СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Адалдық-адамдықтың белгісі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.

Просмотр содержимого документа
««Адалдық-адамдықтың белгісі»»

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«СЕРВИС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» МКҚК





«Бекітемін»

СжЖТК директордың орынбасары

___________А.О.Старинец

«___»____________ 2019 ж









ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Адалдық-адамдықтың белгісі»















Өткізген: 371 топ кураторы Ж.М. Ахметова









Орал, 2019


Тәрбие сағатының тақырыбы: Адалдық-адамдықтың белгісі.


Тәрбие сағатының мақсаты:

Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, даналардың кітаптары, журналдар.

Тәрбие сағатының өту барысы: баяндау, әңгімелесу

Барысы:

Кіріспе сөз:  Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.

Адалдық әр адамның өзін  де,өзгені де сыйлауын көрсетеді.

Адалдық  бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Адалдық  біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.


Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Әл-Фараби

Шешен кісі сөз бастар, Адал кісі  - ел бастар. Жамбыл Жабаев

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов

Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. Ғабит Мүсірепов

Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық. Максим Горький

Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. Қаюм Насыри

Жақын болудың бірінші шарты – адалдық. Михаил Пришвин

Адалдық танытатын адамға да адал бол. Плавт Тит Макций

Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын. Менандр

Адалдық ұмытылса, ақыл мен ерлік – бос дыбыс. Вишакхадатта

Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі. Габриэль Оноре Марсель

Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер

Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол. Т. Фуллер

Қазақтың нақыл сөздері:

  1. Жаным-арымның садақасы.

  2. Ашу- дұшпан ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос.

  3. Ала жіпті аттамағанның ары биік.

  4. Адалдық ардың ісі.

  5. Ақылдың алдымен жүр, ақымақтың артымен жүр.

Қорытынды сөз: Адалдық — адаммінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.Қазақтың адалдық жайында өзіндікпайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді.Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.Жүректен - жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушыларбір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.

Рефлексия: «Сенім ағашы!»












БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«СЕРВИС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» МКҚК





«Бекітемін»

СжЖТК директордың орынбасары

___________А.О.Старинец

«___»____________ 2019 ж









ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Тұңғыш Елбасы-ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ»















Өткізген: 371 топ кураторы Ж.М. Ахметова









Орал, 2019

Білім беру ұйымдарында «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» тақырыбында өткізілетін жалпыреспубликалық ашық сабақ

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» жалпыреспубликалық ашық сабақ барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында 2019 жылғы 29 қарашада бір уақытта өткізіледі.


Тақырыбы: Тұңғыш Елбасы-ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ
Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, слайд, көркем фильмдер
Түрі: сұрақ- жауап, баяндау

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Кіріспе.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
II. Тақырыбы, мақсаты
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан Президент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағатын өтеміз.
Негізгі бөлім .
Слайдтар бойынша түсіндіру.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.

1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.
Оқушы:
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
Оқушы:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Оқушы
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Оқушы
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Интерактивті тақтамен жұмыс
- Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері
- Елбасының өмірінен үзінділер айту, көрсету
Оқушы
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп
Оқушы
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Астанаға саяхат
Астана-Отанымыздың жүрегі.
Астананың көркем жерлері туралы айту. Басқа елдің президенттерінің Астана туралы айтқан пікірлері
Астана күні. (Оқушылар пікірін тыңдау)
Болашағы кемелді, керегесі кең, сән-салтанаты келіскен әлемде теңдесі жоқ қала-Астанамызбен, жас қаламызбен мақтанамыз.
БАРША ӘЛЕМ НАЗАР САЛҒАН ЖАС ҚАЛА
Астананың көрікті жерлеріне саяхат.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы айтылған пікірлер
ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫ - ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ
Жыл сайынғы жолдаулардың мақсат, міндетіне тоқталып өту
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан – 2030” халыққа жолдауы
2011- 2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы жасалды.
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау.
(жолдауларға шолу жасау)
Слайдтар бойынша түсіндіру

2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылған.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында
«Балалық шағымның аспаны»атты фильм түсірілді. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтиды.
Көркем фильмнен үзінді көрсету.

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Ой қозғау. Болашаққа саяхат «Егер де мен………»
Президент болсам….
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы айтып өту
Аса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет.
Оқытушы:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.






















271 топ

Ахметова Жупар Махсотовна





144 группа

Душканова Жанна Максутовна






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!