СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Афины мемлекеті

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б.з.б 2000 жылдықта Афины қаласы пайда болды. Әсіресе сол кезде Афины әдемі қалалардың бірі болды. 

Просмотр содержимого документа
«Афины мемлекеті»

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы Күні: 10.03.16ж Сабақтың тақырыбы: §21 Афины мемлекеті.

Сабақтың мақсаты: 1.Тақырыпты оқыту барысында оқушыларға ежелгі Грекияның географиялық орын мен сол елде алғаш қалыптасқан мемлекеттер-Крит пен Ахейдің тарихын, мәдени мұрасын және олардың күйреу себептерін, гректердің кәсібі мен шаруашылығын, сондай-ақ Афины мен Спартадағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін салыстыра отырып, түсіндіру.

2. Олардың әрқайсысының қоғамдық құрылысы мен мемлекет болып қалыптасуындағы ерекшеліктеріне назар аудару.

3. Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралса Әдісі: баяндау Көрнекілігі: карта Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

Үй тапсырмасын тексеру: 1. Ежелгі Грекияның орналасқан жері? Жауабы: Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде. 2. Балқан түбегінің айналасындағы теңіздерді ата. Жауабы: Эгей, Иония, Жерорта. 3. Грекияда Крит-Ахей өркениеті қалыптасқан уақыты? Жауабы: б.з.б 2000 жыл шамасында 4. Криттегі ең ірі қалалар? Жауабы: Кносс пен Фест. 5.Крит қаласының патшасы кім болған? Жауабы: Минос. 6. Археологиялық зерттеулер б.з.б 15 ғасырында крит аралының оңтүстік жағалауынан Фера аралынан не тапқан? Жауабы: Вулкан атқылағанын анықтаған. Соның салдарынан Крит патшалығы күйреген. 7. Ахей қала мемлекеттерін ата? Жауабы: Микены, Пилос, Тиринф. 8. Микеныдағы қазба жұмыстарын кім басқарған? Жауабы: белгілі археолог Генрих Шлиман. 9. Қаланың ішіне не арқылы кіруге болады? Жауабы: «Арыстандар қақпасы арқылы» 10. Микенының Агамемнон деген көсемі гректердің біріккен әскерін басқарып, Кіші Азия жеріндегі қай қаланы алады? Жауабы: Троя қаласын басып алады.

Жаңа сабақ: Б.з.б 2000 жылдықта Афины қаласы пайда болды. Әсіресе Афины сол кезеңдегі әдемі қалалардың бірі болды. Қаланың ортасындағы акропольде храмдар, театрлар және де мәрмәр мен қоладан жасалған мүсіндер орналасқан. Қалада көптеген қолөнер шеберханалары мен сауда саттық жүргізілетін базар алаңдары болған. Оларды агора деп атаған. Агораға халық өте көп жиналатын. Бұл жер Афины тұрғындары мен өзге қалалардан келген саудагерлерге, қаланы аралаушыларға толып кететін. Билік ақсүйектердің қолында болды, олар кеңес құрды және кеңес 9 адамнан құралды. Б.з.б 594 жылы Солонды архонды яғни басқарушы етіп сайлады. Ол өте адал, ақылды, дарынды, шешен болған. Солон Афины демосының мүддесін қорғайтын заң шығарған. Афиныдағы жоғарғы үкімет билігі халық жиналысы болды. Ол айына 4 рет шақырылды. Оған 20 жасқа толған Афины азаматтары қатысты. Халық жиналысының жұмысына 500 адамнан тұратын кеңес көмектесті.

Жаңа сабақты бекіту: 1. Акрополь дегеніміз не? 2. Акрополь қай ғасырда толық салынып болған? 3. Акропольде қандай ғимараттар орналасқан? 4. Акропольдегі басты храм қалай деп аталады? 5. Неліктен акрополь афинылықтардың сүйікті орнына айналды? 6. Акропольді кім салдырған. Афины мен Спарта- ежелгі Грекия қалалары. Термин сөздер: Аристократия-шонжарлар билігі. Демостар- грекше халық деген мағынада. Архонд-басқарушы мағынасын білдіреді. Солон-б.з.б 594 жылы сайланған Аттиканың билеушісі. Клисфен – Афинының келесі бір билеушісі. Кеңес – ең жоғарғы мемлекеттік орган болды. «Теңіз қожасы»-Афины флотты, әскерді, сонымен қоса одақтастар қазынасын билеп, теңізде үстемдік жүргізді. Жылдармен жұмыс: Б.з.б 5 ғасырда-Афины қуатты, бай қала мемлекеті болды. Б.з.б 5 ғасырдың ортасында- Афиныда Перикл үлкен ықпалға ие болды. Б.з.б 443 жылы- халық жиналысы басталып, 429 жылға дейін Перикл 15 жылға ең жоғарғы қызмет, бірінші қолбасшы қызметіне сайланды. Б.з.б 490 жылы- парсы әскері Эгей теңізі арқылы кемелермен Аттика аймағына кірді. 10 мың әскер-осы суық хабарды естіген Афиналықтар тез арада жинақтаған әскер саны. Б.з.б 480 жылы – Ксеркс қалың қол жинап Элладаға жаңа жорыққа шығады. Б.з.б 479 жылы- Платея түбіндегі шайқаста біріккен грек әскері парсыларды талқандады. Б.з.б 338 жылы- Македония мен гректер арасында шешуші шайқас Херонея қаласының маңында болды.

Бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды өз деңгейінде бағалау. Үлгерімі төмен оқушылармен өзіндік жұмыс беру.

Үйге тапсырма:20-21параграфты оқып келу, «Жұмыс дәптерлеріндегі» 1-тапсырманы орындау. Сыныптан тыс оқуға арналған «Афины егіншілеріннің өмірі мен тұрмысы» деген материалды оқып, олардың өмірін суреттеп


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!