СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Астана - бас ?ала. 4 сынып

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Астана - бас ?ала»

4 «Г» сынып

Саба?ты? та?ырыбы: Астана – бас ?ала

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: о?ушылар?а елімізді? бас ?аласы Астана туралы т?сінік беру;

Дамытушылы?: о?ушыларды? ойлау ?абілетіне сай тапсырмаларды ?олдана отырып, о?ушыларды д?рыс с?йлеуге, сауатты жазу?а ?йрету. С?здік ж?мыстар ар?ылы с?здік ?орын байыту;

Т?рбиелік: о?ушыларды жеке ж?не топпен ж?мыс істеуге баулу.  Отанс?йгіштікке, ту?ан жерді аялау?а, адамгершілікке т?рбиелеу.

 

Саба?та ?олданылатын ?діс-т?сілдер: т?сіндіру, с?ра?-жауап

К?рнекілігі: суреттер, слайд, кестелер

Саба?ты? барысы:

1.      ?йымдастыру кезе?і. О?ушыларды т?гелдеу ж?не саба??а даярлы?тарын тексеру

А) С?лемдесу – ?уаныш ше?берді ??ру:

?уан, шаттан, ала?ай!

?уанатын к?н келді!

К?ліп шы?ты к?н б?гін,

?айырлы та?! ?айырлы к?н!

?) Балалар м??аліммен бірге жіп б?да?ын ?олына ?стап, бір-біріне жылы тілектерді айтады

б) топтар?а б?лу

в) кезекшілермен с?йлесу

 

2.      С?ра?тар дорбасы. Балалар дорбадан бір с?ра?ты алады да, ойлап, жауап береді. Берілген с?ра?тар:

1)      Отан дегеніміз не? (Отан дегеніміз туып-?скен жеріміз. ?р халы?ты? ?з Отаны болады)

2)      Бізді? Отанымыз ?алай аталады? (Бізді? Отанымыз ?аза?стан Республика деп аталады)

3)      ?аза?стан Республикасы ?андай мемлекет? (?аза?стан Республикасы т?уелсіз мемлекет)

4)      ?аза?стан Республикасыны? Президенті кім?

5)      Мемлекеттік тіл ?ай тіл?

6)      Р?міздерді ата. (?н?ран, елта?ба, ту)

7)      Отан туралы ?андай ма?ал-м?тел білесі?? (Отансыз адам – ормансыз б?лб?л.  Отан оттан да ысты?)

8)      Отан туралы ?андай ?ле? жолын білесі??

?аза? жері ?аза?стан,

М?лдіреген ашы? аспан.

Алыс кетсем са?ынамын,

Отаным сен – ?аза?стан.

9)      Ресейді? астанасы ?ай ?ала?

10)  ?ыр?ызстанны? астанасы ?ай ?ала?

11)  Францияны? астанасы ?ай ?ала?

Ми?а шабуыл:

- Балалар, ?алай ойлайсы?дар, осы с?ра?тарды? ішінде ?андай с?ра? жо??

- Д?рыс. ?аза?стан Республикасыны? астанасы ?ай ?ала?

Сонымен, бізді? б?гінгі саба?ты? та?ырыбы не туралы?

Астана – бас ?ала

Д?птерге б?гінгі к?нін жаздыру.

 

3.      С?здік ж?мыс. Саба??а керекті с?здер.

?ала – город

Бас - главный

?имарат - здание

Саяхат - путешествие

Саяхатшы -  турист

М?дени - культурный

?она??й - гостиница

Ма?таныш - гордость

Болаша? – будущее

 

«Астана?а саяхат»

Бізді? жыл санауымыздан ?ш мы? жыл б?рын бабаларымыз ?оныс еткен ?азіргі А?мола территориясы – тарихи талай о?и?алар мен арпалыстарды бастан ?ткерген ?асиетті ?лке.

1994 жылы шілде айында Елбасыны? ?сынысы ?олдау тауып, ел астанасын А?мола?а ауыстыру?а шешім ?абылдады.

