СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақтың тақырыбы: «Пирожныйларды дайындау»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пирожный дегеніміз - үлестік, ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдер. Стандарт бойынша пирожныйлардың салмағы 17-110 грамм аралығында болуы тиіс. Дайын пирожныйлардың органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері 10-060-95 МЕМСТ стандарт талаптарына сәйкес болу тиіс. Пирожныйларды бисквит, үгілмелі,  қаптамалы, қайнатпалы, үрмелі, май қоспа, миндаль қамырларынан дайындайды.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақтың тақырыбы: «Пирожныйларды дайындау»»

Сабақ жоспары


Тақырыбы: «Пирожныйларды дайындау»

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі кремдермен дайындалған бисквитті пирожныйлар.

  • Сабақтың мақсаттары:

  • Білімділік: кремдердің құрамы, дайындау бірізділігі, олардан дайындалатын бұйымдар:, кремнің салмағы, пішіндеу әдістері, жылулық өңдеу әдістер, пісіру уақыты, температурасы туралы студенттердің білімдерін бекіту және пирожныйлардың сапасына қойылатын талаптар, сақтау мерзімдері туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше ізденуге бағыттау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, техникалық жетістіктерге қызығушылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: адамгершілікке, ұлттық тәрбиеге, үлкенге құрмет көрсетуге, мамандығына сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, өзіндік және өзара көмек көрсетуге, жауапкершілікке, белсенділікке, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың материалдық жабдықталуы: Интерактивтік тақта, альбомдар, сұлбалар, технологиялық нұсқау карталары, карточкалар.

Сабақтың түрі: Оқушылардың практикалық үдістерін мен білімдерін тексеру.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру бөлімі 5-6 мин:

  1. Оқушылардың сәлемдесуі.

  2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

  3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: сыртқы түрін, тазалығын тексеру.


II. Кіріспе нұсқау:

1.Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау:

1.Қандай қамырдың түрлерін білесіңдер? (ашытқылы және ашытқысыз).

2.Ашытқысыз қамыр түрлерін атаңыз? (тұшпараға, варениктерге, үй кеспесіне, құймақшаға, май қоспа қамыр, бисквитті, қайнатылған, үгілмелі, қабатталған).

3. Бисквитті қамырдың құрамы? ( жұмыртқа, қант, ұн ,крахмал ,эссенция )

4. Бисквитті дайындау технологиясы?( жұмыртқа мен қантты қосып көлемі 2,5-3 есе көбейгенше көпсітеміз, содан соң ұн қосып 10-15 сек көпсітіп,майланған табаға қамырды құйып 200-210ºС температурада пісіреміз).

5. Шәрбәт дегеніміз не және оны қандай мақсатта қолданады? (Шәрбәт су мен қанттың қосындысы, оны бисквит жартылай өнімдерін ылғалдау үшін, кремдер дайындау үшін қолданады) .

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

Әртүрлі кремдермен дайындалған бисквитті пирожныйлар

Жаңа материалды баяндау :

Пирожный дегеніміз - үлестік, ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдер. Стандарт бойынша пирожныйлардың салмағы 17-110 грамм аралығында болуы тиіс. Дайын пирожныйлардың органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері 10-060-95 ГОСТ стандарт талаптарына сәйкес болу тиіс. Пирожныйларды бисквит, үгілмелі, қаптамалы, қайнатпалы, үрмелі, май қоспа, миндаль қамырларынан дайындайды.

Ақуыз кремін дайындау технологиясы

Құрамы: қант 15 гр ,жұмыртқа ақуыз 10гр ,қант ұнтағы 5гр ,

су10 гр ,

Жұмыртқаның сары уызын ақ уызынан бөлеміз Ақуызды 5-6 есе көпсітеміз Шәрбәт дайындаймыз (қант, су) көпіршітілген ақуызға ысты шәрбәтті қосып 10 минут былғайды . Ақуыз кремі дайын .

Ақуыз кремінен дайындалған пирожный

Құрамы: дайын бисквит 70, шәрбәт 15гр ,крем 20 шығымы : 110гр

Дайын бисквиттті дөңгелек пішінде ойып алады да ортасынан кеседі Кесілген дөгелектерге шәрбәтті құйып ылғалдаймыз .Шәрбәттің үстіне крем жағады, екі дөңгелекшені бір -біріне бетпестіреміз. Жан –жағын клегей креммен өңдейміз. Шоколадқа сары майды қосып ерітеді де, пирожныйдың үстіне құямыз. Суыған шоколадтың үстіне ақуыз кремін кондитерлік түтікшеден гүл пішінінде түсіреміз.

Қайнатпалы кремінің құрамы: ұн 10 гр ,Сүт10 гр, қант10 гр, жұмыртқа10гр

Қайнатпалы кремнің дайындау технологиясы

Құрамы: ұн 10 гр ,Сүт 10 гр, Қант 10 гр, Жұмыртқа 10гр

Ұнды 105-110 0С түсін өзгерпей шала қуырамыз .Жұмытқаны көпсітеміз . Көпсітілген жұмытқаны ұнмен араластырамыз .Сүтке қант қосып қайнатамыз . Ұн-жұмыртқа массасына қайнаған сүтті үздіксіз араластыра құямыз 95-100 С° 10 минут буда қоюланғанша қайнатамыз .

