұрыстық қайырмадан немесе автоағытқыш қайырмасынан босату үшін, соққышқа соққы беру үшін, автоматты жекелей атыс жүргізілуін, атуды тоқтатуды қамтамасыз ету үшін, бекітпе жабылмаған кезде атысты болдырмау үшін және автоматты сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.

Ауыстырғыш автоматты түрде және жекелей атуға немесе сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.



Құндақ автоматпен қимылдау кезінде ыңғайлы болу үшін және қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді.



Оқжатар патронды орналастыруға және оларды ұңғы қорбына беріп тұруға арналған.













Сүңгі – пышақ қарсыласты шайқаста жою үшін автоматқа шабуыл алдында кигізіледі.

Сап ұстауға ыңғайлы болуы үшін және сүңгі-пышақты автоматқа қосу үшін қызмет етеді.






Қын сүңгіпышақты белдікке іліп алып жүруге арналған.



ІҮ. Жаңа тақырыпты пысықтау.

  1. Автоматтың (пулеметтің) механизмдері мен бөліктерінің құрылысын атаңдар.

  2. Ұңғы, ұңғы қорапшасы, көздеуіш, газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы, бекітпе, қайтармалы механизм не үшін арналған?

  3. Оқжаттарды қалай пайдаланады?

  4. Сүңгі-пышақ жайлы айтып беріңдер.


Ү. Қорытындылау, бағалау.


ҮІ. Үй тапсырмасын беру. П.5 184 – 197 бет.















































Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі












Автоматтық бөлшектері мен механизмдердің құрылымы, арналуы.

(аудандық семинарда өткізілген ашық сабақ)













Дайындаған: Идрисов Ж.Ж.











Ерейментау, 2011 ж.













































































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!