СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Астық тұқымдастар

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Астық тұқымдастардың түрлерін ажырата білу.

Просмотр содержимого документа
«Астық тұқымдастар»

Күні:

Тақырыбы:Астық тұқымдастар.

Сабақтың мақсаты: білімділігі: астық тұқымдасына жататын өсімдік түрлері, ерекшеліктері, көбеюі, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу, өз бетінше жұмыс істей білу, танымдылық логикалық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: нанды қадірлеуге, адамгершілікке,салауатты өмір салтын ұстануға, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «астық тұқымдастар» плакат- суреттері, бидай гүлінің моделі.

Типі: жаңа білімді қалыптастыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдіс- тәсілдері: проблемалық, дифференциялық

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «ер дәулеті- еңбек»

Үй тапсырмасын қайталау.

  • Өсімдік дегеніміз не?
    оның қандай түрлері бар

  • Өсімдіктердің құрылысы қандай?

  • Жер астындағы өсімдіктің бөлігі қалай аталады?

  • Өсімдіктер немен қоректенеді?

ІІІ. «Ырыс алды- ынтымақ»

Жаңа білімді қалыптастыру

  1. Қызығушылықты ояту.

Мұғалімнің сөзі. Табиғат ерекше қаситті ұғым. Табиғаттың бір бөлігі өсімдіктер. Өсімдік жесе тамақ, кисе киім, дем алса ауа, саялы баспана.

Ас – адаманың арқауы,- деп халқымыз бекер айтпаған. Міне дәнді дақылдың бір түрі- бидай туралы әңгімелейміз.

«Ой шақыру» стратегиясы.

Астық тұқымдастар гүл шоғыры

Шашақ басты

Масақ сұлы, тары, күріш

Бидай, қарабидай, арпа

Деңгейі

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ой толғау

Астық тұқымдастардың неше түрі бар?Дәнді дақылдың пайдасы не?

«ас атасы- нан» қайдан алынады?бидай дақылы қай уақытта егіледі? Неше тұқымдас тармағына жіктеледі? қай мезгілде астық түрлері жиналады? көктемде топырақ қандай болу керек? Ал күзде ше?

500-ге жуық туысы

6000-ға жуық түрі бар. Дара жапырақтылар класына жататын кең таралған тұқымдастың бірі ас мәзіріндегі негізгі өнім, адам ағзасына қажет, дәрумендердің түр- түрі бар. Ол бидайдан алынады. Күз мезгілінің соңғы айында егістік алқабына егіледі. Бетеге, тары және бамбук тәрізділер болып бөлінеді. Жазбен күз мезгілінде жиналады. Қар астында тұқымы өніп, ерте көктемде өсе бастайды. Күзде астық жиналып, қоймаға әкелінеді.

Түсіну

Ойлан, ізден! Дәнді дақылдар туралы не мәлімет бере аласындар?

Дәнді дақылдар: Өсімдік түрлері көп, Ас- арқау, дәрумендер мол, Түрлі ас мәзірі әзірленеді.

Қолдану

Өз пікірніді айт! Дәнді дақылдардың пайдасы не?

Жаздың ыстығында күннің сәулесі қыздырып, жіберуінен сақтандырады. Анызық желден қорғап, ылғалды сақтайды. Қалалардың ауасын тазартады. Ауа құрамының тазалығын сақтайды.

Талдау

Дәнді дақылды реттеу

Әр оқушы өзіне ұнайтын дәнді дақылдың суретін салып, ол жайлы мәлімет береді. (астығы ма, әлде келбеті сол жайлы жазу және қорғау)

Жинақтау

Дәнді дақыл туралы жалпы мәдліметтерді топтастыру

Дәнді дақылдарды күзде егеді. Жемісі тамақ дәрумені мол, жесең күш- қуат береді. Көктемде алқапты жасыл аймаққа айналдырып, әлемге керемет сыйлайды. Табиғаттың таңқаларлық сырының бірі секілді.

Бағалау

Семантикалық картаны толтыру

Венн диаграмасы арқылы дәндә дақылдың ерекшеліктерін толық мағынасын ашу.

Үй тапсырмасын беру

Астық тұқымдастар.

Күнделікке жазып алу











































Күні:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Өсімдік топтарының көптүрлілігі эволюцияның нәтижесі екендігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өсімдіктермен танысу арқылы түрлерін, құрылысын, қызметін, медицинада қолданылуын анықтай білуге үйрету, жергілікті жерде кездесетін өсімдіктер жайлы ізденуге баулу.

