СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аймақтарды ерекшелеу.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аймақтарды ерекшелеу туралы сабақ жоспары

 

Просмотр содержимого документа
«Аймақтарды ерекшелеу.»

Сынып: Күні:


Сабақтың тақырыбы: Аймақтарды ерекшелеу.


Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды аймақтарды ерекшелеу ұғымымен таныстыру, жұмыс істеуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау қабілітін, логикалық – абстракциясын дамыту.

3. Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс.
Көрнекіліктер: компьютер, сызбалар.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Сабақтың әдісі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау.
Көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, қима қағазда жазылған тапсырмалар.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- амандасу;

- түгендеу;

- оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру (ауызша, сұрақ-жауап)

III. Жаңа сабақ


Аймақтарды ерекшелеу.


  • Кескіннің аймағын дұрыс пішінде ерекшелейтін құралдар – тікбұрыштық ерекшелеу, сопақша ерекшелеу.

  • Еркін пішінде аймақты ерекшелейтін құралдар – Лассо, «Сиқырлы таяқшалар», Түс бойынша ерекшелеу, Алдыңғы планды ерекшелеу, «Ақылды» қайшылар.

  • Ерекшеленген аймақтың ішін жылжыту үшін жылжыту барысында Ctrl + Alt пернелер үйлесімін басып тұру керек.

  • Shift пернесі ағымдағы ерекшеленген аймаққа қосуға мүмкіндік береді.

  • Ctrl пернесі аймақты белсендіден алып тастауға мүмкіндік береді.

  • Түрлендіру ерекшелеу құралдары – айналу, масштабтау, қисайту, келешекті өзгерту.



Компьютерде тәжірибелік жұмыс



А деңгейі



  1. Мұғалімнен бояйтын файлдың орналасуы туралы ақпарат алыңдар.

  2. «Сиқырлы таяқша» ерекшелеу құралын алғашқы боялмаған аймақты ерекшелеу үшін қолданыңдар.

  3. Түске екі рет шерту арқылы алдыңғы план терезесінің өзгеруін шақырыңдар.

  4. Бояу түсін таңдаңдар.

  5. Ерекшеленген аймақты бояумен құю құралын таңдаңдар.

  6. Ерекшеленген аймақ ішін тінтуірмен шертіңдер.

  7. Сурет толық боялғанша 2 – 6-қадамдарды қайталаңдар.

  8. Кескінді өз бумаларыңда жаңа файлда сақтаңдар.



В деңгейі

  1. А деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

  2. Ірі планды ғимарат немесе беті бейнеленген фотосуретті ашыңдар.

  3. Ғимарат бетін сопақша ерекшелеу арқылы ерекшелеңдер.

  4. Ерекшелеуді терістетіңдер.

  5. Фотосурет сопақшадағы кескіннен басқаның барлығын тазалаңдар (92 – сурет).



С деңгейі



  1. В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

  2. Берілген фотосурет үшін фонды жойыңдар және кескіннің сапасын жақсартыңдар.

IV. Бекіту:

  1. Кескіннің аймақтарын неге ерекшелейді?

  2. Ерекшелеудің барлық құралдарын атап шығыңдар.

  3. Аймақты дұрыс пішінде ерекшелеу үшін қандай құралдар қолданылады?

  4. Кескіннің аймағын кез келген еркін түрде ерекшелеу үшін қандай құралдар пайдаланылады?

  5. «Сиқырлы таяқша» құралы не үшін қажет?

  6. Қандай жағдайларда Алдыңғы планды ерекшелеу құралын қолданған дұрыс?

  7. Кескіннің бір түсті пиксельдерін ерекшеленген аймаққа бөлетін құралдарды атаңдар.

V. Қорытындылау. Бағалау. Бүгінгі сабақта қандай мәлімет алдыңда? Бүгінгі сабақта нені білдік?


VII. Үй тапсырмасы: Аймақтарды ерекшелеу.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!