1997 жылды? 10 желто?санында Президент баста?ан ал?аш?ы к?ш Алматыдан А?мола?а аттанды.

1998 жыл?ы мамырды? 6-сы к?ні Президент Н.?. Назарбаев «?аза?стан Республикасыны? астанасы Астана ?аласы деп аталсын» деген тарихи жарлы??а ?ол ?ойды.

Астана ?аза?станны? солт?стік жа?ында орналас?ан. Астана – тарихи ж?не м?дени орталы?ы деп саналады. ?аланы? ортасында т?р?ан Б?йтерек монументі алыс жерден к?рінеді. Есіл жа?алауында жа?а ?йлер салын?ан. ?аланы? к?шелерінде су ат?ыштар бар.  ?аланы? барлы? жерлерде ?дем? биік ?имараттар т?р. Астана – жасыл ?ала.

 

4.      Астана туралы к?п ?ле?дер, ?ндер айтылады. Сендер бізді? Елордамыз туралы ?андай ?ле?- та?па?тарды білесі?дер?

 

Астанаммен ма?танам,

Бас ?аламмен шаттанам.

К?ркейе бер, ?се бер,

Ма?танышым Астанам.

 

Ел ж?регі Астана,

Жа?а ?ала, жас ?ала

З?улім, с?нді ?йлері

?лгі бол?ан бас?а?а

 

Астана! Астана!

Ел тілегі бас ?ала!

Астана! Астана!

Ел ж?регі Астана.

 

А?аштары тербелген

?лкен биік Астана

Биік биік ?йлері

?сем бізді? Астана!

?ол со?айы? ?анеки,

Жаса, м??гі Астана!

 

5.      ?ткен жазда  сендерді? сыныптастары?ыз Кордюченко Влад ?ке-шешемен Астана?а бар?ан. ?азір сендерге сол саяхат туралы  ??гімелейді.

 

Астана?а саяхат

?ткен жазда мен ата-аналармен Астана?а бардым. Осында туыстарымыз т?рады. Біз Астананы? к?п жерлерін аралады?. Океанариум?а, м?ражайлар?а, «Думан», «Хан Шатыр», «Мега» ойын сауы?тыру орталы?тар?а барды?. Астананы? орталы?ында «Б?йтерек» орналас?ан. Астананы? к?шелері ке?, т?зу.

Т?нгі Астана жар?ырап т?рады. Осы саяхатты мен еш?ашан ?мытпаймын. Келесі жазда Астана?а баруды жоспарлап ж?рмін. Мені? ойымша, Астана – жер бетіндегі е? ?сем ?ала.

 

6.      Кроссворд шешу

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

С?ра?тар:

1.      ?аза?станны? ?ай р?мізінде ша?ыра? бейнеленген?

2.      Астананы? е? басты ?зе?і ?алай аталады?

3.      «Флаг» с?зіні? аудармасы ?андай?

4.      ?аза?стан Республикасыны? т???ыш Президенті

5.      Туды? ортасында не бейнеленген?

6.      «Родина» с?зіні? аудармасы

 

7.      Топпен ж?мыс

Ба?алау критерийлермен таныстыру:

1.      Есту ж?не ты?дай білу білігі

2.      Уа?ыт регламенті

3.      Біреуді? пікірін сыйлай біл

 

Жоба ж?мысы

  Суреттер, 5 жолды ?ле?. Жобаны ?ор?ау. Саба??а керекті с?здерді пайдаланып, с?йлемдерді ??ру

Ж?мыс?а ж?не ?ор?ау?а топтарды? ?р м?шесі ?атысады.

