СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Африак аймақтарының ішкі айырмашылықтары

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Африка жер шарының 1\5 бөлігін алып жатыр. Африка еліндегі ауылшаруашылығының жетекші саласы егіншілік. Африка жағалауын Қызыл теңіз шайып жатыр.

Просмотр содержимого документа
«Африак аймақтарының ішкі айырмашылықтары»

Пәні: география Сыныбы: 11 Күні: 10.04.17ж

Сабақтың тақырыбы:Африка аймақтарының ішкі айырмашылықтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін бекіту
Дамытушылық: Тақырыптық карталармен жұмыс жасау біліктілігін дамыту.Елдерге экономикалық сипаттама беру дағдыларын жетілдіру
Тәрбиелік:Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасата отырып,алғырлыққа,жауапкершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой толғаныс, кім шапшаң, картамен жұмыс,
Сабақтың көрнекілігі: Атлас,хрестоматия,интерактивті тақта
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Ақпараттық кезең
1. “Тірек мәтін техникасы”
2. “Ой толғаныс”
3. “Қызуғышылықты ояту”
4. “Картамен жұмыс”
5. “Кім шапшаң?”
IV.Бекіту
V.Қорытындылау
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеп, назарын жаңа сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Африка материгі туралы қысқаша мәлімет
2. Аймақтар кестесі
Аймақтар,елдер
Мемл.құрл Астанасы Халқы

Қиылыс сұрақтар:

  1. Батыс Африкада басталған «ЭЭбола» вирусы қай елдерге тарады астын сыз? Либерия, Нигерия, Сенегал, АҚШ, Испания, Германия, Португалия, Мадагаскар.

  2. 1 жылдың ішінде вирусты 21 мың адам жұқтырса, оның қаншауы тірі қалды? 12 500, 8300.

  3. Материктің оңтүстік бөлігі кімдердің мекені? Малагасийлықтарыдң, бушмендердің, готтентоттардың, арап тайпаларының.

  4. Африка халқының басым көпшілігі қай тілдерде сөйлейді? Ағылшын, француз, португал, нигер-кордофан, семит-хамит, араб.

  5. Ислам дінін ұстанушы мұсылмандар Африканың қай бөлігінде? Солтүстік, орталық оңтүстік.

  6. Адам мүлдем қоныстанбаған дүниежүзіндегі ең үлкен аумақ? Ніл аңғары, Сахара шөлі, Калахари шөлі.

Сыни тұрғыдан сұрақтар;

  1. Алюминий өндіруден дүниежүзі бойынша 4-орындағы ел?

  2. Жылына 2-3 млн автокөлік шығаратын ел?

  3. Ванкувер теңіз порты қай елде орналасқан?

  4. 1992 жылы 6-сәуірде Қазақстанмен қай ел арасында дипломатиялық қарым-қатыныс болды?

  5. Амазонка өзені қай елде орналасқан?

  6. 137 тілде сөйлейтін штат?  

Географиялық диктант.  

Оңтүстік Африкада ең алғаш ............... 1869 жылы ............. бала тапқан.

ОАР алтын өндіруден ............ орын алады.

Замбия мыс өндіру мен оны ................. шығарудан әлемге әйгілі, бұл елді «...................» деп атайды.

Солтүстік және Батыс Африканың көптеген елдерінде ........................................... мұнай кендерінің ашылуына байланысты қарқынды дамуда.

Египет, Марокко, Тунис елдері ........................................... сыртқа шығарады.

Африка – Еуразиядан кейінгі жер көлемі бойынша екінші үлкен құрлық. Африканың жалпы ауданы – 30 221 мың км 2.

Геосаяси жағдайы – 1960 жылы тарихта «Африка жылы» деп енген. Себебі бұл жылы мұндағы 17 отар ел өз тәуелсіздігін алды.

Саяси картасының қалыптасу кезеңі – Африканы зерттеудегі ірі бетбұрыс 1960 жылы басталды. Африканың дамушы елдерін табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне және мәдени-тарихи дамуына байланысты Солтүстік Африка (экономикалық дамуы жоғары) және Тропиктік Африка(саяси тұрақтылығы жоқ) деп бөледі.

Мемлекеттік құрылымы – саяси картасында 60 –қа жуық мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия, (Мароо, Лесото, Свазиленд) сақталған. Мемлекеттік құрылымы бойынша Нигерия, ОАР, Эфиопия, мен Комор аралдары елдері: федерациялық республикалар, ал қалғандары – унитарлы республика.

Африка материгінде бір ғана дамыған мемлекет бар: Оңтүстік Африка Республикасы, ол Британ Достастығы елдері қатарына енеді. Ал қалғандары дамушы елдер қатарында. Африканың Нигер, Нигерия, Египет, Камерун, Гамбия, Ботсвана, ОАР, Конго, Ангола, Мавритания, Кения, Танзания, Габон, Марокко, ДҰС-ға мүше.

Химия өнеркәсібі. Мұнай- Ливия, Алжир, Нигерия. Азот пен фосфор тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындары бар. Жеңіл өнеркәсібі – мақтадан иірілген жіптер мен тігін өнімдерін Египет, Марокко, Тунис сыртқа шығарады.

