СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"АЛАҚАЙ, МЕН 5- СЫНЫПТА ОҚИМЫН!"тренинг

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының білім берудің дамуы мен бағыттарын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік білім берудің стандартын, педагогика және психология негіздерін, балаларды қорғау және денсаулығын сақтаудың нұсқаулық талаптарын, өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормалары және қауіпсіздік техникасын, санитариялық ережелер, дәрігерге дейінгі медициналық көмек берудің негіздерін.

   

Просмотр содержимого документа
«"АЛАҚАЙ, МЕН 5- СЫНЫПТА ОҚИМЫН!"тренинг»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілін оқып үйренеміз.Үш тілді білу-үлкен өнер

Көп тіл білгім келеді

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілін оқып үйренеміз.Үш тілді білу-үлкен өнер

Көп тіл білгім келеді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту (А1.)

Сабақтың мақсаты

  • Барлық оқушылар орындай алады:

Барлық оқушы мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді ажырата алады.

  • Көпшілігі орындай алады:

Мәтін құрап айтуда мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана алады.

  • Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын дамытып айтады.

Бағалау критерийі

- Оқушы­ның­ төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, қазақ тілінде көп тілділік жайлы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, қазіргі көптілділік жағдайын сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.



Тілдік мақсаттар


Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта, топта жұмыс жасау, мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдердің мағынасын түсіну, қойылған сұраққа толық жауап беру, диалог құрастыру, мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таба алу, мәтінге қатысты өз ойын айта алу.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мәртебе, үштілді, көптілді, заманауи, аударма шығармалары, озық технологиялар.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Менің ойымша...

Осылардың ішінде...

Ғалымдардың айтуынша...

Тілдер тарихына қарасақ...


Не себепті …. деп ойлайсыз?

Кең таралған тілдер ... деп ойлайсың?

Неліктен ғалымдар айтуынша . . . деп ойлайсың?

«Тіл жойылса, халық та жойылады» дегенді қалай түсінесің?

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Пәнаралық байланыс

Тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, география.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Блиц-сұрақ» әдісі арқылы «Тіл қалай пайда болды?» мәтін мазмұны туралы не біледі?

- Тілдің пайда болуына не себеп болды?

-. Тіл не үшін керек?

- Қазіргі кезде дүниежүзінде қанша тіл бар?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы.

«Жүректен жүрекке» тренингі.

Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал орнату.


Кері байланыс.

«Блиц-сұрақ» әдісі. (Бір жауабы бар бес сұрақ)

Мақсаты: «Тіл қалай пайда болды?» мәтінінің мазмұнын қай дәрежеде меңгергенін тексеру.


1. Тілдің пайда болуына не себеп болды?

А. Адамзат қоғамының пайда болуы

В. Ұжымның пайда болуы

С. Отбасының пайда болуы


2. Тілді дамытатын кім?

А.Сөз, сөйлем

В. Оқушы, мұғалім

С. Қоғам, халық


3. Тіл не үшін керек?

А. Әңгіме айту үшін

В. Өмір сүру үшін

С. ЖОО-на түсу үшін


4. Адамды адам ететін не?

А. Тіл В.Ой С. Ақыл


5. Қазіргі кезде дүниежүзінде қанша тіл бар?

А. 4000 В.2000 С.5000

ҚБ. Смайликтер


«Пазл» әдісі.

Мақсаты: топқа бөлу.

Үш тілде жазылған мәтін қиындыларын «Пазл» әдісі арқылы құрастырып, топқа бөлінеді.

1. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. »

А.Байтұрсынов

2. «Язык – это путь цивилизации и культуры»

А.Куприн

3. «The limits of my language mean the limits of my world.» (Границы моего языка – это границы моего мира.)

Людвиг Витгенштейн

ҚБ. От шашу


СЖ. «Сөзжұмбақ шешу» әдісі.

Мақсаты: қызығушылықты ояту, сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын айқындау.