Дамытушылық: оқытудың беленділігін арттыру, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.

Тәрбиелік: Өсімдіктерді табиғаттың бір бөлшегі ретінде аялап күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқа, карточкалар, суреттер

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • оқушылармен сәлемдесу

  • оқушыларды түгендеу

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа сабақты игеру.

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсысының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған. Ертедегі мысырлықтар алоэ, қараған, анис, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4000 жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.

Қазақстанда өсімдіктердің 6000 астам түрі болса, оның 500 түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілік өсімдіктермен емдеуді фитотерапия деп атайды.

Жүрек ауруын емдейтін дәрінің 78 %, ішекқұрт, бауыр – 75 %, жатыр, жыныс мүшелерінің ауруларының 80 %, қақырық түсіретін — 80 %, қан тиятын — 65 % өсімдіктер алынады.

Өсімдіктер әлемінің жеке дамуының (онтогенезінің) сатылары мен оларға байланысты ерекше құрылымдар төмендегіше белгіленеді:
1. Эмбриондық-зиготаның қалыптасуы;
2. Жастық — балауса (ювенильдік) — ұрықтың өнуі және негізгі өсу мүшелерінің (жапырақ, сабақ, тамыр) қалыптасуы;
3. Жетілу (жыныстық), толығу — гүл бастамаларының пайда болуы, кебею мүшелерінің (гүлдердің) қалыптасуы;
4. Көбею (жемістену) — тұқымдардың, жемістердің бір рет немесе бірнеше қайталанып қалыптасуы;
5. Қартаю (тозу) — ыдырау процестерінің және активсіз (ырықсыз) құрылымдардың басымдануы.
Сонымен, бірінен соң бірі жүзеге асатын физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық өзгерістер өсімдіктің өсуі мен дамуының жалпы, біртұтас процесі болып табылады. Барлық өсімдіктер толық гүлдеңіп, жемістеніп болған соң, біртіндеп қартая бастайды да, біраздан соң (көптеген жылдардан кейін) тіршілігін толық жояды. Мысалы, Секвойя — 1500 жыл, емен — 1500, шырша — 1200, жөке — 1000, қарағай — 500, жүзім — 80-100, қылтықсыз арпабас — 10-30 жыл, жоңышқа — 4-5, сәбіз — 2, бір жылдық шөптесін өсімдіктер — 1 жыл, эфемерлер-2-4 апта өмір сүреді.

1.Адыраспан бөлме өсімдігі ( жоқ)

2.Кактус компьютердің адамға тигізетін, зиянды әсерін

азайтатыны рас па? ( иә)

3.Шырша қысы –жазы жасыл болатын ағаш па? ( иә)

4.Жалбызды антисептикалық зат ретінде тіс тазалағыш паста

құрамына кіреді ме? (иә)

5.Сасық шөп бөлме өсімдігі ме? ( жоқ)

6.Лимоннан сірке қышқылын жасайды ма? ( жоқ)

2-ші топ.

1.Күріш дәнді дақылдарға жатады ( иә)

2.Жүгері жеуге жарамды ма? ( иә)

3.Шығыс Қазақстанда мақта өсіріледі ( жоқ)

4.Жалбыздың иісі жағымсыз ( жоқ)

5.Сұлы жылқының тағамы ма? ( иә)

6.Бақбақтың жапырақтарын суықтаған кезде пайдаланатын жөн

деген кеңес рас па? ( иә)

3-ші топ.

1.Тобылғы раушангүлдер тұқымдасына жатады (иә)

2.Бәйшешек жыл бойы өсетін өсімдік ( жоқ)

3.Еменнің орысша баламасы дуб па? ( иә)

4.Бәйшешектің орысша баламасы тюльпан( иә)

5.Тал басында қарбыз – қауын өседі ме? ( жоқ)

6.Балдыр жоғары сатыдағы өсімдіктер қатарына жатады ( жоқ)

1.Кіп-кішкентай қауғабас,

Шашы түссе дауламас ( Бақбақ)

2.Жатып жерде желіндейді,

Күз түскенше желінбейді ( Қауын )

3.Жазда жатсаң –көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң-жаның рахат табады. ( Ағаш)

4. Тәтті

Тәттінің іші қатты,

Қатынның іші тәтті. ( Өрік)

5.Айт десе жүгірмес,

Су тисе сілкінбес. ( Шөп)

6.Көздің жауын алар,

Қырға кілем жайдым. ( Қызғалдақ)

7.Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары. ( Жапырақ)

8.Компьютер жанындағы өсімдік ( Кактус)

9.Дөп-дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай. (Қарбыз)

10.Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты ( Алма)

11.Тәтті жемісітің бірі,

Қауақтың кішкентай түрі.

