СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

7 сыныптар арасында "Алтын глобус" сайысы

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 сыныптар арасында "Алтын глобус" сайысы

Просмотр содержимого документа
«7 сыныптар арасында "Алтын глобус" сайысы»

Екібастұз қаласының №11 жалпы орта білім беретін мектебі –

мемлекеттік мекемесі

















Бекітемін

Мектеп директоры

_____________Н.М. Мұсабекова

«____»______________2017 жыл

















«Алтын глобус» сайысы



Құрастырған: Э.К. Мусина











2017 -2018 оқу жылы



Сайыстың тақырыбы: «Алтын глобус»

Сынып: 7а, ә, б

Сайыстың мақсаты: 7 сынып оқушыларының география пәнінен алған білімдерін нығайтып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, глобус, карта, кескін карта.



Сайыстың барысы:

1-ші жүргізуші:

География әлемі – қызық әрі тартымды

Өз сырымен география қызықтырар әркімді.

Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,

Танисыңдар табиғаттың ғажабын.

2-ші жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, әділ-қазы алқалары!

1 –ші мектепішілік 7 сыныптар арасындағы «Алтын глобус» географиялық сайысына қош келдініздер!

1 жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын география ғылымы туралы айтып өтейік.

2 жүргізуші :Дұрыс айтасын. География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған екен. Және, ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен.Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды.

1 жүргүзуші: Сондықтан қазіргі жарысқа түскен оқушылар өздерінің Жер шарындағы материктер мен мұхиттар және тәжірибелік білімдерін көрсетеді.

2 жүргізуші Енді көп созбай, бүгінгі ойынды бағалайтын және сын беретін әділ-қазылар құрамымен таныстырайық: (жүргізушілер кезек – кезек әділ-қазыларды таныстырады).

2 жүргізуші  Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1 жүргізуші

1 Географиялық викторина

2 Полиглот

3 Тәжірбиедегі география

4 Саяхатшылар мен зерттеушілер

5 Елтану

2 жүргізуші Ал енді топтар өздерін таныстырып өтсін.Таныстыру, төсбелгілерді қорғау. ( әр команданың таныстыруынан кейін қошемет, бәрекелді т.б сөздерді айту.)

1 команда сіздерді ортаға шақырамыз.(келесі 2 команда осылай шақырылады)

1 жүргізуші: 1 кезең «Географиялық викторина» .Ойын шартын түсіндіріп өтейк. Тақтада тақырыптар мен ұяшықтар берілген. Әр ұяшықтың астында сұрақ жасырылған. Сұрақ санына байланысты күрделі болып келеді. Ұяшықтарда берілген сандар, сіздердің ұпайларыңыз. Егер команда жауап бере алмаса, басқа команданың жауап беруге мүмкіндігі бар. Егер ойын шарты түсінікті болса, бастайық.


Материктер мен мұхиттар

10

20

30

Метеролгиялық құралдар

10

20

30

Сандар сөйлейді

10

20

30

Ең, ең, ең

10

20

30

Әр түрлі

10

20

30

Материктер мен мұхиттар

10 – Жер шарында қанша мұхит бар? Жауабы: 4 мұхит

20- Сіздер бұл материкте оқымысты ғалым қызметкерлерімен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады.Бұл қай материк?

Жауабы: Антарктида материгі.

30- Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүріп жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңдар. Олар сіздерге Кенгуру деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер.

Жауабы : Австралия материгі

Өлшеу құралдары

10 –Дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап (термометр)

20 - Суретте қандай метеоролгиялық аспап көрсетілген? (желбағар, флюгер)

30 -Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған аспап. (барометр)

Сандар сөйлейді

10 – 8848м (Эверест)

20 – 11022 м (Мариан шұңғымасы)

30 – 510 млн. км² (Жер шарының көлемі)

Ең, ең, ең

10- Ең суық материк (Антарктида)

20- Ең үлкен көл (Каспий)

30- Ең терең көл (Байкал)

Әр түрлі

10 – Атмосфераның құрамдас бөліктері. (азот, оттегі, көмірқышқыл газы, инертті газдар)

20 – Баламалы энергия көздеріне не жатады? (көрермен сұрағы) – жауабы: Жел, күн, су, геотермальды, биоэнергетика, сутегі энергетикасы.

30 – Видеосұрақ. ЭКСПО -2017 көрмесінің тақырыбы. Қай қалада және қай уақыт аралығында өткізілді?

2 жүргізуші 2 кезең Полиглот. Бұл кезеңнің ойын шартын түсіндіріп өтсек, командаларға жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың шешімін қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту керек. Әр тілде айтылған дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

1 команда

2 команда

3 команда

Қаласы бар, елі жоқ,

Даласы бар шөбі жоқ.

мұхиты бар, суы жоқ,

орманы бар , нуы жоқ.

шыңдары да теп тегіс,

кең жазықтан әралуан

шығысы мен батысты

бар әлемді табасың,

Өзің таң болып қаласың.

Өркеші бар, түйе емес,

Не ақ отау – үй емес.

Бір орнында тұрғаны,

Не болады бұл, кәне?


Аяғы жоқ, қолы жоқ

Бірақ тыныш тұрмайды

Сақтамасақ қорын

Барша тірлік қурайды.


Карта- карта - map

Тау-гора-mountain

Су-вода-water

Жүрсең де жетпейсің, ұшсаң да жетпейсің

Доп сынды келбеті,

Онда бар түп – түгел,

Әлемнің келбеті


Ол бар жерде бар ма, жоқ па білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

Жел – ветер-wind

Глобус-глобус-globe

Ауа-воздух-air


3 кезең Тәжірбиедегі география

1.Берілген мәліметті қолданып жергілікті жердің жел өрнегін сызыңыз.

Көкжиек тұстары

С

СБ

Б

ОБ

О

ОШ

Ш

СШ

Желді күндер

2

3

6

45

4

4

2

4

2. Картаны қолданып төмендегі қалалардың географиялық координатасын анықтаныз.

Мәскеу, Сидней,

3. Топографиялық шартты белгілерді анықтаныз.


4 кезең «Саяхатшылар мен зерттеушілер»

Саяхатшылар туралы видео көрсету. Картамен жұмыс

1) 1493-1496 және 1498-1500жж. Христофор Колумб саяхатын кескін картаға белгілеңіз.

2) 1519-1521жж. Ф.Магеллан саяхатын кескін картаға белгілеңіз.

3) 1642-1643жж. Абель Тасманның саяхатын кескін картаға белгілеңіз.

5 кезең « Елтану» (Мемлекет және олардың астаналарын сәйкестендіру) (әр дұрыс жауап 1 ұпай)- көрермендер тапсырмасы.

Париж

Германия

Оттава

Жапония

Токио

АҚШ

Берлин

Италия

Лондон

Канада

Вашингтон

Франция

Рим

Ұлыбритания

Ең бірінші бізге жеткен глобусты 1492 ж. Неміс географы және саяхатшысы Мартин Бехайм дайындаған. Диаметрі 54 см. «Жер алмасы» деп аталатын жер шары үлгісінде, ол ежелгі грек ғалымы Птолемеяның дүние жүзі картасын енгізді. Глобуспен жұмыс үстінде Бехаймға суретші Геогрг Глокендон көмектесті. Ол 111 миниатюралар, 48 жалауша, 15 елтаңба жасады.

Әділ-қазы алқалары ұпайларды санағанша, оқушылар өз тілектерін, ұсыныстарын жазып, глобусқа жабыстырсын.

Марапаттау рәсімі


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!