м

е

м

л

е

к

е

т

т

і

к




м

ә

т

і

н



т

е

р

м

и

н



к

і

т

а

п


м

ә

т

е

л





б

і

л

і

м




н

е

о

л

о

г

и

з

м


1.Қазақстан Республикасында қазақ тілі қандай тіл?

2. Оқуға берілген жұмыс, тапсырма.

3.Ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.

4. «___________ – білім бұлағы»

5. Мақал сөзімен тіркесетін сыңарды тап.

6.Оқушылардың мектептен алып шығатын азығы?

7. Жаңа сөздердің ғылыми атауы.

ҚБ. Көңіл күй одағайлары

Дескриптор

1.Сұрақтардың дұрыс жауабын табады.

2.Сабаққа қатысты жаңа сөздерді қолданады.



Тест тапсырма сы























Үш тілдегі пазл бөліктері











Интербелсенді тақта, слайд






Сабақтың ортасы

Оқылым алды тапсырма.

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан

тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады,

аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға­

қайталатады.

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан

тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады,

аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға­

қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Тыңдалым.Оқылым.Айтылым.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын-

датады.

3. Тілдік бағдар. Көмекші есімдерді меңге теді.

А) Жазылым. Оқулықтағы 3, 4-тапсырманы орындатады.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 5 тапсырманы орындатады.

«Кім жылдам?» ойынын ұйымдастырады, жұптық жұмыс

орындатады.

4. Мәтінмен жұмыс А) Оқылым. Айтылым.

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы орындайды.

Б) Жазылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындайды.

5. Мәтін соңы жұмыс. А) Тыңдалым. Оқулықтағы

10-тапсырманы орындайды.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 11 -тапсырманы орындайды

СЖ. «Сөздікпен жұмыс» әдісі.

Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.

Мәртебе

современный

Үштілді

передовые технологии

Көптілді

треязычия

Заманауи

переведенные произведения

аударма шығармалары

статус

озық технологиялар


многоязычный










ҚБ. «Алма ағаштары»

(қызыл алма – өте жақсы , жасыл –жақсы , сары алма-қанағаттанарлық)


Дескриптор

1. Сөздікпен жұмыс жасайды.

2.Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді.


ТЖ. «Прожектор» әдісі.

Термин сөздер мен неологизм сөздерді анықтаңыз.

Астын сызып белгілеңіз.

Жер бетінде алты мыңдай тіл бар екені анық. Оның ішінде он үші «ең ұлы» тіл болып саналады. Әр халық өз ана тілін қастерлейді. Әр адамға ана тілі – ұлы тіл. Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Қазіргі уақытта көп тілді білу керек.

Дүниежүзінде ресми тіл ретінде қытай, ағылшын, орыс, испан, француз, араб тілдері қолданылады. Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33%-ы ағылшын тілінен, 15%-ы француз тілінен, ал 1%-ы неміс тілінен аударылады.

Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік мәртебеге ие болған. Соның ішінде қазақ тілі бар.

Қазіргі уақытта көп тіл білу – өнер. Оның ішінде, үштілді білу – үлкен өнер. Заманауи озық технологиялардың тілін білетін жастар ағылшын тілін жетік меңгереді. Халқымызда «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл» сияқты мақалдарда да кездеседі.