Айыбы бұтаққа ілінеді,

Айтыңдаршы кім біледі? ( Алмұрт)

IY. Жаңа сабақты бекіту.

Y. Рефлексия.

Білемін Білмеймін Білгім келеді

Үйге тапсырма. оқу, А,В тапсырмалары, шағын эссе «Өсімдіктерді аялау».

YI. Бағалау. Сабақты қорытындылау















Күні:

Сабақтың тақырыбы:  Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға мәдени өсімдіктердің негіздері және олардың маңыздылығын ашу, білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға түрлі ойын элементін пайдаланып ойын еркін жеткізуге, ашық айтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың өту әдісі: ауызша, баяндау, сұрақ жауап
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет, муляж, электронды оқулық, интерактивті тақта, тірек – сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ.1."Білім минуты"
1.Мәдени дақылдардың қандай түрлерін білесіндер?
2.Мәдени дақылдар қандай бағытта өсіріледі?
3.«Картоп-екінші нан»деп неге аталған? 
4. Көкөністік дақылдардың қандай манызы бар?
5.Түйнек деген не?
ІІ.2. Кестені толтыру:

Мәдени дақылдар

Мәдени дақылдарға жататын өсімдіктер

Көкөністік

Орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, қияр, пияз, зәйтүн, картоп, т.б.

Жеміс-жидек дақылдары

Алма, алмұрт, қара өрік, шие, құлпынай, жүзім, алхоры, т.б.

Май алынатын өсімдіктер немесе техникалық дақылдар

Күнбағыс, соя, қыша, рапс, зәйтүн, т.б.

Даражарнақтылар немесе астық тұқымдастар

Бидай, сұлы, арпа, күріш, жүгері, тары, қарабидай т.б.

ІІІ. Жан—жақты білімдерін тексеру

Лездемелік сұрақтар:
1. Ең тез өсетін өсімдік?(Бамбук)

2. Өсімдіктің қай мүшесі жасыл асхана деп аталады?(Жапырақ)
3. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым?(Микология)
4. Адам қолымен өсірілетін өсімдіктер?(Мәдени)
5. Өсімдіктін жер асты мүшесі?(Тамыр)
6. Ең ірі жеміс?(Асқабақ)
7. Органикалық тыңайтқыштарды атаңыз?(Көң, құс саңғырығы)
8. Суықтан да биіктен де қорықпай таудың ұшар басында өсетін қай өсімдік?(Еңлікгүл)
9. Дүниеде ең бик ағаш?(Эвкалипт) 

10. Бриология қандай ғылым? (мүктер)

ІV.Жаңа сабаққа даярлық:

Мәдени өсімдіктердің жабайы өсімдіктерден айырмашылығы неде?

Қандай мәдени өсімдіктерді білесіңдер? (суреттер)

V. Жаңа сабақ:

Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары. Осы заманғы адам мәдени өсімдіктерсіз өмір сүре алмаған болар еді. Мәдени өсімдіктер адамды ең қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер - астық, көкөніс, жеміс - жидек, мата тоқуға қажетті шикізат. Мәдени өсімдіктерсіз қант, май, мал азығы да болмас еді. Үй жиһазы, қағаз, дәрі, үй ішін сәндейтін әр түрлі заттардан өзге де қажеттіліктерді тек мәдени өсімдіктерден аламыз. Мәдени өсімдіктердің сан алуан түрлері мен іріктемелерін алу үшін қаншама жылдар өтті емес пе? Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктердің тұқымы, жемісі, пиязшығы және басқа бөліктерін пайдаланды. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезеңжинаушы кезең деп аталды. Адамзат тарихындағы бұл кезең сан ғасырларға созылды. Адамдар біртіндеп кейбір өсімдіктерді тұқымынан өсіру жолын тапты. Ондай адамдар құнарлы топыраққа өсімдікті өсірумен ғана шектелмей, ол өсімдіктің сапасын өзгертуді де меңгерді. Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін реттеу үшін сұрыптал, іріктеу қажет болды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір тұр дарақтарының жиынтығы іріктеме деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылымы келді. Жануарлардың қолдан шығарылған түрін қолтұқым дейді. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен шұғылданатын ғылым - селекция деп аталады (латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау).
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400 - ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200 - ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000 - ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.