Қайнатпалы кремінен дайындалған пирожный

Құрамы: бисквит 70 гр, шәрбәт 15гр ,крем 20 шығымы : 110гр

Дайын бисквитті жүрек пішінді етіп кеседі де, көлденең екіге бөледі Шәрбәтпен ылғалдаймыз, үстіне крем жағады да, беттестіреміз. Бетін тағы шәрбәтпен ылғалдаймыз. жан-жағына, бетіне кремді жағамыз әрлеуге кілегей кремін қолданамыз оны қызғылт түске бояйды да кондитерлік түтікшемен әрлейміз.

Кілегей кремінің дайындау технологиясы.

Құрамы: қант ұнтағы 10гр ,ваниль ұнтағы 10гр ,сүт 13гр ,сары май 20гр ,ақ шарап немесе эссенция 5гр

Сары майды тазалайды да, бөлшектерге бөліп, 5-7 мин былғайды Қант ұнтағымен қою сүтті қосып араластырып 7-10 минут былғаймыз Қант ұнтағымен қою сүтті қосып араластырып 7-10 минут былғаймыз.

Кілегей кремінен дайындалған пирожный.

Құрамы: бисквит 70 гр, шәрбәт 15гр ,крем 20 шығымы : 110гр

Бисквитті төртбұрышты пішінге кеседі де, көлденең ортасынан бөледі. Шәрбәтпен ылғалдап, крем жағады да, беттестіреді .Бетін шәрбәтпен ылғалдап,бетіне және жан-жағына крем жағамыз Пирожныйдың жан-жағына кокос ұнтағына аунатады да, әр түрлі түске боялған кілегей кремімен әрлейді. кілегей кремінен дайындалған пирожный.

Жаңа тақырыпты игеруге байланысты еңбек тәсілдерін көрсету;

Еңбек тәсілдерін көрсеткенде оқушылар назарын дайындау технологиясының сақталуына, жабдықтар мен аспаптарды дұрыс таңдап алуларына, кауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына, үнемділікке, жылумен өңдеу кезінде қажетті температураның сақталуына аударамын.

6. Кіріспе нұсқаудың жаңа материялы бойынша білімдерін пысықтау:

  1. Пирожный дегенміз не?

  2. Қандай кремдерден пирожныйлар дайындауға болады ?

  3. Пирожныйдың пішіндері қандай болады?

4. Пирожныйшлардың cақтау температурасы ?

5. Пирожныларға қойылатын талаптар ?

1. Қауіпсіздік техникалық ережелер.

2.Санитариялық ережелер.

ІІІ. Жаттығулар мен оқушылардың өз бетімен жұмысы: бригада мүшелерінің берілген тапсырмаға сәйкес жұмыстарды бөлуі, дәмрәсім жинағы бойынша өнімдерді әзірлеуі, пирожныйлардың әзірлеуге арналған қажетті аспаптарды іріктеп алуы, жылулық өңдеу жұмыстары, дайын пирожныйларды әсемдеу, ұсыну.

Ағымдық нұсқау. Жұмыс орнын қарап өткенде: оқушылардың барлығы түгел жұмыспен қамтылуын, қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді қатаң сақтауын, жабдықтар мен аспаптарды дұрыс пайдалануын, дайындау технологиясының сақталуын, уақытты үнемдеуін, ұқыпты, таза жұмыс жасауларын, жұмыс орнының тазалығын қадағалаймын.

ІV. Қорытынды нұсқау

  1. Өндірістік оқыту сабағының қорытындысын шығару.

Сабақ барысындағы жұмыстың ұйымдастырылуы, берілген тапсырманың технологияға сәйкес орындалуы, техникалық қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуы, уақыттың үнемделуі, ептіліктері мен енжарлықтары, жұмыс орнының тазалықтары, таза, ұқыпты жұмыс жасаулары, бір-біріне көмектесулері туралы қорытынды жасау.

  1. Оқушылардың жақсы жұмыстарын атап өту.

Ұйымшылдылығымен, ептілігімен, ұқыптылығымен, өзіне тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен орындаған, өзгелерге көмектесе білген оқушылардың жұмыстарын атап өту.

  1. Қателерді сипаттап, олардың себебін анықтап, қателерін түзету.

Әрбір жеке оқушының сабақ барысында жіберген қателіктерін түзету, себебін анықтау.

  1. Жабдықтардың, жұмыс уақытының, еңбек тәсілдерінің тиімді пайдалануын талдау.

  2. Бағалау.

  3. Үйге тапсырма беру.

  4. Жұмыс орнын тазалау.


Ө/о шебері: Абилова Ләззат Алибековна






























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!