Жобаларды ?ор?ау. Рефлексия. О?ушыларды ж?не саба?ты ба?алау

 

?нады - жасыл

Еш?андай ?сер еткен жо?  - сары

?на?ан жо? - ?ызыл

 

?й ж?мысы: 43 бет, 3,5 жатты?у

 

Просмотр содержимого документа
«Астана - бас ?ала. 4 сынып»

«Астана - бас қала»

4 «Г» сынып

Сабақтың тақырыбы: Астана – бас қала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға еліміздің бас қаласы Астана туралы түсінік беру;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетіне сай тапсырмаларды қолдана отырып, оқушыларды дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету. Сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту;

Тәрбиелік: оқушыларды жеке және топпен жұмыс істеуге баулу.  Отансүйгіштікке, туған жерді аялауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер, слайд, кестелер

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу және сабаққа даярлықтарын тексеру

А) Сәлемдесу – қуаныш шеңберді құру:

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді!

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

ә) Балалар мұғаліммен бірге жіп бұдағын қолына ұстап, бір-біріне жылы тілектерді айтады

б) топтарға бөлу

в) кезекшілермен сөйлесу

 

2.      Сұрақтар дорбасы. Балалар дорбадан бір сұрақты алады да, ойлап, жауап береді. Берілген сұрақтар:

1)      Отан дегеніміз не? (Отан дегеніміз туып-өскен жеріміз. Әр халықтың өз Отаны болады)

2)      Біздің Отанымыз қалай аталады? (Біздің Отанымыз Қазақстан Республика деп аталады)

3)      Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет)

4)      Қазақстан Республикасының Президенті кім?

5)      Мемлекеттік тіл қай тіл?

6)      Рәміздерді ата. (Әнұран, елтаңба, ту)

7)      Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің? (Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.  Отан оттан да ыстық)

8)      Отан туралы қандай өлең жолын білесің?

Қазақ жері Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан.

Алыс кетсем сағынамын,

Отаным сен – Қазақстан.

9)      Ресейдің астанасы қай қала?

10)  Қырғызстанның астанасы қай қала?

11)  Францияның астанасы қай қала?

Миға шабуыл:

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, осы сұрақтардың ішінде қандай сұрақ жоқ?

- Дұрыс. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Сонымен, біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы?

Астана – бас қала

Дәптерге бүгінгі күнін жаздыру.

 

3.      Сөздік жұмыс. Сабаққа керекті сөздер.

Қала – город

Бас - главный

Ғимарат - здание

Саяхат - путешествие

Саяхатшы -  турист

Мәдени - культурный

Қонақүй - гостиница

Мақтаныш - гордость

Болашақ – будущее

 

«Астанаға саяхат»

Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бұрын бабаларымыз қоныс еткен қазіргі Ақмола территориясы – тарихи талай оқиғалар мен арпалыстарды бастан өткерген қасиетті өлке.

1994 жылы шілде айында Елбасының ұсынысы қолдау тауып, ел астанасын Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылдады.

1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент бастаған алғашқы көш Алматыдан Ақмолаға аттанды.

1998 жылғы мамырдың 6-сы күні Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы деп аталсын» деген тарихи жарлыққа қол қойды.

Астана Қазақстанның солтүстік жағында орналасқан. Астана – тарихи және мәдени орталығы деп саналады. Қаланың ортасында тұрған Бәйтерек монументі алыс жерден көрінеді. Есіл жағалауында жаңа үйлер салынған. Қаланың көшелерінде су атқыштар бар.  Қаланың барлық жерлерде әдемә биік ғимараттар тұр. Астана – жасыл қала.

 

4.      Астана туралы көп өлеңдер, әндер айтылады. Сендер біздің Елордамыз туралы қандай өлең- тақпақтарды білесіңдер?

 

Астанаммен мақтанам,

Бас қаламмен шаттанам.

Көркейе бер, өсе бер,

Мақтанышым Астанам.

 

Ел жүрегі Астана,

Жаңа қала, жас қала

Зәулім, сәнді үйлері

Үлгі болған басқаға

 

Астана! Астана!

Ел тілегі бас қала!

Астана! Астана!

Ел жүрегі Астана.

 

Ағаштары тербелген

Үлкен биік Астана

Биік биік үйлері

Әсем біздің Астана!

Қол соғайық қанеки,

Жаса, мәңгі Астана!

 

5.      Өткен жазда  сендердің сыныптастарыңыз Кордюченко Влад әке-шешемен Астанаға барған. Қазір сендерге сол саяхат туралы  әңгімелейді.