Қазақстанда қант қызылшашы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым -Кәрім Мыңбаев. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Кандидаттық және докторлық диссертациясын Ленинградта академик Н. И. Вавиловтың жетекшілігімен қорғаған Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. К. Мыңбаевтың армандаған іс - жоспарларының бірқатары кейін жүзеге асты. Сөйтіп, Қазақстанды астықты өңірге айналдыру, Бетпақдаланы мал шаруашылығы үшін пайдалану, сондай - ақ Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын суландыру, құмкөшкінін тежеу мақсатында жаңа жерлерге сексеуіл отырғызу жобалары халық игілігіне айналды.
Өсімдік шаруашылығының өнімін алуда мәдени өсімдіктерді егудің маңызы зор. Бұл - ауыл шаруашылығы негізгі саласының бірі. Егістік дақылдар тобы дәнді дақылдар, түйнекжемісті және тамыржемісті дақылдар, майлы дақылдар, малазықтық дақылдар, тоқыма дақылдары, бақша дақылдары болып бөлінеді. Ал жемісті дақылдар: шекілдеуікті дақылдар, сүйекті, жидекті, жаңғақжемісті, цитрусты дақылдарға жіктеледі. Демек мәдени өсімдіктер жергілікті халықты - азық - түлік өнімдерімен, мал шаруашылығын - малазықпен, адамзатқа қажетті шикізаттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер мен олардың іріктемелерін адамзат қаншама жылдар табиғатты4 бергенін жинақтап, жинаушы кезеңді бастан өткізді. Сөйте - сөйте өсімдіктерді өсірумен ғана емес, оны өзіне қажетті өнім беруге сұрыптал, іріктеуді меңгерді. Өсімдіктерден - іріктеме, жануарлардан қолтұқым шығарумен шұғылданады.
Әйгілі ғалым Н. И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеді. Ғалым - селекционер Кәрім Мыңбаев Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетті.

Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары:

  1. Оңтүстіказиялық тропиктік орталық. Бұл – күріштің, қант қамысының, көптеген жеміс және көкөністік дақылдар отаны. Бұған тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдары жатады.

  2. Шығысазиялық орталық. Бұл – сояның, тарының бірнеше түрінің, көптеген жемістік және көкөністік дақылдардың отаны. Бұған Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралдары, Корея жатады.

  3. Оңтүстік-батысазиялық орталық. Бұл – бидай, қарабидайдың бірнеше түрлерінің, көптеген дәнді дақылдар, бұршақ, жүзімнің отаны. Бұған кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-батыс Үндістан жатады.

  4. Жереортатеңіздік орталық. Бұл орталық мәдени өсімдіктер түрінің бірнеше түрі кездеседі. Атап айтқанда: зәйтүн, көптеген малазықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымыөқ), орамжапырақ өскен.

  5. Абиссиналық орталық. Бұл – дәндік құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны. Бұған Африка материгінің шағын ауданы жатады.

  6. Орталық америкалық орталық. Бұл – жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, асқабақ, үрмебұршақ, - 900-ге жуық мәдени өсімдіктердің отаны. Бұған Оңтүстік Мексика жатады.

  7. Андылық (Оңтүстік Америкалық) орталық. Бұл – көптеген түйнекті өсімдіктердің, соның ішінде картоптың, дәрілік өсімдіктердің отаны. Бұған Анд тау жотасы атырабының бөлігі жатады.

Оқушылардың зерттеу жұмыстары:

  1. «Күнбағыс өсімдігінің биологиялық ерекшеліктер мен пайдасы»

  2. «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері мен емдік қасиеттері»

VІ. Сабақты бекіту.

«Алтын қақпа» ойыны

  1. Тас қақпа сұрағы: Іріктеме деген не?

  2. Күміс қақпа сұрағы: Селекция қандай ғылым?

  3. Алтын қақпа сұрағы: Кәрім Мыңбаев Қазақстан үшін қандай еңбек жасады?