Сұрақ – жауап кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 10 – сұрақтан оқылады. Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 - ұпай беріледі 
І топтың сұрақтары. 
1) Междометие является частью речи? (да) 
2) В предложений глагол бывает сказуемым? (да) 
3) Омонимы одинаково пишутся и однаково звучат? (да) 
4) Қазақстанның астанасы Алматы қаласы ма? (жоқ) 
5) Ағылшын тілінде 44 – дыбыс бар. (иә) 
6) « Раst Simple» - дегеніміз осы шақ. (жоқ) 
7) «Pen – friends» сөзінің аудармасы « қаламдас достар» (иә) 
8) Қазақ тілінде жалғаудың бес түрі бар (жоқ) 
9) Қазақ тілінде 7 септік бар (иә) 
10) Қазақ тілінде бастауыш сөйлем соңында тұра ма? (жоқ) 
ІІ топтың сұрақтары. 
1. Фонетика изучает состав слова? (нет) 
2. К главным членам предложения относятся подлежащее и сказуемое? (да) 
3. Антонимы слова противоположного значения? (да) 
4. Қазақ тілінде сегіз сөз табы бар? ( жоқ) 
5. –лар, -лер, -дар, -дер көптік жалғауы ма? (иә) 
6. Фразеология тұрақты сөз тіркестері туралы ілім. ( иә) 
7. Англияның астанасы Лондон (иә) 
8. Ағылшын тілінде 30 әріп бар? ( жоқ) 
9. «Parents» дегеніміз достар? (жоқ) 
10. «Past continuous» дегеніміз созылмалы осы шақ? (ия) 
4 « Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа жұмбақтар жасырылған ұяшықтар беріледі. Оқушылар ұяшықты таңдап, жұмбақтың шешуін тауып оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек. Толық әрі дұрыс жауапқа 50 – ұпай беріледі. 
Суретти жұмбақтар: слайд арқылы суреттер беріледі сол суреттердің атауын орысша, қазақша, ағылшынша айту керек. 
5. « Шешендік» ( оратор) – бөлімінде оқушылар берілген тақырыпқа 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырып, оны үш тілде оқып береді. 
5. «Үш тілді білу – заман талабы» тақырыбында жарнама жасау. 
Шығармашылық тапсырма. Әр топ өз қиялдарымен, тапқырлықтарымен жарнама жасап, «үш тілділік» туралы өз ойларын суретпен салып, сол суреттерін қорғайды. 

ҚБ. Бас бармақ

Дескриптор

1. Мәтіннен термин сөздер мен неологизм сөздерді

табады.

  1. Термин мен неологизм сөздердің астын сызады.


ЖЖ. «Сен және мен» әдісі.

Берілген неологизмдер мен термин сөздерге қыстырма сөздер қатыстырып диалог құрастырыңыз.

Менің ойымша...

Қазіргі уақытта...

Аударма шығармаларында..

Мысал келтірген болсам...

мәртебе, үштілді, көптілді, заманауи,

аударма шығармалары, озық ткхнологиялар

ҚБ Мадақтау сөздері арқылы

Дескриптор

1. Қыстырма сөздер қатыстырып диалог құрастырады.

2. Термин мен неологизм сөздерді диалогта қолданады.

  1. Диалог құрастырудың ережесін сақтайды.

Ж. «ПОПС» формуласы әдісі.

Мәтін мазмұнын «ПОПС» формуласына салып, 4 сөйлем жаз:

1. Өз пікіріңді жаз;

2. Пікіріңді дәлелде;

3. Өмірмен байланыстыр;

4. Қорытынды жаз.

ҚБ. «Смайликтер»

Дескриптор

1. Өз пікірін білдіреді.

2. Пікірін дәлелдеп қолданады.

3.Өмірмен байланыстыра алады.

  1. Қорытынды шығарады.

  1. Сауатты жазады.


Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрысын

тексеріңдер. (Дұрыс +, бұрыс – )

Тапсырма

Дұрыс

Бұрыс

1. Жер бетінде бес мыңдай тіл бар екені анық.



2. Әр адамға ана тілі – ұлы тіл.



3. Қазіргі уақытта көп тіл білу керек емес.



4. Дүниежүзінде ресми тіл ретінде ағылшын, француз, италян тілдері жатады.



5. Заманауи озық технологиялар ағылшын тілінде.




Дескриптор

1.Мәтіннен сөйлемдерді табады.

2.Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын шартты белгімен белгілейді.


Терминдер мен неологизмдерді

қатыстырып, сөйлем құрастырып жазыңдар.

