СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ «Жаз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жаз" тықырыбына байланысты сөздермен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ «Жаз»»

Пән

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Сынып

5 «Б»

Тақырыбы:

Ашық сабақ «Жаз»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік.

«Жаз» тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру.

Жыл мезгілдердің атауларын әңгіме арқылы пысықтау, білімдерін тереңдету. Сөздік қорларын молайту.

Ы-І дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қайталау, сауатты жазуға дағдыландыру. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тілдерін дамыту.


Түзету.

Есте сақтау қабілеттерің, сөйлеу/сөйлесе алу дағдысын түзету.


Тәрбиелік.

Жаз табиғатына сүйіспеншіліктерің арттыру.


Сабақтың түрі: 

 Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс:

Айналадағы әлем, музыка сабағы.

Меңгерілетін сөздер:

Жаз, маусым, шілде, тамыз, күн ыстық, күнге күйеді, демалады, саңырауқұлақ тереді.



Көрнекі құралдар:

Презентация, интерактивті тақта, сөздік сөздер, карточкалар, оқулық.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі.


Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 

Тақтаға қарап оқыту.

Білім алу мақсатымыз,

Біліммен шықсын жақсы атымыз!

ІІ.Фонетикалық сергіту сәті.


О-ө дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қайталау.

Бұл қай әріп?

іНіДЕ БАР,

БАУЫРДА ЖОҚ.

ЖЕҢіЛДЕ БАР,

АУЫРДА ЖОҚ.


Өткенді қайталау жұмысы.

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Олар қандай?

-Бір жылда неше ай бар?

-Бұл қай мезгіл? Қыс

-Бұл мереке қалай аталады? Жаңа жыл

-Қыста күн қандай болады?

-Бұл қай мереке? Наурыз мейрамы

-Ол қай мезгілде болады? Көктемде

-Балалар мектепке қай айда барады?

-Ол қандай мезгіл?

-Жаз деген не?

ІІІ.Жаңа тақырып бойынша жұмыс:



1. Cөйлесу:

- Бұл қай жыл мезгілі?

- Жаз келісімен балалар не істейді?

- Олар не дейді?

(интерактивті тақтадағы суретке қарап жауап бергізу, бір-бірін толықтыру)

- Алақай, жаз келді!

Балалар қуанышын білдіреді.

2. Біздің бүгінгі сабағымыз осы «Жаз» тақырыбына арналады.

Жаңа сөздік сөздермен таныстырып, оқу.

күн ыстық – день жаркий

ойнайды – играют

күнге күйеді – загорают

саңырауқұлақ тереді – собирают грибы

шомылады – купаются

1.Суреттермен жұмыс.


3. Суреттерге сөйлемдерді қосып әңгіме құру.

Жазда ...




күн ыстық шомылады

күнге күйеді





ойнайды саңырауқұлақ тереді



2.Тақырыпты жалғастыру жұмысы.

4. Аудиотаспадағы сөйлемдерді тындап оқу:

Жазда күн ыстық болады.

Жазда балалар көп ойнайды.

Жазда балалар суға шомылады.

Жазда балалар күнге күйеді.

Тоғайда саңырауқұлақ тереді.

5.Тапсырмадағы сұрақ қойып жауабын бергізу.

-Жазда күн қандай?

-Жазда балалар не істейді?


3.Сергіту сәті.


Жаттығу жасау.

Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт - сарт – сарт,
Шапалақ соғамыз.


Тоңса менің аяғым,
Етік киіп аламын.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билеймін


Тонса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу – Зу – Зу

Шанамен зулаймыз!

4.Жұптық жұмыс.

6. Тапсырмадағы сөздерді сәйкестендіріп оқу.

саңырауқұлақ шомылады

күнге ойнайды

суға тереді

көп күйеді

күн айлары

жаз ыстық

5.Ұстазбен тақпақты мәнерлеп оқу жұмысы.

7.Тақпақты оқып, сұрақтарға жауап беру.

Жазда

Жаз келіп жадырап,
Балалар ойнайды.
Далада асыр сап,
Ойынға тоймайды.


Көк шығып айнала,
Құлпырып гүлдермен,
Жер жүзі жайнайды,
Құстар кеп сайрайды.

- Тақпақ қалай аталады?

- Тақпақ не туралы?


6.Сабақта өткенді бекіту жұмысы.


8.Деңгейлік тапсырмалар:

2 деңгей - сурет бойынша әңгіме құр;

Жазда не болады?


3 деңгей - сөздерді оқып, сөйлем құр:

күн, ыстық, болады, Жазда.

саңырауқұлақ, Жазда, тереді, балалар.

күнге, балалар, күйеді, Жазда.


4 деңгей - сөздерді оқып, жаз:

Жаз, ыс-тық, мау-сым, шіл-де, та-мыз, са-ңы-рау-құ-лақ, ой-най-ды.


IV.Сабақ қорытындысы.

Рефлексия. Ғаламтор арқылы сайраған құстардың, шулаған судын, жаз дыбыстарын ажырату.

V. Баға қою.


Оқушылар сабаққа қатысуын, білімдерін өздері бағалайды. 

VI.Үй тапсырмасы.

Сөздік сөздерді есте сақтау.












Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!