VІ. 2 Сәйкестендіру тесті
Мәдени орталықтар

Өсімдік атаулары 
1.Оңтүстік Азия
2.Шығыс Азия
3.Оңтүстік-Батыс Азия
4.Жерорта теңізі
5.Абиссиния орталығы
6.Орталық Америка
7.Анд(Оңтүстік Америка)

А.Картоп
Ә.Мақта
Б.Банан
В.Зәйтүн ағашы
Г.Бидай
Ғ.Қара бидай
Д.Соя,тары
Е.Күріш
Ж.Қант қамысы
З.Үрмебұршақ
И.Асқабақ


____

____

____

____

____

____

____


Дұрыс жауап

1. Е,Ә
2. Д
3. Г,Ғ
4. В
5. Б
6. И,З
7. А,Е
Тест

1)    Дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктердің шығу тегін зерттеп, мәдени орталықтарын ашқан ғалым

А) И.Мичурин    ә) Н.Вавилов       б) В.Ковалевский         в) Г.Карпеченко

2) Қайсысы мәдени өсімдік

А) Жуа       ә) Жусан    б) Тары      в) Ебелек

3) Сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір түр дараларының жиынтығы

А) Іріктеме          ә) Жинаушы кезең       б) Қолтұқым       в) селекция

4) Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетуші

А) С.Я.Шабаев   ә) А.Б.Бұқтыбаева     б)И.Г.Цыганков                         в) К.Мыңбаев

5) Жануарлардың қолдан шығарған түрі қалай атаады?

А) Іріктеме          ә) Қолтұқым       б) Селекция         В) Жинаушы кезең

6) Вавилов еңбегінде неше орталықты ажыратты

А) Алты     ә)  Сегіз      б) Жеті       в) Тоғыз

7) Картоптың отаны

А) Оңтүстік Америка   ә) Солтүстік Америка  б) Азия      в) Иран

Жауабы: 1-ә, 2-б, 3-а, 4-в, 5-ә, 6-б, 7-а

VІІ. Қорытынды

VІІІ. Үйге тапсырма: § Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Оқушы білімін бағалау

































Күні:

Сабақтың тақырыбы: Негізгі халық шаруашылық дақылдары-бидай мен картоптың пайда болу тарихы 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Негізгі халық шаруашылық дақылдары-бидай мен картоптың пайда болу тарихы, құрамындағы заттар және маңызы туралы түсінік беру 
Дамытушылық: Бидайдың, картоптың Қазақстанда және өзіміздің аймақта егілетін іріктемелерін білу 
Тәрбиелілік: Нанды қадірлеу керектігін ұғындыру 
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап 
Пайдаланылатын көрнекіліктер: Бидайдың және картоптың суреттері, тірек-сызбалар, интерактивті тақта 
Пайдаланылатын әдебиеттер: Биология, Қызықты ботаника, Биологияны оқыту әдістемесі 
І. Ұйымдастыру 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 
1. Үйге берілген кестені тексеру 
Астық тұқымдас өсімдіктер 
Азықтық өсімдіктер Малазықтық өсімдіктер Құрылыс материалдары, қағаз өндіру шикізаты болатын өсімдіктер Сыпырғыш дайындауға қажетті өсімдік Зиянды өсімдік 
2. Деңгейлік тапсырмалар 
І 10 10 10 
ІІ 20 20 20 
ІІІ 30 30 30 
І-1: Астық тұқымдастар қандай класқа жатады? 
І-2: Астық тұқымдастардың тамыр жүйесі қандай? 
І-3: Қазақстанда астық тұқымдастардың қанша түрі өседі? 
ІІ-1: Тағам ретінде пайдаланылатын астық тұқымдастарды ата? 
ІІ-2: Сүректі астық тұқымдастарды ата және олар қайда қолданылады? 
ІІ-3: Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарғақ, арпабас т.б. астық тұқымдастардың маңызы неде? 
ІІІ-1: Астық тұқымдастардың сабағының құрылысын түсіндір? 
ІІІ-2: Астық тұқымдастардың жапырағы қалай орналасқан? 
ІІІ-3: Астық тұқымдастардың гүлінің құрылысын түсіндір? 
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру 
Бидай ертеден келе жатқан мәдени өсімдіктердің бірі. Археологиялық құжаттарға қарағанда біздің заманымыздан Y-YI мың жылдарда Ашхабад, Ереван, Еуропаның оңтүстік бөлігінен қазбадан бидай дәні табылған. Бидай 10 мың жылдам астам уақыттан бері өсіріліп келеді. 
Бидай дәні-аса құнарлы да қуатты азық, оның құрамында адам ағзасы үшін қажетті ақуыздар мен көмірсулар, В, РР және Е дәрумендері, минералды тұздар және басқа да қажетті заттар болады. 100 г бидай нанында 9 г ақуыз, 0,5 г май, 1 г қант, 40 г крахмал бар. Бидай дәнінен әр түрлі ұн, жарма, кеспе, крахмал, спирт, т.б. дайындайды. Сабағы мал төсенішіне пайдаланылады. 
Бидайдың пайдалануы: 
1. Тағамдық өнім 
2. Мал азығы мен құс жемі 
3. Дәрумендер 
4. Крахмал, спирт, май алынатын шикізаттар 
5. Бидай сабаны қағаз, қатырма қағаз, орағыш материал, мал қорасына төсеніш заттар алынатын шикізат 
Қазақстанның көптеген жерінде жұмсақ және қатты бидайдың күздік пен жаздық іріктемелері өсіріледі. Жаздық бидайдың тұқымы 12-140 жылыда қаулап өседі. Оны ерте көктемде себеді. Астық бір жазда пісіп, түсім береді. Жаздық бидай түптену және сабақтану кезеңінде суды көп тілейді, әрі топырақ талғайды. Қара, қызыл қоңыр, құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі. Күздік бидайды күзде себеді. Ол сепкеннен кейін біраз уақыт өткен соң кешікпей көктеп шығады. Көбінде 2-3 жапырақ пайда болған кезде бидай түптене бастайды, содан соң қар астында қалдырылады. Көктемде қайтадан өсе бастайды да , жанама өркендер шығып, тамырларының саны артады, сөйтіп өсімдіктің сабақтары тез өсіп, жаздың соңында мол түсім береді. Жұмсақ бидай климат жағдайы қатаң аумақтарда, Қазақстанның Орталық, Шығыс аудандарында өседі. Қатты бидай топырақ талғайды және жылу сүйеді. Сондықтан Қазақстанның Оңтүстік облыстарында егіледі. Бидайдан мол түсім алу үшін өсімдік тіршілігінің барлық жақтарына бір мезгілде ықпал ететін агротехникалық шаралардың тұтас жиынтығын қолдану қажет. Жерді терең айдау, ауыспалы егісті мезгілінде дұрыс жасау. Сондай-ақ топырақты жақсы өңдеп, сапалы іріктеме тұқымды себу, тұқымды дер кезінде себу және тұқым себу мөлшерін дұрыстап алу, қар тоқтату, егісті көктемде тырмалау, қатар аралықтарын қопсыту, органикалық, минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде енгізу, арамшөптерді жою, т.б. шараларды қолдану мол түсім алудың кепілі болып саналады. 
Қазақстанда бидайдың 6 түрі өсіріледі: еділдік, польшалық, көжелік, жұмсақ, қатты, көбең бидайлар. 
Картоп-аса маңызды азық-түліктік және техникалық өсімдіктердің бірі. Картоптың шыққан жері-Оңтүстік Американың таулы өлкелері. Еуропаға 1553 жылы испандықтар әкелген. Ресейге картоп Еуропадан I Петр уақытында әкелінді. Ұлы Отан соғысы кезінде картоп миллиондаған адамдардың негізгі тағамдық азығы ретінде пайдаланылды. Картоптың құрамында негізінен су мен құрғақ заттар болады. Құрғақ заттарда көмірсу, ақуыз, май, дәрумендер, органикалық қышқылдар, минералдар сақталады. Фотосинтез әрекетінің нәтижесіндепайда болатын қанттан крахмал түзіледі. Картоптан спирт, крахмал, сірне алынады.Картоп түйнектері малға азық. Картопты көктемде отырғызады. Картоп 8-100 жылылықта өнеді. Жаңадан шығарылған картоп іріктемелерінің саны 100-ден асады. Биологиялық ерекшеліктерін, экологиялық жағдайларын ескеріп іріктемелерін таңдап ала білсе аса өнімді болады. 
IY. Сабақты бекіту сұрақтары: 
1. Бидай қай уақыттан бері өсіріліп келеді? 
2. Бидайдан қандай азық-түлік алынады? 
3. Бидайдың құрамында қандай заттар бар? 
4. Бидайдан мол түсім алу үшін не істеу қажет? 
5. Картопты өсіру тарихынан не білесіңдер? 
6. Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы қандай? 
Y. Үйге тапсырма: 
1. Негізгі халық шаруашылық дақылдары-бидай мен картоптың пайда болу тарихы 
2. Нанды қадірлеу туралы халық арасында көп таралған мақал-мәтелдер жинастыру




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!