 

Астанаға саяхат

Өткен жазда мен ата-аналармен Астанаға бардым. Осында туыстарымыз тұрады. Біз Астананың көп жерлерін араладық. Океанариумға, мұражайларға, «Думан», «Хан Шатыр», «Мега» ойын сауықтыру орталықтарға бардық. Астананың орталығында «Бәйтерек» орналасқан. Астананың көшелері кең, түзу.

Түнгі Астана жарқырап тұрады. Осы саяхатты мен ешқашан ұмытпаймын. Келесі жазда Астанаға баруды жоспарлап жүрмін. Менің ойымша, Астана – жер бетіндегі ең әсем қала.

 

6.      Кроссворд шешу

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 



















 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтар:

1.      Қазақстанның қай рәмізінде шаңырақ бейнеленген?

2.      Астананың ең басты өзеңі қалай аталады?

3.      «Флаг» сөзінің аудармасы қандай?

4.      Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті

5.      Тудың ортасында не бейнеленген?

6.      «Родина» сөзінің аудармасы

 

7.      Топпен жұмыс

Бағалау критерийлермен таныстыру:

1.      Есту және тыңдай білу білігі

2.      Уақыт регламенті

3.      Біреудің пікірін сыйлай біл

 

Жоба жұмысы

  Суреттер, 5 жолды өлең. Жобаны қорғау. Сабаққа керекті сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді құру

Жұмысқа және қорғауға топтардың әр мүшесі қатысады.

Жобаларды қорғау. Рефлексия. Оқушыларды және сабақты бағалау

 

Ұнады - жасыл

Ешқандай әсер еткен жоқ  - сары

Ұнаған жоқ - қызыл

 

Үй жұмысы: 43 бет, 3,5 жаттығу

 





















«Астана - бас қала»

4 «Б» сынып

  

Өткізген: Жанайдарова Г.Б.

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

  

 

2012 – 2013 оқу жылы

«Астанаға саяхат»

Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бұрын бабаларымыз қоныс еткен қазіргі Ақмола территориясы – тарихи талай оқиғалар мен арпалыстарды бастан өткерген қасиетті өлке.

1994 жылы шілде айында Елбасының ұсынысы қолдау тауып, ел астанасын Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылдады.

1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент бастаған алғашқы көш Алматыдан Ақмолаға аттанды.

1998 жылғы мамырдың 6-сы күні Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы деп аталсын» деген тарихи жарлыққа қол қойды.

Астана Қазақстанның солтүстік жағында орналасқан. Астана – тарихи және мәдени орталығы деп саналады. Қаланың ортасында тұрған Бәйтерек монументі алыс жерден көрінеді. Есіл жағалауында жаңа үйлер салынған. Қаланың көшелерінде су атқыштар бар.  Қаланың барлық жерлерде әдемә биік ғимараттар тұр. Астана – жасыл қала.

 

. Жаңа сабақ
- Балалар мен сендердің қолдарыңа билетті неге бердім, өйткені бүгін біз Астана қаласына саяхатқа барамыз. Саяхатқа біз поезбен шығамыз.
Астана кеше ғана басқа қала,
Айналды бәйтеректі Астанаға.
Астана қаласына жеткенше мен сендерге Астана туралы айтып берейін.
Астана болған қалалар:
1925жылы Қызылорда (Ақмешіт)
1929жылыАлматы(Верный)
1997жылы Астана (Ақмола)
1998жылы 6 мамырда Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
Қала атауларының өзгеруі:
1961жылы - Ақмола қаласы

1961 - 92жылы - Целиноград

1993 - 98жылдары - Ақмола

1998жылы 6 - мамырда Астана



Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала

Мақсаты:1.Білімділік:  оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға  баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

2.Дамытушылық : алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту,

3.Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында ,қаламызды сүюге тәрбиелеу. 

 Сабақ жоспары + презентация. 