Ауылшаруашылығы- тропиктік және субтропиктік егіншілік басым.

Өсімдік шаруашылығы – плантацияда какао, кофе, жержаңғақ, майлы пальма, шай, қант қамысы, темекі, банан, мақта, дәм-татымдық дақылдар.

Көлік қатынастары – ішкі жүк тасымалы, негізінен теміржол арқылы жүзеге асырылады. Сонғы кезде Дар –эс-алам портын Танзания арқылы Замбиямен байланыстыратын «Танзам» теміржолы салынған. Жүк айналымы жөнінен ең ірі порттары Александрия, Алжир, Касабланка, Дакар, Момбаса, Дар-эс-Салам жатады.

Әуе көлігі – Солтүстік Африка мен Нигерияда құбыр көлігі едәуір дамыған.

Туристік нысан – Солтүстік Африкаға – Марокко, Тунис және Египет елдеріне барады. Солтүстік Африканың теңіз жағалауында атақты Шарм-аль-Шейх курорты және Египет пирамидаларыны деген қызығушылық жылдан жылға артуда.

Малшаруашылығы – ірі қара 14пайыз, қой 16 пайыз, ешкі 32 пайыз, түйе 72 пайыз. Семантикалық карта.

Порттары, құбыр көлігі, туристік нысан, көлік қатыныстары;
Александрия,Алжир, Касабланка, Дакар, Момбаса, Дар-эс-Салам, Алжир, Ливан, Нигерия,Марокко, Тунис, Египет, Шарм-аль-Шейх, Танзам.

Өзен, тасбөгет, теміржол, микросерігі,шөлді аймағы.

Калахари,Ніл, Асуан, SumbandilaSat, Танзам.

Курорт, ұйқы ауруы қоздырғышы,күй талғамаитын көлік,байырғы жыныс. Кемберлит, цеце, Шарм-аль-Шейх, есек,

Ақпараттық кезең:
1) Тірек мәтін техникасы
2) Африка аймақтарының табиғи ресурстарымен қамтамасыз етілуі атты кесте құрастыру
Аймақтар аты
Ресурс түрлері

«Ой толғаныс»
1. Африканың ішкі сулары және олардың маңызы
2. Африка елдерінің халықаралық еңбек бөліндісіндегі орны
3. Африка елдерінде ғаламдық проблемалардың көрініс табуы
“Қызығушылықты ояту”
Африканың жетекші елдерін анықтап,оларға тән басты белгілерді атап көрсету.
Нигер,Алжир,ОАР
«Картамен жұмыс»
Кескін картаға Африканың басты өнеркәсіпті аудандары,ауыл шаруашылық алаптарын белгілеу.
“Кім шапшаң?”
Әр түрлі аймақта орналасқан екі елге сипаттама беру
Алжир – Нигерия
Египет – Нигер
«Бекіту кезеңі»
ҰБТ-ға дайындық “Тест жұмысы”
1.Халықтың саны жөнінен бірінші орын алатын ел.
А) Үндістан Б) ГФР С) Австралия Д) АҚШ Е) Қытай
2.17 ғасырда Қазақ жерін бейнелеген карта
А) Птоломей Б) Геродот С) Қашқари Д) “Үлкен сызба” Е) Әл Фарабидің карталары
3.Алюминий зауыты бар қала
А) Жезқазған Б) Көкшетау С) Павлодар Д) Зырян Е) Ақтау
4.Еңбекке жарамды халықты ……. деп атайды
А) Табиғи өсу Б) Халықтың құрамы С) Халықтың саны Д) Еңбек ресурстары
Е) Ұдайы өсу
5.Теміртауда …… циклді металлургия зауыты бар
А) Жартылай Б) Толық С) Жартылай комплексті Д)Комплексті Е)Металл сынықтары
6.Қазақтың тұңғыш географ ғалымы.
А) Аль Бируни Б)Ш.Уалиханов С) Әл Фараби Д) Ұлықбек Е) Қ.Сатбаев
7.Табиғат кешенінде жүретін табиғи үрдістер …….. тәуелді.
А)Зат пен энергия алмасу Б)Қатерлі жағдайда С)Жылу мен ылғалға Д) Аумақтың көлеміне Е) Рельефке
8.Экватор ортасын кесіп өтетін материк.
А) Африка Б) Антарктида С) Солт. Америка Д) Еуразия Е) Австралия
9.Африкадағы ең ежелгі мемлекет
А) Мозамбик Б) Морокко С) Сомали Д) Египет Е) Тунис
10.Африкамен Еуразияны ……. Бұғазы бөліп жатыр.
А)Ла – Манш Б) Гибралтар С) Татар Д)Мозамбик Е) Дрейк
Жауаптары:
1.Е2.Д3.С4.Д5.В6.В7.С8.А9.Д10.В
«Қорытынды» Бағалау.
Африка елдерін Латын Америка елдерімен салыстыру .

Үйге тапсырма беру: Африканың дамушы елдерін картадан көрсетіп, түсінік беру. Сонымен қатар артта қалған мемлекеттерін себептерін анықтау.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!