(мәртебе, үштілді, заманауи)

  1. ________________________________________.

  2. ________________________________________.

  3. _______________________________________.

Дескриптор

1. Терминдер мен неологизмдердің мағынасын

түсінеді.

2.Терминдер мен неологизмдерді дұрыс қолданып,

сөйлем құрастырады.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы мәтін мазмұнын түсінгендеріңді тексеріңдер.

1. Қанша тіл «ең ұлы» тіл болып саналады? (13 тіл);

  1. Ғалымдар соңғы кезде дүниежүзінде неше тіл бар

екенін анықтады? (алты мыңдай);

  1. Дүниедегі барлық аударма шығармаларының 15%-ы

қай тілде? (француз тілінде);

  1. Қазіргі уақыттағы заман талабы не?

(көп тіл білу).


Дескриптор

1.Мәтіннен сөйлемдерді табады.

2.Сұрақтарға дұрыс жауап береді.


ҚБ. Көңіл күй одағайлары арқылы

Тыңдалым. Оқылым.

Жаңа сөздерді тыңдайды,қайталайды.Айтылым. Дұрыс ай ы-

луымен ауызша жа ығужүргізеді.

Тыңдалым. Оқылым.Айтылым. Сөйлемдерді

тыңдайды,қиды, өзайтады.

Жазылым. Кестеге көмекші есімдер тіркескен сөздерді

жазады, толықтырады, көп нүктенің орнына тиісті сөзді

қояды.

Айтылым. Ойын шарттарынорындайды.

Оқылым. Айтылым. Мәтіндітүсініп оқиды, мазмұнын өз

сөзімен айтады.

Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақ

қояды, ақпараттың дұрыстығын тексереді.

Жазылым. Көмекші есім-дерді пайдаланып,­ сөйлем

құрап жазады.

Тыңдалым. Тіл үйре­нушілердің өз тәжірибестуралы пікірін тыңдайды.

Жазылым. Тіл үйренушілердің пікірін концептуалды кестеге толтырад






Интербелсенді тақта, слайд




















Мәтін бөлігі

















Слайд, таратпа қағаздар


































Жеке таратпа қағаздар


Сабақтың соңы :


Рефлексия

Чемодан (маған қажет),

Еттартқыш (қайта қарастыру қажет),


Қоқыс жәшігі (маған қажет емес)


Өз көңіл күйлерін  бейнелеген стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады.


Үй тапсырмасы:

Барлығы «Тіл туралы» 5 мақал-мәтел жаттау;

Көпшілігі «Тіл қалай пайда болды?» тақырыбына

диалог құрастыр;

Кейбірі: «Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл»

тақырыбында эссе жазу (ойтолғау).

Қазіргі кезде неге көп тіл білуіміз керек?


Жеке таратпа қағаздар


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – "Бас бармақ" әдісі арқылы


Денсаулық және қауіпсіздік техника сын сақтау

Барлық оқушылар

сөздіктермен қамтамасыз етіледі. Грамматикалық ережені еске түсіруге тапсырма беріледі.


Көпшілігіне мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдану үшін диалогқа түсуге қолдау көрсетіледі.


Кейбір оқушылар «ПОПС» формуласы әдісі арқылы мәтін мазмұнын дамыта айтуға жағдай жасалады. Грамматиканы естеріне түсіре отырып, сөйлем құрастыруға мысал беріледі.

«Жүректен жүрекке» тренингі, Кері байланыс – «Блиц-сұрақ» әдісі, «Пазл» әдісі, «Сөзжұмбақ шешу», «Прожектор» әдісі, «Сен және мен» диалог құрастыру, «ПОПС» формуласы әдісі



ҚБ. «Смайликтер»;

ҚБ. «От шашу »;

ҚБ. Көңіл күй одағайлары

ҚБ. «Алма ағашы»;

ҚБ. «Бас бармақ»;

ҚБ. Мадақтау сөздері арқылы;

ҚБ. «Смайликтер».