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, оқыту, іздендіру, жаттығу, мәнерлеп оқу, түсіндіру 

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, мәтін, слайдтар,сөзжұмбақ 

Пәнаралық байланыс: гография, тарих

Эпиграф:Астана –жаңа  қала,арман қала.....

Сабақтың барысы: 

1.Ұйымдастыру . амандасу

II .Үй жұмысын тексеру

III. Жаңа тақырып

2. Сөзжұмбақ шешу 

3.Астана туралы фотоальбом көру 

4.Мәтінмен жұмыс 

5.Сөздік жұмысы. 

6.Дәптермен жұмыс тапсырма

7. «Кім көп біледі?» 

8.Сергіту сәті

9.  Қорытындылау: Айтылым әрекеті

10. Үйге тапсырма 

11.Бағалау 

 І.Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу.

-Сәлеметсіндер ме, балалар! Отырыныздар. 

-Бүгін нешесі? Аптаның қай күні? 

2. Үй жұмысын тексеру.

ІІ. «Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу.Бүгінгі сабақ,балалар,ерекше сабақ. 

Ал сабақтың тақырыбын ашу үшін,сөзжұмбақты шешеміз. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңдар.

Сонымен,балалар қаңдай сөз шықты? – А с т а н а 

ІІІ. Aстана- бас қала. Тыңдалым әрекеті 

Астана десе ойыңызға не түседі?

IV. Оқылым әрекеті. Мәтінмен жұмыс :

а) іштей оқу. (33- 34) беттер)

ә) дауыстап оқу.

б) сөздікпен жұмыс. 

Сергіту сәті

    

           «Ой қорыту» 

1. Қазақстанның астанасы қай қала?

2. Ол Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

3. Онда нелер көп?

4. Қала қандай?

5. Қалада нелер салынып жатыр?

6. Астанаға кімдер көп келеді?

VI Дәптермен жұмыс: 

1-тапсырма:  Мына сөздерге көптік жалғауларын жалғап жазыңдар

Оқушы, саябақ, мұражай, көше, мектеп, қағаз, өзен.

 

2.тапсырма:Жуан және жіңішке сөздерді екі бағанаға бөліп жаз.

3- тапсырма. Сөйлемдерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажыратыңдар.

Ойын « Кім көп біледі ?

Тілдесім әрекеті. 

4 –тапсырма. мақал –мәтелдерді толықтырып жаз.

Отанды сүю –....(отбасынан басталады)

Ел іші – ...(алтын бесік)

Отансыз адам –...(ормансыз бұлбұл)

Жер байдың – ...(елі бай)

Отан оттан да(ыстық)

VII. Сабақты қорытындылау.

 

VIII.Бағалау.

1. Тест.

2. Тексеру

Үйге тапсырма:  33-бет, 5-тапсырма, жаңа сөздерді қайтала.

Сабақтың өздік талдауы

Сабағымның тақырыбы: «Астана – бас қала». Сабақта ең алдымен оқушылар ұжымын ұйымдастырып, сабақ кезеңдерімен жүргізілді. Сабақта оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы тексердім. Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушылармен сөзжұмбақ шештік. Жаңа сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы ашып, мультимедиалық технологияны қолданып, оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын меңгертілді. Ойын технологиясын қолданып, оқушылармен бүгінгі және өткен тақырыптарға байланысты алған білімдерін тиянақтадым. Сабақты қорытындылауда рефлексия әдісін қолдандым. Сабақты бағалауда тест тапсырмасы арқылы оқушылардың бір-бірін бағалауға үйренді. Оқушыларға үй тапсырмасын беріп, өз сабағымның мақсатына қол жеткіздім.




АСТАНА-АРМАН ҚАЛА

ADMIN · ФЕВ 20TH, 2015 · 0 COMMENT

30 Көктөбе орта мектебі

Мұғалім: Кипралиева Нүрила Кенжебайқызы

Сабақтың тақырыбы: Астана-арман қала

Сабақтың мақсаты: Еліміздің бас қаласы Ел орда туралы мағлұмат беру,өлеңмен жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,

Оқушылардың  ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту,топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Туған жерін, елін сүюге ,оған құрметпен қарауға , Астананың  көркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

 Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері, түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті  тақта слайдтары, суреттер      

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сыныпты түгелдеу

  2. Назарларын сабаққа аудару

ІІ. «Ой шақыру»

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену,

«5»-ке қолды жеткізу.

  ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.   Менің Туым

Өлеңді мәнерлеп оқу

Ту туралы қосымша деректер сұрау

Сурет салу

 

 

 

 

Семантикалық карта  арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

         Авторлары

 

Рәміздер  

Шота Уалиханов,

Жандарбек Мәлібеков

Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков

Ж.Нәжімеденов,

Н. Назарбаев,

Ш.Қалдаяқов

Әнұран

 

 

+

Елтаңба

+

 

 

Ту

 

+

 

 

ІҮ. Жаңа сабақ

  1. Мозаика арқылы топқа бөлу.

 

   -Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы . Елордамызға саяхатқа шығамыз.

-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?

-Карта.

-Дұрыс айтасыңдар,ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.

-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?

( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)

 

Саяхат картасы

 

                                            3.Пирамида

  1. Бәйтерек 4.Ақ Орда

  2. Вокзал 5.  «Думан»

  3. «Хан шатыры»

 

1-аялдама. «Вокзал»

Өлең авторымен таныстыру.

       Махмұтбай Әміреұлы (20.02.1942 жылы туған, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылы) – ақын.

       Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1964). 1964-66 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім, Қызылорда облысы шығармашылық үйінде әдіскер, 1967-97 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде корректор, 1967-71 жылдары аудандық «Сырдария» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1979-85 ж. Редактор, жауапты хатшы, 1971-79 ж. Сырдария ауданы комитетінде нұсқаушы, саяси-ағарту кабинетінің  меңгерушісі. 1985 -88 жылдары орта мектептің директоры, 1988 -98 жылдары Қызылорда облысы кәсіподақтар баспасөз орталығының меңгерушісі, 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы.

Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру

 

2 — аялдама. «Бәйтерек»

  1. Мәлімет беру.

Астана қаласының сол жағалауында  «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев.

  1. Тапсырма

«Бәйтерек» аялдамасының тапсырмасы өлеңді тізбектеп  оқу.

Ү. Жаңа сабақты бекіту

3-аялдама «Пирамида»

Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы,жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі  бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

Тапсырма

*. Сарыарқа, Есіл сөздерімен байланыстыра Астана туралы әңгімеле.

Сергіту сәті

Астана – бас қалам,

Сұлусың жас қалам.

Бақытқа балаймын,

Қызыға қараймын!

4-аялдама «Ақ Орда»

«Ақ Орда» Қ.Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты,ҚР министрліктер үйі орналасқан.

Тапсырма     

І топ: «Астана – арман қала» эссе жаз

ІІ топ: Астана қаласына арнап «бес жолды өлең» жаз

5- аялдама «Думан»

«Думан» ойын-сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы,боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де,балалардың да сүйікті демалыс орны.

Тапсырма

Сурет салу

6-аялдама «Хан шатыры»

Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр  ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы  бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын  осы жерде өткізе алады.

 

Тапсырма

Бұл аялдаманың тапсырмасы оқулықтан бөлек Астана туралы тақпақ айту.

 

-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.

-Саяхат сендерге ұнады ма?

-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.

 

«Кубизм» әдісі.

1.Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?

2.Бәйтеректің ұзындығы қанша?

3.Қ.Р тұңғыш президенті кім?

4.Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл  ?.

5.Астанаға қандай тілек айтасың?

6.Адасқан сөздерді орнына қой.

     Астана, орналасқан,қаласы,Солтүстік, аймағында.

 

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

«Топтастыру» әдісі  бойынша

 ҮІІ. Үй тапсырмасы:  «Астана-арман қала» өлеңін жаттау

                                  ҮІІІ. Бағалау.

Қай топтың жеңімпаз екенін анықтау



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!