СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Адам өміріндегі құндылықтар"

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту  2. АКТ  3. СТО  4. Оқыту үшін бағалау  5. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер, топтық жұмыс.

Сұрақ-жауап, бейнежазбаны талдау, топтық жұмыс, жұптық жұмыс,пікірталас, түсіндіру, сөздік жұмысы. 

«Адам.Қоғам.Құқық» оқулығы және дидактикалық материалдары  (10-сынып), презентация, маркерлер, А-3, интерактивті тақта, стикерлер, ноутбук

1.Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысымын  қадағалау, түрлі стикер арқылы топқа бөлу.

2. Рөлдерді бөлу, бағалау парағын беру.

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Просмотр содержимого документа
«"Адам өміріндегі құндылықтар"»

Конкурс "Законы экологии"


Пәні

Адам.Қоғам.Құқық, 10 «А» сынып, 13.10.2017 ж.

Тақырыбы

«Адам өміріндегі құндылықтар»

Мақсаты

Құндылықтарды таңдаудағы маңыздылық, тұлғаның өмір сүру тәсілі туралы оқушыларға ұғындыру.

Жалпы мақсат

Оқушылардың сыни ойлау дағдысын, сөздік қорын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

«Адам өміріндегі құндылықтар» тақырыбында оқып біледі, термин сөздерді түсініп, тапсырмаларды орындау барысында дұрыс пайдаланады. Берілген тапсырма бойынша өмірмен байланыстыра отырып, өз постерлерін қорғайды. 

7 модульдің қолданылуы

1. Оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту 
2. АКТ 
3. СТО 
4. Оқыту үшін бағалау 
5. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер, топтық жұмыс.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, бейнежазбаны талдау, топтық жұмыс, жұптық жұмыс,пікірталас, түсіндіру, сөздік жұмысы. 

Қолданылатын ресурстар

«Адам.Қоғам.Құқық» оқулығы және дидактикалық материалдары  (10-сынып),
презентация, маркерлер, А-3, интерактивті тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалау, түрлі стикер арқылы топқа бөлу.

2. Рөлдерді бөлу, бағалау парағын беру.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Үй тапсырмасын тексеру

1.Білім беру ұғымының анықтамасын беріңіздер.

2.Қазіргі заманды неге білім беру дәуірі дейді?

3. Үздіксіз білім не үшін керек?

4.Білімде не басым болуы керек: оқыту ма, тәрбие ме?

5.Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының маңызы қандай?

Сұрақ қояды.

Сұраққа жауап береді.

Білу

1.«Өмір құндылығы» туралы бейнежазбаны көру (Ең жоғарғы және абсолютті құндылық бар - ол адамның өзі, оның өмірі. Адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыру, қоқыстағы затқа екінші өмір сыйлау, ысырапшыл болмау...).

2.Егер сіздер бағалы жүзікке ие болсаңыздар, не істер едіңіздер?

3.Құндылық дегенді қалай түсінесіздер?

4.Өз бойыныздағы қандай жоғары қасиеттерді айта аласыз?

5.Қандай жағдайда адам құндылығынан ажырап қалуы мүмкін?


Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Ұлы ойшыл

Ш.Құдайбердіұлы атамыз:
Дүние қу,
Бір ағын су,
Түстік онда көп болып.
Күнде ағамыз,
Сандаламыз,
Бейнетіміз көп болып.
Кейде тасқа,
Кейде ағашқа,
Соқтығамыз дөп келіп, - дейді.

Демек өмірде өз ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз үшін өзімізді, өзгелерді, қоршаған ортаны танып - біліп, рухани құндылықтарды терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсат - мұратымызға қол жеткізе аламыз.



Оқушылардың пікірін білу






Тақырыпты дәптерге жаздыртады, мұғалім мәлімет береді. 

Бейнежазба көру және мұғалім түсіндірмесі арқылы жаңа тақырып жайлы біледі.

Түсіну

(топтық жұмыс)

1-топқа:Адамгершілік, мейірімділік пен қатыгездік, абырой мен парыз мәселесі туралы пікір алмасу.
2-топқа:«Үш басты нәрселік құндылықтар» жайлы баяндау, өмірден мысал келтіру.
3-топқа: Шынайы құндылықты жалған құндылықтан қалай ажыратуға болады? (тұжырымдамалық карта жасау).

4-топқа:«Дидактикалық материалдар» оқу құралының 13-бетіндегі №8 тапсырмадағы мәтінді оқып, адам бойындағы қандай қасиеттер көп орын алғандығы жөніндегі ойларыңызды салыстыра отырып ортаға салыңыздар.

Оқулық мәтінін оқушылардың өздігінен игеруін қадағалайды.

Өзара бағалау. 
Әр топ өздеріне бөлінген тапсырманы орындайды

Қолдану

1-топқа: №4 тапсырма

2-топқа: №6 тапсырма

3-топқа: №7 тапсырма

4-топқа: №5 тапсырма

Эвристикалық тапсырмалар

Жауабын дәлелдейді

Сергіту сәті: «Өмір мектебі» бейнежазбасын көрсету, оқушылардың пікірін білу

Талдау

«Құндылықтар спектрі»
Мәдени құндылық – тіл, дін, әдебиет, өнер т.б. 
Ұлттық құндылық – салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар т.б. 
Кәсіби құндылық – білім, мектеп, еңбек, жұмыс т.б. 
Отбасы құндылығы – ата-ана, бауырлар, туыстар т.б. 
Рухани құндылық – адамгершілік, сенімділік, мейірімділік, бауырмалдық т.б.

Өзініздің

құндылығыңызға қарай орналастырыңыз

Оқушы тапсырманы орындайды

Жинақтау

Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

  • жаңа оқылған 3 факті туралы;

  • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы,

  • оларға қиын болып көрінгендер туралы,

  • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.

«Әңгімелесетін әріптестер»

(жұппен жұмыс)


Жауап береді.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз қандай? 

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру


Бағалау

Топ жетекшісінің, мұғалімнің бағалауы

Үйге тапсырма

1.Адам өміріндегі құндылықтардың маңызы (эссе)

2.Бір сауалға нақты жауап: Он жыл мектеп партасында бірге отырдым өзіңменен... (көршімнің құндылығын бағалай алдым ба?)


































Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Топпен жұмыс жасағанда

Формативтік

«Өте жақсы», «Жақсы», «Қанағаттанарлық»

Суммативтік

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5










































































































. Бағалау парағы


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!