Әлем тілдері туралы ақпараттты меңгере отырып, мемлекет тік тілдің мәртебесін арттыруға баулу. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдермен танысады.





Дананың сөзі –ақылдың көзі

Қорқыт

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.1.2.2 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау.

8.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау;

8.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;


Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

Қорқыт ата кітабында неше жыр бар екенін, ол жырлардың тақырыбы не туралы екенін анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Қорқыт ата туралы монолог айта алады алады, мұғалімнің көмегімен ғалымға баға бере алады, шығармаларының мазмұнын салыстыра алады және атап өтеді.

Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы бойынша дәйексөз келтіреді, өз ойын пайымдай отырып, сын айта алады.

Бағалау критерийі

Қорқыт ата тақырыбын жан-жақты зерделей алады;

оқиға желісін дамытып жаза алады

Эпизодтарды салыстыра талдайды, бейнелерді жинақтап баға бере алады. Сыни пікір айтып, редакция жасай алады.

1. Нені білуі керек? 
Оқушыларға VIII ғасырда өмір сүрген түркі халқының атақты ақыны туралы мәлімет беру, жаңа сөздермен таныстыру, ой өрістерін кеңейту. 
2. Нені үйренуі керек? 
Сөздерді қолдана отырып, мәтінмен жұмыс түрлерін орындап үйрену, Қорқыт туралы аңыздар мен деректерді өз беттерінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық, ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру. 
3. Түркі халықтарының әдеби мұрасымен таныса отырып, ежелгі дәуір әдебиетінің бізге жеткен шығармаларын оқуға қызығушылық туғызу, өнер білімге жетелеу. 

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.





Тілдік мақсаттар


Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта, топта жұмыс жасау, мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдердің мағынасын түсіну, қойылған сұраққа толық жауап беру, диалог құрастыру, мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таба алу, мәтінге қатысты өз ойын айта алу.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мәртебе, үштілді, көптілді, заманауи, аударма шығармалары, озық технологиялар.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Менің ойымша...

Осылардың ішінде...

Ғалымдардың айтуынша...

Тілдер тарихына қарасақ...

Не себепті …. деп ойлайсыз?

Кең таралған тілдер ... деп ойлайсың?

Неліктен ғалымдар айтуынша . . . деп ойлайсың?

«Тіл жойылса, халық та жойылады» дегенді қалай түсінесің?

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Дескриптор

  • І деңгей

Сұхбатта екпінді соңғы буында түсіре алады.

1-2 тұрақты тіркесті мағынасына сай қолданады;

  • ІІ деңгей

Сұхбатта сөйлем мүшелерінің арасына екпін түсіре алады.

3-4 тұрақты тіркесті мағынасына сай қолданады;

  • ІІІ деңгей

Сұхбатта ерекше назардағы сөзге екпін түсіре алады.

5-6 тұрақты тіркесті мағынасына сай қолданады

Осыған дейін меңгерілген білім

«Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Одағайларды мағыналарына сай қолданды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақ басы

5 мин


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.

«Миға шабуыл» Ой қозғау.

Өткен сабақты пысықтау:

1.Орхон ескерткіштері қай жерден табылды?

2.Түрік қағанатының негізін құраған кім?

3.Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде

Тақтадан қобыздың суретін көрсету.Сұрақтар қою. 
• Тақтада не көріп тұрсыздар? 
• Бұл қандай аспап? 
• Қобыз туралы не білесіңдер? 
• Бұл аспапты көргенде біз кімді есімізге аламыз? 
• Қобыз үнін естідіңіздер ме? 
Балалар қобыз туралы білетін аңыздарын айтып береді, күй тыңдалады. 
Иә, дұрыс, жарайсыңдар. 
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт” Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Сабақ ортасы

10 мин







15 мин













5 мин

  1. Ой қозғау. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Қорқыт ата кім болған?Қай ғасырда өмір сүрген? Шыққан тегі. Интерактивті тақтадан Қорқыт атаның суретін көрсету (1-слайд).

    1. Қорқыт ата VIIІ ғасырда қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын баят руынан шыққан, анасы – қыпшақ қызы.

  1. Қорқыттың өмірге келуі туралы аңыз. Қорқыт туыларда анасы тоғыз күн бойы қатты қиналады, алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, айналаны қара түнек басып, күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін үшырады. Халық жаңа туылған балаға «Қорқыт» деп ат қояды.

  2. «Қорқыт» сөзінің этимологиясы. 1) «Қорқ» сөзі – «ақыл айтушы» деген мағынада қолданылады. 2) «Қорқыт» сөзі «құт әкелуші адам» деген мағынада қолданылады.

  3. Қорқыт атанға 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 шақырым жерде ескерткіш –кешен тұрғызылды.

Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы станциясынан 18 шақырымдай жерде тұр. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсің», - деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» - деп сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі», - деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шығады

Қорқыттан жеткен 11 күй бар.



. «Қорқыт ата кітабы» - бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға мұра. Кітаптың екі нұсқасы сақталған. 12 жырдан тұратын нұсқасы Германияда Дрезден қаласында, 6 жырдан тұратын екінші нұсқасы Италияда, Ватикандағы Аристолика кітапханасынла сақталған.

Қорқыт айтқан асыл сөз.

Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.

Самай шашы ағарған баба көрікті.

Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.

Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,

Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.

Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі.

Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.

Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар.

Қорқыт баба тақырыбы бойынша топтық жұмыс

1-топ. Қорқыт ата кітабы

2-топ. Қорқыт атаның бейнесі

3-топ. «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жырдың» тақырыбы мен идеясын ашу.

4-топ. Қорқыттың нақыл сөздері

5-топ. Қорқыт туралы аңыздар

Постермен жұмыс

Бағалау Әткіншек әдісі арқылы орындалады

Жұптық жұмыс

Қорқыт атаның нақыл сөздерінің қазіргі мақал-мәтелдермен ұқсастықтарын табу.



Қорқыт атаның нақыл сөздері

Қазіргі қазақ мақал-мәтелдері

1

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас, Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер

2

Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі.

Жақсы бала әкесінің есіктегі басын төрге сүйрер,

Жман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрер.

3

Жат баланы қанша сақтасаң да ол ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.

Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.

Ер – туған жеріне,

Ит – тойған жеріне

4

Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі.

Өтірікшінің шын сөзі де зая.

5

Ажал жетпей өлмек жоқ.

Ажал жетпей жан шықпас.

6

Бас аман болса, бөрік табылады.

Бас аманның малы түгел.



Талдау. «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр» Сатқындық пен адалдық туралы әңгімелеу

Бағалау Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы орындалады

Жек жұмыс

Қалыптастырушы бағалау.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Оқушы

Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау


1

мәтін бөліктерін талдайды


өзара сұрақтарға жауап береді

2

оқиға желісін дамытып жазады



Кері байланыс.

Тыңдаған топтардың кері байланысы.

Сабақ соңы

5 мин



«Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.



  1. Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?

  2. Оқу мақсатына жету үшін біз қандай іс –әрекеттер жасадық?

  3. Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

  4. Сөздік қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?

  5. Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?

Сұрақтар: 
1. Қорқыт ата кім? 
2. Ол қай жерде туған? 
3. Әкесінің аты кім? 
4. Шешесінің аты кім? 
5. Қорқыт қанша өмір сүреді? 
6. Ол қандай өмір іздейді? 
7. Қорқыт қандай аспап жасайды? 
8. Қобызды неден жасайды? 
9. Қорқытты не шағып алады? 
10. Оның қандай күйлері бар? 
11. Қандай аңыз өлеңдері бар? 

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша

Үй жұмысы

Жаңа сөздерді жаттау

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?






















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!